Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Новые технологии в обучении

Білім беру үдерісіндегі жаңа әдіс-тәсілдері қолданудың тиімділігі
Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білік-дағдыларымен өлшенетіні хақ. Дамыған елу елдің қатарына қосылып, "Мәңгілік ел" атану үшін білек сыбанып іске кірісер сәт жетті. Әлемдік аренада басқа дамыған мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ел болу үшін алғашқы қадамдарға аяқ бастық. Қазақстанның орта мектептеріндегі оқыту әлі де тиісті дәрежеде тиімді болмауы, TIMSS және PISA зерттеулер нәтижесінде алынған деректердің салыстырмалы түрде әлсіз болуы, білім беру саласын ілгерілету мақсатында еліміз білім беруде реформалар жасауда. Жаңартылған білім беру жүйесіне көшу еліміздің өркендеп көркейюі үшін, білім мен білігін одан әрі шыңдау үшін таптырмас құрал. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: "Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман" деп бүгінгі заман талабы бой жарыстыру емес, ой жарыстыру екенін нақты дәлелдер келтіре отырып айтқан болатын. Қазіргі таңда білім беру саласының көш басында білім беру үдерісінің жаңа әдіс-тәсілдерін жетік меңгеру жұмысы тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Өйткені Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделін қалыптастырумен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. "Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін-тек қана оқушылардың оқуы үшін жағдай жаратамын" деп Альберт Энштейн айтқандай білім беру үдерісінің басты ерекшелігі төрт дағды бойынша жеке тұлға тәрбиелеу. Бағдарлама оқушының тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Бұл дағдылар бір-бірімен тығыз байланысты. Оқушының осы аталған төрт дағдысын жетілдіре отырып, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Соның нәтижесінде оқушы мектепте алған білімін өмірде іске асыра білуі керек. Қазіргі таңда пәнді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: "Біз қазір "білім- ғылым - инновацияға" атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз"-деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үдерістерге енуі білім беру жүйесінің "жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті.
Білім беру үдерісіндегі жаңа әдіс-тәсілдердің ерекшелігі - оның XXI ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталағандығында, яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялауды дамыту. Білім беру үдерісінің негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен білім беру үдерісі құзіреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.
Білім беру үдерісінің маңыздылығы-оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативтік қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалдық сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерін (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі,бағалаудың тиімді стратегиялары) пайдалану. Білім беру үдерісінің мазмұны бойынша бағалау жүйесі критериалдық бағалау түрінде өтетіндіктен, оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерилердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың үлгерімі қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы бағаланады. Бұл әдісті пайдалану оқушының жан-жақты ізденуіне ықпал етеді. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Соның нәтижесінде оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс орнап, оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін және бір оқу кезеңін аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балдық және баға қою арқылы жүргізіледі.
Білім беру үдерісі бойынша оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, соның нәтижесінде оның білім алуға деген көзқарасы өзгереді. Бұрынғы оқыту жүйесіне қарағанда, жаңартылған білім беру үдерісі оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты нығайтып, сапалы білім беруге мүмкіндік береді. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдердің өзі оқушының білім деңгейіне сай жоспарланғандықтан, сабақ тартымды да қызықты болмақ. Білім беру үдерісінің әдіс-тәсілдері төрт дағды бойынша құрылған. Түсіну, айтылым дағдылары бойынша "Қабырғадағы роль", "Пікір сызығы", "Эмоциялар графигі", "Маңыздылық аймағы", "Ыстық орындық", "Буклет жасау", "Жылдам дебат" стратегиялары орындатылса, оқылым дағдыларын жетілдіру үшін "Лайф диктант", "Шығу билеті", "Драма", "Стоп кадр", "Саналылық алеясы", "Фильм дидактикасы", "Крест-ноль" стратегиялары орындатылады. "Дара", "Қос" диаграммалар, "Уақыт тізбегі", "Хикая картасы", "Балық қаңқасы", "Көп шеңбер" стратегиялары мен көптеген танымдық ширату жатығулары оқушының жазылым дағдыларын дамытуға арналған. Елбасымыз айтқандай "Жеке тұлға"тәрбиелеу үшін еліміздің білімді де білікті, өз ісін шексіз сүйетін ұстаздары тынымсыз еңбектену арқылы қол жеткізе алады. Жалпы білім беретін негізгі мектептер "қалай білім алу керектігін білетін", дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, ой-өрісі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады. Сабақ барысында "баланың өзін еңбектендіріп, бірлестіріп, өз бетімен білім тапқандай қылса", "жұмыстайтын материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе қылып, зерттеп, өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсе" (Ж.Аймауытов, 1929) оқудың анағұрлым тиімді болатынын естен шығармаған дұрыс. Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиетерді қалыптастырып, дамытуда оқытудың түрлі стратегияларын қолданады. Атап айтқанда:
1) оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, олардың бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау;
2) мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және ойы мен сөйлеу тілін дамыта отырып оқыту;
3) проблемаларды шешу әдіс-тәсілдерін оқушыларға түсінікті жолмен құру және көрсету;
4)оқушылардың білім алуына "Оқыту үшін бағалау" арқылы қолдау көрсету;
5) оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және зерттеу әдіс-тәсілдеріне негізделген белсенді оқытуға бейімдеу;
6) оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
7) оқушылардың жеке, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
Білім беру үдерісі төмендегідей оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастырады:
1. Тілдік әдістер (әңгіме, дәріс, семинар, диалогтік оқыту, топтық оқыту, бірлесе оқыту)
2. Көрнекілік әдістер (иллюстрациялар, көрсету,презентация).
3. Практикалық әдістер (жаттығулар, тәжірибе алмасу, қолмен түрлі бұйымдар (постер, кластер, буклет) жасау.
4. Репродуктивтік әдістер.
5. Проблемалық-ізденушілік әдістер.
6. Өзіндік жұмыс әдістері (мұғалім басшылығымен және өз бетімен).
Білім беру үдерісіндегі жаңа әдіс-тәсілдерге жеке-жеке тоқталар болсақ, "Қабырғадағы роль" әдісі бойынша оқшылар мәтінді оқып шығып, соның желісі бойынша постер қорғайды. Бұл әдіс оқушылардың топпен жұмыс жасауына мүмкіндік бере отырып, өз ойын еркін ортаға салуға тәрбиелейді. Ал "Пікір сызығы" стратегиясы бойынша оқушылар бір-біріне қарап екі қатарға тұрады..1-ші топ жақтаушы, 2топ даттаушы, 3 топ 50/50 стратегиясын қолданады. Бұл стратегия бойынша оқушының өзіндік пікірі қалыптасады." Драма стратегиялар, соның ішінде "стоп кадр" стратегиясында мұғалім оқшыларға тақырыпқа сай бейне ролик көрсетеді, соның нәтижесінде оқушылар берілген әңгімені жалғастырады. Драма стратегиялары оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін арттырады. "Тамаша идеялар" стратегиясы өтілген тақырып бойынша 3жаңа нәрсе, 4мағынасы күманды нәрсе,1 назар аудартқан нәрсені тақтаға жазу арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.
Білім беру үдерісінің қай әдісін алып қарасақ та жеке тұлға тәрбиелеу үшін, оқушы деңгейін ескере отырып құрылады. Білім беру үдерісі қоғамның дамуы үшін қызмет істейді. Білім беру үдерісінің жаңа әдіс-тәсілдері оқушының жан-жақты дамуына, өзінің шығармашылық, дарындылық қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесін Ж.Аймауытовтың балалардың білгені, тапқан-таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып отырып, барлық жұмысты балалардың белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан білім берік болады. Өмірінше ұмытпайды" (Ж.Аймауытұлы, 1929). деп айтқан сөздерін негізге ала отырып жүргізу өте мағызды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Аймауытұлы Ж. Комплекспен оқыту жолдары (Мұғалімге, қайталама курстарға, тәрбие техникумдарына көмек) Қазақ баспасы, 1929.
2. Н.Назабаевтың Қазақстан халқына Жолдауы "Қазақстан жолы-2050:Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ",17.01.2014ж.
3. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010
4. Білім технологиялары" №3, 2014ж. .
Категория: Новые технологии в обучении | Добавил: saule7696 (2017-09-15) | Автор: А.Б.Уразымбетова,Н.К.Мусина E
Просмотров: 2892 | Теги: Білім беру мазмұны, жаңартылған білім беру жүйесі | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 5:14 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru