Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Новые технологии в обучении

ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ. ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ ЫҚПАЛЫ
ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ. ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ ЫҚПАЛЫ
Г.Б. Есмакаева
«№21 жалпы орта білім беру мектебі» ММ
Тарих және география пәндерінің мұғалімі
Павлодар облысы, Павлодар қаласы
І. КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:
Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.
К.Д.Ушинский
Баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады. Оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін – бірін тексеру жатады.
Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді [1, 12 бет].
Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологиялар меңгеруі қажеттілігі туындап отыр.
Жоғары технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін қажет етеді.
Бағдарламаға сай, сабақ барысында «Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер»-ді қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы:талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті.
Мақсаты: Топтық жұмыс арқылы оқушылардың ынтымақтастықта жұмыс істеу жолдарын жолдарын іздестіру.
Мұғалімдер үшін басымдықтар:
• Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін диалогтік оқытудың топтық түріне бағыттау негізінде үздіксіз дамыту;
• Оқушылардың дарындылық ерекшеліктерін айқындап, жетілдіру үшін мұғалімдердің сабақты зерттеу тәсілдерін нығайту;
• Әр түрлі деңгейдегі күрделі сұрақтар, проблемалық тапсырмалар құрастыра білу дағдыларын жетілдіру;
Оқушылар үшін басымдықтар:
• Диалогтік оқытуда оқушылардың әлеуметтік қарым-қатынасын нығайтып, бірлескен оқуға бағыттау;
• Әңгімелесу, талқылау арқылы өзінің идеяларын негіздеп, дәлелдеуге үйрету;
• Ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылаулар жүргізу үшін зерттеушілік дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру;
Оқыту мен оқудағы инновациялық үдерістердің енгізілуіне қолдау көрсете арқылы, ХХІ ғасырда талап етілетін дағдыларды, оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне ықпал ету.
Зерттеудің міндеттері: Оқушының білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы дамыған коммуникативтік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі.
1. Оқушының диалогтік тәсілмен тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандыру;
2. Оқушының шынайы қызығушылығы мен сезімін анықтау;
3. Білімге оқушының құштарлығын дамыту және сыни тұрғыдан ойлауына ықпал ету;
4. Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал ету;
5. Әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек беру, іс-әрекеттерін тереңдету және шоғырландыру:
Жұмыстың зерттеу нысаны : Кембридж бағдарламасы негізінде «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін басшылыққа ала отырып, тарих және география пәндерінде 5-11 сыныпқа арналған жаңа форматтағы сабақ жоспары.
Зерттеу пәні: Тарих және география пәндерінде негізделетінін диалогті зерттеу арқылы сабақта оқушының танымдық қабілетін дамыту жолдары.
Жұмыстың зерттеу әдістері: Тәжірибелік жұмыстар, педагогикалық эксперимент, жаңа форматты сабақтар, зерттеу нысандары.
Тәжірибенің іске асу жолдары:
«Оқушы үні» арқылы;
Сабақта диалогті пайдалану арқылы;
Интеллектуалды ойындар ар0ылы:
Постерлер арқылы;
Іс-шаралар арқылы;
Электронды оқулық құрастыру арқылы;
Эксперимент, зертхана жұмыстары арқылы:
Зерттеудің жаңалығы: Менің жұмысымның жаңалығы «Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою» әдісі – бір-бірімен ой бөлісу арқылы өз білімдерін жетілдіру жұмысымен айналысу. Жаттығу барысында оқушылар кез келген сұрақ қоя отырып, «менде осы тақырып бойынша қандай ойлар мен ұстанымдар бар? Бұл жұмыс мен және менің құрбыларым үшін қаншалықты маңызды?» т.б. сұрақтарға жауап бере отыра қандай мәселелерді игергенін, игеру жолында қандай қиындықтар туындады, оларды қалай мен шешу керекпін? деген сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде жекелей ой қозғап өзара ой бөлісу арқылы тілдік қарым-қатынас орнатады. [4, 22 бет].
Постер құрып, оны қорғау арқылы диалогке қатысушылардың мысалы, сөйлеуші әрбір сөзін түсінікті етіп, мәнерімен сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу, ал тыңдаушы – айтуға мүмкіндік беру, жақсы тыңдаушы бола білу керектігі мен шыдамдылықпен таныту керектігін жайында түсініп, ой қозғауға жетелейді. [5, 14 бет].
Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін біз, яғни мұғалімдер қолданылатын сұрақтардың екі түрі:«төмен дәрежелі» және «жоғары дәрежелі» сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, өзіндік көзқарастарын білдіріп, бағалауға және талдауға тиіс болады. [7, 19 бет].
Зерттеу болжамы: Диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың негізгі ерекшелігі - ұстаздар мен оқушыларға өз еріктерімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге жағдай жасайды. Қазіргі оқытудың талаптарына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуды керек етеді. Сондықтан қазіргі заман талабына сай жас ұрпақтың көкірегі ояу, ізденімпаз, отаншыл, шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек деп ойлаймын [8,3 бет].
Негізгі идея: «Баланы оқытудың мақсаты- оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамуға қабілетті ету» - Эдгард Хабард айтқандай [3, 9 бет]., менің жұмысымның негізгі идеясы - жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды ұштастыру, сонымен қатар «Диалог арқылы оқытуды» бағыты бойынша әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланыстыру. Оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен оқушылармен диалогқа түсу деп санаймын.
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу - ұстаздың басты мақсаты.Ұлтымыздың ұлы тұлғасы, алаштың біртуар қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытов қандай жағдайда да баланы сабаққа қызықтыруға болады, оның ынтасын қалай ояту керек, ол үшін мұғалім қандай болу керек деген мәселеге, төмеңдегідей ой-тұжырым жасайды: «Баланы оқыту ісінде ынта деген нәрсенің білімді қылуға, жетілуге мағынасы зор. Баланың ынтасы тартпаған мектеп абақтыға айналады. Бала қандай нәрсеге ынталы болмақ. Ынтаны қоздыратын жаңа мен ескісі аралас нәрсе. Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрселерде бір жаңалық болу керек. Бір күндегі көз үйренген таныс нәрсеге көңіл қойып қараймыз, егер ол нәрсеге азырақ өзгеріс пайда болса, әуес қып, қызығып қарай бастаймыз» [8,20 бет].. Осындай ұлы нақыл сөздердің менің тәжірибемде өзінің ерекше орнын алғанын айта аламын. Ал қоғамдағы жаңа өзгерістер сол мақсатқа жету үшін ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді.
Сонымен қатар, оқу-тәрбие үдерісіне өзгеріс енгізу ең маңызды аспект болып қала береді. Мұғалім мен оқушы көшбасшылығы — мұғалім 7 модульді сабақта тиімді пайдаланып, тәлімгерлік арқылы басқаларды үйретіп, нәтижеге қол жеткізе алса — мұғалімнің көшбасшылығы, ал оқушыларда топқа бөлінгеннен кейін-ақ көшбасшылық көрінеді, топта айрықша белсенділік танытқан, өз ойын, пікірін айтып, дәлелдей алған, сол арқылы топтағы басқа оқушыларды жетелей алған оқушы– көшбасшы, ол әдетте басқа оқушыға көмектесіп, соған жауап бергізуге тырысады, өйткені ол өзін емес, сыныптастарын, топты алға сүйрейді. Соны сезіне бастаған бала – өзі де әрі қарай өзінің қабілеттерін жетілдіруге ұмтылады.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ ЭКСПЕРИМЕНТ
Мұғалімдер үшін басымдықтар:
• Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін диалогтік оқытудың топтық түріне бағыттау негізінде үздіксіз дамыту;
• Оқушылардың дарындылық ерекшеліктерін айқындап, жетілдіру үшін мұғалімдердің сабақты зерттеу тәсілдерін нығайту;
• Әр түрлі деңгейдегі күрделі сұрақтар, проблемалық тапсырмалар құрастыра білу дағдыларын жетілдіру;
Оқушылар үшін басымдықтар:
• Диалогтік оқытуда оқушылардың әлеуметтік қарым-қатынасын нығайтып, бірлескен оқуға бағыттау;
• Әңгімелесу, талқылау арқылы өзінің идеяларын негіздеп, дәлелдеуге үйрету;
• Ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылаулар жүргізу үшін зерттеушілік дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру;
Жоспарда болашақта күтілетін нәтижелер де айқын белгіленді:
• Мектеп мұғалімдері 1,2,3 деңгей бағдарламасын меңгерген мұғалімдердің көмегімен өзгерістерге ашық, әрқашан әдістемелерін, кәсіби біліктілігін жетілдіруге, талпыныс жасайды.
• Мұғалімдер сабақты зерттеуге үйреніп, оқу үдерісіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізіп, оқушылардың дарындылығын дамыту үшін қолданады. Сабақ беруді жоспарлау мен оқытуда бағдарламаның негізгі идеяларына сүйенеді.
• Оқушыларға сыныпта әртүрлі тәсілдер арқылы диалогтар жүргізіледі, және кеңейтілген диалогтарға қатысуға мүмкіндік беріледі, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады.
• Оқушылар табысты талқылаулар жүргізіп, әңгіменің зерттеушілік түрі қалыптасады, жоғары деңгейдегі сұрақтар мен проблемаларды шешуде өз идеяларын ұсынып, дәлелдей алу қабілеттері жетіледі.
Оқушылармен жұмыс
Біздің жұмысымыздағы ұтымды жағы – Блум таксономиясы бойынша деңгейлік тапсырмаларды құрастыра білуі, сонымен қатар оқушылардың дивергентті ойлауын дамытуда жұмыс жасалуда. Жаңа форматты сабақтарын өткізуде төмендегідей ұтымды жақтары бағаланды:
• Топтық жұмысты ұйымдастыра алуы;
• Тапсырмаларды деңгей бойынша, ойлануды, зерттеуді қажет ететін тапсырмаларды шебер құрастыра алуында;
Қандай кедергілер болды десек:
• Мұғалімнің дәстүрлі сабақтарда көп сөйлеу дағдысы зерттеу сабақтарында кедергі болды, сирек жағдайларда көзі оқушының жауабына шыдамсыздық танытып, араласып сөйлеуі орын алды;
• Алғашқы сабақта топтың жұмысын бақылау, қадағалау болмағандықтан оқушылармен ынтымақтастық әрекеті байқалған жоқ.
• Бағалауда қиындықтар болды.
Зерттеу сабақтары аяқталған соң жасалған негізгі қорытынды:
• Оқушылар топтарда қолайлы жұмыс істеді. Олар топтағы өз рөлдерін қызығушылықпен орындады. Спикер болуға тырысады. Бастапқы сабақтарда тек тапсырма бойынша өзінің жауабын берумен шектелсе, 3-4 сабақтарда өз ойларымен бөлісіп, дәлелдей алды.
• Сабақ барысында оқу материалының анағұрлым үлкен көлемі қамтылды. Дәстүрлі сабақтарда 2-3 тапсырма орындалған жағдайда, топтық жұмыс барысында 4-5, кейде 6 тапсырмаға дейін орындалып отырды.
• Оқушылардың өзін өзі, бір-бірін, топтың жұмысын бағалауының өсуі байқалды. А деңгейінің оқушылары бақылаушылар болып тағайындалып, әділ баға бере алды. Өзін-өзі, бір-бірін бағалауда оқушылар асыра бағалаған кездерінде, мұғалімнің «Неге» деген сұрағына жауап беру барысында әділ бағаламағандарына көздері жетті, ол өз кезегінде дұрыс бағалауды үйренуге ықпал етті.
Қиындықтар:
• Уақыттың жетіспеушілігі.
• Топтық жұмысты бағалау өлшемдерін әзірлеудің қиындығы.
• Lesson Study әдісін түбегейлі өткізуге, нәтиже көрсетуге уақыт жетпейді.
Іс-әркеттергі зерттеудің екінші сатысын жүргізу үшін қажетті іс-әрекетті де жоспарладық:
• Топтық жұмысты бағалау бойынша зерттеулерді зерделеу.
• Оқушыларды топтарға бөлу тәсілін барынша мұқият жоспарлау.
• Осы тәжірибені басқа сыныптарда қолдану.
• Оқыту үшін бағалу және оқуды бағалауды әрі қарай тәжірибеге енгізу.
• Рефлексия жұмыстарын жетілдіру.
• Lesson Study әдісін нұсқаулыққа сәйкес өткізу.
Сонымен қолданған әдіс тәсілдер арқылы нәтижеге жетуге болатынына көзім жетті. Өзіме жақсы әсер қалдырды. Кембридждік тәсілдің оқушыларға да, мағанда болашақта тигізер пайдасы зор екеніне сенімдімін.
Ұстаздармен жұмыс
Мақсаты: Тарих және география сабақтарында сабағында дилаг әдісі арқылы сөйлеуді дамыту.
Міндеттері:
1. диалогтік сөйлеу және олардың формаларын қолдану арқылы оқу курсы бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
2. оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, жүйелі сөйлеу білу, ситуациялық сұрақтарды қоя білу дағдыларын қалыптастыру
3. оқушылар топта жұмыс жасаған кезде бір-бірін сыйлауға, тыңдауға, жауапкершілікке
Тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Оқушылар сұрақтар қояды, сол арқылы тақырыпты жақсы меңгереді, мұғаліммен ашық сөйлеседі
Жоспары: Барлық сабақтарда оқу мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы тарих және география пәні бойынша жетістіктерге жету, ғылыми жаңалықтар ашу.
Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге бағытталған бес қадамды негізге ала отырып, іс –әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін негізгі бағыттар мен басымдылықтар анықталып, ұстаздармен білім сапасын арттыру мақсатында төмендегідей жоспар құрылды.
1. Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.
2. Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері.
3. Тәжірибеге өзгерістерді енгізу.
4. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы.
5. Деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау.
Желілік қауымдастық «Кереку-21»
Кәсіптік желілік қоғамдастыққа қатысу еліміздің кез келген жеріндегі мұғалімдерге, тіпті шет елдердегі әріптестеріне бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, кәсіби мәселелерді шешуге және өздерінің кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Ғылыми-зерттеу топтары, біріккен кәсіби даму, оқу жобалары сияқты желілік қоғамдастықтың формалары мектептер арасындағы белсенді қарым-қатынасты талап етеді, сонымен қатар білім парадигмасының жаңашылдығының негізінде оқыту мен оқуға заманауи көзқарастың дамуына ықпал етеді. Кез келген ұстаз форумдар, білім қорының кітапханасы, желіліктің басқа да формасына белсенді және табысты қатысушысы болуына әбден мүмкін. Ең бастысы - ол мұғалімнің қалауы.
Желілік қоғамдастық жұмысының нәтижесі:
• АКТ компетенттілігінің жоғарлауы;
• Мұғалімнің кәсіби ой-өрісінің кеңеюі;
• Желіаралық қарым- қатынас дағдыларының дамуы;
• Ұстаздардың кәсіби өсуі;
• Нақты сыныптың сапасының жоғарлауы;
• Идеялардың қоры молаяды;
Не себептен желілік қоғамдастыққа біз бір ғана сабақты алып отырмыз? Себебі, мұғалімдердің практикалық дағдыларының қалыптасуына көп көңі бөлу - олардың кәсіби дамуына маңызды ықпал етеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибелері. – Алматы, 1991.
2. Курманалина Ш.Х. Функциональная модель электронной методической системы в колледже: Учебное пособие. – Алматы: Алем, 2000.
3. Педагогикалық ізденіс. – Алматы, 1990.
4. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
5. Вольф С. пен Александер Р. «Дәлелдеу және диалогтік оқыту: өзгермелі өмірге арналған балама педагогика» /2008/.
6. Александер Р. « Мәдениет және педагогика: бастауыш білім берудегі халықаралық салыстыру» /2001/.
7. Мерсер Н. «Жетекшілікпен білім алу: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы әңгімелер» /1995/.
8. Құдайбергенова К.С.Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. – Алматы, 2007.
9.Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық. – Алматы, 2009.

«Педагогикалық шеберлік-2019» облыстық конкурсқа қатысудың тіркеу нысаны
Инновациялық жоба
«№21жалпы орта білім беру мектебі» ММ
Камзин к. 346
87772852414
gulmira.esmakaeva@mail.ru
Есмакаева Гульмира Болатовна
«Диалогтік оқыту. топтық жұмыстың оқушылардың ынтымақтастықта жұмыс істеуіне ықпалы».
АНДАТПА
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде дайын білімге негізделген оқыту басым болып тұр. Ал, «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың еркін ойлануына, өзіндік шешім қабылдауына, сапалы білім алып, өмірде қолдана алатын дағдылар игеруіне кедергі болады. Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады [3, 33 бет]. Осы жағдайда заман талабына сай педагог оқушыны қалай және неге оқыту керек? Бұл мәселені шешуде ең алдымен мұғалімнің кәсіби дамуына аса маңызды көңіл аударуды қажет етеді. Осыған қатысты маңызды түйіндер Кембридж бағдарламасының мазмұнындағы 7 модуль идеясында ашылады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеялары білім алушылардың өзінің түсінігі қалыптасуына, белсенді білім алуына, әлеуметтік серіктестікте білім алуға, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытып, өзара тілдік қарым-қатынас орнатуын дамытуға негізделген. Негізгі идеяларды іске асыру үшін мұғалім тұлғаның бойында еркін ойлап, өз ойын тілдік қарым-қатынас барысында еркін ашық айта білу қабілеттерін қалыптастыру керек[3, 23 бет].
Категория: Новые технологии в обучении | Добавил: gulmiraesmakaeva (2019-02-28) | Автор: Есмакаева Гульмира Болатовна E W
Просмотров: 502 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 7:23 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru