Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Сельская школа

Технология сабақтарында ақпараттық - қатынастық технологияны пайдаланудың тиімділігі.
Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Сондықтан технология сабақтарында көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдана білу мұғалім алдында тұрған бірде бір міндет.
Сабақта жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан жақты қолдану, сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оның уақытын үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының шарттары;
а) Компьютер интернет желісі арқылы ақпарат әлеміне енуге және оны сараптауға, талдауға мүмкіндік береді.
б) Компьютер оқушының зерттеу - танымдық әрекетінің құралы ретінде ерекшеленеді.
в) Компьютер-қатысымдық құрал. Оны тек сурет салу, презентация жасау ғана емес, сол сияқты субхат жасау, жазу, тыңдау әрекетінде қолдана алуға болады.
г) Компьютер оқушыға өз әрекетінің нәтижесін айқын, тез көрсетеді.
е) Компьютер көмегімен берілген жаттығуды, істі орындауда уақыт үнемделеді.
ж) Оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамытады, оқушының оқу белсенділігі артады, оқушының өз бетімен ақпарат алу қабілеттерін жетілдіруге ықпал етеді.
Бұған мысал ретінде 7 сыныпта «Мата өңдеу технологиясы» деген сабақты өткендегі «Компьютер арқылы қазақ өрнегін зерттеу мәселесі» деген тақырыпты ұсынуға болады.
Сабақтың түрі: Компьютерді қолданған дәстүрлі емес сабақ.
Мақсаты: Қазақтың ою-өрнегін зерттеу және оны күнделікті тұрмыста қолдануға үйрету.
Міндеттері:
1) Білімділік: Оқушыларды қазақ ою-өрнектерімен таныстыру, оның тарихын айту, түрлерін көрсету, графикалық Paint редакторы арқылы қазақ ою-өрнегін салу.
2) Дамыту: Оқушылардың эстетикалық көзқарастарын дамыту, өрнектің тарихы мен табиғат арасындағы байланысты көрсету, әр түрлі өрнек түрлерін қиялда сала білу.
3) Тәрбиелік: Өрнек тарихымен таныстыру арқылы елжандыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті, музыка.
Сабақтың негізгі әдістері: сұхбаттасу, өздік жұмыс, компьютермен жұмыс, практикалық жұмыс.
Сабақтың жабдықталуы: компьютер, слайд-презентация (Қазақтың ұлттық киімі), ою-өрнек түрін жасайтын түсініктеме-карточкалар, ою-өрнек жасауға керекті құралдар.
Қолданылған әдебиет: Қазақтың ою - өрнегі «Алматы», 1986
Қазақ мәдениеті. Алматы кітап, 2004
Интернет материалдары.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың бірінші этапы: Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Өрнек дегеніміз не? Мал түріндегі өрнек, өсімдік түріндегі өрнек, геометриялық өрнектерді мультимедиялық тақтада көрсету. Оқушылар жұмыс дәптеріне өрнек туралы мәліметтерді жазып, өрнек стильдерінің суретін салады.
Қазақтар тұрмысында, киімінде өрнекті көп қолданған. Қазақ өрнегінің ерекшелігі: фон мен суреттің тепе-теңдігі.
Ал ақ пен қара түстің қолданылуы өмір мен өлім күресін көрсетеді.
- Оқушыларға өрнек түрлері туралы слайдтар көрсетіліп, өнер тарихынан мағлұмат беріледі.
Сабақтың екінші этапы – ақпараттық түсіндіру.
Өрнек түрлерін көрсетіп, жасалу жолдарын түсіндіру.
Мысалы: Сынық мүйіз – киізді, киімді өрнектеу үшін қолданылады. Түстері: қызыл, қоңыр, қара, сары, сарғыш. Әсіресе түскиізді өрнектеуде қолданылады.
Үшінші этап: Компьютерде жасау жолы:
1. Торкөз жасау
2. Оны бүктеу және қайталау
3. Басқа түспен өрнекті салу
4. Салған өрнекті түспен толтыру
5. Оны бұрып, қайталау
6. Қағазға бастырып шығару
Төртінші этап: Оқушылардың практикалық жұмысы.
Бекіту: Берілген алгоритм бойынша өрнек түрін салу, оны матаға түсіру. Берілген өрнектерден композиция жасау.
Бағалау: Оқушылардың компьютерде және матада жасаған комопзицияларын бағалау.
Үйге тапсырма: Түскиіз өрнегін жасап, суретін дәптерге салу.
Қорыта келгенде, компьютер және ақпараттық технологиялар оқушының жаңаша оқу қабілетін қалыптастырып, оқушының өзіндік қызмет жасауына, шығармашылығының дамуына бағытталған.
Қазіргі заманның даму қарқынында компьютерлік технологияны білім беруде кеңінен қолдануға мүмкіндік туады. Енді сол технологияны меңгеріп, жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру, мұғалім алдында тұрған үлкен міндет.

ШҚО Уржар ауданы Уржар селосы
Абай атындағы мектеп- лицейi
Технология пәнінің мұғалімі Андырова Г.Б.
Категория: Сельская школа | Добавил: багдатовна (2012-03-07) | Автор: Андырова Гульбану Багдатовна E
Просмотров: 3385 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 10:07 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru