Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Профильное обучение

БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА БЕЙІНАЛДЫ ЖӘНЕ БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА БЕЙІНАЛДЫ ЖӘНЕ БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ



Құралай Уахитқызы Негманова,
Павлодар облысы білім беру басқармасының
Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың
инновациялық орталығының әдіскері



Жалпы орта білім беру құрылымын жетілдірудің негізгі бір бағыты – бейіналды даярлық пен бейіндік оқытуды енгізу болып табылады.
Бейіналды даярлық – білім алушының жеке білім беру троекториясы аясында негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау. Олай болса, негізгі мектеп пен мектептің жоғары сатысындағы бейіндік оқытудың сабақтастығын жүзеге асыратын бейіналды даярлық жұмыстарын жүргізудің негізгі міндеттері:
- бейінді-бағдарды анықтауға бағытталған танымдық жән кәсіби қызметтің әртүрлі салаларына оқушылардың қызығушылығын, икемін, қабілетін анықтау;
- оқушыларға өмірлік, әлеуметтік, құндылықтар жөнінде психологиялық-педагоикалық көмек көрсету;
- болашақ кәсіби қызметіндетабысқа жететіндей танымдық және кәсіби білік, дағдылары мен негізгі құзырлылықтарын дамыту;
- өзінің одан арғы білім алу бағыты мен кәсіби таңдауына жауапкершілігін қалыптастыру.
Адамның бейімі көбінесе ең соңғы кезекте қалады. Мамандық таңдауға әсер ететін факторлар:
1. Отбасындағы үлкендердің көзқарасы.
2. Жолдастары мен достарының пікірі.
3. Қоғамдағы қалыптасқан пікірге бағыну деңгейі.
4. Мамандық туралы ақпараттылық.
5. Жеке кәсіби жоспарлары.
6. Мектеп мұғалімдерінің пікірі.
7. Баланың бейімі мен қабілеті.
Олай болса , қазіргі заман талабына сай ерте жастан баланың тұлғалық ерекшелігін, жеке қасиеттерін, кәсіби икемін анықтауға көмектесетін, баланы жоғарғы сыныптағы немесе бастауыш, орта және кәсіптік білім беру ұйымында берілетін білімнің бейін-бағдарын өз бетімен саналы түрде таңдай алатындай бейін алды даярдық жұмыстарын жүргізу маңызды мәселеге айналады.
Бейінді оқыту дегеніміз – оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін іс-әрекет. Ол тек қана мектептің жоғарғы сатысында жүзеге асады.
Бейінді оқытудың мақсаты – жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеументтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады.
Бейінді оқытуды ұйымдастыру барысында, жалпы білім беретін орта мектеп басшыларының атқаратын міндеттері:
 Оқушыларды бейінді оқытуға дайындық жүйесін ұйымдастыру;
 Бейінді оқыту үлгісін анықтау, бұл үрдістерді басқару механизмімен ұштастыру;
 Оқу материалдарын анықтау және оның сапасын сынақтан өткізу;
 Жеке іс-әрекеттегі кәсіби таңдау бағытында өзін-өзі анықтауы;
 Оқу үдерісінде тұлғаға бағдарланған іс-әрекет, құзіреттілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру;
 Оқытушы мен оқушының арасындағы ынтымақтастық пен іс-әрекеттің жоспарлы қарым-қатынасын ұйымдастыру;
 Оқушының өзін-өзі анықтау, өзін-өзі бағалау тұрақтылығы мен нәтижелі білім алуына жағдай жасау.
Бейінді оқытуды ұйымдастыру үшін мектеп, ең алдымен неғұрлым тиімді үлгісін таңдап алуы қажет. Бейінді оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің мүмкін нұсқалары ретінде мыналарды атауға болады:
1. Бейінді оқытуды ұйымдастырудың мекепішілік үлгісі;
2. Бейінді оқытуды ұйымдастырудың тораптылық үлгісі: ресурсты орталықтар негізінде ұйымдастыру, әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру.
Мектептің бейінді оқыту үлгісін таңдау кезінде мыналар ескерілуі қажет:
- оқушылардың ата-ана тарапынан жеке пәндер бойынша білім алуға әлеуеттік сұраныстың болуы;
- таңдап алынған бейін бойынша жоғары оқу орындарынада білімін жалғастыруға талпынысы;
- мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі;
- жоғарғы сынып оқушылардыңжеке қызығушылықтары, қабілеті мен бейімділігі;
- бейінді оқытуды жүйеге асыратын жетік пән мұғалімдерінің болуы.
Мектепішілік бейіндеу үлгісі деп бейінді оқытуды білім беретін бір ғана білім ұйымының күшімен ұйымдастыруды айтады. Бұл жағдайды жалпы білім беретін мектеп бірбейінді немесе көпбейінді болуы мүмкін.
Бірбейінді білім беретін мектеп таңдалып алынған бір ғана бейінді, мысал үшін жаратылыстану математикалық бағыт не қоғамдық гуманитарлық бейінді жүзеге асырады.
Көпбейімді білім беретін мектеп оқытудың бірнеше бейінін жүзеге асырады.
Бейінді оқытуды ұйымдастырудың бірбейінді түрінің артықшылықтары мыналар:
1. Мектеп педагогикалық ұжымының бірбейін бойынша мақсаты;
2. Берілген бейін бойынша материалдық-техникалық қорларын шоғырландыру;
3. Мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
Ал кемшіліктері ретінде мынаны атауға болады:
1. Оқушылардың қызығушылықтарының үйлеспеуі, олардың мектеп бітіргеннен кейін нақты оқу орнына түсуге бейіндерінің әртүрлі болуы;
2. Оқушылардың қабілеті мен қызығушылықтарын ескермей, оларды біржақты дайындау.
Бейінді оқытуды ұйымдастырудың көпбейінді түрінің артықшылығы:
1. Оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, олардың қызығушылығы мен сұраныстары ескеріледі;
2. Тұлғаның дамуының жеке троекториясы құрылады;
3. Оқушының оқыту бейінін таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуге мүмкіндік болады.
Бейінді оқытуды ұйымдастырудың осы үлгісін енгізу кезінде жалпы білім беретін мектеп нақты бейінге бағытталады және оқушыларға белгілі бір бейінді пәндердің, қолданбалы немесе таңдау курстарының санын елеулі арттыру есебінен өздерінің жеке бейінді білім беру бағдарламаларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мектепішілік бейіндеу үлгісін жүзеге асыру қала жағдайында қолайлы, ал шағын ауданда бейінді оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісі, яғни ресурстық орталық базасында немесе әлеуметтік серіктестік негізінде жүзеге асыру білім беру кеңістігін қалыптастыру мақсатымен басқа да білім ұйымдарының білім беру қорларын жұмылдыруды көздейді.
2014 жылдың қаңтар айында «Бейіналды және бейіндік білім беру» атты облыстық шығармашылық алаң құрылды.
Шығармашылық топтың құрамына эксперементте тұрған жалпы білім беру мектептерінің ғылыми әдістемелік жұмысы бойынша оқу ісінің меңгерушілері кірді. Олар:
• №36 ЖОБМ - Копыльцова Надежда Владимировна
• №7 ЖОБМ - Кашемирова Елена Георгиевна
• №9 ЖОБМ - Муратхожина Елена Владимировна
• №11ЖОБМ - Юрчик Ирина Юрьевна
• №17 ЖОБМ - Баринова Ольга Николаевна
• №41ЖОБМ - Бондар Елизовет Викторовна
• «Стикс» бейіндік мектебі - Кузнецова Елена Вениавиновна
• Екібастұз қ. Кадет мектебі - Дарбаева Райхан Бибековна
• Ақсу қ. Ю.Гагарин атындағы ОМ - Манько Галина Викторовна
• Ақсу қ. Камзин атындағы ОМ - Уматова Бакытай Кабденовна
Шығармашылық топтың мақсаты: Оқытуды дербестендіруге бағытталған және еңбек нарығының нақты қажеттіліктерін ескере отырып, білім алушыларды әлеуметтендіруге бағытталған жалпы білім беру мектебінің жоғары сыныптарында арнаулы дайындық құруға арналған (бейіндік оқытудың) облыс мектептерінің қызметін үйлестіру.
Міндеттері:
1.Мектептің жоғары сатысындағы бейінді оқыту құрамына енетін оқушылардың таңдауы бойынша арнаулы курстарды іске асыру.
2.Таңдау бойынша курстарды ұйымдастыру арқылы бейіналды дайындыққа кіріспе.
3.Жоғары бейінді мектепке тиімді және нақты конкурстық жинақтау механизмдерін көпшілік практикаға енгізу.
4.Бейіннің жобаланған оқу жоспарларын әзірлеу мен қабылдау бойынша жұмыс ұйымдастыру (ЖМБ, ҚГБ).
Шығармашылық топ 2014 жылға жұмыс жоспарын құрастырды. Жоспарды орындау мақсатында төмендегі жұмыстар атқарылды:
2014 жылдың 6 ақпанында «Бейіналды және бейіндік оқытуды ұйымдастырудың моделі» атты тақырыпта шығармашылық топтың отырысы болды. Бұл отырыста шығармашылық топтың мүшелері өз мектептерінде бейіндік оқыту қалай жолға қойылғаны жайлы қысқаша есеп беріп, өз моделдеріні қорғады;
2014 жылдың 27 ақпанында Республикалық алаңда тұрған Павлодар қаласының №17 ЖОБМ-да «Бейінді мектеп жағдайында білім беруді жаңалау» тақырыбында облыс деңгейінде семинар өткізді.
Семинар мақсаты – ұстаздарды педагогикалық тәжірибемен таныстыру, ұсынылған әдістер мен тәсілдердің артықшылығын түсіндіру. Семинардың пленарлық бөлімінде ББжТДИО әдіскері Құралай Уахитқызы Негманова «Павлодар облысы мектептерінде бейінді және бейіналды оқытудың эксперименталды алаңдары» тақырыбында, № 17 ЖОБМ-де директорының ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Ольга Николаевна Баринова «Бейінді мектеп жағдайында білім беруді жаңалау» мәселесімен, Вера Константиновна Омарова «Бақылау-өлшеу материалдарын құру технологиясы» тақырыбында баяндама жасап, пікір алмасты. Семинар жұмысына қала мен облыс мектептерінің 45 ұстазы қатысты.
2014 жылдың 10-15 наурыз аралығында «Бейіналды және бейіндік оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында вертуалды сұхбат ұйымдастырылды.
2014 жылдың 14 наурызда №7 ЖОБМ-да оқу ісінің меңгерушілері мен психологтарға арналған «Мектептің білімдік кеңістігін бейіндеу мазмұны, негізгі бағыттары және мектепте психологиялық қолдау көрсету» тақырыбында облыстық семинар-тренингті Кашемирова Елена Георгиевна мен мектеп психологы Жданко Галина Витальевна өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар саны - 32.
2014 жылдың 24-25 сәуірдің аралығында Ақтөбе қаласының Темір ауданы Шұбарқұдық гимназиясында «Бейінді – бағдарлы білім берудегі элективті курстардың тиімділігі» тақырыбында Республикалық семинар ұйымдастырылды. Бұл семинарға Павлодар облысынан бейіндік оқыту бойынша аудан деңгейінде эксперементте тұрған мектептердің ұстаздары: Мухия Картенбай (Ақтоғай ауд.), Жумабаева Айман Аманқызы (Баянауыл ауданы), Асылова Нұргүл Бейсембайқызы (Екібастұз аймағынан) қатысып, тәжірибе алмасып, сертификаттармен марапатталды.
Осы жұмыс аясында Павлодар облысының білім беру мектептерінде бейіналды және бейіндік оқыту бойынша эксперементтік алаңдары туралы сараптама жасалынды. Павлодар облысы Білім беру басқармасының 2006 жылғы 18 қарашадағы №1-05/306 бұйрығы негізінде, бейіндік оқыту бойынша
Республикалық алаңда тұрған - 1 мектеп: Павлодар қаласының №17 ЖОББМ.
Облыстық алаңда тұрған - 12 мектеп:
 Павлодар қ. №9,35,21 ЖОБМ;
 Ақсу қ. Лицей-мектебі;
 Екібастұз қ. №10 ЖОМ және Екібастұз ЖОМ;
 Шарбақты ауд. №1 гимназия сыныптары бар ЖОМ;
 Павлодар ауд. Заря ОМ;
 Ақтоғай ауд. Тіленші ОМ, Абай ОМ, Нығманов атындағы ОМ, Мүткенов атындағы ОМ.
2013-14 оқу жылында экперементте тұрған мектептер саны – 13, оның ішінде ауылдық мектептер саны – 7 (Шарбақты ауд. №1ЖОМ, Павлодар ауд. Заря ОМ, Екібастұз ЖОМ және Ақтоғай ауданында 4 мектеп. Олар: Тіленші ОМ, Абай ОМ, Нығманов атындағы ОМ, Мүткенов атындағы ОМ). Мемлекеттік тілде оқытылатын мектептер – 5 (Павлодар қ.№35 ЖОМ, Екібастұз ЖОМ, Нығманов атындағы ОМ, Мүткенов атындағы ОМ).
Бейіндік оқыту бойынша эксеременттік алаңда барлығы: 1036 оқушы қамтылған. 66 сынып (оның ішінде 22 сыныбы - мемлекеттік тілде)
Сараптама қорытындысы бойынша бейіндік бағыттағы эксперементте тұрған мектептерде 244 мұғалім жұмыс істейді.
 48.68 % ұстаз жоғары санатты ( бұл 93 адам),
 30.32% бірінші санатты (бұл 74 адам),
 18.85% екінші санатты (бұл 46 адам)
 Санатсыз мұғалімдер жоқ.
Мұғалімдердің арнаулы курс, қолданбалы курс бойынша авторлық бағдарламалары рецензияланған.
Мектептер 100 пайыз әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар облысымызда Бейіндік бағыттағы мектептер бар.
Олар:
 Павлодар қ. №7,9,11,17,36,41 және «Стикс» бейіндік мектебі;
 Ақсу қ. өңірлік Ю.Гагарин атындағы және Камзин атындағы ауыл мектебі;
 Екібастұз қ. Кадет мектебі жұмыс жасауда.
Бұл мектептердің алдына қойған мақсат-міндеттері айқын, бейіндік оқыту бойынша өзіндік модельдері қалыптасқан. Ерекшелігі таңдаған бағыты бойынша нәтижеге жетуге бағытталған.
Бейіналды және бейіндік білім беруді жетілдіру мақсатында құрылған облыстық шығармашылық топтың перспективалық жұмыс жоспарында келесі жұмыстарды іске асыру жоспарланған: «Бейіналды және бейіндік білім беруде кездесетін мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел, вебинар және жоғары оқу орындарымен бірлесе ұйымдастырылатын семинар.
Қорыта айтқанда, бейінді оқу жалпы білім берудің ең соңғы кезеңіндегі даралап, саралап оқытуды дамыта отырып, тұлғаның өмірде өзін-өзі анықтауын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе оқу іс-әрекетінің ұйымдастыруында жоғары сынып оқушыларының қажеттілігі мен қабілеттілігін, қызығушылығын есепке ала отырып, олардың білім дағдылары мен кәсіби мүмкіндігіне сәйкес одан әрі дамуына жағдай жасайды.
Категория: Профильное обучение | Добавил: Гематоген (2014-08-12) | Автор: Негманова Куралай E
Просмотров: 6126 | Рейтинг: 1.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 9:36 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru