Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Игротека » Казахские национальные игры

Жұлдызды сағат.
Жұлдызды сағат ойыны

Мақсаты: Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының өз еліне, туған жеріне, тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру. Еліміздің тәуелсіздігін сақтауға, қазақ тілінің мәртебесін көтеру,оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.

Жұлдызды сағат.

І кезең. Кім бірінші
Оқушыларды 2 тобқа бөлеміз. Екі кроссворд береміз кім бірінші толтырып береді сол бірінші бастайды;
С ә б и т
т А м Ы з
М ә Н ш ү к
қ А з Ы б е к
П е т р о п а в л

1. Жазушы Мұқановтың есімі кім?
2. ҚР-ның Ата Заңы күні ?
3. Қазақтың батыр қыздары кім?
4. Қазақтың үш биін ата?
5. Солтүстік- Қазақстанның облысының орталыгы?

С ә б и т
н А у р ы з
с а Ғ а т
ұ с т А з
ж е Т і

1. Жазушы Мұқановтың есімі кім?
2. Қазақстанның жаңа жылы?
3. «Тик-так», «так-так»,
«Тұр-тұр», «Жат-жат»
– деп әмір береді,
Шаршамай келеді.
4. Мұгалім сөзінің синонимдері?
5. қазақ тілінде неше септік бар?

ІІ кезең. Сұрақтар.
Ойынның негізгі бөлімі
Әр топ жеті бөлімнің кез келген тапсырмасын таңдайды, тапсырманы дұрыс орындаған жағдайда сол тапсырма бағаланған ұпайды алады. Егер таңдаған тапсырманың дұрыс жауабын таппаса, олардың қарсыластарының дұрыс жауабын айтып ұпай алуға мүмкіндіктері бар. Сондықтан тапсырма оқылғаннан кейін екі топқа да тапсырманың жазбаша түрі таратылады. 10,20,30,40,50 ұпайлар бар әр бір бөлімде

Математика
10. 1 ғасырдың жартысы 50 жыл
20. Өзіне және 1-ге ғана бөлінетін сандар жай сандар
30. Шеңбер бойындағы нүктені оның центрімен қосатын кесінді радиус
40. Әкесі 41 жаста, үлкен ұлы 13-те, қызы 10-да, кіші баласы 6 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы барлық балаларының жастарының қосындысына тең болады?
6 жыл
50. Тырналар әдетте топпен ұшқанда үшбұрыш жасап ұшады: алдында 1 тырна, екінші қатарда екеу, үшінші қатарда үшеу, тағы сол сияқты. Егер соңғы қатарда 15 тырна ұшып бара жатса, тырналар тобында неше тырна ұшып барады.
120 тырна

Этика және біз
10. Ғимаратқа кіргенде кім бірінші амандасады? (жасына немесе жынысына қарамай кірген кісі бірінші амандасады)
20. Көшеде кім бірінші амандасады, тұрғаны ма, әлде кіріп бара жатқан ба? (қіріп бара жатқан)
30. Ер адам мен әйел адам ғимаратқа кірейін деп жатыр, қайсысы бірінші кіреді? (әйел адам бірінші кіреді)
40. Ер адам мен әйел адам театрда, кинозалда орнына отыруы керек. Кім бірінші жүреді? (ер адам орынды іздеп бірінші болып жүреді)
50. Телефонмен сөйлескенде кім бірінші болып амандасады? (телефон соққан кісі өзін таныстырып, бірінші амандасады)

Тіл талапкері
10. Жатыс септігінің жалғауларын ата.
а) -да,- де,-нда,-нде,-та,-те
ә) -ға,-ге,-қа,-ке,-а,-е
б) -ын,-ін,-нде,-н,-нда
20. Төрт қандай буынды сөз?
а бітеу б тұйық
ә ашық в жалаң
30. Сан есімнің неше магыналық тобы бар?
а 5 б 9
ә 2 в 6.
40. Өкпесі қара қазандай – тұрақты тіркесінің магынасы қандай?
А ренжімеу
ә реніші таудай
б реніші жоқ
в ренішін айтпау.
50. Екі я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер. Бүл қандай сөздер? Біріккен сөздер

Қазақ тілі
10. Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым? (Фонетика)
20. Жазылуы мен дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер?
(Омоним сөздер)
30. Қазақ әліппесінің атасы кім? (А.Байтұрсынұлы)
40. Жалғау түрлері? (Көптік, септік, жіктік, тәуелдік)
50.Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді. Бүл қандай сөз деп аталады ? (Қосарлама қос сөз)
Қазақ әдебиеті
10. Халық ауыз әдебиетінің түрлеріне нелер жатады?
(Ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, тұрмыс-салт жырлары...)
20. Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбайұлы)
30. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім? (Абай Құнанбайұлы)
40. Төрт түлікті атаңдар. (Жылқы, сиыр, қой, түйе)
50. Қарағанды жерінен шыққан революционер ақын? (С.Сейфуллин)

Мақал-мәтелер
10. Тіл-қылыштан (өткір)
20. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі білім біл)
30. Басқа пәле- (тілден)
40. Бала жетіге келгенше... (жерден таяқ жейді)
50. Атаңның баласы болма... (адамның баласы бол)

Жұмбақтар
10. Қатар-қатар тас қойдым, жирен атты бос қойдым (Тіс пен тіл)
20. Бір ақ үй бар: кірейін десең, есігі жоқ (Жұмыртқа)
30. Бұл зат әр оқушыда болады. Мектепке әлі бара қоймаған бүлдіршіндер де оны болғанын ұнатады. Жоғарғы сынып оқушыларында олар көп болады, өздері қалың-қалың. Кейбір мұғалімдер оларды әрі-бері тасып әлек. Бұл не? (Дәптер)
40. Бұл сенің ең негізгі құралың. Басқа құралдарыңды кейде ауыстырып әкеліп отырсаң, бұл құрал жыл басынан соңына дейін сөмкеңнен түспейді. Оны мұғалімге бергенде кейде қуанасың, ал кейде жылағың келеді. Бірақ ол өзіңе байланысты.. Егер қатты қуансаң оны сен мамаң мен папаңа өзің көрсетіп мәз боласың, ал кейде ешкім сұрамаса екен деп ойлайсың. Өйткені онда сенің бар құпияларың жасырынған ғой... Бұл не?
(Күнделік)
50. Бұл зат әр оқушыда болады. Мектепке әлі бара қоймаған бүлдіршіндер де оны болғанын ұнатады. Жоғарғы сынып оқушыларында олар көп болады, өздері қалың-қалың. Кейбір мұғалімдер оларды әрі-бері тасып әлек. Бұл не?
(Дәптер)

Қорытынды. Қазақстанның тілін және салт-дәстүрін, тарихын әрбір азаматының қасиетті борышы. Өз тілінді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, мақал-мәтел , салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Категория: Казахские национальные игры | Добавил: kan_tab (2014-02-01) | Автор: боранбаева Канагат Шабиденовна
Просмотров: 1387 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-18, 9:29 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Казахские национальные игры [41]
Игры с карандашом в руках [13]
Подвижные игры [28]
Загадки, задачи-шутки, пословицы [11]
Игры для учительской вечеринки [15]
Игры на школьном вечере [22]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru