Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Профессиональное образование

Кәсіптік қазақ тілін инновациялық оқып үйрету жолдары
КӘСІПТІК ҚАЗАҚ ТІЛІН
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ОҚЫП ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ

C. Ж. ГАЛИМОВА
Жаяу Мұса колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы – Павлодар облысы, Ақсу қаласы

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері уақыт ішінде қазақ тілін қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік тіл ретінде оқыту мақсатында көптеген жұмыстар жасалынып келеді. Соның бірі – қазақ тілін болашақ мамандардың кәсібіне лайықтап оқыту.
Техникалық коллежде қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесі деңгейінде үйретудің өз ерекшелігі бар. Қазіргі таңда кәсіби қазақ тілін жоғары деңгейге қою өмір талабы болып отыр. Ұлттық экономикамызды дамытудың басты талабының бірі – білім беру саласын жандандыру, білім сапасын көтеру.
Бүгінгі күні ел экономикасы үшін кадр даярлау – маңызды мәселенің бірі.
Кәсіптік білім беру саласы мамандарының басты міндеті - мемелекеттік тілді еркін меңгерген маман даярлау. Білім болашаққа бағдарланатын болғандықтан, кезкелген маман даярлайтын оқу орнының басты міндеттерінің бірі – білім алушының құзыреттілігін дамыту. Құзырет – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы. Ал құзыреттілік – адамның өзінің іс-әрекет саласына сай құзыреттерді меңгеруі.

Болашақ маман құзыреттілігі
- біліктілік;
- барлық саладан терең білімділік;
- жаңа технологияларды қолдана білуі;
- өзіне және өзгеге талап қоя білуі;
- жоғары мәдениеттілік;
- ұйымдастырушылық;
- қарапайымдылық;
- жаңашыл тәжірибелерді меңгеруі;
- зерттеу жұмыстарын жүргізе білуі;
- қарым- қатынасқа түсе білушілік;
- азаматтығы.
-
Егер болашақ маманның бойына осындай сапаларды қалыптастыра білсек, онда еліміздің болашағына сеніммен қарауға мол мүмкіндік бар.
Мемлекеттік тілді меңгерту арнаулы оқу орны оқушыларының болашақ мамандықтарын ескере отырып іске асырылуы керек екендігін өмір тәжірибесі көрсетіп отыр.
Бүгінгі колледж оқушысы – ертеңгі маман. Ол өз мамандығы бойынша қазақ тілінде сөйлесе алу, түсіну мен жаза білу, кәсібіне байланысты терминдерді қолдана білу сияқты дағдыларға колледж қабырғасында үйренуі қажет.
Уақыт талабына сай Жаяу Мұса колледжінде де қазақ тілін оқыту сапасына көп көңіл бөлініп отыр. Колледждің қазақ тілі оқытушылары өз сабақтарында компьютерлік техника мен электрондық оқулықтарды пайдаланады.
Колледжде орыс тілді оқушыларға қазақ тілі кәсіби бағытта оқытылады. Осыған орай типтік бағдарламаға негізделген жұмыс бағдарламалары жасалып, болашақ есепшілер, заңгерлер, техник-металлургтер, техник-теплотехниктер, техник-электриктер, кітапханашылар тағы басқа мамандарға қазақ тілін өз мамандықтарына байланысты үйренуде. Лексикалық тақырыптардың мазмұны әр салаға, оның ішінде тіл үйренуші қалаған мамандықпен тікелей байланыстырылады. Лексикалық тақырыптардың оқушылардың болашақ мамандығына қатыстырылып алынуы – тіл үйренушінің ынтасын арттырудың тиі мді жолы.
Қазақ тілін кәсіби бағытта оқытудың әдістері сан алуан. Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені мәлім. Осы әлемдік үрдістің бір тармағы оқушының шығармашылық тұлғаға дейін көтерілуі. Ал оқушыны ондай дәрежеге жеткізетін – ұстаз. Сондықтан ұстаздың өзі шығармашылықпен жұмыс жасайтын іздемпаз тұлға болуы шарт. Жиі қолданып жүрген жаңа технологиялар түрі сызбада көрсетілген

Өз тәжірибемде деңгейлеп оқыту технологиясын сабақта жиі қолданамын. Бұл әдіс көбінесе оқушылардың сөйлеу және пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Колледжге әртүрлі мектептен, білімдері әртүрлі деңгейдегі оқушылар келеді, сондықтан олар өз білім дәрежесіне сәйкес тапсырмалар орындайды. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетіне қарай, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады. Бұл әдістің негізі – қарапайымнан күрделіге жету. Деңгейлеп оқытудың маңыздылығы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйретуге баулиды, өйткені грамматикалық, лпексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады. Бұл әдістің тағы бір ұтымды жағы – оқушы өзінің нені білетінін көзі жетіп, содан өзі ізденіп оқып келеді, ізденіп оқығанда ол нәрсе кімнің де болса есінде қалады.
Кәсіби қазақ тілін оқытудағы негізгі құралдарының бірі – мәтін. Грамматикалық тақырыптар да берілген мәтінге лайықталып таңдалады.
Техникалық мәтіндерді түсіну үшін оқушы мәтінде берілген басқа лексикамен қатар кәсіби сөздерді, терминдерді түсініп қолдана білуі керек. Оқушы өз мамандығына байланысты мәтінді қызыға оқиды, ол арқылы болашақ маманға кәсібі бойынша өте қажетті, пайдалы мағлұмат беріледі, мәтін оқушының білімін, танымын, толықтырады.
Кәсіби қазақ тілі сабақтарында мәтінді тіл дамытудың басты құралының бірі деп қарап, мәтінмен деңгейлік тапсырмалар арқылы әртүрлі тіл дамыту жұмыстарын жүргіземін.

Тіл дамытудың басты құралы



Тіл дамытуға арналған деңгейлік тапсырмалар

Оқулық деңгей Алгоритмдік деңгей Эвристикалық деңгей Шығармашылық деңгей
- мәтінді түсініп оқу;
- мәтіннен мамандыққа қатысты терминдерді теріп жазып алып, орыс тіліне аудару;
- сөздік құрастыру;
- сұрақтарға жауап беру;
- сұрақ құру, жауаптарын жазу;
- термин сөздермен сөз тіркес,сөйлем құрастыру.
- мәтін бойынша жоспар құру;
- кесте бойынша мазмұндау;
- кесте жасау;
- диалог құру;
- жоспар бойынша мәтінді мазмұндау;
- тірек сөздермен әңгіме құрастыру. - әртүрлі жағдаяттарды пайдалану;
- өз пікірлерін айта білу;
- мәтін немесе әңгіме мазмұнын жалғастыру.
- шығарма жазу;
- эссе жазу;
- реферат дайындау;
- сахналық қойылым;
- тест жасау;
- кроссворд, ребус жасау.

Сөздік жұмысқа кәсіптік қазақ тілін меңгертуде үлкен орын беріледі. Орыс тілді аудиторияда қазақ тілі сабақтарында сөздік жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдері өте көп. Сөздік жұмыс оқушылардың лексикалық қорын көбейтеді, тілін дамытады, жатық сөйлеуге, қазақ тілінде түсүнуге, сөйлесуге үйретеді. Жаңа кәсіби сөздер мен терминдерді меңгеру арқылы тіл үйренуші сөз тіркесі мен сөйлем құрып, өз ойын жеткізуге дағдыланады. Кәсіби терминдермен жұмыс барысында әрбір жаңа сөздің мағынасы түсіндіріліп, аударылып, пысықталуы тиіс. Мүмкін болса сөзге синоним, антоним сөздер табылып, жазылады, сөз құрамы бойынша талдау жасатқызуға болады. Оқушылардың негұрлым сөздік қөры көп болса, соғұрлым қазақ тілін тез үйреніп, еркін сөйлей алатын болады, бұл өз кезегінде болашақ мамандығын меңгеруге де көп септігін тигізеді.
Қазіргі кездің жастары өз болашақтары Қазақстанмен, өз елігің экономикасымен тығыз байланыста екендігін өте жақсы түсінеді. Сонымен қатар елге мемлекеттік тілді жетік меңгерген мамандар қажеттілігі күн сайын артып келе жатқандығын да біледі.
Кәсіптік оқу орны – үздіксіз білім берудің ұлттық жүйесіндегі негізгі буынның бірі. Сондықтан колледж түлегіне және оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге міндетті оқушыға қойылатын талаптар өте жоғары болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ Республикасындағы «Тіл туралы» заң. Ана тілі, 17 шілде,, 1997
2. Жадрина М.Ж. Образование, ориентированное на результат, как новая модель школьного образования. Открытая школа № 2, 2004 г.
3. Қазақ тілі мектепте, колледжде және ЖОО- да оқыту, №1,3,6 2007 ж.
Категория: Профессиональное образование | Добавил: казашка1367 (2015-01-19) E
Просмотров: 1816 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 8:44 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru