Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін
Ибраева К.М. қазақ тілі мұғалімі
«Алтын сақа» балабақшасы КМҚК
Қарағанды қаласы

Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін
қолдану арқылы дамыту.

Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандарының алдында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді,білікті,саналы болуында ойынның алатын орны ерекше.
Н.К Крупская: Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойынның ерекшемаңызы бар: олар үшін ойын - оқу, олар үшін ойын - еңбек, олар үшін ойын - тәрбиенің маңызды түрі.Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, таңымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады.Ойын-баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойынның түрлері көп,қазақ тілін үйретуде театрландырылған ойындардың маңызы зор. Театрлық іс-әрекетте ертегілерді пайдалана отырып баланың ой-өрісін дамыту,сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз. Балаларға театр,әртістік өнер,сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз. Көріністерді өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілдімеңгеруіне деген сүйіспеншілікті арттырамыз.Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан – жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлғаболып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады
Мақсаты:
- Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын театр түрлері арқылы
дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан-жақты жетілдіру;
- Қазақ тіліне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.
Міндеттері:
• Балалардың тілін,сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту.
• Балаларды адамгершілікке баулу.
• Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту,ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.Театрлық іс-әрекетті ертегілерді пайдалана отырып ойын дамыту.
• Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап,әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Театр,оның түрлері туралы түсініктері болады;
Қазақ тіліндегі сөздік қоры молаяды;
Диалог бойынша сөйлесу арқылы тіл мәдениетін жетілдіреді.
Театрландырылған ойындар ойын-қойылымдары болып саналады, бұл жердебалаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қоймаларға айналдырып,оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкерретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан – жақты дамыту. Оның бойындаәдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнадашағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақыжүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілгендиалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімегеараласуға , спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге
итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлепжеткізуге септігін тигізеді.
Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен
дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрлымын еркін айтуға,тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту,шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білугеүйретеді.
Жаттығулар 3-ке бөлінеді:
• тыныс алу және артикуляция;
• дикциялық және интонациялық;
• сөздермен шығармашылық ойындар.
Театр мәдениеті: Балалар театр өнерінің шынайы сезімдерің меңгерту.
Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерініңтүрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.
Қойылыммен жұмыс – жанама бөлім, авторлық сахналауға негізделген.
Оған кіретін тақырыптар: қойылыммен таныстыру, қойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру. Қойылымға қажетті құралдарды дайындау. Көріністі безендіру. Қойылымға дайындық, сахналау.
  Драматизация түрлері:
• жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны;
• мәтін бойынша негізделген диалог, маналог, рөлдік ойындар;
• шығармашылық көрсетілім;
• бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойылым қою.
Ал драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады.
Саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.Қуыршақ бибабомен ойын – драматизациясы. Бұл ойында саусақтарға қуыршақ Бибабоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға болады.

Балалар театрының түрлері

Ойыншықтар
театры
саусақ
театры
үстел үсті
театры
сурет
театры
стенд-кітапша
театры
Фланелеграф
театры
трафарет
театры
көлеңке
театры

Ең көп тараған түрі – ойыншықтар театры. Бұнда балалар қысқа тақпақтарды
жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемде спектакльдеройнайды. Онда адамдар рөлін ойыншықтар ойнайды.Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды – маринеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады.Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалары арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолменқуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігіндейболады. Бала өзіне кастюм, үлкен бетперде, үлкен алақандар киеді, олар тірі
қуыршаққа ұқсайды. Өздеріне қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болыпүш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екібұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақпен жүргізушінің мойнына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылышығармашылықтарын дамытады. Бұл балалардың өздерін еркін сезінуіне, өзкүшіне сене білуге көмектеседі.
Саусақ театрында – саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балаларқоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, балақуанады, шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.
Үстел үстіндегі театры – сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдердіайтқызғанда көркем сөздер әсерлі етілу үшін стол үстіндегі театрдықолданған жөн.Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтартеатрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптарданжасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер-театр»; магнит театры; «мачалка театры»; үстел үстіндегі кейіпкерлерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады ( олар өздерінің формасын ұстанғандай пластмас бутылкаларға кигізіп қойады); ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар.
Суреттер театры – декорация мен кейіпкердің – суреттері. Олардың әрекеті шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі.Кейіпкер әрекет барысында пайда болады,балалардың қызығушылығын арттырады.
Стенд-кітапша театры – бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғаларкөрсетіледі.Стенд-кітапшасының беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді көрсетеді.
Фланелеграф театры – суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Олардыфланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескікітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.
Трафарет театры – трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог,монологты дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды,дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлауқабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзінеберілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл-қозғалысын өзгерте алады.
Көлеңкелі театр – жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әңдері көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке театрдың қойылымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреу мазмұның оқиды, екуі көріністі көрсетеді. Көлеңке театрдың сахнасы экран болады. Экранды ағаштан немесе калың кардоннан жасайды, ою-өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жұқа кардоннан жасайды, жіпарқылықозғалтады.Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардыңшығармашылықтарын арттырады, ой өрістерін дамытады.
Сахналық қойылымның алдында педагог балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізеді.
1.Педагогтар балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі
кейіпкерлердің мінез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылады.
2.Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді. Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады.
3.Сұрақ – жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отыру.
4.Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау.
Дайындық топтарындағы балалардың театрландырылған ойындары қиындайтүседі. Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздерімен сусындата отырып,әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән-күйлер мен билерді кіріктіріп отырады.Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалары кейіпкерлердің мінезін, жүріс-тұрысын, әдеттерін айнытпай
салып көрерменге иланымды етіп ойнау үшін, талмай жаттығулар жасалады.
Қорыта айтқанда театрландырылған ойын түрлері балалардың қазақ тіліне деген
қызығушылықтарын,белсенділіктерін арттырады, сөздік қорларын байытып,тілдерін дамытуға үлкен әсер тигізеді.Көптеген ойын барысында балалар әр түрлірөлдерді ойнайды.Ойын үстінде олардың қиялдау,көз алдына елестету қабілеттері қалыптасып,балалардың ой-өрісі кеңейіп,есте сақтау,көру қабілеттері дамиды.
Ойын барысында балалар өзара қарым-қатынасқа түсіп,бір-бірімен тіл табысады,
адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.Балалар таныс ертегілерін қазақ тіліндеүлкен жауапкершілікпен,қызығушылықпен рөлдерге бөліп сахналайды.
Кейіпкерлердің мінез-құлықтарын,дауыс ырғақтарын дәл салып,диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта біледі.
Қорыта келгенде,педагог балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелейотырып,олардың бойына күнделікті өмірге қажетті әр түрлі машықтардықалыптастырады.Олар мыналар:ұжымдық өмірдің машықтары жолдасы дер кезінде көмек беру,айтқанды тыңдап бағына білу және т.б. Мәдениетті сөйлеу машықтары сыпайы қарым-қатынас жасау, аты-жөнімен атау, байсалды сөйлеу, айтайын деген ойын толық жеткізу, сөйлесіп тұрған екінші адамды тыңдай білу және т.б.
Көркемдік машықтар өздігінен ән айтып, би билеу, мәнерлеп ертек, тақпақ айтып
беру, әр түрлі материалдардан ойыншықтар, атрибуттар, әсемдік бұйымдар
жасай білу. Біздің «Алтын сақа» балабақшасында балалардың тілін театрлық іс-әрекет арқылы жетілдіруде үйірме жұмысы ұйымдастырылған.

  Қолданылған әдебиеттер:
1.ҚР«Білім туралы» заңы.2007 жыл, 27 шілде Астана
2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.
2009 жыл
3.Мектеп жасына дейінгі балалаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
4.Неменова Т .«Развитие творческих проявлений детей в процессе театрализовнных игр»
Дошкольное воспитание» №1.1989.
6.Каталог образавательных сайтов – http://www-predschool.kz/ .
Категория: Дошколенок | Добавил: inkar_love05 (2015-01-27) | Автор: Ибраева Куляш Муратбековна E
Просмотров: 1230 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2016-12-10, 11:52 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1476]
Школьный психолог [501]
История [696]
Опыт [473]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [219]
Мастер-класс [206]
Семья и школа [174]
Компьютер-бум [248]
Английский язык [771]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1142]
Химия [375]
Классному руководителю [626]
Биология [579]
Думаем, размышляем, спорим [92]
Казахский язык и литература [1763]
Краеведение [92]
Начальная школа [3913]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [355]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [290]
Экология [180]
Дошколенок [1492]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [441]
Мой Казахстан [228]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1158]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [517]
Немецкий язык [51]
Технология [282]
Самопознание [381]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [12]
Педагогические программы [4]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru