Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Баланы қазақ тіліне жеделдете оқытудың тәсілдері
Ибраева Күләш Мұратбековна
"Еркетай" балабақшасы КМҚК
Қарағанды қаласы

Баланы қазақ тіліне жеделдете оқытудың тәсілдері

Сөздікпен жұмыс.
Сөздікпен жұмыстың мазмұны сөздердің біртіндеп меңгеруіне байланысты. Оларды ауызекі тілде қолдану /жолдастарымен, үлкендермен сөйлесу, балаларға арналған қысқа әдеби шығарманың мазмұнын түсіну/.
Сөздікпен жұмыстың бағдарламасы, жүйелі сабақпен, жүйелі методикалық әдіс-тәсілдермен, балаларды мақсатты түрде сөйлеуге үйрету арқылы іске асырылады.
Оқытушы балаға сөз үйретуді көрнекілікке, сөйлеу үлгісіне, оқу процессіне бірнеше немесе көптеген талдауыш заттарды енгізу, сөзді қимыл әрекетпен көрсету, сөзді белгілі затпен бейнелеу, жаңа сөзді бірнеше рет қайталату арқылы іске асырады.
Сөздікпен жұмыстың тиімді тәсілдеріне мыналар жатады:
• Затты көрсету, ойыншықтар /өзіне суретін көрсету/ және оны атау;
• Сөзді баламен бірге, дауыстап айту;
• Естіген сөзді қайталау;
• Сөзді өз бетімен жеке айту;
• Сөздің түрлі мағынада көп қайталануы;
• /Бұл алма. Қызыл алма. Үлкен домалақ алма. Лена алма ал. Миша, маған алма бер./
• Белгілі бір жағдай төңірегінде, сөйлемге сөз қосу. / «Менде үлкен ... бар»,-балалар сөйлемге жетпей тұрған ойыншықтардың атын қосады: /қуыршақ, доп, аю т.с.с/ балаға анық жауапты керек ететін сұрақ қою /Мынау не? Қандай? Қайда?/
Нақты берілген сұраққа жауап беру үлгісі:
- затты суреттеу, көлемін, түсін, сапасын тағы басқа белгілерін бейнелейтін сөздер;
- қимыл-әрекетті затпен көрсету және оларды атау;
- балалардың тапсырманы орындауы;
- қарапайым сюжетті суреттер көрсету.

Баланың ой шеңберін кеңейтетін, дүние таным белсенділігін арттыратын, сөзді игеруге, оны сөйлемде қолдануға арналған ойындар мен жаттығуларды пайдалануға болады.
1. Дидактикалық ойын «Ғажайып қапшық», «Сиқырлы қорап», «Сиқырлы кубик» деген түрлері. Баланың сөздік қоры көбейген сайын, заттың атын атап қана қоймай, оған қосымша түрін, түсін, қандай екенін қосып айтуды үйрету. /Доп +домалақ, доп +үлкен,, доп+қызыл .../
2. Дидактикалық ойын «Мынау не?» Сезім мүшелері арқылы заттарды ажыратып, қазақша атауға үйрету. Үстелде тұрған ойыншықтарды шаршы орамалмен жауып, бал орамалдың сыртынан ұстап, қандай ойыншық екенін қазақша атайды.
3. «Дұрыс атап айт». Адамның дене мүшелерін дұрыс үйрету. Магнитті тақтаға, фланелеграфқа жеке тұрған қуыршақтың суретін құрастыру. Қазақша айтып үйрету.
4. «Үйде кім тұрады?» Бұл ойында жанды сурет қолданылады. Үйдің «терезесінен» адамның бейнелері біртіндеп көрінеді: әке, ата, әже, ана, бала, қыз /олардың өзгеруі де мүмкін/ Әрбір сурет көрінген сайын, оқытушы: «Мынау кім?, «Үйде кім тұрады?» деген сұрақтай береді.
5. «Дәмді ойын». Оқытушы балаларға алдында жатқан суреттерден «Тәтті тағамдарды тауып, оларды атауларын өтінеді» балалар: «бал, қант, кәмпит, қаймақ.. Дәмді тағам дайындауға керекті суреттерді топтастырады. Мысалы: сүт, жұмыртқа, ұн, тұз, май бауырсақ пісіруге керек.
6. «Құстарды ата». Оқытушы тақтаға құстардың суретін іліп оны балалар қазақша атайды. Балалар көздерін жұмғанда, оқытушы бір құстың суретін алып тастап «қандай құс ұшып кетті?» дейді. Балалар: «Қарлығаш ұшып кетті» - деп жауап береді.
7. «Тоғайда не көрдік?» Ойында жанжы сурет –тоғай пайдаланылады. Аңдардың киып алынған суреттері үстелдің үстінде жатады. /аю, қасқыр, қоян, тиін, кірпі, т.б./ «Тоғайда не көрдің?»- деген сұраққа Тоғайда аю көрдім дейді де, аюдың суретін «жанды» суретке орналастырады.
8. «Аудармашылар». Белгілі тақырып төңірегінде сөзді қайталату. Балалар екі топқа бөлініп бірі орысша айтады, екінші топ қазақша атайды.
9. Дидактикалық жаттығулардың «Біздің ойыншықтар», «Біздің және қуыршақтың жиһазы», «Шкафта не бар?» . Олардың атын дұрыс атату.
10. «Сәулеге ойыншықтарды /бөлмемізді, балабақшаны/ көрсетеміз». Бұл ойын серуенде қазақтың ұлттық киімін киген қуыршаққа –Сәулеге ойыншықтарды, бөлмедегі заттарды қазақша айтып көрсету.
11. «Сөйлемге сөз қосып толықтыр». Белгілі тақырып төңірегінде құрылған сөйлемге сөз қосып толықтырады. Бұл ойынды тағамдар, ойыншықтар, киімдер тақырыбында қолдануға болады. Мысалы: бала ...ішті. /су, сүт, айран, қымыз/. Гүлжан ...алды /қуыршақ, алма, көйлек/ қыз ... ойнады /доппен, қуыршақпен/. Сайра ..... киді. /көйлек, тон, етік.
12. «Не жоқ»? Үстелдегі ойыншықтар немесе ілулі тұрған суреттер біртіндеп алынып «Не жоқ?» деген сұраққа жауап береді.
13. «Сақ бол!» Оқытушы балаларға екі ойыншықты көрсетіп «Мынау мысық», «Мынау қуыршақ» дейді. Одан кейін «Сақ бол!» дейді де қуыршақты көрсетіп «Мынау мысық па?»- дейді. Мысықты көрсетіп. Мынау мысық па? Дейді. Балалар «Иә, ол мысық». Осы сияқты басқада ойыншықтармен жаттығулар жасайды.
14. «Есіңде сақта» /сөздік қорды молайтады, есту қабілеттерін жетілдіреді. Оқытушы 5-6 сөзді асықпай айтады. Бала оны бұлжытпай айтып шығуы керек.
15. «Қысқа және ұзақ сөздерді ата» Оқытушының өтінуімен белгілі тақырып төңірегінде /ойыншық, құстар, киім, аңдар, жемістер, көкөністер/ қысқа, ұзақ сөздерді қайталайды.
16. «Қуыршаққа не керек?» Балалардакиім, жиһаз, ыдыстар, ойыншықтардың суреттері салынған кішкентай карточкалар бар. Оқытушы: «Қуыршақ тамақтанайын деп еді, ыдыстар жоқ» - дейді. Балалар ыдыстың суретін әкеліп атын атайды. Балаларға барлық суреттерді әкелетіндей сұрақ беріледі.
17. «Кім нені қалайды?» Тақтада аңдардың, жануарлардың, құстардың суреттері, екінші қатарда, көкөністердің, жемістердің, тағамдардың суреттері ілінеді. Оқытушы сәбіздің суретін көрсетіп. «Кім нені қалайды?» - деп сұрайды. «Қоян сәбізді қалайды» - дейді балалар.
18. «Кімнің қолында не бар?» /сөздік қорды молайту үшін жаттығулар/ балалардың қолында ойыншық, көкөніс, жемістер, киімдердің суреті бар. Оқытушы: «Кімде қуыршақ бар» - дейді. «Кімде доп бар»- маған әкеліңдер дейді. Жинап алған суреттерді көрсетіп, бұлар ойыншықтар, деп бір сөзбен жинақтап айтады.
19. «Екінші сөзбен қалай айтады?» Оқытушы «пиязды» көрсетіп, екінші сөзбен қалай айтамыз дейді.
Балалар көкөніс деп жауап береді. Алма- жеміс. Көйлек –киім. Доп –ойыншық.
20. «Не артық?» Балалардың алдында 3-4 сурет жатады. Оларды жалпы қолдануына, түріне, түсіне байланысты топтарға бөледі. Мысалы:Қияр, алма, қызылша, сәбіз суреттері болса, қияр, қызылша, сәбіз – көкөніс, алма артық дейді. Қызыл доп, қызыл жалауша, жасыл жапырақ «Не артық?» - жапырақ артық, ол жасыл дейді.
21. «Сыңарын тап» /түсіне, көлеміне, атқаратын қызметіне қарай бағдарлайды/ балалардың алдында суретті карточкалар. Екі баладан ойнайды. Суреттің сыңарын іздеп тауып құрастырады.
22. «Ештеңені ұмыт қалдырма!» Оқытушының сұрағына жауап береді. Киім – көйлек, тон, шалбар..... Ыдыс – кесе, тостаған, тарелка, табақ...т.б.
23. «Мен айтқан ойыншықты тап» балалар оқытушының айтқан ойыншығын бөлмедегі заттардан, суреттерден көрсетіп оны, қайталап айтады. «Қызыл көйлекті қуыршақты тап», бала қуыршақты көрсетіп «Міне қызыл көйлекті қуыршақ»- дейді.
24. «Ненің төлі?» , «Ненің енесі?» жануарлардың төлдерін немесе төлдердің енесін атайды. Мысалы: сиыр –бұзау, ешкі –лақ, қой –қозы, түйе –бота.
25. «Түрлі түсті доптар». Қорапта жатқан доптардың кез келгенін алып, түсін айтады. Дұрыс атаса өзіне алады. Дұрыс атай алмаса қорапқа қайта салады. Ойын қораптағы доптарды тегіс алғанша жүргізіледі.
26. «Сын есімге жаттығулар. Заттың түсін пішінін, түрін, көлемін, қасиеттерін айыратын сын есімдерді атап шығу». Доп қандай? Қант қандай? Алма қандай? /Доп сары, үлкен, домалақ. Қант –ақ, тәтті, ұсақ.
27. Оқытушының нұсқауларын орындау. Баланың түсінігін білу үшін. «Әкел, бар, көрсет, ал, отыр, тұр деген сөздерді қимыл әрекетпен орындау.
28. «Тыңда. Орында!» Оқытушының нұсқауларын түсініп, орындауға баланың бейімділігін байқау. Оқытушы қимыл әрекетті білдіретін сөздерді айтады. Бала орындайды. «Оля кілемге отыр», «Саша үстелден допты ал», «Игорь машинаны әкел».
29. «Не ұшады?» /жүгіреді, секіреді, жүреді/. Қимыл әрекетті, қозғалысты білдіретін сөздік қорды молайтуға жаттығулар. Оқытушы: «Не ұшады?» - дейді. Балалар: «Тікұшақ, сауысқан, қарға, торғай...» Бала, қыз жүгіреді. т.б.
30. «Қонжық айтқанды орында!» бала ойыншыққа нұсқау беріп, орындауын өтінеді. «Қонжық отыр!», «Қонжық тұр! /жат, жүгір.../». Бала нұсқауды дұрыс орындаса мақталады.
31. «Не өзгерді?» /Етістіктерді, сын есім, сан есімдерді айтуға жаттықтыру. Балалар көзін жұмады. Оқытушы ойыншықтарды өзгертіп қояды да «Не өзгерді?» - дейді. Балалар доп қызыл. /ол сары болатын/. Қуыршақ отыр. /Ол жатқан/. Қонжық үшеу /екеу болатын/.
32. «Керісінше айт». Балалар шеңбер құрып тұрады. Оқытушы ортада «Үлкен» - деп допты бір балаға лақтырады. Допты ұстап алған бала «Кішкентай» деп допты қайта оқытушыға лақтырады. /көп –аз, ащы –тәтті, отыр – тұр, ұшады –қонады, ұзын – қысқа/.

Сөздікпен жұмыс жүргізуде суреттердің, альбомдардың, кітаптардың , ойыншықтардың, «жанды суреттердің» көмегі зор.
Баланы қазақ тіліне үйретуде жұмбақ шешудің маңызы зор. Жұмбақтардың баланың алған білімін тиянақты бекітіп есту қабілеттерін жетілдіріп, сөздің мағынасын түсініп, сөйлеу тілін дамытады.
Жұмбақтың қарапайым, сөздері түсінікті оларға таныс заттар туралы болғаны жөн. Мысалы: «Қолы жоқ –сурет салады. Тісі жоқ –тістеп алады». /Аяз/
Оқытушы жұмбақты жайлап оқиды. Таныс сөздерді қайталайды, аударады. Жаңа сөздердің мазмұнын түсіндіреді. Жұмбақты қайталап айтып, жаттап алады.
Қазақша қарапайым, қысқа тақпақтарды жаттауға болады. Мысалы:
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонбайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязда тонбайсың.
Тақпақ жаттап айту баланың сөздік қорын байытып, сөйлеу мәнерін жетілдіріп, сөйлеу белсенділігін арттырады.
Қазақ тілі сабағында қимыл-қозғалыс ойындарының ішінде қазақша айтатын сөздері бала тілінің дамуына, ынтасын арттырып шыңдалуына әсері үлкен. Ойынға қатысушы балалар, ойын тәрьібін, онда айтылатын сөздерді білуі қажет. Оқытушының ойын шартын қазақша айтып, дауыс ырғағымен, ымдап, ишаратпен түсіндіруі балаға соншалықты қызықты да түсінікті де болады. Балаларға мына ойындар ұнайды. «Аңшылар мен қасқырлар», «Қу түлкі», «үйсіз қоян», «Қошақан», «Ботақан», «Қуаласпақ», «Күн мен түн», «Айгөлек», «тақия тастамақ», «Мергендер», «қаздарым, қаздарым қайтыңдар!».
Бұл ойындарда оқытушы өз ролін дұрыс таңдай алғаны жөн. Оның не ойынды бастаушы, не жай қатысушы болып үлгі көрсетуі немесе сырттай бақылап нұсқаулар беретінін алдын ала ойлағаны жөн. Балалар ойынның шартты сөздерін біртіндеп үйренеді.

Қазақ тілі дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету.

Тіл үйрету бағдарламасының басты бір мақсаты, қазақ тіліне тән дыбыстарының айтылу ерекшелігін түсіндіре отырып, ауыз екі сөзде оларды дұрыс, анық айтуға төселдіру.
Оқытушының қазақ тілінің дыбыстарын меңгертуге ерекше мән беріп, үнемі көңіл бөліп отырғаны жөн. Сөздік қорды дамыту, оны айтқызып жаттықтыру, дыбыстарды үйретумен тығыз байланыста болады. Алғашқы сабақтан бастап үйрететін сөзде қазақ тіліне тән дыбыстарды / ы,і,ә,ө,ұ,ү,қ,ң,ғ,Һ/болғаны дұрыс.
Дыбыстарды дұрыс айтқызу жаңа сөзбен бірге үйретіледі. Сөздік қорды дамыту, меңгерген сөзді бекіту сабағында дыбыс меңгерту бірге жүргізілетіндіктен, оқытушы өз сабағын осы дыбыстарды дұрыс естіп, бір-бірінен ажыратуға көбірек уақыт бөлінетін етіп жоспарлайды.
Әр сабақта лексикалық материалға талдау жасау, оқытушыға қай дыбысты дұрыс айтуға көңіл бөліп жаттықтыру керек екенін айқындап береді.
«Балабақшада» тақырыбын өткізу сабағында «Ә,І,ы, Ү,Н» дыбыстары бар сөздер үйренеді. «Ы» дыбысы, орыс тіліндегі «ы» дыбысынан өзгеше айтылатынын ескертіп отырған жөн.
Мысалы: Аспазшы отыр, күтуші жүр, дәрігер, тәрбиеші, меңгеруші. «Ойыншықтар, киім, адамның дене мүшелері» тақырыбын өткізу сабағында «Ы, Ә, І, Ү, Ң...» дыбыстары қайталанып «Қ, Ұ» дыбыстары үйретіледі. Мысалы: /қасқыр, қоян, құлақ, құлақшын, мұрын/ Осы дыбыстарды дұрыс меңгеруге үнемі көңіл бөлініп, жаттықтырылып отырады.
Әр дыбысты үйретудің бірнеше кезеңі бар:
1. Дыбыстың айтылу /дыбысталу/ жолдарын түсіндіру, жеке дыбысты бірнеше қайталау.
2. Дыбысты буын, сөз ішінде қайталануы осы дыбыстардың дауысты, дауыссыздар тіркесімен қайталануы.
3. Үйренген дыбыстарды сөз және сөйлем ішінде дұрыс анық айту.
Дыбыстарды дұрыс айту, үйрету үшін олардың артикуляциясына айрықша көңіл бөлінуі керек. Баланың өз ана тілін дамыту сабағындағы алған біліміне сүйене отырып тілдің, еріннің, тістің, жақтың атқаратын қызметін айтып, көрсетіп түсіндіру қажет. Бұл дыбыстарды айтылуы жағынан жақын ана тілдеріндегі дыбыстармен салыстырып оны дұрыс, анық айтып машықтандыруға жаттықтыру.
- «Құс» - деген сөзде «ұ» жуан айтылады. Ол орыс тіліндегі «О мен У»-дың арасындағы дыбысқа сәйкес келеді. Оны айту үшін ерінді дөңгелектеп алға созып тілді артқа шегіндіріп «ұ, ұ, ұ...» деп дыбыстаса дауыс жуан естіледі. Қане айтып көрейік. Дауыстап айтайық, ақырындап, жай айтайық. Енді тек ер балалар, енді қыз балалар айтсын.
- Саша сен айтшы: - ұ – ұ- ұ
- Лена сен айта ғойшы –ұ – ұ- ұ
Дыбыстарды жақсы дұрыс меңгерту үшін оларды басқа дыбыстар тіркесінде /бұ, дұ, жұ, зұ, лұ .../ қарапайым сөйлемде, мәтелдер, жаңылтпаштарда айтқызу керек.
- ұ – ұ- ұ – мынау ұя.
- жұ –жұ – жұ – жұмыртқа ұяда жатыр
- құ – құ –құ – ол құс
- мұ – мұ – мұ- мұз қатты
- тұ – тұ – тұ – тұз ауыр
немесе: Ұя-ұя – ұялар
Ағаш ішінде ұя бар,
Ұя –ұя – аралар
Ұяларға ұялар.
Оқытушы жеке сөздерді баланың түсінгенін анықтап, түсінбеген сөздердің мәнін түсіндіріп мағынасын аударып береді. Бұл балалардың жаңылтпаштарды, тақпақтарды жаттауға көмегін тигізеді.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды үйретуге бағытталған ойындар мен жаттығуларда жеке баламен жұмысқа айрықша көңіл бөлінеді. Өйткені, бір бала ол дыбысты айта алмайды, екінші бала атқанымен сөз ішінде анық емес, ал үшінші бала дұрыс, анық айтады. Оқытушы баланы жаттықтырғанда дыбыстың қиындығына қарай әр топқа кезек айтқызады. Алдымен дұрыс, анық айтатын балаға, одан кейін басқаларына айтқызады.
Балаларға үйрететін дыбыс кездесетін қысқа тақпақты оқиды, мағынасын түсіндіреді. Содан кейін тақпақтың ішінде жаңа үйренген дыбыс кездесетін сөздерді анық дауыстап оқиды. Одан кейін бірінші /нашар/ топтағы балалар қайталайды. Тақпақтар, жұмбақ, жаңылтпаштарды, оның ішінде дыбыстық жұмбақтарды жаттатудағы мақсатымызды, балаға осы дыбыстарды дұрыс, анық, дәл айтқызуға төсілдіру, машықтандыру, дұрыс ырғағын, мәнерлеп айтуға, сөйлеуге үйрету.
Құманда бар,
Шәйнекте жоқ.
Тұманда бар,
Әйнекте жоқ. /Ұ/

Шәйнекте бар,
Құманда жоқ.
Әйнекте бар,
Тұманда жоқ. /Ә/

Балалар оқытушының «бар» деп айтқан сөзіндегі «жасынрынған» дыбысты дұрыс айтуға міндетті. Мұндай жұмбақтарды балаларды қатыстыра отырып оқытушының өзі көптеп қарастыруына болады.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды дәл, анық, дұрыс айтуда дидактикалық ойындардың маңызы бар.
Есту қабілетін жетілдіруге сөз ішіндегі дыбыстарды анық айтып және оны машықтандыруға арналған жаттығулар мен ойындар.
1. «Ақ па, қызыл ма?»
Естілген сөзде қазақ тіліне тән дыбыстардың бар жоғын ажыраты. /қ, ң, ғ, ә , і , ы, ұ, ү ../
Оқытушы балаларға зейін қойып тыңдап, оқитын сөзде қазақ тілінің дыбысы естілсе, қызыл дөңгелекті көтерулерін, егер сөзде ол дыбыс естілмесе ақ дөңгелектерді көтерулерін өтініп, өзі сөзді жайлап айтады.
2. «Зейінді бол!»
Естілген сөз ішінде қазақ тіліне тән дыбыстарды, үндеулі жағынан оған жақын айтылатын дыбыстардан ажырату. Оқытушы балаларға атауында қазақ тіліне тән дыбыстары бар ойыншықтарды, не суретті карточкаларды көрсетіп, оларды мәнерлеп атайды. Егер балалар дыбыстарды естісе алақандарына үрлейді, егер дыбыстар орыс тілінде кездесетіндей болса алақандарын шапалақтайды. Оқытушы «сең, тоң, мең, таң» деген сөзді айтса балалар алақандарына үрлейді, ал «сен, тон, мен» сөздерін естісе шапалақтайды. Жеке айтады, дұрыс, анық айтқан бала мадақталады.
3. «Өзіңе керекті суретті тап»
Дыбыстарды дұрыс, анық айтуға жаттықтыру. Оларды сөз ішінде тауып, дыбысталуын қайталау. «а-ә», «қ-к», «ғ-г», «н-ң», «ө-о» т.б. Әр дыбысқа тең суреттер жинақталады. Ойында пар әріпке келетін суреттерді табады. Мыс: «а-ә» балаларды екі топқа бөліп, әр қайсысынан бір бірден баланы шақырып сен «а» дыбыс, сен «ә» дыбысы бар суреттерді табуларын өтінеді. Балалар тапқан суреттерді атап өздеріне алады. Барлық суретті дұрыс тауып алған топ жеңеді.
4. «Кім көп біледі»
Суреттегі заттардың атауындағы қазақ тіліне тән дыбыстарды табады. Оқытушы балаларға ойыншық, аң, жануарлардың суретін көрсетіп, атауында «ң», «ү», «ұ», «і» т.б. дыбысы бар екенін сұрайды. Әр бала дұрыс, анық айтылған жауапқа фишка алады. Кім ұпайды көп жинаса, сол жеңеді.
5. Бұрандалы ойыншықтар.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру. Оқытушы бұрандалы ойыншықты бұрап жүргізеді де.
- Коля атты шақыр.
- «Құрау-құрау»
- Маша, бұзауды шақыр.
- «Аухау-аухау»
- Настя, ешкіні шақыр.
- «Шөре-шөре»
- Түйені шақыр.
- «Көс-көс»
6. «Кім сөзді көп ойлап табады»
Оқытушы кез келген дыбысты атайды да, балалар сол дыбысы бар сөздерді атайды. Сөзді, дыбысты анық айтқан бала ұпай алады. Кім ұпайды көп жинаса сол жеңеді.

Ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту

Қазақ тілін үйретудегі негізгі мақсат баланың осы тілде ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту.
1. Балаларды түрлі берілген сұрақтарды түсініп оған жауап беруге үйрету.
2. Баланың үйренген тақырыбы төңірегінде үлкендердің айтқанын түсінуге үйрету (дүниетаным, түрлі жанрдағы көркем шығармалар, қысқа ертегілер, әңгімелер, тақпақтар, жұмбақтар т.б)
3. Баланы сөйлесе білуге дағдыландыру.
4. Ойыншықтарды, заттарды, сюжетті суреттерді суреттеп айтуға үйрету.
5. Оқытушының ұсынған тақырыбы төңірегінде, грамматикалық жағынан дұрыс, 2-3 сөйлем құрап, жүйелі түрде айтуға үйретудің бәрі ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытады.
Баланы жүйелі, толық сөйлем құрап айтуға, сөйлеуге арнайы үйрету үшін,
- дидактикалық және сюжетті дидактикалық ойындар арқылы балалардың бір-бірімен сөйлесуіне жағдай жасалады.
- баланың түсінігіне жеңіл тақырып көркем шығармаларды жаттауға, өз сөзімен айтып беруге, оқуға арналған мәтіндерді пайдалануға болады.
- жаттап алған көркем шығарманы, мәнерлеп оқуға үйрету керек.
- иллюстрацияларды, суреттерді, ойыншықтарды, диафильмдерді көрсете отырып, олардың мазмұнын қазақ тілінде түсіндіру.
- экскурсия, серуен кезінде балаларды қазақ тілінде сөйлеуге, тілін дамытуға, сөздік қорын толықтырып тиянақтау.
- арнайы сөйлеуге арналған ойындарды пайдалану.
Ересектер тобында-ақ балаларды заттың атын, оның белгісін /нышанын/, әрекет –қимылын айтып үйреніп, оларды қарапайым сөздермен суреттеуге үйретеді. Мысалы: Қуыршаққа қарап, балалар оқытушының сұрағына жауап бере отырып, қуыршақтың атының кім екенін, ол қандай, оның киімі қандай, оның несі бар екенін атайды. Суретті көріп оларды әңгімелеу сабағында оқытушының сұрағына жауап бере отырып, сөздікпен әр түрлі жаттығулар жасайды. Мысалы: «Қысқы серуен! Деген суретті көріп оған қазақ тілінде сұрақтар беріледі. Жылдың қай мезгілі белгіленген? Қыста күн қандай болады? Суретте кімдер бейнеленген? Балалар не істеп жүр? Сұрақтарға сөйлемдегі сөздердің орнын дұрыс қойып қазақша жауап берген соң, оқытушы балалардың жауаптарынан әңгіме құрап айтады.Оқытушы әр сөйлемді қазақша айтып, оны балалармен бірге қайталайды.
Категория: Дошколенок | Добавил: ibraieva73 (2015-01-27) | Автор: Ибраева Куляш E
Просмотров: 1743 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 0:26 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru