Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Отбасы тәрбиесінде баланың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу.
Жамбыл олысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі
Малимова Светлана Асатуллаевна
мектеп алды даярлық тобы тәрбиешісі

Отбасы тәрбиесінде баланың жас және дербес ерекшеліктерін
ескере отырып тәрбиелеу.
Бала дүние есігін шыр етіп ашқан күннен бастап – ақ, жаңа ортаға келіп қосылады. Сол ортадан ол да тиесілі еншісін алады. Ол оның – отбасы. Баланы үлкен ортаға, қоғамға бейімдеп даярлайтын да отбасы.
Баланың жан – дүниесі айнадай тап – таза мөлдір, сол айнадан баланы көру үшін оның жүрегіне үңіліп қарау қажет. Себебі, әр баланың өзіндік психологиялық жеке ерекшеліктері бар. Ата – ана балаға жақсы тәрбие беру үшін, баласының мінез – құлқындағы әр мінез бітістерін байқап білуге қабілеті болуы керек. Педагогтар секілді кез – келген ата – анаға педагогикалық такт қажет. Барлық ата – ана отбасында «Мен балама дұрыс тәрбие бермей жатырмын» - деп, еш ойламайды. Себебі, әр ата – ана, әр отбасы қабілет-қарымына қарай тәрбие береді. Ал баланың жан дүниесі- өте нәзік. Балаға ойланбастан айтылған сөздің өзі оны күйзеліске әкеп соқтырары анық. Отбасындағы бала тәрбиесі түбегейлі жүйелі түрде қадағаланып, жаңаланып, заман талабына сай өзгеріп, дамып отырса тәрбиенің құндылығы арта түседі.
Бала дүниеге келген күннен бастап психо – физиологиялық дағдарыс кезеңдерінен өтеді. «Үш жас дағдарысы» кезенінде - баланың таным сферасының ұлғайып, өзіндік мінез бітістерімен яғни ашулану, жылау, еркелік, өз дегенің іске асыруға талпыну және ересектерге өз дегенің іске асыру әрекеттері байқалады. Бұл кезеңде ата-ана тарапынан балаға қамқорлық, көңіл бөлу, балаға қарсылық тудырмай ақылмен түсіндіру, баланың көңілін аулау мақсатында балаға неғұрлым қызықты жағдайлар туғызу қажет. Мәселен, түрлі-түсті бояулары қанық жануарлар, өсімдіктер жайлы суреттер мен кітапшалар көрсету, мультфильмдер ұсыну, жиі серуенге шығару, өзге балалармен ойнату және баламен бір уақыт «бала» болып ойнау балаға аса жағымды әсер сыйлайды.
Балаға ең ауыр, қиын кезеңдердің бірі баланың мектеп табалдырығын аттаған «Жеті жас дағдарысы» кезеңі де. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың бастапқы жеке басын қалыптастыруды қамтамасыз ету, қабілеттерін анықтау және дамыту. Баланың бастапқы жеке басын қалыптастыру үшін біз ең алдымен балаларды мектепке бейімделуге қолдау танытамыз. Бала осы кезеңде мектеп өміріне және әлеуметтік – психологиялық қатынастарға бейімделе түседі. Алайда баланың барлығы өмірлік әрекеттің жаңа жағдайына табысты түрде бейімделмейді. Міне осы жерде мынадай сұрақ туындайды: Мүмкін бастауыш сыныптың алғашқы кезеңінде балаларды мектепке дайындауда, әлеуметтік микроортада қандай факторлар позитивті роль атқарады? Ең жағымды фактордың қатарына өз жағдайында өзін – өзі бағалауы жоғары, жанұясында тәрбие әдісі дұрыс жолға қойылған отбасында конфликтілік жағдайлардың болмайтың, құрбы – құрдастарының арасында жағымды белгілі орны бар блалар жанұясы жатады.
Жанұя жағдайына бала тәрбиесін, баланың өзіндік жеке тұлға ретінде дамуына кері ықпалын тигізетін жағымсыз факторлар. Тәрбие әдісінің дұрыс жолға қойылмауы , үлкендермен қарым – қатынастың болмауы, ата – ананың өзіндік қабілеттерінің төмендігі, құрбы – құрдастарының арасында өзін теңдей сезінбеуі, толық емес жанұядан шығуы, отбасындағы үнемі конфликтілік жағдайлардың орын алуы және көптеген кері әсерлер байқалған балалар жанұясы. Ата-ана баланың жас ерекшелігін ескермей талап қоюы, балаға физиологиялық жағынан кері ықпалын тигізеді. Мүмкін, күнделікті өмірде кездесетін тұрмыс қажеттіліктері, яғни мектеп жасына немесе кіші мектеп жасындағы балаларға ауыр жұмыстарды тапсыру, тапсырылған жұмысты түсіндіріп, оған шектен асып жаза қолданаты ата-аналарда аз емес і Ал балаға тәртіп ерекшеліктерін түсіндіріп, тәрбиелемей шектен тыс кетіп жататын ата – аналарда аз емес. Бала өз әрекетін әрқашан мойындай алады. Ол үшін жаза қолдану балаға психологиялық жағынан көп әсер етеді. Баланың жасы ұлғайған сайын, баланың ішкі жан дүниесі күйзеліске ұшрайды.
Кіші мектеп оқушысы орта буынға өткен шағы, яғни «5- сыныпқа бейімделу» кезеңі. Бұл кезеңде балада дағдарыс кезеңі байқалады. 5- сыныпта жаңа таныс емес пәндер еніп, оқу жүктемесі көбееді, күнделікті жоспары ауысады, кейбір оқушыларда физиологиялық өзгерістер де байқалып жатады. Бұл кезеңде психологиялық жағынан – агрессия, сенімсіздік, өз ортасын мойындамау, өшпенділік, қарым – қатынаста енжарлық таныту, эмоционалды қызбалық, мазасыздану, беймазалық, жалған сөйлеу, ұшқалақтық байқалады. Жеткіншектік кезеңнен – жасөсіпірімдік кезеңге өткен шақта әр бала тұлғалық дамуында өздігінше ерекшеленіп отырады. Бірі өтпелі кезеңді ұзақ уақыт бойы өткерсе, бірі белгілі бір уақыт арасында көзге түседі. Жеткіншектік және жасөспірімдік кезең ата-ананың баласымен «досыңдай» болып қарым-қатынас қажет ететін кезеңі. Себебі, ата-анасы баласымен сенімді қатынас жасай отыра, баласын толық танып біле алады. Бала бойындағы мінез-құлық қиындықтары пайда болуының себептерінің бірі- оның тәрбиеленіп отырған ортасына, отбасының әлеуметтік тұрмысына, жеке тұлғалық дамуында психологиялық бірізді жүйенің болмауынан да туындалып жатады.
Абай Құнанбайұлының он тоғызыншы қара сөзінде «Адам- атадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады» делінген. Ата- бабаларымыз тәрбие тал бесіктен деген. Олай болса бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл кеңес айтушысы болған жағдайда ғана баланы танып біле алады.

Источник: http://Отбасы тәрбиесінде баланың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу
Категория: Дошколенок | Добавил: Света4461 (2015-02-02)
Просмотров: 1390 | Теги: Отбасы тәрбиесінде баланың жас және | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 3:36 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru