Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Сабақты ұлттық ойындармен ұштастыру
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі
Кулсумакова Ханипа Жолдасбаевна
мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі

Сабақты ұлттық ойындармен ұштастыру

Тәрбиенің қайнар көзі – халықтық педагогика. Оқушыларды халықтық салт-дәстүрді,әдет-ғұрыпты қастерлеп, құрметтеуге үйреткен, тәрбиелеген
абзал.
Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне деген қызығушылығын арттыру үшін жарыс,сайыс сабақтарын ұлттық ойын түрлерін қолдана отырып, оқушыларымды ізденімпаздыққа баулимын.Сабақ барысында ойындар,мақал-мәтелдер,шешендік сөздерді қолдану арқылы болашақ ұрпаққа жақсы тәрбие бере отырып, олардың ұлтын,тілін,дінін,салт-дәстүрін сүюге жол ашамын.
Ойын арқылы өткізген сабақтарда балалар өздерін еркін ұстап, олардың білуге деген белсенділігі артатыны байқалады. Ойын үстінде бала өзін-өзі ұмытып, сыныптағы іс-әрекетке ден қойып,өзгелермен еркін ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болатындығы байқалады. Осы тәжірибелердің негізінде ойын элементтерін сабақ үстінде барынша кең қолдануға көше бастадым.
Мысалды, «Лексика» бөлімін өткенде түрлі ойын арқылы тақырыпты оқушыларға қызықты етіп түсіндіруге болады. «Синонимдер» мен «Анто-
нимдерді» түсіндіргенде,жарыс ойындары қолданылады.
Мұғалім сөздерді тақтаға бір жол етіп жазады да,оқушылардан тиісті синонимдес сөздерді тауып, екінші қатарға жазуды талап етеді. Ойынның тәртібі бойынша берілген сөздердің синонимдерін кім бөгелмей дұрыс жазса, сол ұпай алады. Ұпайды көп жинаған қатар жеңіп шығады.
Мұғалім антонимдерді өткенде оқушылардың түсінігін байқау өткен жолғы ойындарды жалғастыра түседі. Тақтаға екі оқушы шақырылады. Бірінші оқушы тақтаға жазған антонимге екінші оқушы қарсы мағыналы сөзді тез тауып жаза алмаса,онда оның орнына басқа оқушы шығады.
Мысалы: Биік-аласа; үлкен- кіші; күн-түн; жуан -жіңішке; суық-жылы; жа-рық- қараңғы; қатты –жұмсақ; кен –тар т.б. ойын жалғаса береді. Белгілі уақытта оқушылар орындарын ауыстырады. Бөгелмей дұрыс жауап қайтарған оқушы ұпайды көп алып, жеңіске жетеді.
Сан есімді өткен кезде ,сан есіммен байланысты халқымыздың дәстүрлі айтыс өнеріне орай «Айтыс» ойынын өткізуге болады. Бір оқушы сан ойлап айтады да, екінші оқушы оның айтқан сан есіміне ұқсайтын күлкілі сөз тауып, жауап қайтарады. Ойынға бүкіл сынып оқушылары қатынасады. Бірінші оқушы «Бір» дегенде;екінші оқушы: «Сыныпқа тез кір» дейді. Ойынды оқушылар жалғастыра түседі.
- Екі.
- Серікпен күресуге бекі.
- Үш.
- Менімен жарысқа түс.
- Төрт.
- Ол жанып тұрған өрт.
- Бес.
- Алмас жалқауларға өш.
- Алты.
- Жақсы оқу –оқушының салты.
- Жеті.
- Біз тұрған жер орманның шеті.
- Сегіз.
- Қойларымыз семіз.
- Тоғыз.
- Мынау сиқырлы қара қобыз.
- Он.
- Жеңіс туы біздікі, т.б.

Ойынның өткізудегі мұғалімнің мақсаты – оқушыларды еркін сөйлей білуге, айтайын деген ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге, ойлау қабілетін дамытуға, тіл байлығын арттыра түсуге жету.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатымен «Кім жылдам?» ойынын ұйымдастыруға болады. Ол үшін шеңбер сызылады да, ол тең бөліктерге бөлініп, әрбір бөлікке бір-бірден әріп жазылады. Кейде шеңберді бірнеше қабат етіп, сыныптағы балалардың санына лайықты сызуға да болады. Айталық,сыныпта үш команда болса, шеңберді үшеу етіп сызып, әр шеңбердің ішіне бір-бірден мақал жазылады. Осы шеңбердің ішіндегі мақалды қай топтың оқушылары бұрын оқыса, солар жеңген болып табылады. Мақалды дұрыс тауып оқу үшін оны сағат тілінің бағытымен екі әріптен қалдыра отырып оқу керек. Қай әріптен бастап оқылатыны айтылмайды. Ойынның ережесі бойынша әр сөйлем бас әріптен басталып жазылатыны оқушыларға айтылмайды. Себебі, оны әр оқушы білуі тиіс. Бұл ойын оқушының ұшқыр ойлауына,тапқырлықтарын ұштай түсуіне негіз қалайды. Ойынды жұмбақтарды өткен кезде ойнатуға болады.
5-сыныпта ғы оқушылардың түсінігіне ауырлау тиетін «Тұрақты сөз тір кестері »деген тақырыпты алайық. Бұл тақырыпты сынып оқушыларының бәрі бірдей бірден қабылдай алмайды. Сондықтан тақырыпты екі бөліп өткізу керек. Бірінші сағатта көрнекі құралдарға сүйене отырып, еркін және тұрақты сөз тіркесін жеке-жеке түсіндірген жөн. Келесі сағатта оқушылардың тұрақты сөз тіркесі туралы ұғымын қалыптастырып, сөздік қорын жетілдіру үшін сабақтың барысында «Жауап бер» атты ойынын өткізуге болады. Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, ойынның талабымен таныстыру керек. Бұдан соң тақтаға оқушыларға бұрын таныс емес бірнеше сөз тіркестері жазылып қойылады. Балалардың ынталары сабаққа ауып, сұрақты асыға күтеді.
Мұғалім:
- Кейбір балалар үлкен адамдармен сөйлескенде дөрекі сөйлеседі. Әдеп-
пен сөйлесуді білмейді . Ондай баланың сөзі қандай?
Оқушы:
- Ондай баланың сөзі түйеден түскендей , - деп жауап береді.
- Оқуға да, жұмысқа да бос, болбыр болса, ондай баланы кім дейміз?
Жауабы :
Талапты ерге нұр жауады.
Басы аманның малы түгел.
Қарманған қарап қалмас.
Бос белбеу, - дейміз деп жауап берді оқушы.
- Көрінгеннен қорқатын баланы кім дейміз?
- Сужүрек дейміз,- деп жауап берді оқушы.
Бұл ойын арқылы оқушылардың тұрақты сөз тіркестерін жеңіл игеріп,
ұққандарын байқадық.
«Сын есім» тақырыбын өткенде оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырғаннан кейін, магнитофоннан төмендегі өлең шумақтарын тыңдатып,авторын тапқызамын.
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам.
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам?
(С.Торайғыров)
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын
Күнге ғана бағынам,
Өзім- күнмін, өзім- от...
Жалынмын мен, жанамын,
Оттан туған баламын.
(М.Жұмабаев)
Оқушылар «Сұлтанмахмұт ауылы» және «Мағжан ауылы» деп екі топқа бөлінеді. Топ басшылары сайланады. Сын есімді сөздер арқылы бір-біріне сәлем жолдайды. Осыдан кейін оқушыларға ауылға сыйлы қонақтар келгенін хабарлаймын да, сұрақтар қоямын.
Мұғалім: 1-топқа. Келген қонақтарға қандай сусын түрлерін ұсынамыз?
Оқушылар: Қымыз, шұбат, айран, т. б.
Мұғалім: 2- топқа. Одан кейін қандай сый –құрмет көрсетеміз?
Оқушылар: Мал сойып, сый табақ түрлерін көрсетеміз.
Мұғалім: Сый табақтың қандай түрлерін тартамыз?
Оқушылар: Бас табақ,құда табақ, жай табақ,қыз табақ, күйеу табақ.
Ойын « Табақ тарту». Үстел үстіне бас табақ жасалынып(қойдың басы,
жамбас, асықты жілік салынған), кеселерге қымыз, шұбат,айран құйылып қойылған.Әр мүше мен сусындардың қасына карточкалар қойылған.
«Сұлтанмахмұт ауылының» үш оқушысы шығып,карточканы алып, қасындағы мүшенің атын атап, сұраққа жауап береді.
1-карточка (бас) Сын есім дегеніміз не ? Сын есімді тап.
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
2-карточка (жамбас) Дара және күрделі сын есім дегеніміз не?
Мысал келтір.
3-карточка(асықты жілік). Сөздерге тиісті жұрнақтарды жалға.
Шыдам ... кісі,тебе ... ат, ой ... адам.
Ал «Мағжан ауылының» үш оқушысы кеседегі сусындарды атап, карточкалардағы мына сұрақтарғв жауап береді.
4-карточка (қымыз) Негізгі сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
5-карточка ( шұбат) Сөйлемнен туынды сын есімді тап.
6-карточка ( айран) Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты келтіріп, сұрақ қой. Кісі киімі кір ... , кісі аты тер... (-шең)
Әрине, әр сабақты тақырыпқа байланысты түрлендіріп отыру- әр мұғалімнің ісі. Сонда оқушылардың ана тіліне деген қызығушылығы мен ықылас-ынтасын арттырамыз,ұлттық ойын түрлерін ,ауыз әдебиеті үлгілерін сабақта пайдалана отырып, ұлттық дәстүрге деген оқушылардың саналы көзқарастарын қалыптастыратын боламыз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Әбілова З. Ә. Этнопедагогика. – Алматы, 1997.

2. Қоянбаев Ж.К. Педагогика. – Алматы, 2001.

3. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы, 1995

4. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы, 2000.

Источник: http://Сабақты ұлттық ойындармен ұштастыру
Категория: Дошколенок | Добавил: kkulsumakova (2015-02-02)
Просмотров: 214 | Теги: Сабақты ұлттық ойындармен ұштастыру | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2016-12-06, 11:09 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1474]
Школьный психолог [501]
История [695]
Опыт [472]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [216]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [247]
Английский язык [769]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1137]
Химия [374]
Классному руководителю [622]
Биология [577]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1762]
Краеведение [92]
Начальная школа [3903]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [352]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1484]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1155]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [514]
Немецкий язык [51]
Технология [280]
Самопознание [379]
Профессиональное образование [100]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [8]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru