Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Ю дыбысы мен әрпі
"№ 48 орта білім беретін мектеп" КММ,ШҚО Семей қаласы
Шегебаева Асем Сайдахметовна-мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Ю дыбысы мен әрпі
Сауат ашу сабағы
Сабақтың тақырыбы: Ю ю дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаттары:
1) Білімділік: Ю ю дыбысы мен әрпін таныстыру, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Ю дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
2) Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылығын, белсенділігін дамыту, сауатты жазуға баулу.
3) Тәрбиелік: Әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнектілігі: Ю дыбысының баспа, жазба түрі, кеспе әріптер, буындар, суреттер, текшелер, дәптер, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, көрнектілік.

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру 2) Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын қорытындылау
1) Я я қандай дыбыс?
А) дауысты, б) дауыссыз
2) Я я дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
А) ортасында Ә) басында Б) барлық буында

Жаңа сабақ. Жұмбақ жасыру
Тәтті көрсе бас салар
Айнымайды баладан
Үп - үлкен боп жасқанар,
Кіп – кішкентай арадан (аю)

«Аю» сөзінде неше буын бар.
Бізге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр? ( хормен айту)
- Қандай дыбыс екен?
- Дауысты
- Ю ю дыбысының баспа, жазба түрлерімен таныстыру
- Ю дыбысын айтқанда й - у қосарлы дыбысы естіледі, жазғанда ю болып жазылады.
Ю дыбысы өз алдында жеке буын жасай алады. Мысалы: а - ю, қо - ю, құ - ю

Аюды сипаттау. Аюдың суретін көрсету.
- Аю - қоңыр
-------аңғал
-------батыл
-------жылдам
-------жыртқыш

Жұмыстың осы түрін көрсете отырып, оқушылардың жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, табиғатқа қамқорлық жасауға, мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.

Оқулықпен жұмыс.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Мағынасына тоқталу. (балалардың өз ойларын ортаға жасқанбай жеткізе білуге тәрбиелеу)
3) Сөздіктермен жұмыс. Буынға бөлгізіп айтқызу.(Буын туралы қысқаша мағлұмат беру)

- Аю, қою, құю, сүю, есею, азаю, ою, қию, түю, кию, үлкею, көбею.

Әр сөзде неше буын бар? Ю дыбысы нешінші буында?(Балалар қолдарын шапалақтай отырып, неше буын бар екенін ажыратады.)
Көрнекіліктер бойынша тақырыптық әңгіме өткізу.
- Балалар, бүгін біз сіздермен «Әдемі ою» тақырыбына таратпалы материалдар арқылы ақ қағазға салынған оюымызды әдемілеп бояймыз.
Мұғалім таратпалы материалдарды әрқайсысына таратады..
Қолдан жасалған сырмақ көрсетіледі.
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Балалардың бояған суреттері бойынша жұмыс.
Әжем ою ойды. ( сөйлем екенін, неше сөзден тұратынын айтқызу)
Әжем сырмақ оюлады.
Балаларға: - аю ою қою тою сөздерін анық және дұрыс айтқызу.

Топпен жұмыс
1 топ: Оюдың суретін салады
2 топ: «Сұр қоян» өлеңін айтып, өлең сөзіне байланысты қимыл - қозғалыс жасайды
3 топ: Ю дыбысы бар сөздер айтқызу.
« Кім жылдам» ойыны
Допты бір - біріне лақтыра отырып ю дыбысы бар сөйлем құрату

Дәптермен жұмыс. Әдемі, сауатты орындату
Қорытынды
1) Көз жұма отырып ю дыбысын жаздырту
2) Тіл ұстарту. Жаңылтпаш, өлең жаттап айтқызу ( ю - ю - ю, Қорбаңдаған аю)
3) Ермексаздан ю дыбысын жасау
Бағалау
Үйге тапсырма: Ю дыбысы мен әрпі.
Категория: Дошколенок | Добавил: гульнараж (2015-02-02)
Просмотров: 1342 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 11:43 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru