Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Ойын- сабақ: «Не?Қайда? Қашан?» Мақсаты: 1. Жаңа технологияға сүйеніп, балалардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау. 2. Балалардың ойлау қабілетін, сөз байлығын дамыту. 3. Тән дыбыстарды айтуға үйрету. 4.Балаларды қазақ тілін үйренуге тарту, қызықтыру. Сабақтың барысы: Шаттық шеңбер: Сәлем саған, туған ел Сәлем, қалам, ауылым Сәлем, бақшам, сәлем күн Сәлем, достар, бауырым! Мұғалім: -Бүгін біз «Не? Қайда? Қашан?» атты ойын өткіземіз. 1-ші тапсырма: «Сұрақ- жауап» - Сенің атың кім? - Сен неше жастасың? - Сен қайда барасың? - Балабақшада не істейсің? - Тәрбиешінің аты кім? - Күтушінің аты кім? - Қазір қай жыл мезгілі? Әр тапсырмада дұрыс жауап берген балалар фишка алып отырады. Балалар үстел басына отырады. Кезек-кезек ортадағы зырылдауықты айналдырып, екінші тапсырма қандай болатынын анықтаймыз. 2-ші тапсырма: «Ойыншықты сипатта» Балалар ұнаған ойыншықты алып сипаттайды. Мысалы: -Мынау ойыншық қуыршақ. Қуыршақ әдемі, таза, үлкен. 3-ші тапсырма: «Санды ата, сөз тіркесін ойла» Төркөзді басып, естіген санға қатысты сөз тіркесін құрастырады. 4-ші тапсырма: «Балабақшада не істейсің?» Ортаға шығып текшені лақтырады. Түскен сурет бойынша балабақшада не істейтінін айтады. -Мен балабақшада ойнаймын. -Мен балабақшада тамақ ішемін. -Мен балабақшада ұйықтаймын т.с.с 5-ші тапсырма: «Қандай?» Берілген суреттегі түсті затпен қосады, атайды. -Қызыл алма -Көк доп. -Жасыл қияр. -Сары күн (т.с.с.) 6-ші тапсырма: «Сөйлем құрастыр» (балабақша, қыс, ойыншықтар тақырыптары бойынша) «Балабақша» - Балабақша үлкен, таза, әдемі. Балабақша екі қабатты. Балабақшада көп балалар, ойыншықтар бар. «Қыс» - Қыс келді. Қар жауды. Күн аяз. Біз жылы киінеміз. Біз шана, шаңғы тебеміз. Қыс айлары қаңтар, ақпан, желтоқсан. «Ойыншықтар» - Менде әдемі ойыншық аю бар. - Менде үлкен, әдемі, жасыл доп бар. Осымен ойын аяқталды. Балалар жинаған фишкаларды санап, жеңімпаздарды марапаттайды. Мадақтап, қоштасу | |
Просмотров: 1543 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|