Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

«Жас мамандарды психологиялық тұрғыда жетілдіру»
«Жүрегіңмен сезбесең,
Әлемнің сырын ұқпайсың.
Көзіңмен көрем дегенмен,
Барлығын байқап шықпайсың» Рудаки А.Д.
Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Бүгінгі күні жоғарғы оқу орындары әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниеге іргелі ел ретінде танылып, білімді, білікті, саналы азаматтар тәрбиелеу міндеті тұр. Бұл міндет білім алушы жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға және алған білімін іске асыра білуге үйретуді міндеттейді. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында сапалы білім беру туралы мәселе ұстаздар қауымына үлкен міндеттер жүктеп отыр және Қазақстанның индустриалды - инновациялық бағытта дамуының негізі болуға тиіс екені көрсетілгендей, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, балалардың білімін бағалаудағы мониторинг пен бақылау – диагностика амалдарын меңгерту, мектепке дейінгі мекемедегі педагогтарға да үлкен міндеттер жүктейді. Сондықтан бала тәрбиесі - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. «Тәрбие басы – тал бесік» - дейді халық, ал баланың дұрыс өсуі, дұрыс тәлім - тәрбиеге бейімделуі - алдымен отбасына, содан соң балабақша мен мектептегі тәрбиеге байланысты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»- дегенін барлығымыз білеміз. Ал мектепке дейінгі мекемедегі мұғалім кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман баланы қалай тәрбиелейді? Теориялық білімін практика жүзінде іске асыра ала ма?- деген сұрақтар ата-аналарды мазалайды. Бірақ балабақшаларда жас мамандарға тәжірибелі тәлімгер ұстаздар көмекке келеді. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуді, ата- аналар жиналысы мен тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, өзара сабаққа қатысу, семинар, тренингтер ұйымдастыруда тәлімгер ретінде өз білгенін барынша үйретіледі. Жоспар бойынша үнемі іс-әрекетін бақылап, кеңес беріледі. Сонымен қатар жас мамандарға психологиялық қолдау да қажет. Педагог этикасы, педагогикалық такт, балалармен қарым- қатынас жасау ережелері, тренинг өткізу жайлы ұсынымдар беріледі. Балабақша құжаттарын толтыруды, құжаттармен жұмыс жасауды меңгереді.Балалардың жеке құжаттарын толтыруда, ата- аналармен танысу жиналысы, сауалнамалар толтыру уақытылы жүргізілуде көмек көрсетіледі. Ата−аналармен қарым-қатынас жасау,оларға бала оқытудың қазіргі кездегі талаптары мен қиыншылықтары туралы мағлұмат беру, бала психологиясына көңіл бөлу т.с.с. кеңестер берілді.
Заманауи прогрессте мақсатқа жету үшін жас мамандарды үйрете отырып, заман талабына сай болу үшін білімі жоғары, мәдениетті, өзіне деген сенімі мықты, азаматтық айқындамасы орнықты, кәсіптік білім деңгейі жоғары, жаңалыққа жаны құмар, тың шешім таба алатын тәрбиеші болуға дайындау. Әр тәлімгерлер өз жұмыс жоспарын әрқайсысы өз бетінше құрады. Жоспарлау негізінде біріншіден: оның жеке ішкі жан дүниесіне, мінезіне, көңіл – күйіне қарай отырып, оның икемділігін анықтайды. Қандай да болмасын жұмыс түрін алмас бұрын, бақылау, қатысу арқылы қандай жұмысқа қабілетті екенін байқайды. Сонымен қатар жас маманның баламен қарым - қатынасын және ұстазбен қызметтестік болуға деген қабілетіне орай аша білу. Оның эрудициясын /білімді, ойсанасын/. Міне енді осылар арқылы тестер, диагностика, сауалнамалар әзірленеді.
Әрі қарай жас маманға жұмысты: бақылау, екі жақты қатынас, сұрақ - жауап, шағын тапсырмалармен ұсыну. Білім беру жүйесінде яғни жас ұрпақтың қоғамдық өмірге, арнайы мекеме жүйесіне зияткерлік даярлығы бақылау арқылы, педагогикалық жаңалық ашу, оны бағалау және қоғамдастықты меңгеруі, болашақта жас мамандардың тәжірибені өз жұмысында пайдалануын қадағалау. Әрбір жоспарын алынған іс әрекеттің аяқсыз, нәтижесіз қалмауын қадағалау, бағыт бағдар беріп отыру.
Жас маманға жеке дамуына «Жылулық» тақырыбында тренинг әдісінде - ойын: /мәдениетті, тұлғалы сөйлеуге үйрету/. Өз ой пікірлерін дәлелдейді. Психологиялық дайындық. 1) «Жылулық» (бір-бірінің алақандарын алақандарына қойып, жақсы тілек тілейді). Бір – біріңнің алақандарыңды алақандарыңа қойғанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине, жылылық сезіндіңдер. Жақындық, мейірім, жақсы сөз, жақсы тілек айтқанда көңілімізге қуаныш, шаттық пайда болады. Олай болса, тренингімізді мейірім, жылылық, сәттікпен өткізейік. (Жылы лебіз тіліктер айтылады). Жаттығулар: мақсаты - болашақ тәрбиеші - педагогтің зейіні мен назарын тұрақтандыра алу қабілеттілігін бақылау. Мысалы: Өз қабілетіңді, өз талантыңды шыңда деген сөзді қалай түсінесің? (өз ойларын айту) Өз қабілетіңді, өз талантыңды шыңда. Әркім өз білімдерін, дағдыларын, іскерліктерін өз бетімен дербес жетілдіре алады. Адамның қабілетінің дамуына еңбексүйгіштік, табандылық, өжеттілік, шыдамдылық, ынталылық, өзін – өзі билей алушылық көмектеседі. Адам қабілетінің дамуына таланттың ашылуына оның білімінің шалағайлығы, жұмыс дағдысының болмауы, жалқаулық, еріншектік кедергі келтіреді. Адамның өз бойындағы талантты ашуға ең алдымен көп ізденуі, көп оқуы, білімді болуы және уақытты нәтижелі пайдалана білуі көмектеседі. Талантты ашудың бірден – бір жолы – білімділік, ізденімпаздылық. Алайда, адамдардың өздері қолданып, іске асыра алатын бақылау әдісін алуға болады. Адам басқалардың мінез – құлқын, жұмыс нәтижелерін талдап, өз мінез – құлқын, жұмыс нәтижелерін және жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін білуге болады. Үнемі ақпараттарға шолу жасау, өзара сабақтарға қатысу да өз жемісін береді. Ары қарай қорытынды. Рефлексия. Үйге тапсырма: «Мен тәрбиешімін, менің мақсатым» Эссе жазу. Келесі эвристикалық әдіс немесе продуктивті, яғни бұл жекелей іздену жұмысын балаларға үйрету болып табылады. Мысалға оқу іс - әрекетінде, ойын үстінде болсын. т. б. жағдайларда балаға шешімін қайдан табуға болатынын суреттерден көрсетуге үйрету.
«Менің мамандығым тәрбиеші» - іздемпаздық заманауи прогрессте жаңа шығармашыл ұстаз жұмыс жоспарға тіркелді. Жас мамандардың жұмыстағы қиындықтарын зерттейт отырып, «Жас мамандардың нашар бейімделушілігін алдын алу» Жас мамандарға арналған кеңестер: «Ойын- оқыту формасы ретінде» Ойын терапеясын ересек және орта топтарға арналған сабақты дайындауда қолдану. «Эмоционалды тұрақтылықты қалыптастыру» т.б. мамандарға теренинг элементтерімен арналған семинарлар өткізу. Жас мамандарға психологиялық қолдау ретінде қате қадамдардан сақтандыратын бірнеше тыйым, жас мамандарға кеңес, ата- аналар жиналысына әзірлік және оны өткізу жөніндегі жаднама, Жас мамандарға арналған үлгі жаднама (қарым- қатынаста қыңырлық, ақаулықтары бар балаларға одан арылу үшін қалай көмектесуге болады?; үлгермеушіліктің психотерапиясы; балаларды қалай сөйлетуге болады?), өзін- өзі ашу тренингі жайлы мағлұматтармен таныстырылды. «Бір күн түсіндіргеннен, бір сағаттық жұмысты көп үйрет» Ж.Ж.Руссо сөзімен әлеуметті сеніммен жекелік тәрбие құпиясын ашып, жағдайды туғызу қорытындысы, балалар өздерінің өскендерін сезініп, тек алға ұмтылатынын, ескертемін. Келесі міндетім жас мамандарды жаңа терминді сөздермен таныстыру семинар жұмысы:«Екі тілділік , не істеуге болады?».
Жас маманның өзіндік білім алу процессі үшін қажет:
• жас мамандардың білім беру іс әрекетіне түрткісін тудыру үшін тоқтамсыз компетенттіліктің жаңаруы ретінде жағдай жасау;
• жас маманның өзіндік білім алу мақсатын анықтауында психологиялық көмек көрсету;
• маманның білім алу өтінішін қанағаттандыратындай етіп жағдай жасау, ал мекеме басшысы барлық сұранысын қадағалап, жұмыстың ұйым үшін ары қарай нәтижелі болатынын ескеру ;
• білім беру процессінің нәтижелерін топтық және жеке түрде рефлексия ұйымдастыру.

Маманның психологиялық дайындығын, педагогикалық ойлауын, профессионалды өсуін және жаңаланған іс - әрекетке мотивациялық дайындығының жоғарылауын жаңартуда қажеттіліктер құрал – жабдықтардың жеткілікті пайдалануында.
Жас маманның профессионалды өсуі және даму түрткісі ретінде, алтернативті бағасы және өзіндік бағалауы педагогтің персоналды портфолиосымен анықталады. Нағыз мұғалім болу - үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы тиіс деп ойлаймын. Балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндер білім тұңғиығына еркін сүңгісе, шәкірттері білім додасында қатарласынан оза шауып, оң нәтижеге қол жеткізіп жатса, бізге бұдан артық қуаныш бар ма?
Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы тәрибешінің қолында» деген екен. Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте ұстаз берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.
Категория: Дошколенок | Добавил: Dina0941 (2015-02-27) | Автор: Dina
Просмотров: 2512 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 11:22 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru