Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Табиғи материалдар және оның қасиеттері
ШҚО «С.Бегалин атындағы жалпы орта мектеп»
Аметова Айнур Азатқызы- шағын орталық тәрбиешісі
Білім беру саласы: « Қатынас»
Бөлімі: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: Табиғи материалдар және оның қасиеттері
Мақсаты:Табиғи материалдар туралы білім беру.
Білімділік мақсаты:Шыны,жүннің,резеңке,ағаш және оның қасиеті туралы мәлімет беру:қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты:Заттардың қасиеттерін анықтап,салыстырып,көркемдік талғамдарын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:Қазақстан жерінің табиғат байлығына мақтаныш сезімін тәрбиелеу.Қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекіліктер:
Шыны заттары,әр түрлі табиғи материалдан жасалған ойыншықтар,резеңкеден,ағаштан жасалған заттар,жүннен тоқылған нәрселер.
Әдіс тәсілдері:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ жауап,бойды сергіту қайталау.
Жоспары:
1.Мативациялы ынталандыру кезеңі.
а)Таңғы сәлем
ә)Өткен тақырыпты қайталау.
2.Ұйымдастырулы ізденуші кезеңі
а)Саяхат
ә)Әр түрлі заттармен танысу,сипаттау.
б)Сергіту сәті
3.Рефрессиялы түзету кезеңі.
а)Дидактикалық ойын
Қорытындылау.
Барысы:
1.Мотивациялы ынталандыру кезеңі.
а)Таңғы сәлем.
Тәрбиеші: - -Балалар,бәріміз шеңбер құрып аспанмен,күнмен,жермен достарымызбен амандасып алайық!
Балалар төмендегі өлең шумақтарын қайталап,барлығымен амандасады
Амансың ба,алтын күн!
Амансың ба,көк аспан!
Амансың ба,жер ана!
Амансың ба,достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
Тәрбиеші:
- Рахмет балалар!
ә)Өткен тақырыпты қайталау
- Балалар қазір бізде қай жыл мезгілі?
- Көктем
- Дұрыс айтасыңдар
- Өткен оқу іс-әрекетімізде көктемдегі қандай гүлдермен таныстық.
Көктемдегі гүлдерді хормен қайталап жіберейік.
Қызғалдақ,жауқазын,бақбақ,бәйшешек.
Осы көктемдегі алғашқы гүлдер.
Балалар гүлдердің аттарын хормен қайталайды.
2.Ұйымдастырулы ізденуші кезең.
Балалар бұл кім есік қағып тұрған?
Бізге қонжық қонаққа келді.
-Бәріміз қонжықпен амандасамыз.
-Сәлеметсіз бе!
-Балалар қонжық біздің топта әр түрлі табиғат заттарын жасырып қойыпты.
-Бәріміз тұрып екі-екіден бір-біріміздің қолымызды ұстап заттарды іздеуге шығайық.
1 ү.Балалар қараңдаршы екінші үстелдің үстінде шытпен жабылып тұрған қандай заттар екен?Ашып көрейік!
Үстелдің үстінде шыныдан жасалған әр түрлі заттар бар:стакан,кесе,құмыра,шыны ыдыстар,терезенің әйнегі,банка
Балалар бұл шыныдан жасалған заттар.
Шыныдан неше түрлі заттарды жасауға болады:ыдыс аяқ,айна.
Балалар шынылардан әр түрлі дыбыстар шығады,таяқшамен заттарды соғып тыңдап көрейік.Қандай дыбыстар шығады?
Жуан,жіңішке.
Қауіпсіздік ережелері:
1.Шыны морт сынғыш зат
2.Шыныны қолғап киіп ұстау керек.
3.Сынған әйнекті сыпыртқымен жинау керек.
4.Сынған ыдысты қолдануға болмайды.
2 ү.-Балалар қараңдаршы екінші үстелдің үстінде не жасырып қойыпты екен?Әр түрлі жұмсақ ойыншықтар, кигіз үй, тоқылған қолғап,
-Балалар осы жұмсақ ойыншықтар неден жасалған?
Жүннен, мақтадан жасалған.Бұл табиғи материалдың бір түрі.Оны фабрика-заводтарда өндіріп шығарады.
3 ү. Балалар қараңдаршы үшінші үстелде резеңкеден жасалған заттар бар екен;доптар,секіртпе,резеңкеден жасалған ойыншықтар,резеңке қолғап.
Қауіпсіздік ережелері:
Резеңкені жағуға болмайды.Өйткені қоршаған ортаға,адамдарға зиянын келтіреді.Табиғатты қорғайық.
-Балалар шаршаған шығармыз,біраз демалып алайық
Сергіту сәті.
Бір отырамыз, бір тұрамыз.
Алақанды ұрамыз.
Бұрыламыз оңға бір, бұрыламыз солға бір,
Біздер тату боламыз, гүл-гүл жайнап жанамыз..

4 ү.Балалар төртінші үстелдің үстінде не жасырылып тұр екен:
Ағаштан жасалған заттар,ойыншықтар,муз.аспап (домбыра).
Ағаштан не жасауға болады?
Топтағы ағаштан жасалған бұйымдарды атайықшы(үстел, орындық).
Ағаштан жасалған заттарды жуып сүртуге болады.Ағаш бұйымдары өте мықты.
-Балалар қараңдаршы қонжық жасырған заттардың бәрін тауып алдық.Өте қызықты заттар екен.
3. Рефлексиялы түзету кезеңі
-Балалар қазір бәріміз бірге дидактикалық ойын ойнайық.
Мен сендерге заттар көрсетемін, сендер ол заттардың қай табиғи материалдан жасалғанын айтып беріңдер.
Балалардың жауабы.
Қорытындылау.
-Балалар бәріміз қонжықпен қоштасайық!
-Сау болыңыз! Қонжық жасырған табиғи материалдан жасалған заттар өте қызықты болды.Заттарды хормен қайталайық:ағаштан,резеңкеден,жүннен, шыныдан жасалған заттар.
Осымен оқу іс-әрекетімізді аяқтайық.
-Қош сау болайық!
Категория: Дошколенок | Добавил: гульнараж (2015-02-28)
Просмотров: 1362 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 8:13 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru