Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Тәрбие сағат Дені саудың-жаны сау
:

Тәрбие сағаты Дені саудың-жаны сау

Сабақтың мақсаты: балаларға жеке бас күтімі және оның ережелері мен маңызын,қажеттілігін тсіндіру. Өзіне деген дұрыс көзқарас қалыптастыруына ықпал ету.
Көрнекілігі: Суреттер,денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер,нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Құрметті атаналар,ұстаздар, «Дені саудың-жаны сау» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі денсаулық шарасын бәріміз бірге өткізетіндіктен оған аса ұйымшылдықпен қатысайық. Қазақ халқында «Дені саудың-жаны сау»деген қанатты сөз бар. Осы мәтелдің мағынасын кім ,қалай түсінеді екен,біз тәрбие сағатты барысында біле жатамыз.
Бүгін бізге қонақ келіпті. «Тазалық» деген баланы ортаға шақырайық.
Тазалық: - Сәлеметсіңдер ме,балалар,мен Тазалық деген тарланмын
Кірқожалақ балаға, қол жеткізбес арманмын.
Ойы да таза,бойы да таза балғынның
Жанына серік болып қалғанмын

Жүргізуші: Мына отырған Исламбек пен Ілияс,Айтмұрат пен Аспандияр
Кішкентайынан ақылды, тазалыққа мойын бұрған Дильназ
бен Адема
Момақан ғана Меруерт пен Аида
Киімдеріне шаң жуытпай Диляра мен Аружан
Шаштарын тараумен ауре Амина мен Нурана.Алуа мен Анеля
Қолы басын күніне бес рет жуатын Ораз бен Азат ,
Райымбек пен Мұштан
Шаттықнұр ,Айдана және Махаббат
Аңсар мен Райымбек
Тазалық пен тәртіпті келе жатыр жалғап

Міне ,осындай балалар біздің тобымызда бар

Тазалық: Ауру-сырқаудан аулақ боп,
Жадырап жүрсем десеңіз
Айтқаныма құлақ сап
Мұқият оны тыңдап ал
Жақсылыққа үйір боп
Жамандықпен күресте
Жаны таза өрендер
Сондай кезде шыңдалар

\Осы кезде үсті-басы алқам-салқам,бет-ауызы айғыз-айғыз,Кірқожалақ бала есіктен басын қылтитып жан-жағына кіріп келеді\

Кірқожалақ: -Ой,мен қайда келдім? Мына отырған балалар маған ұқсамайды ғой
Тазалық: -Әріне ұқсамайды. Сенің киімің кір, шашың таралмаған. Ал,біздің балалар тап-таза.Біздің балалар тазалық пен реттілікті,жинақылық пен ұқыптылықты жақсы көреді. Олар күнделікті тәңертеңгілік денелерін шынықтырып ,тістерін тазартуды өдетке айналдырған.

Кірқожалақ: Түсінбеймін сендерді,бес рет жуып беттеріңді
Жұқартып алмайсыңдар ма еттеріңді
Қол жууға уақыт жоқ,сондықтан да
Тамақты да асығып төгіп жеймін
Еріншек пен жалқау,олақ пен салақ
Дос болғысы кеп жүр,ісіме менің қарап

Тазалық: Әй,кір бала!
Байқап сөйле.
Осы сен білесің бе,неткеніңді
Кір болып,күйе түріне жеткеніңді
Мұндағылар тазалық жанашыры
Дос болғысы келмейді сеніменен
Олар да қалайды ортамыздан кеткеніңді

\Балалар өз реніштерін айтып береді\

1-бала: Күнде бетін жумайды
Жу десең-ақ жылайды
Өз-өзіне өкпелеп
Жатып алып тұрмайды

2-бала: Дейді жылап жолама
Сондай бала болама?
Салақ,салақ,салақсың
Өз үйіңе қонақсың
3-бала: Таза емессің ,кір-кірсің
Ақ емессің ,жолақсың
Кейде қара күйесің
Кейде қызыл далапсың
Әй,салақсың,салақсың!
Кірқожалақ: Жо-жо-жоқ!Мен оған көнбеймін!

Жүргізуші: Біздің балалар дендері сау болу үшін,таза жүру үшін тазалық сақшыларымен дос болады.Олар казір біздерге қонаққа келіпті. Қарсы алайық!\ бір топ балалар кіріп келіп өздерін таныстырады\

1. Жылпылдап , қолда тұрмайды
Ақ көбік болып зырлайды
Қір қоқысқа жаны қас
Түк қалдырмай қырнайсың
Бұл не ,балалар? (сабын )

2 Қант та емес,ұн да емес
Ұқсастық бар ептеген
Тістің бәрін аппақ қып
Тігізеді септігін
Бұл не? (Тіс тазалайтын ұнтақ)

3 Арқалығы сүйектен
Жапсырылған қылы бар
Тістен көрсе кірлерді
Тұра алмайтын жыны бар
Бұл не? (Тіс тазалайтын қылшақ)

4 Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолында

Сүртеді жонында
Бұл не? (Сүлгі)

5 Ауызы жоқ,көзі жоқ
Тілі жоқ,сөзі жоқ
Бірақ та тісі бар
Басыңмен ісі бар
Бұл не? (Тарақ)

Жүргізуші: Ал,Кірқожалақ ,сенбұлардан қорықпа. Сен олармен дос бол.Келісесің бе?

Кірқожалақ : Жарайды балалар,мен бұлармен дос боламын. Мен енді таза жүремін.Денсаулығым сондай жақсы болады. Сендер сияқты болғым келеді
(деп балалармен қол алысады)

Есік қағылып мектеп медбикесі Марина апай балалармен амандасып кіреді.
Жүргізуші: Балалар ,бүгін бізге қонаққа дәрігер апай Салауат дәрігердің тапсырмаларын алып келіпті.

Дәрігер апай балаларға гигиена ғылымы туралы айтып береді. Гигиенаденсаулықты нығайту жолдарының бірі екендігін түсіндіредіғ

Жүргізуші: Ал, балалар сендер сол гигиена туралы қандай тақпактар білесіңдер? Кәне айтып берейік

6 бала Денсаулықты сақтауға
Тазалықты жақтауға
Қамқор жандар білімдар
Жиналған бір ғылым бар

7 бала «Гигиена» ол білгейсің
Оған көңіл бөлгейсің
Гигиена таза тән
Гигиена-таза ағза

8 бала Мақсатыңды ақтап ал
Мықты болу қолыңда
Гигиена сақтап сен
Ережені орында

9 бала Дос бол сабынмен,сумен сен
Жиі қолды жуғын сен
Тәңертең де,кешке де
Жуғын күндіз,түсте де

10 бала Жуғын тамақ алдында
Жуғын тамақ соңында
Жуғын үйықтар кезіңде
Жуғын тұрған мезгілде

Хор: Ескер сөзді сен мынау
«Жаны саудың-дені сау»
«Тазалық-саулық негізі
Саулық- байлық негізі»

Жүргізуші: -өте жақсы ,балалар.Ендеше,дидактиқалық ойынға кезек берейік

ДИДАКТИҚАЛЫҚ ОЙЫН: «Егер де .....-не болар еді?»

-Егер де күн болмаса,не болар еді?
-Егер де су болмаса,не болар еді?
-Егер де ауа болмаса ,не болар еді?
-Ендеше,балалар,күн,ауа және су-біздің тамаша достарымыз
-Балалар,өзіміз айтып отырған күн, ауа және су кімге қажет?
-Бізге
-Біз дегеніміз кім?
-Ол-АДАМ
-Балалар,жер бетінде ең ақылды,ең күшті кім ?
-АДАМ
-Ал адамға керек дүниеде ең басты,қымбат нәрсе не екен?
-ДЕНСАУЛЫҚ
-Яғни,балалар,әрқашанда таза ауада демалу ,спортпен шұғылдану,тазалықты сақтау,денені күтіп ұстау,еңбек ету,дұрыс тамақтану-осының барлығы салауатты өмір салтына жатады. Ендеше,салауатты өмір салтын қолдайық,балалар!
Хор: Салауатты өмір салтын қолдайық!
Ата-ана,ел үмітін ақтайық
Өмірдегі басты байлық дейтүғын
Бірінші байлық-денсаулықты сақтайық

ӘН: «Қуанышқа бөленген»
Тәрбиеші: -осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды


Тыңдағандарыңызға ,көргендеріңізге РАХМЕТ!
Категория: Дошколенок | Добавил: narmina (2015-03-13) | Автор: Кадиша E
Просмотров: 2304 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 8:58 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru