Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктің сценарийі
Ересек тобында наурыз мерекесіне
арналған мерекелік сценарийі
«Наурыз мерекесі»

Дайындаған: Айгазина А.Е.
Мақсаты: Уақытты көңілді өткізіп, қазақ салты туралы білімдерін кеңейту мақсатымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілікті өткізу.
- ұлттық салт-дәстүрмен, ұлтық ойындармен таныстырып, оларды терең түсіне сезіне білуге үйрету;
- балалардың тілін дамыту, психикалық қабілетін дамытуға көңіл бөлу;
- балалардың қуаныштарын үлкендермен бөлісуге, мейірімділікке тәрбиелеуге, өзінің жақын адамдарын қуанта білуге тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Жүргізуші, Кыдыр ата, Алдар көсе, Мыстан кемпір, Күнекей қыз.
Құрал-жабдықтар: домбыралар, таспалар, домбыра, дастархан, Наурыз көже, қамшы, арқан, қап.
Репертуар:
• Әндер:
1. «Қазақы дастарханым»
2. «Нағыз қазақ – домбыра»
• Билер:
1. «Наурыз» кіру
2. «Наурыз» ортақ би
3. Қазақ биі (қыздар)
• Ойындар (қазақ ұлттық ойындары):
1. «Соқыртеке»
2. «Әй жігіт, қамшыңды ал»
3. «Арқан тарту»
4. «Тартыс»
Алдын ала өткізілетін сөздік жұмыс: кесір – вредный, тартыс – вид инструментального мастерства, сарқыт, сүйінші, бата, шашу.

Ертеңгіліктің барысы:
Музыкалық зал мерекеге байланысты безендірілген. Төбеде шаңырақ, еденде көрпешелер жатыр, дөңгелен үстел, бұрышта үлкен сандық, перделерде гүлдердің суреті, домбырада ойнайтын ұл баланың суреті, жанында билеген қыз баланың суреті ілініп тұр.
Проэктор қосылады. Экранда екі бала Наурыз келгенін хабарлайды.
Музыка ойнайды. Балалар билеп кіреді.
«Наурыз думан» әні. Әннен кейін отырады.
Жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, балалар, қонақтар, құрметті әріптестеріміз, көптен күткен Наурыз мерекесі ортамызға қайта оралды. Наурыз – мұсылман қауымының ұлттық мейрамы. Наурыз - жыл басы. Наурыз - ұлыстың ұлы күні! Ал енді мерекемізді қазақ дәстүрі бойынша шашумен бастаймыз. Ол үшін ________________ апасын шақырайық.
Балалар ортаға шығып тақпақтарды айтады.
1 бала:
Қанаттары желбіреп,
Келе жатыр құс қайтып.
Нәзік үні елжіреп,
Наурыз келді қуантып.
2 бала:
Су сылдырап, жер көктеп,
Наурыз келсе жыл басы,
Бау-бақша егін өрнектеп,
Өзгерер өңір тұлғасы.
3 бала:
Көктем гүлі сән қосқан сәнімізге
Құстар әні нәр берген әнімізге
«Жақсылыққа жыл басы – Ұлы Наурыз»
Құтты болсын ағайын бәрімізге!

Жүргізуші:
Наурыз тойы!
Құтты болсын халайық!
Қане достар!
Мерекені қарсы алайық!!
Музыка ойнайды. Киіз үйдің артынан Күнекей қыз шығады..
Күнекей: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Мен Күнекей қызбын, мен сіздерді көруге өте қуаныштымын.
Жүргізуші: Сәлеметсізбе Күнекей қыз!
Күнекей: Сәлеметсіз бе. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін Наурыз тойы, ұлыстың Ұлы күні. Сондықтан бүгін осы мерекені менің шаңырағымның астында тойлауға шақырамын.
Жүргізуші: Рахмет, сізге Күнекей!
Күнекей: Бүгін мен өз достарымды да шақырдым.
Осы кездедомбыраның дыбысы естіледі, залға Алдар көсе кіреді.
Алдар: Мен Алдармын, Алдармын,
Досымын адал жандардың.
Жақсыға талай серік боп,
Жаманды талай алдадым.
(басын иеді)
Алдар: Сәлеметсіздер ме!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алдар!
Күнекей: Сәлеметсің бе! Алдар, қалың қалай? Сені көрмегелі көп болды.
Алдар: Бәрі жақсы. Жақында бір байды алдадым. Ол бір кедейден ақырғы жылқысын алып алған. Енді мені бәрі қаһарман деп атады.
Жүргізуші: Алдар, біздің балаларымыз да өте батыл, шапшаң, мықты. Көресің бе?
Алдар: Әрине. Көрейін.
Жүргізуші: Қане біздің жігіттеріміз шығыңдар ортаға...
Ойын: «Әй, жігіт қамшыңды ал» (музыка – Қара жорға, Адай)
Ойын шарты: Ортаға ұлдар шығады. Бәріне қолдарына қамшы беріледі. Музыка ойнаған кезде ұлдар шеңбермен шапқылап жүгіреді. Ал музыка тоқтағаннан кейін балалар қамшыларын кілемнің шетіне қояды. Жүргізуші екі қамшыны алып тастайды. Ойын бір бала қалғанға дейдін жалғасады.
Алдар: Ой жарайсыңдар жігіттер, сендер мені қатты қуанттыңдар! Сол себепті мен сендерге домбырада күй орындап берейін. (күй орындайды)
Жүргізуші: Алдар көсе, сен домбыраны жақсы шертеді екенсің. Ал біздің балаларымыз да музыкалық аспаптарда ойнай алады.
Музыкалық номер «Кеш, жарық»
Алдар: Сендер күшті ойнайсыңдар. Мен олай ойнай алмаймын.
Күнекей: Жарайсыңдар, балалар!
Музыка ойнайды. Мыстан кіреді.
Мыстан: Мында не болып жатыр? Сендер неге соншама қуанып отырсыңдар?
Күнекей: Мыстан, біз сені шақырған жоқпыз. Қазір Қыдыр ата келеді, сондықтан қаш біздің үйімізден.
Мыстан: Ля, ля, ля, мен ешқайда кетпеймін. Өйткені мен Қыдыр атаны жолдан адастырдым. Ля,ля,ля. Ал мынау дыңғырлақ не нәрсе?(домбыраға көрсетеді)
Алдар: Әй, Мыстан, саған не болды? Бүгін балалар Наурыз мерекесін тойлап жатыр және мынау дыңғырлақ емес, бұл қазақтың халық музыкалық аспабы – домбыра.
Жүргізуші: Біздің балаларымыз саған осы қасиетті домбырамыз туралы өлең айтып береді.
Ән «Нағыз қазақ – домбыра»
Мыстан: Енді ұқтым. Домбыра жақсы аспап екен.
Жүргізуші: Мыстан, айтшы сен неге Қыдыр атаны жолдан адастырдың?
Мыстан: Өйткені мен өте кесірмін. Егер менімен ойнасаңдар, мен Қыдыр атаны қайтарамын.
Жүргізуші: Жарайды, Мыстан. Онда біздің балаларымыз сенімен «Соқыр теке» деген қазақ ұлтық ойын ойнайды.
Ойын «Соқыр теке»
Мыстан: Ууф, сендер мені шаршаттыңдар.
Күнекей: Мыстан ал енді Қытыр атамыз қайда, айтасың ба?
Мыстан: Айтамын, бірақ маған домбыраларыңды беріңдер. Әкел домбыраны. (таласады)
Алдар: Мыстан, одан да күшпен теңелейік. Арқан тартайық. Егер жеңсең, біз саған қапты бере саламыз.
Ойын: «Арқан тарту»
Ойын барысында Мыстан жеңіліп қалады. Ойыннан кейін жылайды.
Жүргізуші: Мыстан кемпір, жыламаңыз, бүгін Наурыз мерекесі ғой. Біздің балаларымың сізге көңілді би билеп береді.
Ортақ би «Наурыз» Үркер тобы
Мыстан: Рахмет сендерге балалар, менің жүрегім жібіді. Мен енді тек қана жақсылық жасаймын. Алғыс ретінде мен барып Қыдыр атаны шақырайын.
Алдар көсе: Мен саған көмектесейін.
Күнекей: Мыстан кемпір, қазақ халқы өте қонақжай халық және өте жомарт. Осы сарқытты ал. Алдар көсе, саған де сарқыт берейік. Үйлеріңізде шай ішерсіз.
Бәрі: Сауболыңдар. Наурыз құтты болсын!
Жүргізуші: Ал әзірше біз Қыдыр атамызға дастархан жасайық. Себебі қазақ халқы қонақжай болады. Және Қазақ дастарханы туралы өлең орындайық.
Ән «Қазақы дастарханы»
Бала: Сүйінші, Жұлдыз Хасеновна!!
Жүргізуші: Қазақ дәстүрі бойынша сүйінші сұраған бала, жақсы хабар әкеледі. Ол үшін балаға ақша берілу керек. (ақша береді) Ал, айта ғой....
Бала: Бізге, Қыдыр ата келе жатыр.
Жүргізуші: Ой, бәрекелді! Қыдыр атаны қарсы алайық. (Бәрі шапалақтайды)
Музыка ойнайды. Қыдыр ата кіреді.
Қыдыр ата: Сәлеметсіңдер ме!
Бәрі: Сәлеметсіз бе!!!
Қыдыр ата: Мен Қыдыр атамын. Осы күні мен барлық үйлерге кіріп адамдарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Және сіздерге келдім. Бірақ ұзақ отыра алмаймын, өйткені маған басқаларды да құттықтау керек.
Жүргізуші: Қыдыр ата, кіріңіз төрлетіңіз, жолдан демалыңыз, Наурыз көжеден дәмін татыңыз.
Бала шығады қолында Наурыз көже:
Арпа бидай бастаған,
Жеті дәмнен аспаған.
Наурыз көже ежелден
Бұл тойдағы бас тағам.
Және кәсені Қыдыр атаға береді.
Жүргізуші: Қыдыр ата, біздің балаларымыздың тақпақтарын тыңдашы.
1 бала:
Наурызды халқымыз,
Жыл басы санайды.
Көнермей салтымыз,
Көп елге тарайды.
2 бала:
Өніп еккен дәніміз,
Бүршік жарды бағымыз.
Дастарқанда дәніміз,
Жайдарымыз бәріміз.
Жасару бар,
Жаулық жоқ,
Қандай жақсы Наурыз!
Жүргізуші:
Ұлы тойда әдемі
Әннен шашу шашады.
Мың бұралып қыздарымыз
Наурыз биін бастайды.
Би «Наурыз» қыздар
Кыдыр ата: Үлкен рахмет, балалар! Билерің өте әдемі. Барлықтарыңды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңа амандық тілеймін және сіздерге бата берейін.
Кыдыр ата:
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Құдай жарылқасын!
Бай қылсын,
Бақ қарасын!
Қыдыр дарысын!
Аруақ жебесін!
Жүз бір қатеден сақта!
Мың бір пәледен сақта!
Ізет абырой, бақ-дәулет,
Ризық, несібең арта берсін!
Аумин!
Бәрі: Аумин!
Қыдыр ата: Мен бос қолмен келген жоқпын. Бәріне сыйлық тәттілерді әкелдім. Капты ашады, балаларға кәмпит таратады.
Қыдыр ата: Ал енді маған қайту керек. Сауболыңдар!
Жүргізуші: Рахмет сізге, Қыдыр ата! Сауболыңыз! Осымен біздің де ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Келіп бізге нұр берді
Шуақ шашып ақ жүзін.
Осында отырған барлық адамдарға барлық жақсылықтарды тілейміз!
Категория: Дошколенок | Добавил: Алёка (2015-04-13) | Автор: Альмира E
Просмотров: 2612 | Комментарии: 1 | Теги: наурыз, ересек топ, сценарий | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 1:53 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru