Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

«Көркем әдебиет арқылы рухани-адамгершілікке тәрбиелеу»
«Көркем әдебиет арқылы рухани-адамгершілікке тәрбиелеу»

№83 Ғ.Мұстафин атындағы
ЖББОМ жанындағы
«Жеткіншек» шағын орталықтың
әдіскері Қасенова Зина Қамашқызы

«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде,- дейді Елбасымыз Н.Назарбаев,- оларға жастайынан имандылық пен адамгершілік қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз».
Еліміздің болашақ азаматы-қазіргі балалар. Яғни, егеменді елімізді дамытып, гүлдендіре түсетін санасы таза және дені сау ұрпақ. Адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынас, міндетті түрде жақсы нәтижелер береді. Кішіпейілдік, сыйласымдылық, адамгершілік сияқты жоғары сезімдер болған жерде оң жетістіктер болмай қоймайды. Балабақша бүлдіршіндерін рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болшағына жол сілтеу бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе.
Адамды жаксы ететін де, жаман ететін де-тәрбие. Сондықтан, жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық мәдениетімен, дәстүрімен неғұрлым тереңірек танысу қажеттілігі бірінші орынға қойылып отыр. Тәрбие-ана сүті арқылы қанға сіңіп, санаға дариды. Ұлттық рухта тәрбие алмаған, тілін, дінін, ойынын, дәстүрін дұрыс білмеген ұрпаққа Отанды қорғауға сенім арту, болшақтың тізгінін ұстату үлкен қате. Балаға тәрбиенің дәні балабақшада себіліп, негізіне жол ашылады. Көркем әдебиет арқылы баланы өмірге дайындауда дамытудың маңызы ерекше. Көркем шығармаларды балаға жеткізу, бойына дарыту балабақшада сәбилер тобынан басталады. Бұл шақта оларға үлкендердің сөзін ұғуды, көрсетілген заттардың атын атауды үйретеді, көру, есту, сезу сияқты сенсорлық процестері дамиды.
Әл-Фараби бабамыз: «Білімнен бұрын тәрбие берілуге тиіс. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы»,- дейді. Балабақшадағы әр бүлдіршін әр түрлі отбасынан, әр түрлі тәрбие алған, жақсы да жаман қылықтары бойында болғандықтан, оның жалпы даму психологиясына кері әсерін тигізетін келеңсіз жағдайларға қарсы тәрбиені көркем шығармадағы жағымды кейіпкерлер арқылы жетеді.
Балалар күнделікті оқу, тәрбие процесінде, тікелей өмір тәжірибесінде «жаман мен жақсыны» байқайды оларға үлкендер тарапынан берілген бағаны түсінеді, адамгершілік қасиеттерді игереді. Осы игерген машықтары мен адамгершілік қасиеттері еңбек процесі үстінде орнығып, өзіндік қасиеттерге айналып отырылады. Рухани-адамгершілікке тәрбилеу білім беру мен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани-адамгершілік тәрбиелеу дегеніміз-баланың өмірдегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез келген затқа, жан-жануарға және экологияға жақсылық тілеп, жасауы. Сондықтан рухани-адамгершілік жеке тұлғаны қалыптастырудағы негізгі болып табылады, оның көрсеткіштері: басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзін-өзі дамытып, жетілдіру.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты- әрбір тұлғаны жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, яғни адамгершілік қасиеттері шешуші фактор болуы заңдылық. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың маңызды міндеттері, балалардың белсенділік қасиеттерін табиғатқа, айналаға деген көзқарасын. Отанға, еңбекке деген қатынасын айқындау. Педагог балаға тәрбиені осы рухани адамгершілік қасиеттерінен бастайды. Себебі, бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілі мақсатқа жетелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана тәрбиеші балалардың ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.
Категория: Дошколенок | Добавил: Аля2376 (2015-05-04) | Автор: Қасенова Зина Қамашқызы
Просмотров: 2099 | Теги: балалар, тәрбиеші, рухани-адамгершілік | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 4:27 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru