Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Балабақшада қазақ тілін өткізу жағдайы
Балабақшада қазақ тілін өткізу жағдайы

Ғ.Мұстафин атындағы №83 орта мектеп
жанындағы «Жеткіншек» шағын орталығының
қазақ тілі пәнінің мұғалімі;
Амангелды Г.А.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Осыған сәйкес бүгінгі күн талабы — баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, тілін дамыту, заман талабына сай оны жүйрік етіп тәрбиелеу. Шындығында сапалы білім, саналы тәрбиемен шынайы ұштасқанда ғана ұлт тілегі орындалып, қоғам өзінің рухани дамуында асыл қасиеттерге қол жеткізбек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ана тіліне қамқорлық ең алдымен сол тілде сөйлейтін халыққа жүктеледі» демекші, менің парызым — балабақшадағы өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді меңгерту.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім-деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Қазақ тілін оқыту «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» бағдарламаларында жүзеге асырылады. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын — балалар үшін қоршаған ортаны танып білудің ең жеңіл-де ұтымды тәсілі. Оның негізгі ерекшелігі — балалар үн-түнсіз ойнамайды, тіпті, жалғыз болғанның өзінде-де сөйлеп отырып ойнайды. Ойын процесінде сөйлесу үлкен рөл атқарады. Ойын — мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Ойын — бала үшін нағыз өмір. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
Егер ойын, ақылмен ұйымдастырылса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік береді. Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. Бала үшін ойын — өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі көрсетудің құралы. Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері әлдеқайда тез қалыптасады, яғни ол арқылы бала білім алады. Ойын ойнау барысында бала ешбір бүкпесіз, бар жан-тәнімен ойынға кірісіп кетеді-де, белсенділік пайда болады, қызығушылық танытады. Тіпті тілді үйренгісі келмейтін баланың өзі ойын ойнаған кезде оны ұмытып кетеді. Ойында балаларды не қызықтырады? — деген сұрақ туындайды.
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын түрлері-де әр түрлі болып келеді. Баланы ойынға қызықтыра отырып оқу іс әрекетіне айналдырып, ойын түрін күрделендіре түсу керек. Ойын тек балалар ойнайтын болып емес, оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлері болып мынадай топтарға бөлінеді:
1.Сиқырлы қоржын. (тақырыптар: «Жемістер», «Көкөністер», «Ыдыс-аяқ»
«Ойыншықтар» т.б.)
2.Үйде кім жоқ? (тақырып: «Отбасы мүшелері»)
3. Аудармашы. (барлық тақырыптарға келеді.Мұғалім сөзді қазақша айтса бала орысшаға аударады,немесе мұғалім орысша айтып қазақша аудармасын сұрайды)
4.Снежный ком .(Балаларға сөздерді жаттатып отырып,бір сөзден төрт сөзге дейін жаттатып,үйрету,лексиканы үйрету кезіндегі барлық тақырыптарда қолдануға келеді.)
5. Не жоқ? (тақырыптар : «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Киімдер» т.б.)
6. Кімнің дауысы? (Барлық тақырыптарға қолданауға келеді.Бір бала тақтаға шығып теріс қарап тұрады,мұғалім келесі бір баланы шақыртып жаңа тақырыптан бір сөзді айтуды сұрайды,бірінші бала кімнің дауысы екенің айтып және сол сөздің мағынасын түсінеді)
Категория: Дошколенок | Добавил: Аля2376 (2015-05-04) | Автор: Амангелді Гүлжазира Амангелдіқызы
Просмотров: 978 | Теги: Ойын, тілін, балалардың, Қазақ | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 5:04 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru