Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Балабақшадағы балалар іс-әрекетінің негізі-ойын
Балабақшадағы балалар іс-әрекетінің негізі-ойын
Ғ.Мұстафин атындағы
№83 ЖББОМ жанындағы
«Жеткіншек» шағын орталықтың
тәрбиешісі
Тасубаева Лалагүл Серікқызы

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында,мектепке дейінгі тәрбие саласының даму кезеңінде балалардың белсенділігін дамытатын,өмір салтын қалыптастыратын тәлім-тәрбие беру балабақшаның басты міндеті екендігі баршамызға аян. Балалық шақ-бұл ойын үшін жаратылған шақ дер едім.
Ойын-баланың даму құралы, таным көзі. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы зор. Ойын дегеніміз-адамның ақыл-ойын дамытатын,қызықтыра отырып,ойдан-ойға жетелейтін тынысы кең ,алысты меңзейтін, қиял мен қанат білдіретін ғажайып нәрсе. Сонымен бірге, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын-балалардың қоршаған өмірді, адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған қарым-қатынасын бейнелеуі. Ата-бабамыз ойынды тек баланы алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, ол халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, баланың көзқарасы, мінез-құлқын қалыптастырып, бір жүйеге келтіретін тәрбие құралы деп санаған. Ойынның балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде, психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор. Сондықтан да, бала өмірі үшін ойын-әрі оқу, әрі баланың ерік-жігері мен шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына әсер етуші күш. Ойын кезінде бела айналадағы құбылысты білдіруге мүмкіндік тауып,айналадағы қоршаған орта мен қарым-қатынасын нығайтып, адамдардың күнделікті іс-әрекетіне көңіл бөліп, араласа алады. Ойын ұрдісінде баланың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар.
Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі шынығып, қалыптасады. Көңілі көтеріңкі бала өзі істеген әрекеттерді сенімділікпен орындайды, шаттық сезімге бөленеді. Балалар әр алуан қимыл-қозғалыстар арқылы бойындағы күш –қуаты мен іс-қимылын жетілдіретін қызықты ойынмен шұғылданғанды жақсы көреді. Себебі, ойын әрекеті балалардың бойындағы сезімдер мен қабілет ерекшеліктерін дамытады. Ұлы педагогтар, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын ролін жоғары бағалаған. С.Торайғыров: «Баланың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені ойын кезінде бүлдіршіннің бейімділігі, қызығушылығы және заттардың айырмашылығын ажырата алатыны анық байқалады. Бала өмір құбылыстарына ,адамдар мен жануарларға деген көз қарасын,қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан ойынның қай түрі болсын,бүлдіршіндердің рухани-адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды роль атқарады. Ең бастысы, қандай да болсын,ойын түрлері арқылы адам баласы қоғамдық тәжірибені меңгереді, психикалық қасиеттерімен танымдық ерекшеліктері қалыптасады.
Ойын-бала әрекетінің бір түрі, адамзат қазынасы. Ойындардың түрлері өте көп. Ойындардың барлығы балалардың қамқоршы болуға, ұйымшылдыққа, мейрімді, инабатты болуға қалыптастырады. Ойынның қай түрін ойнасақ та, баланың өсіп-жетілуіне, ойлау қабілетінің дамуына, сөйлей білуіне өте зор әсер ететінін білеміз. Айта кетсек, ойындардың ішіндегі дидактикалық ойындардың маңызы зор. Әрбір тәрбиеші оқу іс-әрекетінде қандай дидактикалық ойын қолданатынын күні бұрын өткізілетін оқу іс-әрекеті мазмұны мен мақсатына сай лайықтап алғаны жөн. Өйткені, ойын балалар үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады.
Дидактикалық ойын- баланың ақыл- ойын, сенсорлық және тіл байлығын дамытады. Балалар заттардың түсін,пішінін,мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, ұсынылған заттардың да түрін, түсін, пішінін дұрыс атай алуға , заттарды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп, анықтай білуге үйренеді.
Балабақшада мазмұны жағына кең, қызықты сюжетті-рольді ойындар ойнатылады. Сюжетті ойын кезінде балаларда еліктеу,шындықты көрсету әректтері жүзеге асады. Ойындар арқылы бүлдіршіндердің білімге деген ықыласы артып,баланың ерік-жігері мен шығармашылық мүмкіндіктері дамиды. Ойын-балалар үшін нағыз өмір.
Категория: Дошколенок | Добавил: Аля2376 (2015-05-04) | Автор: Тасубаева Лалагүл Серікқызы
Просмотров: 1910 | Комментарии: 1 | Теги: бала, іс-әрекеттерін, Ойын | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 0:27 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru