Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

қояндар биі
Білім беру саласы: Денсаулық
Білім көздері:Дене тәрбиесі
Тақырыбы: «Қояндар биі»
Мақсаты:Балаларды жұптасып жүруге,ұлкен-кіші адыммен шашырап жүруге үйрету.Би өнеріне еліктіру,қояндар биінің үйлесімді орындай білуге үйрету.Аңдарға деген қамқорлық сезімін ояту арқылы тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдер:түсіндіру,көрсету,ойнату,құрастыру,билету.
Көрнекілігі:қояндар костюмі(13дана),аю костюмі(1дана),жасанды сәбіздер,қағаздан жасалған қар кесектері,ақ қағаздан түрлі көлемдегі, 3- шеңбер,2- таяқ,сәбізден кесілген 1-үшбұрыш.
Үнтаспаға жазылған көңілді ән,қояндарға қатысты.

Сабақтың барысы
(Топ бөлмесінде қонақтар отырады. Балалар ақ қоян болып киініп топқа көрші бөлмеден кіреді.)
1.«Қонақтармен сәлемдесу.»
Тәрбиеші:балалар,бізге қонақтар келіп қалыпты ғой,канеки бірлесіп сәлемдесіп алайықшы . «Сәлеметсіздер ме!»

Тәрбиеші:Ал енді әдеттегідей шеңберге тұрайық...
2.Шаттық шеңбері: Күн нұрынан алайық, алақанға салайық.
Жүрек жылуын алайық, алақанға салайық
Енді осының барлығын ,қонақтарға шашайық...
-Өте жақсы,енді осындай көңіл -күйлеріңмен орындарыңа барып отырыңдар...

3. Сұрақ- жауап(Жыл мезгілі).
/қыс,күн суық,далада аппақ қар жатыр,мұз басқан жолдар…/
-Айтыңдаршы балалар, казір жылдың қай мезгілі?
-Қыста ауа райы қандай? Адамдар қалай киінеді?
-Білеіңдер ме балалар, қояндар қыста, ақ түсті тондарын киіп,қармен ойнағанды жақсы көреді екен.
- Далада не жатыр,айтыңдаршы ? Түсі қандай?
-Дұрыс айтасыңдар.
4.Жаңа сабақ тақырыбын жариялау.
-Ал бүгін сабақта біз қояндар биімен танысамыз.
Кіріспе бөлім:
5. жаттығулар : «Балалар ,дене тәрбие сабағы болғандықтан ,алдымен сапқа тұрайық,денемізді түзейік.»
-тізбекте екі қолды жоғары көтеріп,екі жаққа созып,белге қойып,аяқтың ұшымен жүру.
-«Алпауыттар мен ергежейлілер»жүрісіне салып,кең және қысқа адымдап жүру.
-Бір отырып бір тұру(2 рет қайталау).
(Орындарына отырғызу)
6. -Ал енді «әдемі ақ қояндарым» айтыңдаршы сендер серуенді жақсы көресіңдер ме?(Ия)
Ендеше орнымыздан тұрып серуенге шығайық.
-Ой, қараңдар балалар,есіктің алды мұз ғой,қалай өтеміз?
(абайлап,қол ұстасып,жаймен өтеміз).
«Мұздан абайлап өтеміз» дидактикалық ойын
(Шарты:жасанды мұздан жұппен,қысқа адыммен жүріп өту.)
-Дұрыс таптыңдар қояндарым, енді жалғыз аяқ жолмен жүріп барып , көпірден өтіп ,ойын алаңына барайық (балалар нұсқауларды орындайды)
-Қысқы ауа қандай тамаша , мұрынмен кеудемізге ауа толтырып,ауызбен шығарайықшы.Тамаша, дәл осылай(деп тыныс алу жаттығуларды орындау )
Сендер тым әдемі болып кеттіңдер ғой,құлақтарың тікірейіп қалды.
-Балалар, аулада не көріп тұрсыңдар?(Ағаштар)
-Дұрыс,ал ағашта неге жапырақтар жоқ?(Себебі казір қыс қой)
-Ағаштардың астында үйіліп,аппақ болып жатқан не?(Қар)
Жоғарыда мен айтып кеттім ғой ,қояндар қармен ойнағанды жақсы көреді екен,келіңдер
Қимылды ойын: «Қар атыспақ» атты ойынды ойнап алайық.
Шарты:балалар ағаш түбінде жатқан жасанды қар кесектерімен атысып ойнайды
«Мына ойын маған ұнады,көңілім көтеріліп,тынысым кеңейіп қалды, менің кішкентай ақ қояндарым»
Қар деген аппақ тап -таза, енді бәріміз бірігіп аққала тұрғызайық.
«Аққала» дидактикалық ойын
(Барысы:алдын- ала дайындалған домалақ пішіндерден ,еденге аққала құрастыру)

Алақай,алақай Аққаланы тұрғыздық!
(қолдарын шапалақтайды,қуанышты кейіпте)

7. Топқа оралу Қоян- ана:Тоңып қалды ғой қолдарың, тез топқа оралайық.
(кері қайту:көпірден,мұздан өтіп қол аяқты қағып топқа келу,орындыққа орыру)
8. Сергіту сәті:(Саусақ- жаттығулары)
Қолымыз жаурады,тез-тез алақанымызды ысып- ысып алайық, енді үрлеп ыстық демімізбен жылытайық..(көрсету,қайталату)
Аяқтарымызды көтеріп бір біріне соғайық..(көрсету,қайталату)
Ал енді қол аяқтарың жылынған болса орындарыңнан тұрып көрсетейік... «Бала,балақан кане қайсы алақан?
Саусақтарың айбат
Былай, былай ойнат.
Топ, топ, топ басайық ,
Аяқтан қар қағайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн»
(өлең жолдарына сай балалар қимыл- қозғалыстар жасайды)
Негізгі бөлім
9. Ғажайып сәт:есікті қағып аю келеді.
(Қоян –ана мен кішкентай қояндар бұрышқа тығылады)
Аю:Қорықпаңдар,мен сендермен ойнауға келдім тиіспеймін,жәй ішім пысты.
Қоян –ана: «Шынымен тиіспейсің бе?»
Аю: «Айттым ғой сендерге, сенбейсіңдер ме?»
Қоян –ана: «Осы айтқаның рас болса дәлелде,бізбен бірге би биле.»
Аю:Жарайды,тек сен көрсетіп бер қалай билейтінімді..
Қояндар биі
(Қоян- ана айтады және көрсетеді)
- кол дене тұсында,бір орында қосаяқтап секіреміз
-қол жоғарыда, бір орында айналып,қосаяқтап, секіреміз
-қол дене тұсында,қосақтап шеңбер бойы секіру.
-«Тоқта» деген белгіге тоқтап,екі қолды бүйірге қойып қүйрықтарыңмен билеңдер.
-Енді осы қимылдардың барлығын музыка ырғағына салып бір- екі рет қайталаймыз
(көңілді музыка қосылады,қояндар аюмен билейді)
Аю:билерің қандай көңілді,сергіп қалдым ғой ,тынысым кеңейіп,денсаулығым жақсарды.Тамаша би,тамаша.
Қоян –ана: «Рахмет саған аю» .
Ал сенің ойыныңның аты қалай аталады?
Қимылды ойын:
«Аюдың апанында» деп аталады.
Шарты:Мен бөлме ортасындағы орындыққа отырамын.
Ал қояндар бөлме ішінде ақырын жайлап басып, төмендегі өлең жолдарын қайталайды: Әне, аюдың апаны,
Жатыр онда дәу аю.
Жайлап басып барайық,
Сәбіздерді алайық.
Ұйықтап жатқан аюды,
Оятып біз алмайық.
(Соңғы өлең жолдарын айтқан кезде аю «оянып кетіп», қояндарды ұстау үшін қуады.Қояндар бұрышқа тығылады да ,аюды мазақтайды)
«Ю- ю -ю қорбаңдаған аю»
Аю ызаланып оларға:
«Ян- ян- ян секеңдеген ақ қоян»
Қортынды бөлім
Аю: «Мен үйқым келді орманға барайын,қыста аюлар үйықтау керек,ал мен тентек болып серуендеп жүрмін.Қош сау болыңдар қояндар!»
Қоян- ана көжектерімен: «Қош бол ,маймақ аю,қош!»
-Сендерге сабақ ұнады ма ?
-Бізге кім келді?
-Ол не істеді?
-Біз қайда бардық?
-Қандай ойын ойнадық?
- Қардан не тұрғыздық?



(Мақтап ,мадақтап сабақты аяқтау)

Күтілетін нәтиже:
Берілген тапсырмаларды дұрыс орындады
Би билеу денсаулыққа пайдалы екенін білді


Ескелді ауданы
Сырымбет ауылы.
«Айгөлек» балалар бақшасы.

Дайындаған : Сулейманова Асия Жаскадыровна


2015 ж.
Категория: Дошколенок | Добавил: asiyasuleimanova_68 (2015-05-07)
Просмотров: 1688 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 11:25 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru