Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Қызықты ойындар Вариативтік бөлім «Ақылды балақай» этноклубы бойынша көрініс
Қызықты ойындар
ШҚО Семей қаласының
№11 «Ертөстік» ясли-бақшасының тәрбиешісі
Маутқанова Жаңылтай Кеңесбекқызы
Вариативтік бөлім «Ақылды балақай» этноклубы бойынша көрініс
Білім беру салалары: Таным, Қатынас, Шығармашылық
Бөлімдері: ҚМҰҚ, Тіл дамыту, Музыка.
Мақсаты: Ұлттық ойындарды ойнауға үйрету. Ұлдарға асықтарды көздеп атуға, иіре білуге және түстерін ажыратуды үйрету. Ал, қыз балаларға ұлттық бұйымдарды тани білуге сақиналарды түстері бойынша ажыратып ұлттық бұйымдарды атай білуге үйрету. Балаларды ойындарды ойната отырып тілін дамыту, саусақ қол маторикасын дамыту. Ізеттілікке, жылдамдылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: түрлі-түсті асықтар, сақиналар, қобдишалар, қоржындар, бейнетаспа, бесік, әуен.
Ұйымдастырушылық-оятушылық
Тәрбиеші балаларға бүгін «Ақылды балақай» клубына саяхатқа баратынын хабарлайды. /Балалар жарты шеңбер жасап тұрады/
Сәлемдесу.
Әже: Амансыңдар ма балапандарым.
Балалар: Сәлеметсіз бе? Әже.
Әже: «Ақылды балақай» клубына хош келдіңдер.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге көптеген қонақтар келіпті, қане келген қонақтармен амандасайық.
Балалар: Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп апайды қарашы.
Бәріне біз ізетпен
Иіліп сәлем береміз.
Амина: Амансыздарма!
Ерназ: Қош келдіңіздер!
Айсұлу: Қайырлы күн!
Бекарыс: Төрлетіңіздер!
Айша: Қайырлы таң!
Рауан: Сіздерді көргеніме куаныштымын!
Амина: Здравстуйте!
Рүстем: Good moning!
Балым: Жайғасып жайлы отырыңыздар!
Есдәулет: Төр сіздердікі!
Әже: Балалар «Сәлем сөздің анасы» дегендей өздерін амандасудың көптеген түрлерін біледі екенсіңдер. Келіңдер, отырыңдар, төрлетіңде!
/Балалар кілемнің үстіне жайғасып отырады/
Әже: Балалар сендер дер кезінде келдіңдер мен немеремді ұйықтатып жатыр едім. Сендер «Бесік жырын» білесіңдер ме?
Балалар: Ия, білеміз.
Тәрбиеші: Ендеше балалар әжемен бірге ән айтайық.
Бесік жыры
Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жыламашы құлыным,
Жілік шағып берейін.
Жілігіннің асығын,
Жіпке тағып берейін.
Әлди-әлди ақ бөпем.
Әже: Міне, балалар менің немерем де ұйықтап қалды.
Әже: Балалар сендер бала туралы мақал- мәтел білесіңдерме?
Тәрбиеші: Балалар әжеге білетін мақал- мәтелдерінді айтып беріңдерші.
Балым: Балалы үй – базар,
Баласыз үй – мазар.
Айсұлу: Қыз «Қуыршақ» дейді,
Ұл «Құлыншақ» дейді
Әже: Қарақтарым қандай ақылдысыңдар. Міне, қараңдаршы алдарында дорба жатыр ішінде не бар екен көргілерің келеме?
Балалар: Ия, көргіміз келеді.
Әже: Балалар қараңдаршы мына асықтарды сендер ойнасын деп түрлі- түске бояп қойдым. Мына асық қандай?
Балалар: Бұл көк түсті үлкен асық.
Әже: Үлкен асық қандай малдың асықтары?
Балалар: Сиыр.
Әже: Асықпен ойнаған бала мерген болады. Жылдамдыққа үйренеді. Үлкен –кішіні ажырата алады. Саусақ бұлшық еттерін дамиды.
Тәрбиеші: Дұрыс, айтасыз әже біздің ұлдар асықпен ойнағанды жақсы көреді. Қанеки, ұлдар асықтарды иіріп әжеге көретейікші.
Әже: Ұлдар сендердің қолдарын епті екен, ендеше сендер тәрбиеші апайларынмен асық ойының ойнандар, менім кішкентай ханшайымдарыма арналған тосын сыйым бар соны көрсетейін. /Қыз балалар үстел басына жайғасып отырады/
Тәрбиеші ұлдармен «Хан талапай» ойынын ойнатады.
Әже: Қыздар қараңдаршы мына үстелдің үстінде не тұр.
Қыздар: Сандықша
Әже: Сандықшада не бар екен?
Қыздар: Сақиналар.
Әже: Дұрыс айтасыңдар сақиналар, ал ендеше саусақтарына сақина тағып алыңдар. Сендер тағы қандай әшекей бұйымдарын білесіңдер? Бәріміз теледидарға назар аударайық. /Слайд арқылы көрсетіп сұрақ қою/
Әже: Балалар мына кісіні танисындарма?
Қыздар: Ия танимыз Гаухар апай, ол кісі бізге музыка сабағынан береді.
Әже: Қолына не тағып алыпты?
Қыздар: Бес білезік.
Әже: Ал, мына кісі кім?
Қыздар: Баян Есентаева
Әже: Баян апай шәшіне не тағып алыпты?
Қыздар: Шашбау.
Әже: Дұрыс айтасыңдар, ал мына кісі кім?
Қыздар: Тамара Асар
Әже: Ал, Тамара апай мойнына қандай әшекей бұйым тағып алған?
Қыздар: Тұмар.
Әже: Өте, жақсы Ал мына кісі кім?
Қыздар: Қарақат апай. Қарақат апай құлағына сырға тағып алған.
Әже: Қыздар сендер әшекей бұйымдарды біледі екенсіңдер, енді қыздар «Бір түсті сақина» ойынын ойнайық. /Ақырын дауыспен айтып отырады/
Тәрбиеші: Ұлдар сендермен «Кім мерген» ойынын ойнайық. Ол үшін асықтарды бір қатарға тіземін. Осы асқытарды белгіленген сызық бойынша көздеп атайық.
Тәрбиеші: Сендер асықты мергенділікпен атып ойнадыңдар. Енді осы асықтарды түстері бойынша дорбаға жинайық. Қане, өздеріне ұнаған дорбаларды алып сол түс бойынша асықтарды дорбаға салайық.
Тәрбиеші: Алияр сен қандай түсті асықтарды жинадың?
Бекарыс сен қандай түсті асық жинадың?
Рүстем мен Роллан қандай асық жинапты?
Әже: Кане, қыздар енді ұлдардың жанына барайық бәріміз жарты шеңбер құрайық.
Тәрбиеші: Қыздар сендер немене ойнадыңдар?
Қыздар: Сақиналармен.
Тәрбиеші: Басқа қандай әшекей бұйымдарды көрдіңдер?
Қыздар: Шашбау, тұмар, бес білезік.
Әже: Ұлдар сендерге «Ақылды балақай» клубы ұнады ма? Немен ойнадыңдар?
Тәрбиеші: Балалар әженің «Ақылды балақай» клубынан көп нарсе үйрендік енді әжеге арнап « Ақ әжем» әнін айтып берейік.
Әже: Балалар қыздарыма сақина, ұлдарыма асықты сыйға тартамын, «Ақылды балақай» клубынан ескерткіш болсын, келіп тұрыңдар, сендерге көп рахмет. Құрметті қонақтар «Орамал тон болмайды, жол болады» дегендей сіздерге «Ақылды балақай» клубының атынан жасаған аздаған сыйлығымыз бар, қабыл алыңыздар. / Балалар тілек айтып, қонақтарға дорба тарту етеді/.
Амина: Жолыңыз болсын!
Ерназ: Келіп тұрыңыз!
Айсұлу: Жүзіңізден күлкі кетпесін!
Бекарыс: Денсаулығыңыз мықты болсын!
Айша: Ақ жол тілеймін!
Рауан: Көріскенше күн жақсы болсын!
Амина: Сау болыңыз!
Рүстем: Good bye!
Балым: Үнемі күліп жүріңіз!
Есдәулет: Аман болыңыз!
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенші күн жақсы,
Сау –саламат болайық.
Категория: Дошколенок | Добавил: Кеңесбекқызы (2015-05-11) | Автор: Маутқанова Жаңылтай Кеңесбекқызы E
Просмотров: 1949 | Теги: Жако | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 1:17 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru