Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Қыстың таңғажайып бір күні!
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсініктерін
толықтыру, қыс мезгілінің ерекшеліктері мен
өзгерістерін байқауға, ауызша айта білуге
үйрету. Ойын арқылы есте сақтау дағдыларын
арттыру, тілдерін жетілдіру.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, ойын ойнату,
танданыс сәттері.
Көрнекіліктер: жұмбақ жасырылған қарлар, тапсырмалар,
қысқы сырт киімдер, 2 пима, шырша, қар
макеті, қысқа байланысты суреттер,
аққаланын пішіндері..т.б.
Балалар орындықта отырады.
Жүргізуші: Балалар, қазір қай мезгіл?
Балалар: -Қазір қыс мезгілі.
Жүргізуші: -Міне, қыста келді
Бар қызығын ала келді!
Айналаның бәрі аппақ
Қар басты жапалақ.
-Қысты балалар жақсы көресіндерме?
Балалар: Иә!
Жүргізуші: - Кәні, ендеше, қыс туралы тақпақтарымызды айтайық!
Рамазан: Қыс келді көңілді
Ақ қар жауды әдемі.
Е.Алия: Ойнаймыз біз жалықпай
Шана теуіп зымырап.
З.Айбар: Таза ауа жұтамыз
Қардан аққала жасаймыз.
Н.Жаннұр: Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды.
Ғ.Али: Мұз болады қатады
Жып-жылтыр боп жатады.

Жүргізуші: -Өте жақсы.
-Қыста аңдар түстерін ауыстырады, жүндері
қалын болады.
-Ал, сендер, балалар, қыста қалай киінесіңдер?
Балалар: -Жылы киінеміз.

Е.Санжар: Қыста біз тоңбаймыз
Жылы киім киеміз.

Жүргізуші: -Ендеше, біз қазір ойын ойнаймыз, кім жылдам,
шапшаң екенін білеміз.

Ойын: 1. «Кім тез киінеді?»
(құлақшын, қолғап, күрте немесе тон).
Мақсаты: Балалардың қыс мезгіліне байланысты жылы
киімдерін тануға, ретімен киіне білуге үйрету.
Шарты: Ортаға 2 бала шығады. Әуен ойналғанда, жарысып
қысқы киімдерін кие бастайды. Кім тез киінеді, сол
жеңіске жетеді.
Ойын: 2. «Кім тез жүгіреді?»
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын
арттыру, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Шарты: Ортаға екі бала шығады. Аяқтарына пима киіп,
секіріп, белгіленген жерге тез жету керек. Кім
бірінші жетеді, сол женеді. Ойын 2-3 рет
қайталанады.
Әуен ойналады, топқа Аққала жүгіріп кіреді.
Аққала: -Бұл не шу? Бұл не қызық?
Дауыстарыңды естіп, жүгіріп келдім!
-Мен кіммін, балалар?
-Білсеңдер айтындаршы!
Балалар: -Аққала!
Жүргізуші: -Біз қыс қызығына тоймай қуана-қуана ойнап
жатырмыз.
Кел, ортаға Аққала
Балаларды ойнат жалықпа.
Аққала: -Мен сендермен бірге ойнайыншы, балалар,
ойнатасындар ма?
Балалар: -Иә!
Аққала: -Ендеше, балалар, мына пішіндерден менің
мүсінімді жасап бере аласындар ма? Кім жасайды?

д/ойын: «Аққала жасау».
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін
қалыптастыру, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Шарты: Балалар ортаға шығып, Аққалаға қарап, мүсінін
пішіндерден жасайды. Аққаланың денесі екі
домалақ пішіннен тұратынын, мұрыны үшбұрыш,
көзі қара екенін түсіндіріп айтуға тырысады.
Осы кезде Аққала ұйықтап кетеді.
Жүргізуші: -Аққала-Аққала ұйықтама,
Балаларды қудала!
Балалар қашып, орындарына отырады. Аққала орнына отыра алмаған баланы ұстап алады. Ұстап алған балаға бір сурет (мысалы: қар макетін) көрсетіп, мынау не? Түсі, пішіні қандай? Шыршаның суретін көрсетіп, түсін, пішінін сұрайды. Бала жауап береді.
Аққала: -Жақсы, білімді екенсін балақай. Орнына отыра
ғой.
Жүргізуші: -Енді айтындаршы, қыста не көп жауады?
Балалар: -Қар көп жауады.
Жүргізуші: -Қардың түсі қандай?
Балалар: -Түсі ақ.
Жүргізуші: -Қар қайдан жауады?
Балалар: -Аспаннан жауады.

Жүргізуші: -Мінекей балалар, аспаннан қарлар жауып тұр,
жай қарлар емес, сиқырлы қарлар, сендерге
тапсырмасы бар екен (жұмбақтар).
Жұмбақтар:
1. Тікен-тікен тік пісте
Қысы жазы бір түсті? (шырша)

2. Қыста ғана жауады,
Ұстасан қолын тоңады. (қар)

3. Қыста сүйретеміз,
Отыра ғап, зымыраймыз. (шана)

Аққала: -Мен кетейін, балаларым,
Еріп барад қарларым.
Сендерді күтем алаңда,
Тез шығындар ойынға.
Аққала жүгіріп шығып кетеді.
Жүргізуші: -Балалар, Аққаламыз кетіп қалды.
Ойынымызды өзіміз жалғастырайық. Ойнаймыз
ба, балалар?
Балалар: -Иә!

қ/ойын: «Қар мен мұз».
Мақсаты: Балалардың танымдық қабілетін дамыту, дұрыс
тындап, ойнай білуге үйрету.
Жүргізуші: -Аспаннан қар жауады,
Айналып кеп ұшады,
Ұшып-ұшып айналып,
Жерге қайта қонады.
Балалар ақырындап айналады, жүгіреді. Қар сияқты ұшады.
Жүргізуші: -Ой, балалар, күн аязданып кетті.
Мұз-мұздар қата бастады.
Балалар мұз боп қатып-қалады. Кім қозғалып қалса, сол ойыннан шығады. Ойын 1-2 рет қайталанады.
Сюрприз: «Шанада не отыр?»
Жүргізуші: -Балалар, шанада не отыр?
Балалар: -Қоян.
Жүргізуші: -Қоянның түсі қандай, құлағы ше?
Балалар: -Түсі ақ. Құлағы ұзын.
К.Дамира: Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді.
Жүргізуші: -Балалар, ақ қоян қонаққа құр қол келмепті, сендерге сыйлық ала келіпті. (Сыйлық тарату).
-Міне, балалар, осымен ойынымыз аяқталды.
Демалатын кез келді. Қонақтармен қоштасайық.
Балалар: -Сау болыңыздар!
Категория: Дошколенок | Добавил: saba_cool (2015-05-24) | Автор: Ибраева Бакытжан Шокеевна E
Просмотров: 783 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 2:49 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru