Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Алина Маржан Бахтовна, Семей қаласы, « Бақыт шағын орталығының» тәрбиешісі Көркемдік дағдыларын дамыту (сурет) Тақырыбы: «Тәттілерді біздің балалар өте жақсы көреді» Мақсаты: жұмысқа деген қызығушылықтарын ояту, гуашпен жұмыс жасауда белсенділік, өздеріне таныс кондитерлік өнімдерді қолда бар өнімдермен жасай алу, дөңгелек пішінді салып үйрену, рахат және қарағанды фабрикасы өнімдерімен танысу, өз отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз беттері, гуашь, кистілер, қорапша, Еңсеповтың күйі Алдын ала атқарылатын жұмыстар: қорапшаларды қарау, фантиктерді зерттеп қарау, печенье, қалаштарды ермексаздан жасау. Жүру барысы: Тәрбиеші өзінің тәрбиеленушілерінен тәттілерді жақсы көретінін сұрайды. - Кондитерлік фабрикада жұмыс ісгілерің немесе істеп көргілерің келе ме? Бәрі қалайтынын ескеріп, тәрбиеші қолындағы сиқырлы таяқшаны сермеп қалғанда, бөлмеге кондитер фабрикасының директоры кіріп келеді. (оның ролін тәрбиеші көмекшісі атқаруына болады.). Ол балаларға ұсыныс жасайды. Дүкенде тәттілердің таусылуына байланысты балаларға бірге жасауды тапсырады. Өте дәмді шоколадттарды жасауды олар атқара алатынын, қолдарынан келетінін сұрайды. Ең алдымен қорапша мен қағазды көрсетеді, олар жасалмаған сызықтармен ғана көрсетілген, бүктелмеген қағаздар болады. Балармен бірге көреді. Қалыптардың бос екенін көреген балалар оған кәмпит толтыру үшін не істеу керектігін сұрайды. Арнайы жасалған қалыптарға ермексаздан, жұмсақ иілігіш дүниелерден конфеттер жасайды. Одан кейін краскамен сол жасалған нәрселерді бояуды үйретеді. Дайын өнімдерді машинаға салып, дүкенге апарады. | |
Просмотров: 939 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|