Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Мектеп -бізді шақырады!
Тақырыбы: «Мектеп – бізді шақырады!»
Мақсаты: Балалардың даярлықта алған білімдерінт тексеру,қорытындылау.Балалардың білімдерін пысықтау,өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру.Сөздік қоры мен тіл байлықтарын
дамыту.Үлкендерді құрметтеуге,ұйымшылдыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Шарлар,гүлдер,сандар,әріптер,дидактикалық тапсырмаларға байланысты суреттер,плакаттар.
Әдісі: Ертеңгілік.

Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар сап бойынша ортаға келіп тұрады.
ІІ. Кіріспе бөлім
Тәрбиеші:
-Құрметті,ата-аналар,ұстаздар,қонақтар,бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп,білім нәрімен сусындап,оң,солын танып,білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып,мына өлең жолдарын арнағым келеді:
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!
Балалар: -Рақмет.
Тәрбиеші:
-Балалар,бәріміз бірге Қазақстан Республикасының Әнұранын айтайық.
(Балалар Әнұранды орындайды).
Тәрбиеші:
- Құрметті,ата-аналар,ұстаздар,бүгінгі біздің бүлдіршіндерімізге арналған: «Мектеп-бізді шақырады!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
-Олай болса бүгінгі қоштасу кешімізге арнап жаттаған балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар!
К.Алихан: Үлкендердей тап-таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламын,
Жүретіндей мақтана.

С.Алихан: Күннің нұры шуақты,
Сергітеді денемді.
Құрдастарым сияқты,
Оқушымын мен енді.

Дана: Қуан,шаттан,алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсыз.
Ер жетті деп бөбегім,
Ата-анамыз қуансын.

Гүлназ: Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығармыз.
Қуантып ата-ананы,
Таза сәби жүрекпен
Айтамыз сізге мың алғыс.

Нұржан: Нағыз білім ырыс-бақ,
Дүниені тұр ұстап.
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап.

Аида: Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Ата-ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз.

Данара: Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып даярлық топпенен,
Біріншіге барамыз.

А.Темірлан: Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып,ән жаттап,
Оқып,жазып үйрендік.

Алдияр: Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.

Аяжан: Қоштасып мен бүгін балалықпен,
Қоштасып сиқырлы даярлықпен.
Танысып мектеп деген әлемменен,
Достасамын,білімменіданалықпен.

Амина: Бестік болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табармыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.

Ж.Темірлан: Биыл алты жастамын,
Кітапты оқи бастадым.
Әріптерді танып мен,
Енді жаза аламын.

Назерке: Биыл күзде мектепке,
Бірінщіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер,қаламым.

Азиз: Шықтық бүгін алға енді,
Даярлық топ қош енді.
Қадам бастық есейіп,
Қызық өмір алда енді.

Нұрай: Қуанамыз,сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Дайындық топты қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.

Мәди: Мектеп қамқор анамыз,
Оқып,білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз.

Қалдияр: Еткен еңбек жемісі,
Ақылды деп санаңыз.
Білім әлем көгіне,
Қанат қағып ұшамыз.

Тәрбиеші:
-Рақмет,балалар,орындарыңа отыруларыңды сұраймын!
( Балалар орындарына отырады).

Тосынсый сәті:
Есік қағылып,қонаққа «Әліппе» келеді.
Тәрбиеші:
-Балалар,естіп тұрсыңдар ма,бізге біреу келген сияқты?!
(Әліппе топқа кіреді).
Әліппе:
-Сәлеметсіздер ме,ата-аналар,ұстаздар,балалар!Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!
Балалар:
-Сәлеметсіз бе!Рақмет.
Әліппе:
-Балалар,мені таныдыңдар ма,мен кіммін?
Балалар:
-Иә,таныдық сіз Әліппесіз.
Әліппе:
-Дұрыс айтасыңдар,балалар,мен Әліппемін.Мені сендерге « Білім ханшайымы»: -балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер,- деп жіберді.Менің қолымда «Білім ханшайымының»беріп жіберген бірнеше тапсырмалары бар.Олар:
І-тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.
ІІ-тапсырма: Сауат ашу оқу іс-әрекетінен.
ІІІ-тапсырма:Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу іс-әрекетінен.
ІV-тапсырма: Өз өнерлеріңді көрсетіңдер.
-Балалар,осы тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?
Балалар:
-Дайынбыз.
Әліппе:
І-тапсырма:
-Біз қай мемлекетте тұрамыз? (Біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз).
-Елордамыз қай қала? ( Елордамыз Астана қаласы).
-Елбасымыз кім? ( Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев).
-Қазақстан Республикасының рәміздерін атап беріңдер.( Қазақстан Республикасының рәміздері Ту,Елтаңба,Әнұран).
-Неше жыл мезгілі бар,қандай? (Төрт жыл мезгілі бар:қыс,көктем, жаз,күз).
-Бір аптада неше күн бар және қандай? (Бір аптада жеті күн бар:дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі).
Әліппе:
-Жақсы балалар,келесі тапсырма сауат ашу оқу іс-әрекеті бойынша.
ІІ-тапсырма:
-Дыбыстар нешеге бөлінеді? (Дыбыстар екіге бөлінеді:дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыс болып).
-Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз? (Дауысты дыбыстарды қызыл түспен белгілейміз).
-Дауыссыз дыбыстарды ше? (Дауыссыз дыбыстарды көк түспен белгілейміз).
-Мен сендерге әртүрлі заттардың суреттерін көрсетемін,сендер ол суреттегі затты атап,мына жатқан әріптерден сол зат атауын құрап жазуларын керек.
(Балалар тапсырмаларды орындайды:сағат,алма,күн,доп).
Әліппе:
-Жарайсыңдар,балалар!
Тәрбиеші:
-Әліппе,біздің балалар әріптер туралы тақпақ та біледі екен,қане тыңдап көрші!
Әліппе:
-Жарайды.
А-әрпі Гүлназ: Ата-ананың тірегі,
Адам болып өскенің.
Адамдардың тірегі
Адал болып өскенің.

Л-әрпі Дана: Тастан тасқа секірді,
Ұзын салпаң құлақты.
Қойдан маза кетірген,
Кім білмейді лақты?!
Мен боламын «Л»әрпі.

Т-әрпі Амина: Түлкі,тазы,тотықұс,
Тырнаны соған қосыңыз.
Басталар «Т»-дан басталар,
Терек,тарақ,тасыңыз.

Ш-әрпі Аяжан: Шананың да,шардың да,
Мен тұрамын алдында.
Менен ғана басталар,
Шұғыла да,шалғын да.
Ө-әрпі Нұржан: Ө-дегенім өрік,талға берер көрік.
Ғ-әрпі Ж.Темірлан: Ғ-дегенім-ғалым,татқан білім балын.
С-әрпі Азиз: С дегенім-су,сумен қолды жу.
М-әрпі Н.Нұрай: М дегенім-мысық,отыр көзін қысып.
Әліппе:
-Рақмет балалар.
-Келесі ІІІ-тапсырма:Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу іс-әрекетінен:
-1-ден 20-ға дейін кері және тура санап беріңдер.(Балалар 1-ден 20-ға дейін кері және тура санайды).
-Есеп: Теңдіктер дұрыс шығу үшін бос торкөздерге жетпей тұрған заттарды орналастыр( 3 алма + 5 алма = 8 алма; 5 қалам – 3 қалам = 2 қалам; 4 гүл + 2 гүл = 6 гүл; 7 шар – 4 шар = 3 шар).
-Жақсы балалар,есепті жақсы шығарды екенсіңдер.Сендер әріптер туралытақпақ айттыңдар,ал сандар туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар:
-Иә білеміз.
Әліппе:
-Олай болса айтып беріңдерші.

1-саны Мәди: Мені келсе білгің.
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрамын.

2-саны А.Темірлан: Бірден кейін тұрамын,
Бірден кейін тұрағым.
Бірді бірге қосқанда,
Мен шығамын шырағым.
3-саны С.Алихан: Екіден соң әрқашан,
Үш саны мен тұрамын.
Орныма барамын,
Екі айшық саламын.

4-саны Нұрай: Үш сызықтан аяғым,
Оқушылар қояды.
Төрт дегенің баяғы,
Төрт түліктің аяғы.

5-саны Нұржан: Төрттен кейін бесті,
Білу оңай десті.
Санашы бір қолыңның саусағын.
1,2,3,4,5.

6-саны Ж.Темірлан: Мен өзімді қатарға,
Бестен кейін тұрамын.
Беске бірді қосқанда,
Саны шығар алты боп.

7-саны Данара: Қара мына қызықты,
Көсеуді ұмытты.
Жеті болам бір тартсаң.

8-саны К.Алихан: Менің атым сегіз,
Жетіден соң десеңіз.
Жазылғанда қос дөңгелек,
Бел ортамнан сызықты.

9-саны Назерке: Сегізден кейін тоғыз,
Алтыны төбесінен тұрғыз,
Сонда боламын тоғыз.

10-саны Алдияр: Тоғыздан кейін тұрамын,
Мен боламын он саны.
Беске бесті қосқанда,
Болып шығар он саны.
Әліппе:
-Балалар,сендерге рақмет.Тақпақты жақсы айтады екенсіңдер.Енді біздің
ІV-тапсырмамыз: өз өнерлеріңді көрсетіңдерші.
Тәрбиеші:
-Рақмет саған,Әіппе.Тапсырмаларың өте қызықты екен,сендерге Әліппенің тапсырмалары ұнады ма? (Балалардың жауаптары).
-Енді сенің ІV-тапсырман бойынша балалар өз өнерлерін көрсетеді,сен отырып тамашала.
Хор: « Мектебім,аяулы мектебім» әні.

1. Мектебім, аяулы мектебім,
Өзінсің өмірдің көктемі.
Нәр алып, қолымды созамын,
Арманға көктегі.
Мектебім келеміз тағыда,
Күн сайын өзіңді сағына.
Сыңғырлап соғылды қоңырау,
Бар бала бағына,
Қайырмасы:
Мектебім, аяулы мектебім,
Бағында гүлдей боп көктедім.
Өзіңсің білімнің бұлағы,
Нәр алып келемін.
2. Келеміз куанып біз дәйім,
Мектебім, сен жайлы жыр дайын.
Айқара есігін ашады,
Қарсы алып күн сайын.
Мектебім, өзінді сүйемін,
Білімді санама түйемін.
Аяулы ұстаздар алдында,
Басымды иемін!

Тәрбиеші:
-Қыздарымыздың орындауындағы «Қамажай» биін тамашалаңыздар.

-Біздің тобымыздағы әнші қызымыз Оралбекова Гүлназдың орындауындағы «Қазақ қызы» әнімен қарсы алыңыздар.

-Үсенова Дана Үнді биін билейді.

-Хор: ән «Мұғалім-ол біздің»

Білімнің кілтіндей
“Әліппе” ұстатқан,
Оқуға іркілмей
Тоқуға ұстартқан.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.

Қиынға төзуге
Үйреткен қашанда,
Жаманнан безуге,
Жақсылық жасауға.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің

-Асылбекова Нұрай «Ча-ча-ча»биі.

Әліппе: (ортаға шығады)
-Блалар сендер маған қатты ұнадыңдар.Барлықтарың білімді,өнерлі екенсіңдер.Жаз айында жақсы демалып келіңдер, 1-қыркүйекте кездесетін боламыз,ал қазір мен кетейін,баратын жерлерім көп,сау болыңдар!
Балалар:
-Сау болыңыз!
ІІІ.Қорытынды
Тәрбиеші:
-Құрметті,біздің ата-аналар,ұстаздар!Балалар біздің болашағымыздың ертеңі,осы ұрпақтық бойына ізгілік нұрын себу мына сіздер мен біздің міндетіміз.
Айналайын гүлдерім,
Айым менің күндерім
Маған қызық тілдерің
Естен кетпес күндерің
Сендердікі болашақ
Өтер балғын жастық шақ
Озат болып оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар.
«Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
-Бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап,шығарып салғалы отырмыз.осы балаларға сәт-сапар тілей отырып,мектебіміздің директорына сөз кезегін берсек.(Балаларға куәлік тапсыру).

-Келесі сөз кезегін ата-аналар, өздеріңізге берсек.
Категория: Дошколенок | Добавил: Мака (2015-06-27) E
Просмотров: 1489 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 6:58 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru