Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Кітап- білім бұлағы
Сабақтың тақырыбы : « Кітап білім бұлағы».
Сабақтың мақсаты:1. Балаларға кітаптан білім алатындығын, оны шығару үшін көп адам еңбек ететіндігі жайлы білім беру.
2. Есте сақтау, түсіну дағдыларын дамыту.
3.Кітапты күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: ескі, лас, жаңа кітаптар, авторлар портреттері.
Әдіс тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, баяндау .
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Кітап жайлы жұмбақтан бастау.
- Балалар, сөзі дана
Үні жоқ. Сөйлемейді
Тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем, деген жұмбақтың шешуін кім айтар екен?
- Кітап .
- Неге олай ойлайсыңдар?
Балалардың жауабы?
-Балалар менің қолымда сендерге арналған кітап тұр. Сыртына, ішіне қараңдар, қаншама қызықты әңгімелер, ертегілер, жұмбақтар, мақал мәтелдер, әдемі суреттер бар. Біз осының оның бәрін бірге оқимыз. Біздің бөлмеде кітаптар тұр.
- Оның ішінде қандай кітап жақсы?
Балалардың жауабы.
-Сендерге үйде кім қандай кітаптар оқып береді?
-Балалар, ақын Мәриям Хакімжанованың жазған мына өлеңін мен сендерге оқып беремін мұқият тыңдаймыз.
Оқы, ойна!
Бөбектерім, оқы, ойна!
Оқу- білім саған пайда,
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.
Қолыңды жу, тырнағыңды ал,
Болсын таза бет орамал,
Мұнтаздай боп мектепке бар.
- Балалар, менің қолымдағы мына кітапқа қараңдаршы. Мынау қандай кітап?
- Сырты жаман, жыртылған , сызылған. Орнымыздан тұрып, мына кітап көрмесінің жанына келейік. Жаңа кітаптарды көрсетіп:
- Сендерге қандай кітап ұнайды?
Балалардың жауабы
- Балалар, «кітабыңның шетін жыртып, сияменен бояп қойма» дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауабы
Кітапты жыртсаң беті жоқ болады,сиямен боясаң оқи алмай қаласың. Оқуға қандай болып бару керек дейді?
- Қолды жуып, тырнақты алып бару керек.
- Балалар, «мұнтаздай» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Тап таза, ұқыпты.
- Дұрыс. Кітаптың беті таза болу үшін арасына қағаз немесе жіп салып қою керек.Балалар, енді сендерге ақын Нәсіпбек Айтовтың мына өлеңін оқып берейін.
Оқулық
Саған білім жемісін
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін
Маңдай терін төгеді.
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.
- Балалар, «білім жемісі» дегенді қалай түсінуге болады? Мысалы шие, өрік, алма ағаштары көп жеміс салады. Оның бірнешеуін жеп тоямыз. Ал кітаптың бір бетін оқығаннан көп білеміз, неғұрлым көп оқысақ, соғұрлым көп білеміз. Ендеше білімнің жемісі көп оқу екен. Кітап шығару үшін кімдер еңбек етеді?
Балалардың жауабы
- «Маңдай терін төгеді» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Көп жұмыс істеп терлейді.
- Иә, балалар, сендерге қызықты кітап болып қолдарыңа жету үшін, оны жазады, теріп басады, суретшілер сурет салады.
- Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян.
-Енді «Білім» туралы өлең оқып берейін тыңдап отырамыз.
Білім
Ұзын, ұзын,ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың,
Қанып ішкен бар ма екен?
ІІІ. Қорытынды
- Балалар, сонымен біз не жайында білдік?
- Екі өлеңнің ұқсастығы неде?
- Екі өлең де кітап жайлы.
- Кітапты шығару үшін кімдер жұмыс істейді?
- Кітапты қалай ұстауымыз керек? Балалардың жауабы
- Кітапты оқып біткен соң кімге сыйлаймыз?
-Дұрыс. Сондықтан кітапты күтіп ұстауымыз керек.
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды атап өтіп, мадақтау.
Категория: Дошколенок | Добавил: Мака (2015-10-16) E
Просмотров: 1218 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 0:32 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru