Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған «Балабақшам -«Балдәурен» атты ойын-сабақ.
«№4 «Балдәурен» ясли-бақшасы» КМҚК
Мұхаметқалиева Кенжегүл Ақанқызы, қазақ тілі мұғалімі
Бейсекенова Айжан Ақылбайқызы, ағылшын тілі мұғалімі

22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының
тілдері күніне арналған
«Балабақшам -«Балдәурен» атты ойын-сабақ.

Мақсаты : Балабақша туралы түсінік бере отырып, жаңа сөздерді үйрету. Өткен тақырыптарды қайталау.
Міндеттері:
1.Білімділік: «Сенің атың кім?», «Сен неше жастасың?» сұрақтарына қазақ және ағылшын тілдерінде жауап беруді жетілдіру, «Сен қай балабақшаға барасың?» сұрағына жауап беруді, жаңа сөздерді үйрету. Диалог түрінде сөйлесуді, сөзді дыбыстау мәдениетін қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Сөздік қорды, зейінді, байланыстырып сөйлеуді, мәнерлеп айтуды, шығармашылық қабілетті дамыту.
3.Тәрбиелік: Өз балабақшасына, қазақ, ағылшын тілдеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, тілдік жаттығулар, дидактикалық ойындар.
Қажетті құрал-жабдықтар: балабақша туралы суреттер, тірек суреттер, ойыншықтар, қоржын, доп, қолшатыр, жұлдызшалар.

Топта көңілді музыка әуені ойнап тұрады.
Қазақ тілі мұғалімі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балаларға өздерінің тобы туралы мақтау өлеңін айтуды ұсынады.
Балалар: Сәлемдеседі. Орындарынан тұрып:
Алақай!Алақай!
Қуанады балақай!
Біздің топ – бала көп.
Біздің терезе, анау тұрған кебеже
Біздің кілем, әдемі ғой білем.
Мынау – үстел,
Мынау – орындық
Келіп оған отырдық - деп айтады.
Қазақ тілі мұғалімі: Балабақша бейнеленген суреттерді көрсете отырып, балабақша туралы әңгімелейді. Сөздерді меңгертеді. «Сенің атың кім?», «Сен неше жастасың?» сұрақтарына жауап беруді қайталатады. Келесі сұрақтарға жауап беруді қалыптастырады:
-Балалар, мынау не?
-Сен қай балабақшаға барасың?
-Біздің балабақша қандай?
-Айгүл Сәрсенгалиевна кім?
Қазақ тілі мұғалімі: Балалар, тәрбиеші балаларды тәрбиелейді. Қазақ тілі мұғалімі балаларға қазақ тілін үйретеді. Біздің топтың балалары өте тәрбиелі, қазақ тілін жақсы білуге тырысады. Қане, балалардың тақпақтарын тыңдап көрейікші.
Злата, Богдан:
Тәрбиелі баламыз
Ақылдымыз, данамыз.
«Қайырлы күн болсын!» деп
Амандасып аламыз.
Надя:
Тәрбиелі баламын
Ақылдымын, данамын.
Тілін біліп қазақтың
Мен дарынды боламын.
Полина Гаак:
Тәрбиелі баламын
Ақылдымын, данамын.
Қазақ тілін аялап,
Жақсы сөйлей аламын.
Полина:
Тәрбиелі баламын
Ақылдымын, данамын.
Өнер алды - тіл деген
Тіліңді таза біл деген.
Қазақ тілі мұғалімі: «Балабақша» суретін пайдаланып, тірек суреттер арқылы сөйлем құрастыруға шақырады.
Балалар: Суреттерді тамашалап, сұрақтарға мұғалімнің көмегімен жауап беруді үйренеді. Жаңа сөздерді еске сақтайды.
Мысалы: Менің атым – Полина. Мен бес жастамын. Мынау –балабақша. Мен «Балдәурен» балабақшасына барамын. Балабақшада ойыншықтар көп. Біздің балабақша – үлкен, әдемі, таза.
Қазақ тілі мұғалімі: Балаларды сергіту сәтіне шақырады. Балалар орындарынан тұрып, бой сергіту жаттығуларын жасайды.
Аю, қасқыр, жолбарыс,
Арыстан, піл, барыс
Ойыншықтар тұрыңдар,
Ойын-сауық құрыңдар.
Кенет жаңбырдың жауғаны естіліп, топтың есігі қағылады. Есікті топтың бір баласы ашады. Топқа Мисс Фифи кіреді.
Мисс Фифи: -Hello!
Бала: - Hello!
Мисс Фифи: - Is this kindergarten? Мынау балабақша ма?
Бала: - Yes, this is kindergarten. Иә, мынау – балабақша.
Мисс Фифи: - What is your name? Do you go to kindergarten «Arman»? Сенің атың кім? Сен «Арман» балабақшасына барасың ба?
Бала: My name is Eldar. No, I don’t. I go to kindergarten «Baldauren». Менің атым – Эльдар. Жоқ, мен «Балдәурен» балабақшасына барамын.
Мисс Фифи «Арман» балабақшасын таба алмай адасып, жаңбырдың астында қалғанын айтады. Мұғалім мисс Фифиден қонақ болып кетуін, балалармен жақын танысуын өтінеді.
Қазақ тілі мұғалімі: Мисс Фифи, біздің де балалар ағылшын тілін де жақсы біледі. Енді балалардың білімі мен өнерін тамашалаңыз.
Ағылшын тіліндегі диалог және жаңбыр туралы ән орындалады.
Екі қыз ортаға шығып, өзара сұхбаттасуды бастайды.
Злата: Hello, Aisara!
Айсара: Hello, Zlata!
Злата: Why are you sad?
Айсара: It’s rainy.
Rain on the grass,
And rain on the tree,
Rain on the house-top,
And on me
Злата: Rain, rain, go away,
Come again another day,
Little children want to play
Don’t be sad
Айсара: OK
Айсара, Злата: Let’s sing
Ән: «Rain, rain, go away»
Rain, rain, go away,
Come again another day,
Little children want to play
So rain, rain, go away
«Ғажайып алаң» дидактикалық ойыны. Шарты: Мұғалім балаларды екі командаға бөледі. Балалар кезекпен келіп, айналмалы діңгекті айналдырып, оның тілі қай түсті асықты көрсетсе, сол түстің сұрағына екі тілде жауап береді. Мысалы: қызыл – Сенің атың кім?
Жасыл түс – Сен неше жастасың?
Көк түс – Сен қай балабақшаға барасың?
Сары түс – Біздің балабақша қандай?
Алтын сақа – тосын сый (сұрақтарға барлығы бірігіп жауап береді немесе сол баланы мақтайды. Мәселен: Біздің Яна – әдемі (ақылды, жақсы). Жарайсың, Богдан т.б.)
Қазақ тілі мұғалімі:
Ойын-сабаққа белсенді қатысқан балаларды сыйлықпен марапаттау. Мисс Фифиді шығарып салу.
Категория: Дошколенок | Добавил: гульнараж (2015-10-22)
Просмотров: 2192 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 11:24 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru