Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Технологическая карта интегрированной ОУД по теме "Воздух"
Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің ашық көрсетілімінің
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

ШҚО Семей қаласы
«№3 ясли-бақша»
Тәрбиеші: Айтжанова Роза Айтқазықызы, II санатты

Білім беру саласы: «ТАНЫМ»
Бөлімі: ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУ
Пәнаралық байланыс: ҚАТЫНАС, ДЕНСАУЛЫҚ
Тақырыбы: «АУА-ТІРШІЛІК КӨЗІ»
Педагогтың мақсаты: Баланың әртүрлі танымдық іс-әрекеттерінде зерттеуге қызығушылықтарын арттыруда білім беру салаларын кіріктіру.
Балалар үшін мақсат: Шығармашыл тұлға дамыту үшін балада танымдық және коммуникативті құзіреттіліктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: логикалық ойлауын, тәжірибе өткізу дағдыларын дамыту; ойлау, талқылау, дәлелдеу дағдыларын дамыту;
Білімділік: Балалардың ауа туралы түсініктерін кеңейту, ауаның қасиеті туралы ұғымдарын арттыру;
Тәрбиелік: Қоршаған ортаға жауапкершілігін, қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: зерттеу әрекеті, саяхат
Құралдар мен көрнекіліктер: желдеткіш, полиэтилен қаптары, , суы бар ыдыс (стакан, тәрелке), шырын ішетін түтікшелер, кепкен топырақтар, «Бақылаудың күнделігі», алжапқыштар, бөлме өсімдігі (банкамен жабылған)
Сөздік жұмысы: таза ауа, тіршілік, мөлдір, зертхана
Билингвальдік компонент: қайырлы таң-доброе утро-good morning, рахмет- спасибо- thank you, сау болыңыз- досвидание- good bye, ауа-воздух-аіr
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: тыныс алу жаттығуын жаттау, тақпақ жаттау

Іс-әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің
іс-әрекеттері Балалардың
іс-әрекеттері

Мотивациялық-
қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу рәсімі «Күн мен ауа, су мен жер»
Есік қағылып, Дымбілмес келеді.
Дымбілмес: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Не істерімді білмеймін. Біз білгішбек екеуміз бәстестік. Мына гүлді банкамен жауып қойып едім, Білгішбек айтты гүлге ауа аз жетпейді, Жан-жағымыздың барлығы ауа деді. Мен оған сенбеймін. Ауа деген не ол, көріп тұрған жоқпын.
Тәрбиеші: балалар, Дімбілмеске көмектесеміз ба?
Ендеше осы сұраққа жауап беру үшін, мен Дымбілмеспен сендерді зертханаға шақырамын, Дымбілмес гүлді алып жүр.
Балалар «Бақылаудың күнделігіне» белгілеп отырамыз. Балалар шеңберге тұрады.
Қызығушылық танытып, мәтінге сай қимылдар жасайды.

Дымбілмеспен амандасады.

Балалар Дымбілмеске көмектесуге келіседі.
Зертханаға баруға қызығушылықтары туады.

«Бақылаудың күнделіктерін» алады.

Ұйымдастыру –
іздестіру Тәжірибе №1. Біздің айналамызда, топта ауа бар ма? Тексеріп көрейік. Қане, қолдарыңа желдеткішті алып, бетімізді желпіп көрейік. Не сездіңдер?
Заттарды қозғалтқанда жел пайда болады. «Бақылаудың күнделігін» ашып, 1 санын тауып алыңдар. Айналамызда ауа бар екеніне келіссеңдер, көк түсті дөңгелекті бос торға жабыстырыңдар.
Қортынды: Айналамызда ауа бар.
Тәжірибе №2. «Дорба»
Балалар, мына себетте нелер жатыр?
-Түстері қандай?
-Балалар, мына доптарды дорбаға салыңдар.
-Дорба толды ма?
-Енді бос дорбаны үрлеп, ішіне ауаны толтырайық.
-Балалар, ауа көрінеді ма?
Ауа мөлдір, көрінбейді, келіссеңдер көк түсті белгілеңдер.
Сонымен ауа бізді қоршап тұрады.
Қортынды: Ауа мөлдір, көрінбейді.
«Бақылаудың күнделігіне» белгі салу

-Дымбілмес, сен білесің бе, суда да ауа бар.
Дымбілмес: Суда да ауа бар ма? Ол қалай сонда?
Онда балықтарға барып, бақылайық.
(Әуен ойналады).
Ғажайып сәт: «Алтын балық».
Осы кезде судан Алтын балық шығады.
Алтын балық: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Здравствуйте, дети! Нello,
Дымбілмес: Алтын балық, балалар айтады, мына суда да ауа бар деді.
Алтын балық: Иа, балалар дұрыс айтады, судың ішінде де ауа бар, судағы балықтар да ауамен дем алады. Саған дәлелдеп берейікші.
Тәжірибе №3. Мен сендерге сиқыр затты – ауаны көруді ұсынамын. Қолға түтікшені алып суға үрлеңдер.
Не көріп тұрмыз? (Ауаны)
Қортынды: Судың ішінде де ауа бар
Дымбілмес: Ой, мына жағдайды бақылаудың күнделігіне белгілеп алу керек қой.
Алтын балық: Балалар сендер шаршаған шығарсыңдар, барлығымыз бірге бой сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Arms up
Arms down
Arms on hips
Arms down
Clap your fit
Clap, clap, clap
Tap your fit
Tap tap tap
Тәрбиеші: Алтын балыққа рахмет айтайық, бойымызды сергітіп, дем алып қалдық.
Алтын балық: Сендерге де рахмет балалар, менде сендерді көріп қуанып қалдым, мына көпіршіктер сендерге арналады.
(Көпіршіктер шығады.)
Алтын балықпен қоштасу.
Дымбілмес: Айналамызда, суда да ауа бар екен. Енді тағы да қайда ауа бар екен?
Тәрбиеші: Иә, топырақта да ауа бар, зерттеп көрейік.
Тәжірибе №4. Топырақпен зерттеу жасау.
Тәрбиеші: Мына топырақты суға тастайық. Не байқадыңдар?
Қортынды: Топырақта да ауа бар.
«Бақылаудың күнделігіне» белгілеу

Тәрбиеші: Айналамыздың бәрі ауа екен, ең таза ауа қайда бар деп ойлайсыңдар?
Неге?
Дымбілмес гүлді алып жүр, орманға апарайық.
Олай болса орманға барып, таза ауамен тыныстайық.
Орманға келдік, отырып, таза ауамен демалайық.
Таза ауа-чистый воздух қайталайықшы.
Тәрбиеші: Бізді ауа қоршайды, біз ауамен демаламыз. Өсімдіктерге, балықтарға, адамға, барлығына ауа керек. Ауасыз тіршілік жоқ.
Ауа болмаса не болады?

Ауа таза болу үшін нелер қажет?

Қортынды: Ең таза ауа орманда.
«Бақылау күнделігіне» белгілеу

Енді таза ауамен тыныс алып, жаттығу жасайық.
Босаңсытып денені,
Бей жай күйге кел енді,
Басты көтер, тік ұста!
Емін-еркін тыныста,
Қане, «Ү-п!»-деп айтайық.
Демді ішке тартайық.
Енді, «У-һ...» - деп айтайық,
Демді шығар қайтарып!
Қолдарына желдеткіштерді алып, беттеріне желпиді.

Желді сезгендерін айтады.
«Бақылаудың күнделігене» түсті таңдап, бос тор көзге белгі қояды.

Себетте доптар бар екенін айтады.
Түстері сары, көк, қызыл.
Дорбаға доптарды салады.

Дорбаның толғанын айтады.
Бос дорбаларға үрлеп, қысып ұстайды.
Ауаның көрінбейтінін айтады.

Ауа мөлдір, көрінбейді деп қайталап айтады. «Бақылаудың күнделігіне» белгі салады.

Балалар аквариумдағы балықтарды бақылап, өз пікірлерін айтады.
Алтын балықтың пайда болуына қызығушылық танытады.
Алтын балықпен амандасады.

Алтын балықты мұқият тыңдайды.
Алтын балықпен зерттеу жасауға қуана келіседі.

Қолдарына түтікшелерді алып, суға салып, үрлейді.
Дөңгелектер шығып жатқанын айтады.

«Бақылаудың күнделігіне» белгі салады.

Алтын балықпен бірге мәтін бойынша сөздерді қайталап, қимыл-қозғалыспен жаттығу жасайды.

Алтын балыққа рахмет айтады.

Балалар көпіршіктерге таңырқап, қуанады.

Алтын балықпен қоштасады.
Тағыда қайда ауа бар екеніне қызығушылығы туады.

Ыдыстағы суға топырақтардан алып, ақырын суға салады. Дөңгелектер шығып жатқанын байқайды. «Бақылаудың күнделігіне» белгі салады.

Ең таза ауа орманда болады.
Өйткені онда көліктер жүрмейді, зауыттар жоқ, қала жоқ.

Орманға келіп отырады, таза ауамен тыныстайды.
Таза ауа-чистый воздух деп қайталайды.

Ауа болмаса адамдар, жануарлар дем ала алмайды, өсімдіктер өспейді.
Орман, теңіз, ағаш отырғызу керек, Өсімдік –табиғатқа қорғаныс.
Тақпақ оқып береді.
Жер шары дәу әлем,
Қоршаулы ауамен.
Ауассыз кім шыдар,
Ауассыз тұншығар.
«Бақылау күнделігіне» белгі салады.
Жаттығу жасауға қуана келіседі.

Мәтін бойынша сөздерді қайталап, қимылдар жасайды.

Рефлексивті - түзетушілік Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіндегі алған білімдерді бекітейік.
-Балалар күнделігімізді ашып, қандай зерттеулер жүргіздік?
-Сендерге не ұнады?
-Неліктен саған ұнады?
Сонымен, ауа бізді қоршайды.
Адам ауасыз өмір сүре алмайды.
Ауа тіршілік көзі.
Тәрбиеші: Балалар, айналамыздағы әлемге, бір-бірімізге тілектерімізді білдірейік.

Дымбілмес: Балалар, сендерге көп рахмет, мен сендерден көп нәрсе үйрендім, сендермен өзімнің тәттілеріммен бөліскім келеді.
Балаларға шоколадттар таратады.
Дымбілмеспен қоштасу. (Үш тілде)
Балаларға жұмысқа белсенді қатысқандары үшін алғысын білдіреді.
Серуенде ауаны тағы да бақылайтыңдарын айтады.

Балалар күнделіктерін ашып, жүргізген зерттеулері жайлы әңгімелейді.

Мұқият тыңдап, келіседі.

Суреттерді таңдап, тақтаға іліп, өз тілектерін айтады.
Аспанымыз ашық болсын.
Деніміз сау болсын.
Бейбітшілік болсын.
Гүлдей әдемі болайық.
Осы ағаштай жайқалып өсейік.
Жан-жануарларымыз аман болсын.
Астық мол болсын.
Достарымыз көп болсын.
Еліміз гүлдене берсін.
Дымбілместің тәттілерін алып, қуанады, рахмет айтады.
Дымбілмеспен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Педагог үшін:
ҚР МБС талабын жүзеге асыруда білім беру салаларын кіріктіру негізінде педагогкалық үрдістің біліктілік деңгейін жоғарлату.
Балалар үшін:
Нені білу керек: Балалар ауаның қасиеттерін білуі.

Нені игереді: Ауаның адам өміріндегі рөлі туралы түсініктің болуы.

Нені біледі: Сұрақтарға толық жауап беру, өз ойларын жеткізе білу, тәжірибеге белсенді қатысуы.
Категория: Дошколенок | Добавил: natusel (2015-10-28) | Автор: Айтжанова Роза Айтқазықызы E
Просмотров: 839 | Теги: воздух, ознакомление с окружающим миром | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 7:02 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru