Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Топ: Дайындық Білім беру саласы: Қатынас Бөлім: Қазақ тілі Тақырыбы: «Біздің ойыншықтар» Мақсаты:Өткен тақырыптар бойынша меңгертілген білімдерін тиянақтау. Міндеттері:1.Диалог түрінде әңгімелесу дағдыларын кеңейту. 2.Ойыншықтар туралы сөйлем құрастыра білу қабілеттерін дамыту. 3.Өйыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу. Сөздік: тақырып бойынша үйренген сөздерді қайталау. Әдіс-тәсілдер: сәлемдесу, қайталау, тақырыпты табу, суретті жұмбақ Мотивациялық – қозғаушылық . Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. 1.Сұрақ-жауап (сұрақтар магнитофонда жазылған) -Сенің атың кім? -Менің атым Таня. -Сен неше жастасың? -Мен алты жастамын. -Сен қайда барасын? -Мен балабақшаға барамын -Тәрбиешінің аты кім? –Тәрбиешінің аты ... -Қазір қай жыл мезгілі? – Қазір күз мезгілі. 2. «Кубизм» әдісі – «Күз» Ұйымдастырушылық – ізденістік ІІ. Балалар бүгінгі тақырыпты өздерін шешіп көріндер. 1.Тапсырма: «Суретті жұмбақ» (слайд арқылы) -Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелесеміз? (Жауап) -Дұрыс, бүгінгі тақырыбымыз «Ойыншықтар». 2.Орталықтарда жұмыс. • Фонетикалық жаттығу: «Қ», «І» - дыбысы бар сөздерді тап. • Ойын орталығы: Ұлттық ойын «Теңге алу» • Сурет орталығы: «Нүктелерді қос, ойыншықты ата» «Сөреде не болды?» • Тіл дамыту орталығы: Сөйлем құрастыру. (білім деңгейі бойынша) Мынау ойыншық қоян. Мынау ойыншық қоян.Ойыншық қоян кішкентай. Менде әдемі, үлкен ойыншық қуыршақ бар. Рефлексиялық - түзетушілік ІІІ. Қорытындылау. Тапсырма: «Айтқанымды белгіле» Рефлексия. Мадақтау, қоштасу. Білу: ойыншықтар атауларын. Игеру: қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата алуды Меңгеру керек: ойыншықтарына ұқыпты қарау керек екенін | |
Просмотров: 793 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|