Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Су құпиясы
Ашық сабақ. (Мектепке дейінгі тәрбие).
Сабақтың тақырыбы: «Су құпиясы»
Мақсаты: Су және оның маңызы, құпиясы туралы білімдерін тереңдету.
Білімділік: Су –тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті,құпиясы туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:суреттер, су, сүт, қасық, бояу түрлері, шырын, түтікше, жұмыртқа, тұз, стакан, қар, мұз, бу
Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, көрсету, тәжірибелер, суреттерді құрастыру.
Интеграция: Қоршаған орта, тіл дамыту, құрастыру.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
«Жылулық шеңбер»
Самал жел бізді желдетші,
Күн нұры бізді жарқырат.
Таза ауа дем берші,
Мөлдір су бізді салқындат.
Тәрбиешінің кіріспе сөзі: Балалар, «су» деген сөзді естігенде кезде көз алдарына ең алдымен не елестейді? (балалардың жауаптары тыңдалады) -Дұрыс айтасыңдар арине. Суды адамдар не үшін пайдаланады? Жануарлар мен өсімдіктерге не үшін қажет? (балалар өз ойларын ортаға салады). Ал судың пішіні болады ма? (тарелкага суды құйып көрсету) Өте дұрыс, жарайсыңдар! Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Ал сендер суға байланысты қандай мақал-мәтелдер билесіңдер?
1. Судыңда сұрауы бар.
2. Су анасы — бұлақ,
Сөз анасы — құлақ.
1. Судың жолын құм бөгер,
Ердің жолын сұм бөгер.
1. Сумен ойнама — батарсың,
Отпен ойнама — жанарсың.
1. Түнгі су — ну, күңдізгі су — бу.
Жұмбақтар: (жауабын тапқан бала сол суреттерді тақтаға іледі)
1 Дәміде жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)
2 Моншағым көктің,
Тестім түбін шөптін. (Тамшы)
3 Көз жасын төгіп елжіреп,
Жүреді көкте көлбіреп,
Жел қуса кетер селдіреп. (Бұлт)
Тәрбиеші: Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынын? (балалардың жауаптары тыңдалады) Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.
Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.
Табиғаттағы судың айналымы туралы сызба-нұсқасы (№1 қосымша)

(Балалардан сызбаны қайтадан қайталатқызып сұрау) Ал, енді сендермен бірігіп бірнеше тәжірибелер жүргізіп көрейік.
I Тәжірибе «Су — мөлдір»
● Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».
● Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі.


II Тәжірибе «Суда дәм жоқ»
● Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.
III Тәжірибе «Судың иісі жоқ»
● Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.
Сергіту сәті
Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық,
Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,
Қане, жүзіп алайық,
Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық.
Тәрбиеші: Ал, балалар жаңа ғана біз сендермен жұмбақтардың жауабын шештік, бірнеше тәжірибелер жасадық. Ал енди мен сендерге бир еки сыйқыр көрсетейін….(13 слайд)
I Сыйқыр (фокус) көрсету: (осы сәтте жай ғана музыка ойнап тұрады)
Керек заттар:шикі жұмыртқа, стақан, бірнеше шай қасық тұз. (14 слайд)

1.Стақанға таза су құйып, суға шикі 2.Жұмыртқаны стаканнан шығарып
жұмыртқаны саламын.Жұмыртқа қоя тұрып, стақандағы суға тұзды
су түбіне батып кетеді(15 слайд). Жақсылап ерітемін. (16 слайд)

3.Енді жұмыртқаны қайтадан ♦Тұз судың тұздылығын арттырады. судағы
осы суға саламын. Жұмыртқа тұздың мөлшері көбейген сайын оның
суға батқан жоқ!(17 слайд) тығыздылығы күшейіп, ол суға түскен кез
келген зат батып кетпей су бетінде қалқып
жүреді.(18 слайд)

II Сыйқыр (фокус) көрсету: (19-20 слайд)
Керек заттар: стақан, су, бояу (марганцовка)
Бірінші стақанға су құямын. Балаларға айтамын мұқият қарап отырыңдар деп….Еш нәтиже шықпады. Екінші стақанға су құймастан бұрын сыйқырлы сөз айтамын (сим салабим!) ішіне су құямын, сол сәтте судың түсі қызыл түске боялады. Балалар аң-таң болып қалады…
Дидактикалық ойын: «Табиғат аясында» (21 слайд)
Шарты: Балаларды екі топқа бөліп, алдарына бір бірден А4 қағазы мен қоса түрлі түсті қима суреттерді беремін. Сол суреттер арқылы балалар өз еріктері бойынша қандайда бір компазиция құрап, дайын болған бейнені әңгімелеп берулері керек. Яғни, сурет бойынша жұмыс жасайды. (№2 қосымша) (22-23слайд)
Міндеттері: Баланың тез ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай, дайын болған суретті мазмұндап беруге дағдылану. Тіл байлығын дамыту.
Сабақты қорытындылау:
Сонымен балалар, бүгіңгі сабақта не туралы айтылды?
Жер бетінде су қандай күйде кездеседі?
Су қайдан пайда болады екен?
Сендермен бірге қандай тәжірибелер жасадық?
(балалар жауаптары)
Су-түссіз, бояу қосқанда өзгеред і.
Су-дәмсіз, бірақ қант қосқанда дәмі өзгереді.
Судың пішіні болмайды.
Категория: Дошколенок | Добавил: elmira_ok (2015-12-03) | Автор: НУРПЕИСОВА АСЫЛ ТЛЕУКЕНОВНА E
Просмотров: 1119 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-18, 8:15 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru