Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

«Кішкентай арулар» сайысы
"№7 "Ақ бота" ясли-бақшасы" КМҚК
Семей қаласы
Жетписова Гульнар Токеновна

Тақырыбы: «Кішкентай арулар» сайысы
Зал әсем безендірілген, әдемі әуен ойналып тұр.
Би:«Періштелер»
Би: «Мамина сердце» (барлығы ортада тұрады)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар!
Замира: Армысыздар, мейірімді әжелер!
Асхат: Армысыздар, қызғалдақтай құлпырған қыздар!!
Замира: Құрметтейік балалар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Барлығы: Аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын!
Асхат: Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де әдемі.
Қазақ қызы –ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Барлығы: Құрметті қыздар, мерекелеріңіз құтты болсын!

Ортаға Мадияр.Е мен Алима шығады.

Жүргізуші: Ана десем, шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады деп-
Құрметті аналар бұл ән сіздер үшін, қабыл алыңыздар!
Ән: «Анажаным» (отырады)
(Осы кезде қыздар шығып кетеді).

(Ортаға Мадияр.Қ мен Асхат шығады).

Жүргізуші: Ия, дұрыс айтасыңдар. Құрметті қонақтар бүгін сіздер балабақшамыздағы бүлдіршін қыздардың, асыға күткен «Беу, қыздар-ай!» сайысын тамашалауға келіп отырсыздар! Көңіл сарайларыңыз ашылсын,
күлкілеріңізден інжу маржан шашылсын!
Мың бұралып арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып басып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!-дей отырып, ақ маңдай,
ашық жүзді, бота көз қыздарымызды салтанатпен ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар! (арулар ортаға папаларымен шығады)
1.Медина қыз білімді,
Меңгерген бар ілімді.

2.Камилла да өнерлі,
Төгеді бар өнерді.

3. Келесі қыз Маржандай,
Ағарып таң атқандай.

5. Келесі қыз Алима,
Бойына өнер жиған қыз.

4.Альмира қыз шығады,
Тұлымдары желбіреп.

6. Келесі қыз Қарақат,
Сабағы ылғи үздікті,
Өзі баяу қыз тіпті.

7.Аделя қыз көрікті,
Сыпайы оның мінезі.

8.Талдырмаш қыз Жанеля,
Орысшаға ағып тұр.

9.Аружан қызымыз елгезек,
Алады тез тіліңді.

10.Ақша бетті Данара,
Ұқсайды хор қызына.

11.Замира қыз үлбіреп,
Қос жанары мөлдіреп.

12.Кәусар біздің жан-жақты,
Мінезі оның салмақты.

Жүргізуші: Ал, енді аруларымызды құрметтеп, қошеметтеп орындарына шығарып салайық.
Жүргізүші: Құрметті ата-аналар бүгінгі кешіміз ерекше, сайыс түрінде өтетін болғандықтан , әділ - қазылар болу керек. Олай болса,
Шалқытып мерекеде ән салайық
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Әділдік пен шындықты арқа тұтып
Әділ-қазы алқасымен танысайық-деп
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.№ 7 «Ақ бота» ясли-бақшасының меңгерушісі –
Д.С. Байскакова
2. Ясли- бақша әдіскері - Кошанова А.Д
3. Педагог-психолог - Ергасенова Г.Ж
4. Ата-ана – Кенжина Рыскүл Төлеубекқызы

Жүргізуші: Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады:
1. «Тегін білу, тектілік» /Таныстыру/
2. «Білгенге маржан» /Мақалдың жалғасын табу, сұраққа жауап беру/
3. «Шебер қолдар» / «Түскиіз» жасау/
4. «Дәм-думан» / Үй тапсырмасы/
5. «Қыздарға әсемдік жарасады» /Сән үлгісі/

Жүргізуші: Олай болса, сайысымызды бастайық, сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыру. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.

1-бөлім: Таныстыру

Жүргізуші: Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып
Көрейік аруларды жарыстырып
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып
( Бірінші топ- 6 қыздан шығып өздерін таныстырады, келесі 6 қыз өздірін таныстырады)
Жүргізуші: Әділ-қазылар аруларымызды бағалағанша Медина қыздарыңыздың өнерін тамашалаңыздар.
Ән: «Әдемі-ай» (ұлдар мен қыздар орыс биіне киінеді)

Жүргізуші: Сахнада биші емес құс сияқты
Елестейді бір көрген түс сияқты
Әжесінің ұршығындай үйірілгенде
Жер шарын айналдырған күш сияқты.
Би: «Орыс биі» (үстел конерттерімен қою

2- бөлім: Мақалдың жалғасын табу.

Жүргізуші: Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады деп,- келесі бөлім бойынша аруларымыздың білімін тексерейік, олар мақалдың жалғасын табады.
1.«Қыз өссе елдің көркі» / «Гүл өссе жердің көркі»
2.«Анаға қарап қыз өсер» / «Әкеге қарап ұл өсер»
3.«Ананың сүті бал» / «Баланың тілі бал»
4.«Ананың көңілі балада» / «Баланың көңілі далада»
5.«Әдепті бала арлы бала» / «Әдепсіз бала арсыз бала»
6.«Ақылды қария» / «Ағып жатқан дария»
7.«Бала ананың» / «Бауыр еті»
8.«Шешесін көріп қызын ал» / «Ыдысын көріп асын іш»
9.«Әке көрген оқ жонар» / Шеше көрген тон пішер»
10.«Еңбек етсең ерінбей»/ «Тояды қарның тіленбей»
11.«Атаңның баласы болма»/ «Адамның баласы бол»
12.«Досы көпті жау болмайды» / «Ақылы көпті дау алмайды»
13. «Балапан ұяда не көрсе» / «Ұшқанда соны алады»
Жүргізуші: Әділ-қазылар өз бағаларыңызды ұмытпай қойып отырыңыздар. Ана дегеніміз - өмірдің бастауымен таусылмайтын жалғасы. Ана тіршілік көзі, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі. Ал, енді ұлдарымыз аналарына деген тілектерін білдірсін.
Тақпақтар (Ерсұлтан, Ералы, Таңат, Асанали, Әділжан, Назар, Саша-Мадияр)

Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз,
Жадырайды жанымыз.
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз- деп, тағы да бір әнді қабыл алыңыздар.
Ән: «Алтын анашым» (отырады, ұлдар -Нұрислям, Таңат, Әділжан көрініске киінеді)

3- бөлім: «Шебер қолдар» сайысы.
Жүргізүші: Сегіз қырлы бір сырлы,
Біздің қыздар сан қырлы.
Саусақтары майысып,
Үйреніп те алыпты.
Аруларымыз алдарыңызда қазақтың қол өнерімен жасалатын түскиізді
жабыстырып, жасап көрсетеді. Бұл сайысымызда қыздарымыздың тапқырлығын, шапшаңдығын, шеберлігін бағалаймыз.

Жүргізүші: Олай болса, біз қыздарымызды келесі сайысқа дайындалу үшін шығарып салайық. Ал, кәне, арулар, іске сәт!
(қыздар залдағы үстелге барып отырады).
Ал, аруларымыз дайын болғанша ұлдарымыздың орындауында көрініс тамашалайық.
Көрініс: «Ең қымбат сыйлық» (ұлдармен)

Жүргізүші: Ал, енді қыздарымыз дайын болса өз қолөнерлерін көрсетсін.
Қыздар ортаға шығып жасаған бұйымдарын көрсетеді (залдан шығып кетеді)

Ән: Кәусардың папасы
Каратэ ұлдармен

4-бөлім: Сайысымыздың төртінші бөлімі «Дәм-думан»

Жүргізуші: «Ас қадірін білмеген аштан өлер, ат қадірін білмеген жаяу қалар» дегендей, келесі сайысымыздың шарты «Дәм-думан» деп аталады. Аналар мен қыздардың алтын қолдарымен үйде дайындалған мерекелік салаттары. Ол үй тапсырмасы болатын.
Арулар қонақтарын қалай күтеді екен, келген қонақтарға табақты қалай тарту етеді, яғни арулардың табақ тарту рәсімін қалай орындайтыны сыналады.
(Қыздар дайындаған тағамдарын табаққа салып әділ-қазылар алдынан өтіп үстелге апарып қояды).

Жүргізуші: Әділ-қазылар аруларымызды бағалағанша біз кешімізді ары қарай жалғастырайық. Бүгінгі күн аналардың мерекесі екенін ұмытпайық. Ананың алдында асқар тау да аласа –дейді халық, ендеше аналардың анасы сүйікті әжелерімізді де құттықтап қояйық. Олай болса мына ән сіздерге арналады
Ән: «Әжем айтқан ертегі»
Би: «Коляска» (қыздар шығып кетеді)

Жүргізүші: Біздің аруларымыз келесі сайысқа дайындалғанша ұлдарға да кезек келді. Ұлдарымыз мына отырған аналарды құттықтауға келеді.
Тақпақтар (Нұртілеу, Райымбек, Алижан, Нұрислям, Нарлан, Дияр)

Көрініс: «Өз анаңнан артық жан жоқ» (ата-аналармен)

5 –бөлім: Сән үлгісі
Жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып-ақ қарайсың, -деп, келесі сайысымыз сән үлгісі.
(Қыздар бір-бірден кіріп сән үлгілерін көрсетеді, залдан шығып киімдерін ауыстырады)
Жүргізуші: Әділ-қазылар ару қыздарымыздың ұпайларын есептегенше , тағы да ойынға кезек береміз.

Ойын: «Тамақтандыру» (папалармен)
(Осы кезде қыздар спорттық биге дайындалады)

Спорттық би

Жүргізүші: Ыстықсың сен маған,
Асыл үніңмен.
Қуантайын сені,
Әсем әніммен.
Ән: «Мама» (орысша)
Осы кезде Ерсұлтан мен Мадияр. Е шығады.
Қорытынды сөз, әділ-қазыларға сөз беру, номинациялар тарату
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2015-12-09) | Автор: Жетписова Гульнар Токеновна E
Просмотров: 1833 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 6:25 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru