Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

"Күз сыйы" ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
"№7 "Ақ бота" ясли-бақшасы" КМҚК
Семей қаласы
Жетписова Гульнар Токеновна
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің
технологиялық картасы

Мерзімі: 07.09.15 ж.
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Таным»
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру, жас зерттеуші.
Тақырыбы: «Күз сыйы»
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін нақтылау, күз мезгіліне тән белгілерді білу және таба алуға үйрету.
Міндеттері: Білімділік: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту. Көкөністер мен жемістердің адам ағзасына пайдасы туралы ұғымдарын бекіту. Дамытушылық: Ойын арқылы түстерді, жемістер мен көкөністерді ажыратуға және атай білуге, зерттеу жүргізу, іздестіру әрекеттерін орындау қызығушылығын дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты қорғап, аялауға және әсемдігін бағалай білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Күз мезгілінің суреті, үлестірмелі суреттер, жемістер мен көкөністердің
суреттері, муляждар, ноутбук.
Сөздік жұмысы: жемістер, көкөністер, дәрумендер
Қостілдік компонент: Көкөністер –овощи, жемістер – фрукты, дәрумендер – витамины.

Шаттық шеңбері:
«Амансың ба, алтын күн!»
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым!
Жұмбақ жасыратынын, жұмбақтың жауабы бүгінгі іс-әрекетіміздің тақырыбы болатынын хабарлайды.
Бозарып дала,
Тоңады бала.
Астығы піскен,
Жапырағы түскен.
Бұл қай мезгіл?
-Күз мезгілі.
-Өте жақсы! Ал, енді көзімізді жұмып күз мезгілін елестетейікші.
(Осы кезде әдемі әуен қосылады)
Ой қозғау
Балалардан не елестеткендері туралы сұрау.
Өздерінің ойларын айтады: мысалы, мен күзгі желді елестеттім, мен жапырақтың шуылын елестеттім.

-Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.
- Мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырайын деп тұрмын.
Ағайынды бәрі,
Жазда жасыл,
Күзде сары.
Ол не?
-Жапырақ.
(Осы кезде желдің дыбысы естіледі).
-Бұл ненің дыбысы?
-Желдің дыбысы.
-Жел соққанда жапырақтардың қандай күйде болатынын білесіңдер ме?
-Жапырықтар ұшып жерге түседі, қалқиды, домалайды.
-Қане , олай болса, жапырақтардың қандай күйде болатынын тыныс алу жаттығуы арқылы жасап көрейік.
Тыныс алу жаттығуы.
Алдыларындағы бөтелкенін ішіндегі қағаз қиындысына түтікше салып, қатты үрлеуді ұсынады.
Түтікшені бөтелкеге салып, үрлейді. Мұрындарымен демалып, ауызбен ауаны шығарады.
- Жел қатты соғып, мынандай жапырақтарды ұшырып әкеліпті. Бұл жапырақтар сиқырлы екен, әрбіреуінде тапсырмадар бар.
Тапсырма №1
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы жапырақ».
- Кім мына жапырақты қолына алса, сол күз мезгілінің бір ерекшелігін айтады.

Әр бала қолына жапырақты алып күз мезгілінің белгілерін айтады:
-Күзде күн суытады.
-Күзде жаңбыр жауады.
-Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
-Күзде адамдар жылы киінеді.
-Күзде жапырақтар сарғайып жерге түседі.
-Күзде жеміс-жидектер піседі.

- Неге біз күз мезгілін «алтын күз» дейміз?
-Өйткені, күзде жапырақтардың бәрі сарғайып, алтынға ұқсайды.

-Неге «жомарт күз» дейміз?
-Өйткені, күзде жемістер, көкөністер, астық, саңырауқұлақтар піседі.

Тапсырма №2
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қорап».
Қолдарын қорапқа салып сипап, сезу арқылы ішінде не бар екенін айтуды ұсынады.
Қолдарын қорапқа салып, ішіндегі затты айтады, мысалы, пішіні домалақ, ол алма.
Өстіп қораптағы барлық көкөністер мен жемістерді алып шығып, екі ыдысқа салады.

Сергіту сәті:
Жел соқты, жел қатты-қатты соқты,
Жаңбыр жауды, жаңбыр қатты-қатты жауды,
Күн шықты, күн шықты,
Жел тына қалды.
(Шеңберге тұрады, бір-біріне теріс қарап, арқаларына массаж жасайды).
- Көкөністер мен жемістердің адамға деген пайдасы зор.
–Қане, кім біледі қандай пайдасы бар?

-Сонымен, міне күздің тағы бір сыйы, байлығы ол нелер? (Көкөністер мен жемістер)
Бүгін жемістер мен көкөністер жайлы әңгімелейміз.
Жемістер қайда өседі? (Жемістер бақта өседі)

-Көкөністер қайда өседі? (Көкөністер бақшада өседі)
-Жемістер мен көкөністерден не жасауға болады?
(Тосап, компот, салаттар жасауға болады).
Тапсырма №3
Дидактикалық ойын: «Борщ-Компот».
Балаларға кастрөл мен банкінің суретін ұсынады.. Біреуіне борщқа салатын заттарды тауып жапсыруды, екіншісне компотқа салатын заттарды жапсыруды ұсынады.
Сөздік жұмысы:
Жемістер- фрукты, көкөністер-овощи, дәрумендер-витамины, тосап-варенье.

(Жемістер мен көкөністер-дің құрамында дәрумендер бар).
-Ал, оларды жемес бұрын не істеу керек?
(Алдымен жылы сумен жуу керек)

Тапсырма №4
Дидактикалық ойын : «Дәрумендер».
Ноутбуктан слайд көруді ұсынады. Дәрумендердің пайдасы туралы айтады.
Тапсырма №5
Қимылды ойын ойнайық: «Салат»
Бастарына маскаларды киіп, музыка әуенімен жүгіріп ойнауды, ал музыка тоқтағасын үш – үштен тұра қалып салат болуды ұсынады..
(Бастарына маскаларды киіп музыка әуенімен жүгіріп ойнайды да, ал музыка тоқтағасын үш – үштен, екіден тұра қалып салат болады).

Қорытындылайды:
- Бүгін не туралы айттық?
-Көкөністер мен жемістер туралы, күз мезгілі туралы.
-Көкөністер мен жемістердің құрамында не бар?
-Құрамында дәрумендер бар.
Орындарын жинауды ұсынады.
Рефлексия:
Екі түрлі қолшатырды алады.
-Егерде көңіл-күйлерің жақсы болса, сары түсті қолшатырдың астына жиналыңдар, көңіл-күйлерің болмай тұрса, көк түсті қолшатырдың астына жиналыңдар

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Күз мезгілі, күз мезгілінің ерекшеліктері туралы.
Болу керек: Тілдік, сөздік қорлары, есте сақтау қабілеттері, жемістер, көкөністер туралы мағлұмат.
Істей білу керек: Тапсырманы дұрыс орындауды, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруді, заттарды сипаттауды, қорытындылауды.

Тәрбиеші: Жетписова Г.Т
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2015-12-09) | Автор: Жетписова Гульнар Токеновна E
Просмотров: 5495 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 4:33 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru