Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Алтын күз
«Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған» ертеңгілігі
Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін, шығармашылықтарын дамыту;
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Мерекеге сай безендірілген залдың сахнасына «Алтын күз» тақырыбы түрлі - түсті жапырақпен жазылып, шарлармен әшекейленеді. (Музыка әуенімен ортаға жүргізуші шығады.)
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ата - аналар, қадірлі қонақтар! Бүгінгі біздің жыл мезгіліндегі ең тамаша - «Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! (Музыка әуенімен балалар сахнаға келіп орналасады.)
Жүргізуші:

Тоңазып атырап
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Жерге кеп түседі.
Аспанды сұрғылт бұлт
Жан – жақтан жабады.
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауады.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кезде болады?

Хормен (балалар): Күзде.
- Дұрыс айтасыңдар! Қазір бізде жылдың қай мезгілі?
- Күз!
Олай болса, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық, сендердің күз туралы тақпақтарыңды тыңдайық.

Инкара: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Айзере: Көбейді құт, береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз
Арслан: Алтын сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ
Күз болғанда күлімдеп
Көз тартады атырап

Сафия: Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді
Азель: Сау - сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді
Қоңыр тартып атырап,
Көкте құстар тізілді

Ерназар: Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісін
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін

Ән: «Алтын күз»

Досжан: Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды
Дильназ: Алтын күз, әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.
Әсем: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал - терек,
Жапырағын жұлғызып.
Мансұр: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Аяна: Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.
Акежан: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Алима: Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Кеткен күзім келдің бе?
Күзгі суық басталды.
Қайтқан құсты көрдің бе?
Қаптай ұшқан әуелеп.
Кеткен күзім келдің бе?
Сыңсып бағын мәуелеп.
Амина: Жетті желмен Алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Толтырды да қамбасын,
Той жасады халқымыз

Бегарыс: Күзде келді, күз келді,
Күдерін жаз үзгенді.
Күзде келді, күз келді,
Көкте бұлттар жүз енді.

Маратова Алиманың орындауында «Мен қазақтың қызымын» әні

Дильназ:
Жаңбыр, жаңбыр жауа бер,
Қорықпаймыз біз сенен
Қолымызда қолшатыр
Кел билеші бізбенен.

Ендеше, біздің қыздарымыздың орындауында «Қолшатыр» биін тамашалаңыздар

Жүргізуші: Құрметті ата – аналар сіздердің назарларыңызға біздің балалардың орындауында
Шалқан ертегісі:
Рөлдерде:
Ата - Арслан
Әже: Азель
Немере: Сафия
Ит: Акежан
Мысық: Досжан
Тышқан: Ерназар

Жүргізуші: Балалар, бізге Күз ханшайымы қонаққа келіпті. Қане қарсы алайық.
Алтын күз - Баян:
Береке, бақ, дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам.
Жомартпын мен бәріне
Сыйлығым көп әрине
Мерекелі күз айы деп
Тойлайды жас кәрі де.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің шақыру хаттарыңды алдым, сендерге көп рахмет.
Балалар:
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Берекелі күз келді
Алтын күз:
Балалар, мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім. Көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз. Мен сендермен ойнағым келіп тұр, маған екі бала қажет,олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары қажет.
Алтын күз:
Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер.
Жүргізуші: Балалар, күздің алып келген көкөніс, жемісі дәмді ме екен?
Балалар: Иә, өте дәмді.
Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар жемістер мен көкеністердің дәмін сезіп қана қоймай олар туралы тақпақтарын өзіңізге арнаймыз дейді. Сол көкөніс пен жемістерді ортаға шақырайық.
(Осы кезде көкөніс пен жемістер ортаны бір айналып, қатарласып шығады)

Ерназар (алмұрт):
Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Әсем (қызылша):
Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім бар қанға - нәр.
Зияным жоқ біліп қой -
Қызылшамын, пайдам бар.
Инкара (қызанақ):
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
Азель (қияр):
Көптеп ерте шырмалып,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым – қияр, теріп ал,
Жиі - жиі суғарып.
Айзере (қырыққабат):
Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат - қабат киініп,
Қырыққабат атандым.
Аяна (картоп):
Картоп – біздің атамыз,
Жер астында жатамыз.
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз
Алима (қауын):
Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған
Балдай тәтті қауынмын.
Амина (сәбіз):
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз

Бегарыс:
Тапталады табанға,
Судыр - судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.

Жүргізуші:
Балалардың орындауында «Жапырақтар» биі

Алтын күз: балалар билерің қандай тамаша, ендігі кезекте ата - аналарды сынап көрейік.
Жүргізуші: Алтын күз дұрыс айтасың, ата анамыз күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен. Екі ата - ана ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау қажет.
Алтын күз: Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет сендерге.
Жүргізуші: Балалар, бізге Алтын күз келді,енді тағы кімдер жетіспейді?
Балалар: Күз айлары.
Жүргізуші:Балалар, ендеше күз айларын ортамызға шақырайық.

Бегарыс:
Қыркүйек. Аспанды
Құс шарлай бастады.
Алғашқы қоңырау
Қуантты жастарды.

Нұрислам:
Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді

Мансұр:
Қараша айында
Қыс қамын дайында.
Үйін жұрт жылытқан
Мал қора жайында.

Жүргізуші: Балалар, күз айларына алғысымызды білдірейік.
Балалар: Рахмет
Жүргізуші: рахмет сендерге күз айлары, сендерде біздің арамызға жайғасыңдар
Алтын күз: Балалар, ойын ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер, мен сендерге ризашылығымды білдіріп, сыйымды апайларыңа табыс етемін.
(Алтын күз тәрбиешіге алма береді)
Жүргізуші: Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық.
Балалар: Рахмет сізге Алтын күз, сау болыңыз!
Алтын күз: Астық жеміс береке
Барымды мен сыйлаймын
Менде көп - ақ мереке
Барлығыңды қимаймын.
Сау болыңдар балалар!

Хормен балалар:
Қош, алтын күз, алтын күз
Өзіңменен қашанда
Кемелденсін халқымыз.

Ән: «Күз келгенде»
Күз ханшайымы әкелген күз сыйын тарату.
Жүргізуші: Құрметті ата аналар, қазір Сіздердің рұқсаттарыңызбен және қошеметтеріңізбен «Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған» атты күз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Шебер қол» көрмесінің қорытындысы бойынша қатысқан ата – аналарды марапаттауға рұқсат етіңіздер.
«Ең үздік гүл шоғы» номинациясы бойынша Тиштагулова Азельдің отбасы марапатталады. Осы номинация бойынша 1 – орын Әсетқызы Сафияның отбасы, 2- орын Джениш Әсемнің отбасы марапатталады.
«Ең үздік күздік қолөнер» номинациясы бойынша Даирбек Аянаның отбасы, 1 – орын Маратова Алиманың отбасы, 2- орын Ахмет Арсланның отбасы, 3 – орын Дәурен Ерназардың отбасы марапатталады. Көрмеге белсене қатысқандары үшін Жекенов Досжанның, Тлеубалин Нұрисламның, Нугумаров Акежанның отбасылары грамотамен марапатталады.

Жүргізуші:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен мерекеміз аяқталды.
«Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет. Қош сау болыңыздар.
Категория: Дошколенок | Добавил: kgb0503 (2016-01-04) | Автор: Қасымжанова Гүлнұр Білімбекқызы E
Просмотров: 1357 | Комментарии: 1 | Теги: Қасымжанова, Білімбекқызы, Гүлнұр | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 1:51 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru