Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ ҰЛЫ МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ ҰЛЫ МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

ШҚО. Семей қ. МКММ «№15 балабақша»
Әдіскер: Тамабаева Гульнар Баяхметовна

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау төріндегі ұлт туралы толғанысында: «Үш тілді – мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілін меңгергеніміз өте дұрыс. Соның ішінде біздің мемлекеттік тіл қатар келе жатыр. Біз осылай үш тұғырлы тілді қолдансақ, түбінде жолымыз ашық болады», - деп баса айтқан болатын. Елімізді бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын мемлекет ретінде тануы үшін де үш тұғырлы тілдің маңызы зор. Халқымыздың рухани дамуы жолында да көптілділіктің берері көп. Мемлекеттік тілдің мәртебесінің көтерілуіне ширек ғасыр бойы сүбелі үлес қосып келе жатқан облысымыздағы тіл жанашырларының да еңбектерін ерекше айтуымыз керек.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшілігін ескере отырып дамытатын орталық»[1]делінген. Сондықтан Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы болғандықтан тәрбиешілерге мәдениетті, білімді, белсенді жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жүктеледі. Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогикалық мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Сондықтан да қазіргі кезде болып жатқан тарихи – әлеуметтік өзгерістер, ғылымдағы жаңалықтар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде, мектепке дейінгі жастағы сәбилердің дамуына, тәрбиелеуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.
Демек, біздің қоғамда, бүгінгі таңда жас сәбидің өмірін толыққанды ұйымдастыру үшін балабақшаның орны ерекше. Міне, осындай жеке тұлғаны қалыптастыруда мақсатқа жеткізетін сара жолдың бірі жаңаша балабақшада оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырып жүргізу. Ол кейінгі жылдары педагогика ғылымында жиі пайдалана бастаған жаңа ұйымдардың бірі- инновациямен Үш тілді қатар үйретумен байланысты. [1]
Дегенмен, «Үш тұғырлы тілдің» мәнін, маңызын, халық пен болашақ ұрпаққа беретін үлкен пайдасын көпшілік ұғына алмауда. Одан бөлек, Президентіміз 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететініне кепілдік беріп отыр. Міне осы мәселені ұжым болып өз жұмысымызда дұрыс пайдаланып, нәтижесін тәрбиелеп отырған бүлдіршіндерімізбен көрсете білуіміз керек. Қазақ халқы табиғатынан еліктегіш, қабылдағыш халық.Кеңес заманында орыс тілі-заманның кілті болды. Бұл-заман талабы еді.Орыс тілін үйреніп,орыстардың өзін жаңылыстыратын жағдайға жеттік.Енді алдағы асу –ағылшын тілі.Адам көп тіл білген сайын оның көкірек көзі ашылып, өмірінің көкжиегі кеңіп, өрісі ұлғая түсетін болады.
Намысын найзаға шаншып,күре тамыры Көк бөріден нәр алған,көк Тәңірге табынған Күлтегіннің ұрпағына бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру қиындық тудыра қоймас. Иә, көп тіл білу ــ әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты ету тексіздің ісі. Ана тілін жақсы біліп тұрып, өзге тілде жетік сөйлесе ــ бұл сүйініш, мақтаныш; ал ана тілін білмей тұрып, өзге тілде сөйлесе ــ бұл күйініш, өкініш. Ал біздің мақсат – ағылшын идеологиясын сіңіріп, ағылшын болып өмір сүру емес, ағылшынның тілін ғана үйрену емес пе? Балаларымызды әлемге қанат жайған ағылшын тілімен қаруландыру ғана емес пе?Кейбір адамдар ағылшын тіліне қарсылық білдіріп жатады. Ал ағылшын әлем мойындаған жаһандану тілі .Бұл-бұзылмас заңдылық. Біздің балабақшада алты топ бар, үшеуі мемлекеттік тілде, үшеуі орыс тілінде тәрбиеленеді. Орыс тілді білім алатын бүлдіршіндер қазақ тілін және ағылшын тілін қоса оқиды, ал мемлекеттік тілде білім алатын балалар ағылшын тілінде білімдерін кеңейтеді. Сонымен қатар ағылшын тілінде қосымша «AВС, s Friends» вариативті компонент және «Hr.Greenky» атты үйірмелерге қатысады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жұмыстың барлық қалыптары қолданылады. Шет тіліне үйретуде ең басты тәсіл ойын болып табылады. Біз - балабақша ұжымы ынтымақтастық балабақшасын құруды жөн көрдік. Өйткені, балабақшамыздың ерекшелігі: өз ұлтымыздың балаларымен қатар, өзге ұлт өкілдерінің балаларына да есік ашып, мемлекеттік тілдегі оқу-тәрбиеге ынталандырудамыз.
Балабақшамызда барлық мерекелерінде балалар өз алған білімдерін көрсетіп отырады, өлең, тақпақ қана айтып қоймай, ағылшын тілінде ертегілерден үзінді көрсетіп, бір-бірімен диалог жүргізеді. Осы балабақшаның алға қойған мақсатын орындау барысында ағылшын тілін үйрену мақсатында ағылшын тілі мұғалімі Ксенафонтова Ю.М ШҚО Өскемен қаласында «Өрлеу» БАҰО өткен біліктілікті арттыру курсында «Формирование поликультурной личности в процесс полиязычного обучения» атты тақырыппен мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған курсқа қатысып білімін кеңейтіп келді. Әр балаға берген білімі бала жасына сай, кең көлемде түсінікті түрде өткізеді.
Мемлекеттік мәртебе алған ана тіліміздің абыройын асқақтату, біздің балабақша есігін ашқан әрбір өзге ұлт баласына тіл үйретіп қана қоймай, қазақтың ұлттық құндылықтарымен қатар, барлық ұлттың салт-дәстүрлерін таныту, әр баланы отансүйгіш, елжанды жеке тұлға етіп қалыптастыру – ынтымақтастық балабақшасының басты мақсаты.
Балабақшамыздың орыс тілінде білім алатын өзге ұлт балалары жыл сайын қаламызда өтетін «Біз қазақша сөйлейміз» атты сайыста мұғалімдері Б.Ж.Узбаеваның жетекішлігімен қатысып жақсы орындардан көрінеді. Балалардың сөздік қоры мол, алдарына қойған мақсаттарына жете алады. Сонымен қатар балабақшамызда өткетін «Тіл күні», «Тәуелсіздік мерекесіне» арналған концерттерде балаларымыз үш тілде өз өнерлерін көрсетіп, әр ұлттың дәстүрі мен салтын анық көрсетіп жатады.
Балабақшада жүргізілетін сан – салалы жұмыстар білім сапасының өсуіне және де тәрбиешілердің шыңдалуына ықпалын тигізеді. Педагогтарды жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған әдістемелік жұмыс, олардың білімдерінің жоғарлауына, балалармен жұмыс жүргізу барысында жаңа тәсілдер таңдауға, зерттеу және шығармашылақ потенциалдарын анықтауға мүмкіндік туғызды, ал ең маңыздысы өздігімен кәсіби деңгейлерін жоғарлатып, мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен қатар инновация тек қана педагогтардың кәсіби шеберліктерін жоғарлату емес, әр педагогтың әлеуметтік және рухани деңгейінің жоғарлағандығын көрсетеді.
Негізгі ұстанымымыз: Қазақстан кеңістігіндегі үштілділік бұл өтпелі кезеңнің талабы болып отыр. Егер осы үштілділік тиімді жұмыс істесін, үштілділік біздің мемлекетіміздің болашағына жұмыс істесін десек, онда үштілділікте басымдылық мемлекеттік тілге берілуі керек. Қалған екі тіл сол мемлекеттік тілмен таласпай, керісінше, сол мемлекеттік тілдің әрі қарай дамуына қызмет етуде құрал ретінде пайдаланылу керек

Қолданылған әдебиеттер:
1.Балабақша меңгерушісі және әдіскері №5 (2012)
2. George F. Micchel, Celia L. Moore. Developmental Psychobiology. Cambridge
3.Отбасы және балабақша №6 (2014)
4. Өзін-өзі тану №10 (2012)

Источник: http://ВКО, г.Семей КГДУ "Детский сад №15"
Категория: Дошколенок | Добавил: solnze (2016-01-06) | Автор: Тамабаева Гульнар Баяхметовна E
Просмотров: 2093 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 4:20 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru