Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Түрлі түсті геометрия
Түрлі түсті геометрия
ШҚО Семей қ.
«№3 ясли-бақшасы» МКММ
Тәрбиеші Айтжанова Р.А., 2 санатты

Мектепке дейінгі балалардың интеллетуалды қабілетін тиімді дамыту-бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Интеллекті дамыған балалар өтілген материалды тезірек қабылдайды, өзі өзіне сенімді, жаңа ортаға жеңіл бейімделеді, мектепке дайын болады. Интеллект еңбегі өте қиын, мектепке мектепке дейінгі балалардың жас ерешеліктерін ескере отырып, педагогтар дамытудаң басты әдісі ізденіс екенін есте сақтауы қажет, ал оны ұйымдастырудың негізгі түрі – ойын арқылы. Балалардың интеллектілі дамуын қамтамасыз ететін көптеген әдістер, технологиялар мектепке дейінгі педагогикада өте көп. Аса тиімді әдіс ретінде саналатын венгерлік психологі және математигі Дьенеш –әзірлеген логикалық блоктар есепетеледі. Золтан Дьенеш –балаларға білім берудегі аса мықты тұлға. Ол «жаңа математика» деп аталатын теоретигі және практигі. Бұл әдістің мәні- балалар математикадан білімді көптеген есептерді шығару арқылы, кітап оқу арқылы алмайды, ал ойнап, билеп алады. Сонымен қасиеттерді анықтау, оларды салыстыру, топтау, кодтау, сондай-ақ логикалық операциялар тек Деньештің блоктарымен мүмкін нәрсе. Логикалық блоктардың құрамына 48 пішін енеді. 12 шеңбер-6 жуан, жіңішке, үлкен, кішкентай, қызыл, көк, жасыл, сары түсті шеңберлер, сол секілді 12 шаршы, 12 тіктөртбұрыш, 12 үшбұрыш. Логикалық блоктарды ағаштан немесе жуандығы әрқалай пластиктен жасайды. Жуан фигуралар (блоктар) жіңішке фигуралардан екі есе жуан болуы тиіс. [2, 15]
Жұмыс барысында логикалық блоктармен қатар сипаттамалар белгіленген карточкалар да қолдандым, онда шартты түрде блок сипаттар белгіленеді: түсі, пішіні, өлшемі жуандығы. Сонымен Дьенештің әдістемесіне сүйене отырып балалардың танымдық қабілеттерін қалыптастыруда бірінші мен мақсатымен міндеттерді құрдым. Дьенеш Блоктарын қолдану арқылы балалардың логикалық ойлауын дамыту, жаңа таным үрдесіне қызығушылығын арттыру, шығармашылық белсенділігін, жеке ойлауға тәрбиелеу. Конвергентті және дивергентті ойлауды дамыту, көптік туралы түсініктер, көптікпен операциялар жасау. Математикалық түсініктерді қалыптастыру (ақпаратты кодтау, болымсыздық белгісімен қодтау), көптік туралы түсініктер, көптікпен операциялар жасау (салыстыру, талдау, топтастыру). Объекттінің қасиеттерін анықтауды дамыту, оларды атау, олардың жоқтығын байқау, олардың қасиетеріне қарап ортақтығын белгілеу, объектілердің ұқсастығы мен айрмашылықтарын түсіндіру, өз ойын түсіндіру. Кеңестікті қабылдауын дамыту. Оқу және практикалық тапсырмаларды орындауға қажетті құзіретілігін дамыту. Танымдық процестерді, ойлау операцияларын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін, қиялдауын, елестетуін, модельдеу мен конструкциялауын дамыту. [4, 20]. Сонымен қатар жыл басында балалардың танымдық қабілеттерін анықтау үшін мониторинг құрдым (геометриалық фигуралар, түрлі түсті сандар, мөлшері, қортынды).
Бірінші дәрежесінде танымдық қабілетті қалыптастыру бойынша мен жұмысты алдымен пішінмен одан кейін түспен таныстыруды жөн көрдім, «Геометриялық пішіндерден тізбек құру», «Сиқырлы дорба», т.б ойындар арқылы, мысалы «Шаршы, дөңгелек, үшбрыш» ойыны, үстелде блоктарды шашып тастап, балаларға тек үлкен дөңгелектерді жинап алуға тапсырма бердім, әрі қарай тек кішкентай шаршыларды жинап алыңдар т.б. тапсырмаларды орындатым. Осындай тапсырмалар орындау арқылы балалар біріншіден блоктармен танысты түсі, пішіні, жуандығы әртүрлі, әрі қарай сараптауға, салыстыруға, топтай білуге үйренді. Бұл еркін ойын кезеңі оқудың қажетті бастамасы. Есепті шеудегі еркін ұмтылыстарынан кейін қайталану байқалады, ол «ойын ережесі». Бұл екініші кезеңге өтуді білдіреді. Барлығы түсінікті болғаннан кейін қызықты есептер іс-әрекеттерді ереже арқылы қызықты ойынға айналдыруға болатынын байқап, бала ойын құрауға аяқ басады. Ережені жаттау –маңызды әрекеті. Сол ережеде –оқутыдың ең ауыр «математикалық» бөлігі жасырылған, мысалы «Үйшіктерді қоныстандыр ойыны» бұл ойынды бір неше нұсқаумен ойнатым, бір пәтерде түсі бір немесе өлшемі бір тұрғындар болатындай блоктарды осы үйшіктерге қоныстандыру керек, екінші нұсқасы үйшіктерді қоныстандыруда балалар фигураларды екі қасиетіне қарай топтасытрады, бұл жерде сипаттамалар белгіленген карточкалар қолдану керек. Әрі қарай үшінші кезеңінде –салыстыру кезеңі деп алдым, балалармен бірнеше математикалық ойын ойнағаннан кейін талқылау уақыты келді, ойындар салыстырылады. Яғни, бір іс-әрекетті бірде текшелермен, бірде түймелермен ойнату. Мұндай ойындардың тиімділігі сонда, онда бір іс- әрекетті қандай затпен ойнайтындығы маңызды емес екендігін бала түсінеді. Маңыздылығы –ойындардың құрылымы ұқсас екендігінде.
Төртініші кезең- қайта танысу кезеңі. Бұл жерде ойындардағы ортақ нәрселерді түсінуге көмектесетін түрлі диаграммалар, кестелер, схемалар, карточкалар аса қажетті болды. Мысалы «Моншақтарды жина» ойынын бір неше нұсқамен ойнатым, бірінші нұсқасы түстері, өлшемі, бірдей блоктар қатар болмайтындай қарап блоктарды өткізу, немесе екі қасиеті ұқсамайтын екі блоктан өткізу, үшінші нұсқасы түстері, өлшемі, пішіні (үш қасиеті) бірдей болмайтындай моншақтарды (блоктарды) өткізу бұл жерде қасиеттерді абстракциялау және басқалардан бөлуді үйренді. Жұмыс барсында логикалық блоктармен қатар сипаттамалар белгіленген карточкалар да қолдандым (карточка арқылы фигураны сипаттап бер), дөңгелек сары түсті, жіңішке, кішкентай. Балалар кодты карточкаларды қолдануды үйренгеннен кейін болымсыздық белгісін білдіретін «емес» кодың еңгіздім (шаршы емес, үшбұрыш емес, немесе тік төртбұрыш емес, жасыл, үлкен емес, кішкентай т.б.). Ойын барысында болымсыздықты білдіретін карточкалар қолдандым. Карточкаларды қолдану – модельдеу мен қасиеттердің орнын ауыстыру қабілетін дамытуға, ақпаратты қодтау мен декодтауға септігін тигізді. Тілдің дамуына да комектесед, бала «және», «немесе», «емес» сияқты шылауларды қолдануға мәжбүр болады. Мысалы: «Дымбілмеске көмектес», «Аудармашы» ойын жаттығулары, бұл ойында Дымбілмеске түстер туралы, карточка арқылы түсіндіріп беру, түсі сары емес, үшбұрышты емес, көк түсті емес, жасыл емес, домалақ емес, жуан емес, балалар қызыл түсті жінішке тік төртбұрышты көрсетеді. Бұл ойын жаттығуларың мен көбінесе жеке жұмыс ретінде таңертең, түстен кейін өткіздім. Өте тиімді ойын жаттығулары. Жұмыс барысында Дьенештің жүйесін ата-аналарды да таныстырдым, кеңестер, кездесулер ұйымдастырдым. Ата-аналар балалармен бірлесіп блоктармен танысып, әр түрлі тапсырмаларды орындады. «Домино», «Геометриалық фигураларды анықтайтын белгісі бойынша тап», «Ғажайып қоржын» ойындарын ата-аналар қызығып, белсенді ойнады. Бұл ойындарды балалармен үйде де ойнағауға болатынына көздері жетті.
Жоғарыдағыда айтылғанға сүйене отырып, блоктар бала санасында алгоритмдік ойлау мәдениетін қалыптастырып, ақылмен әрекет жасау қабілетін дамытады, геометриалық фигуралар мен сандар туралы танымын қалыптастырып, кеңестіктегі бағытты анықтауға көмектеседі. Блоктармен ойнау барысында бала жиындар арасындағы логикалық қатынастарды түсінуге жақындай түседі. Абстрактілі блоктармен ойнаудан бала нағыз материалмен, шын жиынтықтармен ойнауға жеңіл түрде көшеді. Логикалық ойлауынын зертеудің хатмасы бойынша логикалық блоктармен балалар жыл аяғында түрлі іс-әрекеттерді орындай алады: қойып тізе алады, орын ауыстырады, алып қояды, тығып қояды, бөле алады, карточка, схема арқылы еркін сипаттай алады. Ойынды ұйымдастырудағы әдістер және онда қолданалатын дидактикалық материалдар балалардың шығармашылық және қисынды ойлауын дамытуға әсер етеді.

Қолданылған әдебиеттер
1. Мәженқызы Райхан Қызықты математика Мектеп жасына дейінгі балаларға анрналған – Алматы. 2006 -104 бет
2. Венгер Л. А., Венгер Н. Б.. Воспитание сенсорной культуры ребёнка. - М.: Просвещение, 1988- 223 бет
3. Қадыр Мырза Әли Санап үйренеміз- Алматыкітап- 2005-49 бет
4. Альтхауз Д.. Цвет, форма, количество. - М.: Просвещение, 1984 -525 бет
5. Ерофеева Т. И., Павлова Л. Н. Математика для дошкольников. - М.: Просвещение, 1992- 650 бет
6. Дружинин Б.Л, Куминова И.И. – М.: изд ГНОМ и Д, 2007-88 бет Развивающие игыр для детей дошкольного и младшего школьного возраста
Категория: Дошколенок | Добавил: natusel (2016-01-09) | Автор: Айтжанова Р.А E
Просмотров: 1029 | Теги: блоки Дьенеша, геометрия для дошкольников | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 5:54 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru