Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

утренник посвященный празднованию Наурыза
Ертеңгілік

Дайындаған: Шаришева.Г.С 2013

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата- аналар,кішкентай бүлдіршіндер және балабақша ұжымы!
Ілесіп Наурызбен көктем жетсін,
Көңілін үлкен – кіші көкке өрлетсін,
Еңсесі көтеріліп ер – азамат.
Ескі жылмен реніш, өкпең кетсін! – дегендей, Наурыз жыл басы құтты болсын! Жаңа жыл тек қана жақсылығын, жаңалығын әкелсін!
Ақ мол болсын! Халық тоқ болсын! Еліміз тыныш болсын! Баршаңызға бақ қонсын!
Қадірменді халайық, кішкентай бүлдіршіндеріміздің де тілегіне құлақ салайық.



О,жараңдар, жараңдар
Бәрің мұнда қараңдар!
Наурыз тойы басталды,
Текке қарап тұрмаңдар.

Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын.
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жәле жерге енсін!

Наурыз тойы – елдің тойы,
Көктем тойы- төлдің тойы,
Ақ шағала аппақ үйлер,
Араладым күні бойы.

Жасасын деп шіркін Наурыз,
Құтты болсын айтты атамыз.
Барлық үйден кіріп – шығып,
Барлық үйден дәм татамыз.

Ән айтады күні бойы,
Бұл мереке бізге ойын.
Көжесі көп шелпегі көп,
Жақсы көрем Наурыз тойын.

Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық.

«Қазақ вальсі» естиярлар тобы



Жүргізуші: Наурыз - праздник добра и света, поэтому в этот день в народе повелось, чем мудрее будет отмечен праздник «Наурыз», тем благополучнее пройдет весь год.
Наурыз – это праздник не только земли казахской, но и праздник братских народов Востока; праздник всех кто живет рядом: русские, украинцы, узбеки, таджики, турки, корейцы... И потому на наш праздник приехали гости из японии. И они нам покажут свой танец.

«Жапон биі»



Жүргізуші: Спасибо вам, гости дорогие за танец.
А сейчас дети старшей группы исполнят нам песню «Мой Казахстан»

«Мой Казахстан» әнін орындау.

Жүргізуші:
Наурызым – бабамның сөзі
Наурызым – анамның сөзі
Ғасырдан – ғасырға жеткен даламның сөзі.

Енді ортаға тақпақ айтатын балаларымызды шақырайық.

Наурыз келді тамаша,
Ән айтайық таласа.
Апам, атам той тойлап,
Қуанып жүр балаша.

Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдемі
Наурыз көже пісірді.

Көктем, көктем, көктемде,
Күн шуағын төккенде.
Күміс- күміс қағамыз,
Ойнап асыр саламыз.

Наурыз сары уызым
Жүдеп едім сен кетіп
Қайта келдің байтақ елдің
Қуанышын көлдетіп

Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз.
Тәтті болып жасаған,
Наурыз дәмін татыңыз.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Сегодня замечательный день – праздник пробуждения новой жизни, праздник мира и весны. Наурыз праздник равноденствия.
А сейчас дети старшей группы исполнят танец «Клоунов»

Танец «клоунов»

Жүргізуші: С наступлением Наурыза, как по волшебству начинает молодеть и прихорашиваться земля; украшая себя зеленью деревьев, наполняя воздух ароматами трав; оповещая весь мир пением птиц о приходе нового года.

Дети средней группы прочитают стишки.

Отан – туған үйіміз,
Отан – туған жеріміз.
Отан – ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.

Отан сенің ата – анаң,
Отан – досың бауырың
Отан - өлкең астанаң,
Отан – аудан, ауылың.

Отан деген атамекен,
Отан деген туған жер
Отан – ана,
Отан – үлкен
Қазақстан – туған ел.

Отан – біздің әніміз,
Отан – біздің сәніміз.
Ер жетеміз туған ел,
Сені сүйіп бәріміз.

/ Заходит әже с пожеланиями /

Әже: Амансыңдар ма балалар Наурыз тойларың құтты болсын Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Тойларың тойға ұлассын.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, әже, тойыңыз тойға ұлассын. Присаживайтесь посмотрите, что наши детки приготовили.

Әже: Әрине, рахмет балаларым, увидев вас я очень обрадовалась, ну давайте посмотрим, что вы приготовили.

Жүргізуші: Қазір біздің балалар «Наурыз біздің жаңа жыл» әнін орындап береді.

«Наурыз біздің жаңа жыл» әні. Ересек топ.



Әже: Жарайсыңдар балалар, бәрің де өнерлі екенсіңдер, өнерлерің өрлей берсін. Я к вам не спустыми руками пришла. Я хочу вам показать одну из традиций казахского народа, она называется «бесікке салу».

Через несколько дней после рождения ребенка родители устраивают праздник укладывания новорожденного в колыбель. Родственники со стороны матери ребенка или многодетная мать дарят родителям деревянную колыбель. Это символизирует желание видеть многодетной семьей сегоднешнего малыша. Ритуал укладывания ребенка в колыбель поручается женщине, подарившей колыбель.
Помахивая зажженной веточкой, женщина изгоняет злых духов и очищает от запахов колыбель.

Алас, алас, аласы,
Келді міне баласы
Қош қош пәлесі
Келді міне егесі.

После этого она стелит маленькие подушки и одеяла. Укладывает ребенка в колыбель и пеленает его. Специально сшитыми лентами крепко прикрепляет ребенка в трех местах. Приговаривая свои пожелания женщина накрывает колыбель одеялом.



Мойымдағы мәржаным
Қорадағы мал жаным
Бесігіне жата ғой!
Әлди, әлди ақ бөпеш
Ақ бесікке жат бөпеш
Жылама, бөпеш, жылама
Көзінің жасын бұлама.

Затем накрывает шапаном, шубой, чтобы ребенок стал сыном народа, вешает уздечку и плетку, чтобы стал хорошим наездником, прикрепляет тумар, чтобы не сглазили, привязывает когти беркута, чтобы имел зоркий глаз. В последующие дни ребенка укрывают только одеялом.

Жүргізуші: Ал әже сіз дастарханға төрлетіңіз, жайғасыңыз.

Әже: Но дети подрастают и когда они делают первые самостоятельные шаги. И родители проводят обряд «тұсау кесу». Это великий веселый обряд. Праздник «Тұсау кесу» проходит весело и интересно. Собираются много гостей, родных, они поют, играют, исполняют кюи, загадывают хитроумные загатки.Для резания пут выбирают одного из приглашенных почетного, уважаемого человека, которой ходит ровно, не спотыкаясь, и обладает хорошими манерами. Человеку резавший путы родители ребенка одаривают подарками.
Вот к нам сегодня пришли уважаемые гости. Почетная роль для разрезания пут предоставляется мудрой әже. Этот человек должен быть

честным, порядочным, чтобы ребенок мог быть похожим на него. Для этого обряда необходимы пестрые нити. Ала жіп- двух цветов: белый и

черный показывает, что на смену ночи всегда приходит солнечный день.
Затем әже связывает этой ниткой ноги ребенка и ставит малыша у края белой дорожки.



Әже: Қаз – қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Құтты болсын қадамың,
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер....
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінде!

Жүргізуші: Теперь малыш быстро и легко начнет ходить.Пожелаем этому ребенку доброй и светлой дороги. Рахмет вам, садитесь и вы за наш дастархан.

Жүргізуші: Міне біз да қазақтың салт – дәстүрінің үзіндіні көрдік, ал қазір естияр топ биін тамашалаңыздар.

«Шығыстың биі» естиярлар тобы



Жүргізуші: В эти дни готовилось много еды, которая символизировала достаток и изобилие в наступающем году.

Дастархан накрывали в каждой семье. Трапеза приурочивалась к полудню, до и после которой мулла читал молитвы в честь предков. По завершении старший по возрасту из присутствующих давал благословение (бата), чтобы из года в год благополучие не покидало семьи.
Қазір біздің әжеміз бізге бата береді.



Дәулетті бас берсін,
Бақытты ас берсін,
Ұлыстың ұлы күнінде!
Ұлың оңға қонсын,
Қызың қырға қонсын!
Малың өріске толсын,
Дәулетіңді асырсын,
Дұшпаның басылсын.
Менің берген бұл батам –
Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата – аналар, алтын уақыттарыңызды бөліп біздің Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Келесі кездескенше сау саламатты болыңыз.
Категория: Дошколенок | Добавил: ashat_sharishev (2016-01-16) | Автор: Наурыз E
Просмотров: 123 | Комментарии: 4 | Теги: Ертеңгілік, Наурыз мерекесі | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2016-12-11, 5:07 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1476]
Школьный психолог [501]
История [696]
Опыт [473]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [219]
Мастер-класс [206]
Семья и школа [174]
Компьютер-бум [248]
Английский язык [771]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1142]
Химия [375]
Классному руководителю [626]
Биология [579]
Думаем, размышляем, спорим [92]
Казахский язык и литература [1763]
Краеведение [92]
Начальная школа [3913]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [355]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [290]
Экология [180]
Дошколенок [1492]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [441]
Мой Казахстан [228]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1158]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [517]
Немецкий язык [51]
Технология [282]
Самопознание [381]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [12]
Педагогические программы [4]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru