Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

С дыбысы мен әрпі
19.01.2016
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімнің аты: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: С с дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: С с дыбысы және оның әріп таңбасымен балаларды таныстыру. С с дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару.
Тәрбиелік: Дамыту ойындарын пайдаланып еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың тілдік, сөздік корына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, С с дыбысының баспа түрі, текшелер,түрлі суреттер.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет,

Іс -әрекет кезңдері Мұғалімнің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық І.Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушылардың оку-құралдарын түгендеу.
2) Зейіндерін сабаққа аудару.
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! деп,
Сәлемдесіп аламыз.

Здравствуй школа, здравствуй класс,
Школьный день встречает нас.
Вот уже звенит звонок,
Начинается урок.
ІІ. Өтілген сабақты қайталап, еске түсіру
Балалар, бүгін бізде сауат ашу сабағы. Ал бүгінгі сабағымызда біз сауат ашу әлеміне саяхатқа барамыз. Саяхатқа шықпас бұрын біз өткен сабағымызды есімізге түсірейік.
-Өткен сабақта қандай дыбыспен тынстық?
-Б дыбысымен
-Б дыбысы қандай дыбыс?
-Дауыссыз дыбыс
Дидақтикалық ойын «Сөз ойла, тез ойла»
Шарты: Балалар «Б б» дыбысынан басталатын немесе сөз арасында «Б б» дыбысы бар сөздерді айтады. (сурет бойынша балық, барабан, бағдаршам, арба, бала, бота) Айтқан сөздерін буынға бөледі. Балалар сабаққа дайындалып отырады.

Балалар белсенділік танытады.
Ұйымдастыру -ізденушілік ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Жақсы балалар, енді саяхатқа шығуымызға болады.
-Балалар, ненің дыбысын естіп тұрсыңдар.
-Поезд
Ал енді көзімізді жұмайық.
-Ендеше. Саяхатқа немен барамыз деп ойлайсыңдар?
-Поезбен
-Ал баратын жерлерімізді тез табу үшін бізге не қажет?
-Карта
Балаларды Шалқар қаласының картасымен таныстыру.
1.Ертегілер елі
2.Жаңа білім елі
3.Суреттер елі (топтық жұмыс)
4.Жазу елі
5.Сиқырлы сөздер елі
5.Жұмбақтар елі
Ал балалар ендеше «Білім» әлеміне саяхатымызға аттанайық.
-Балалар біз ертегілер еліне келіп жеттік. (ертегі қойылымы)
Сансызбай деген бала болыпты. Оның Сандуғаш деген қарындасы бар екен. Ол екеуі бір күні тоғайға серуенге шығыпты. Тал түбінде өсіп тұрған нені көріпті? Саңырауқұлақты. Шықылықтаған дауысқа қараса сауысқан екен. Алға қарай жүріңкірегенде ағаш кесушілерге кездеседі. Сансызбай олардың сүргі деген құралына қызыға қарады. Ұстап қарап бір ағашты жонып қалып еді. алдынан сылдырап су аға жөнелді. Сандуғаш су түбіне үңіліп еді, сақина, сырға жатыр екен. Сол сақина мен сырғаға сол бойда су жағасынан бір ғажайып сандық ашыла кетті. Сақина мен сырғаны алып, соған сала қойды. Ішінен сиқырлы кітап шығады. Қандай дыбыс шықты? С С С.

-Балалар әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.
-Балалар біз жаңа білім еліне келіп жеттік.
Бірақ біз жаңа білім еліне кіру үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз қажет.
Дидактикалық ойын: «Дәл тауып айт»
Қыздар құлағына тағады - Сырға.
Қыздар қолына тағады - Сақина.
Уақытты көрсетеді - Сағат.
Сиырдан не алынады - Сүт.
Сызуға арналған құрал - Сызғыш.
Кітаптарды қайда саламыз - Сөмке.
Кірді немен жуамыз – Сабын
Балалар шайнайды – Сағыз
-Балалар осы сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр?
-Дұрыс айтасыңдар, С с. Олай болса біз бүгін С с дыбысы мен әрпімен танысамыз.
-Ең алдымен дыбыс дегеніміз не? (дыбысты естиміз, айтамыз)
-Әріп дегеніміз не? (жазамыз, көреміз, айтамыз)
-Олай болса балалар «С с» дыбысы дауысты дыбысқа жата ма, дауыссыз дыбысқа жата ма?
-Дауысты, дауыссыз дыбыс екенін қалай ажыратамыз.
-Ендеше барлығымыз хормен айтып «С с» дыбысының қандай дыбыс екенін анықтайықшы.
-Дұрыс айтасыңдар балалар, «С с» дыбысы дауыссыз дыбыс, тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі, кедергіге ұшырап барып шығып тұр.
Мұғалім балаларға суреттермен «С с» дыбысы туралы түсінік береді. (орақ, білезік)
-Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?
-Көк түспен
-Қай үйге кіргіземіз?
-Көк үйге
Ал балалар жаңа білім елімен қоштасып, суреттер еліне барайық.
Мына суреттерге назар аударайық.
(Кітаптағы суреттер: асық, сандық, күнбағыс
Сағат, мысық, автобус,сүт, сызғыш, сауысқан)
-Дыбыстық талдау жасату
-Балалар, «С с» дыбысы сөздің барлық буындарында (басында, ортасында, соңында) кездеседі.
-Жақсы балалар, саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.
-Ал балалар жазу еліне де келіп жеттік
Әліппе-дәптермен жұмыс
Әліппе-дәптердегі (суретке қарап) асық, сандық, күнбағыс С с дыбысы қай жерде келіп тұрғанын сұрау.
Асық, сандық, күнбағыс туралы түсініктеме беру.
Жаз: -Балалар, енді осы С с дыбысын көргілерің келе ме?
-Оны көру үшін дыбыс неге айналу керек?
-Әріпке қалай айналдырамыз?
С с әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау:
а) С с әрпін ayада жазу.
ә) С с әрпін қолымен үстінен бастыру.
б) С с әрпін әліппе-дәптерге жаздыру.
в) Тақтаға жаздыру
Сергіту жаттығуларын жасату
-Ал балалар сиқырлы сөздер еліне де келіп жеттік
-Балалар, қараңдаршы бізді дельфиндер өткізбей тұр. Бізге мына буындарды, сөздерді оқи аласыңарма, оқысаңдар өтесіңдер дейді.
Оқы: -ас, -са, -со, тас, са-на, со-на (сөздерді оқыту)
-Келесі аялдама: «Жұмбақтар елі» «Көкөністер жинау» ойыны
Жұмбақтар:


С с

- Сырға.
- Сақина.
- Сағат.
- Сүт.
- Сызғыш.
- Сөмке.
– Сабын
– Сағыз

-С с

-дыбысты естиміз, айтамыз
-жазамыз, көреміз, айтамыз

-Дауыссыз дыбыс

Балалар мұғалімді мұқият тыңдап, ойларын айтады.

Балалар үлгіге қарап жазады.

-Балалар қимылмен орындайды.
Кері байланыстылық-
түзетушілік
ІҮ.Сабақты қорытындылау.
Балалар бүгін қандай әріппен таныстық-С
-«С» дыбысы қандай дыбыс-дауыссыз.
-С әрпі қандай түспен белгіленеді-көк
Енді сабағымызды қорыту үшін мына тест сұрақтарына жауап берейік:
1.С дыбысы бар суреттерді табу
2.Сағат, тас, сана, сона (дыбыстық талдау жасау)
3.Сурет бойынша буынға болу
ҮІ. Оқушыларды мадақтау

-Балалар белсенділік танытады.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: С с дыбысы, әрпі мен танысады
Қандай түсініктерді игерді: С с дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз ойларын ашық айтуға дағдыланады.
Категория: Дошколенок | Добавил: kuralay_saparbaeva (2016-01-21) | Автор: Құралай E
Просмотров: 627 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 10:45 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru