Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Ұлттық аспап "Домбыра"
ШҚО Семей қаласы
"№7 "Ақ бота" ясли-бақшасы" КМҚК тәрбиешісі
Жумабекова Айгуль Оралгазиновна
Тақырыбы: Ұлттық музыкалық аспабы «Домбыра»
Мақсаты: балаларға қазақ халқының ұлттық аспабы домбыра туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Білімділік: күй тыңдай отырып, ұлттық танымын көтеру, ауыз әдебиет үлгісі мен нақыл-сөздерді қолдана отырып, білімділігін шыңдау.
Дамытушылық: әдемілікті сезіне білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: ұлттық өнерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: музыкалық аспап – домбыра, Құрманғазы ата мен Дина апаның суреттері, домбыра, ою-өрнек түрлері.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Шаттық шеңбері:
Алтын күн, күліп шықты бүгін,
Қайырлы таң балалар!
Үлкендерге сіз,
Кішілерге біз.
Әдеппен бас иіп,
Сәлем бердік біз.
(Домбырада күй ойнайды)
- Бұл ненің әуені екен?
- Домбыраның әуені.
Осы кезде топқа домбырамен Тазша бала қонаққа келеді, амандасады.
Жұмбақ жасырады:
Ұзын мойын екі ішек,
Қатар-қатар текпішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үні шығар күмбірлеп.
- Домбыра
Тәрбиеші: - Домбыра, қазақ елінің қасиетті музыкалық аспабы. Ол қазақ елінің тарихы, домбырамен отбасындағы той-думандар, мерекелер, салт-дәстүрлер ән-күймен өткізілген. Бүгінгі «Домбыра» тақырыбындағы оқу іс-әрекетімді мына өлең сөздермен бастайын:
Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сөз қозғап ғасырлардан жөнелесің,
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе.
Өлең жолдарын айту:
Екі ішектің бірі қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра, - деген өлең жолында айтылғандай, қазақтың ұлттық аспабы домбырамен танысуды ұсынады.
Слайдтан домбыраның құрылысын көрсету арқылы түсіндіреді:
- Домбыраның құрылысы көптеген бөліктерден тұрады. Мынау домбыраның басы, құлағы, мойыны, пернелері, домбыраның беті, шанағы, тиегі, ішегі, дөңгелек дыбыс ойығы деп аталады.
- Құрманғазы Сағырбайұлы күй атасы, қазақтың ұлы күйшісі, композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Ол кісінің «Сарыарқа», «Балбырауын», «Ақсақ киік», «Серпер», «Қуаныш», «Назым» күйлері бар.
«Сарыарқа» күйі тыңдалады.
Дина Нүрпейісова қазақтың әйгілі күйші композиторы. Күй анасы атанған атақты күйші. Ол кісінің «Әсем қоңыр», «Сертпер», «Жеңіс», «Бұлбұл», «Тойбастар» күйлері бар.
«Әсем қоныр» күйі тыңдалады.
Тазша бала:
- Домбыра туралы қандай өлең білесіңдер?
Екі ішек, екі желі, тоғыз перне,
Теңселіп тербеледі соқсаң сен де.
Қос қазық, қос құлағы, ол-домбыра,
Тыңдатар ән мен күйін тамам елге.
Серігі әншілердің домбыра ма?
Домбыра тарта білсең болдыра ма?
Баппенен домбыраны қолға алып,
Әнге сал қос құлағын оң бұрада.
Музыка әуенімен қосылып айту:
Бабамыздың көзіндей қара домбыра,
Данамыздың сөзіндей дара домбыра.
Асқақтатып рухыңдай ағыл домбыра,
Әр қазақтың төрінен табыл домбыра.
Қайырмасы:
Шанағыңда ойнаған,
Үніңе еш тоймаған,
Қасиетті домбыра.
Күмбірлеген күйіңе,
Әр дайым мен сүйінем,
Қасиетті домбыра.
Қорытындылау:
- Қазақтың қандай ұлттық музыкалық аспабымен таныстық?
- Домбырада ойнайтын адамды кім дейді?
- Күй атасы мен күй анасы кім?
Домбыра туралы қандай нақыл сөздер айту:
- Домбыра - еңбекқорлыққа үйретеді.
- Домбыра - шежірені білуді талап етеді.
- Домбыра - адамның ішкі- жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулықты нығайтады.Тазша бала алғысын айтып, балалармен қоштасады.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2016-02-04) E
Просмотров: 1537 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 2:40 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru