Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Тілдің дыбысталу мәдениеті
Семей қаласы
Жумабекова Айгуль Оралгазиновна
«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК тәрбиешісі
Тақырыбы: Тілдің дыбысталу мәдениеті
Мектеп жасына дейінгі балаларға тән нәрсе – олардың сөз ішіндегі кейбір дыбыстарды айтуға қиналуы. Кейде бала аталған дыбыстарды жекелей дұрыс айтады да, сөз ішінде теріс қолданады. Бала тіліндегі дыбыстық кемшіліктер мына түрде кездеседі: сөз ішінде дыбысты дұрыс айтпау, сөз ішінде дыбыс алмастыру (қолғап – қолбақ, орамал – омарал,т.б.).
Жаңа бағдарламада сөздің дыбысталу мәдениеттілігін қалыптастыру жұмысы айына 1-2 рет жоспарлануға тиіс деп көрсетілген (сәбилер тобы). Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру жұмыстарын басқа сабақтарда да (шығарма оқу, дидактикалық ойын, бақылау) жұмыс ретінде, сабақ мазмұнына қарай жүргізуге болады. Бала оқу жылы ішінде бағдарламада көрсетілген дыбыстарды түгелдей дұрыс айтуға үйренуі тиіс.
Жоғарыда аталған тіл кемшіліктерін түзету үшін ең алдымен баланың айтуына қиын р, ш, з, с, ж, т, қ, ғ дыбыстары жиі кездесетін сөздерді тыңдата отырып, оның есту қабілеттерін дамыту, сөздің дыбысталу ерекшелігіне төселдіру. Соңынан осы дыбыстарды жекелеп айтып, сөйлеу мүшелерін дұрыс қоя білуге үйрету, көрсетіп жаттықтыру қажет. Мысалы: Ш дыбысын айтқанда ерін алға сәл ғана сүйірленіп, тілдің ұшы тілден алыстап, артқы көмейге қарай жиырылады. Іштен жылы ауа шыққаны байқалады. Ж дыбысы да Ш сияқты айтылады. С дыбысын айтқанда ерін ғана ашылып, тіл астыңғы тістің түбіне таяу тіреліп, салқын ауа білінеді. З дыбысы С дыбысы сияқты айтылады. Мұндағы ерекшелік – аздаған үн қатысы бар. Осылайша балаларға жеке дыбыстарды айтқыза отырып, ойын әдісін түрлендіре, сөйлеу аппаратын дұрыс қолдануға үйрету қажет. Мүндайда ойын мен көрнекілік әдісті баланың көру, тыңдау қабілетін дамытуға қатар қолдануға болады. Ең алдымен ойыншықтарды көрсетіп, олардың атын айтқызу, дауыссыз дыбыстар жиі қолданылатын сөздерді қатыстыра отырып үйрету қажет. Ойын үстінде айтуға қиын дыбыстардың жиі қолданылуына көңіл бөліну керек. Мұндайда хормен айтқызу әдісін жекелей айтқызумен қайталап жалғастырудың орны бөлек.
Дыбысты дұрыс айтуға үйрету үстінде қозғалмалы ойын әдісі тиімді емес. Өйткені балалардың зейіні ойын әрекетіне ауады да, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығу көмескі қалады.
Естияр балалар тіліндегі бірінші ерекшелік – сөздің дыбысталу жағын дұрыс айтуға қабілеті бола бастайды. Олардың фонетикалық есту сезімі жетіле түседі. Бұл жағдай жеке сөздердің дыбыстық жағын дұрыс айтуына негіз болады.
Екінші ерекшелігі – олар өзінің сөйлеу тіліндегі мүкістікті байқамайды, сөйлеу органдарын дұрыс пайдалану керектігін ескермейді, артикуляциялық аппараттары дыбыстау жағынан әлі толық жетілмегендіктен, кейбір дыбыстарды қате айтады. Сондықтан оларды сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға жаттықтыру жұмысы - тіл дамыту ісінің негізгі бір бөлігі болып табылады. Ол үшін тәрбиеші өзі жұмыс істейтін топтағы балалардың сөйлеу дәрежесін, сөз қолдану ерекшелігін бақылап, күнделік жүргізуге тиісті. Бұл жұмыс балабақшаға алғаш келген күннен басталады. Сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда тәрбиеші түрлі суреттер мен ойыншықтарды пайдалана отырып, әр баламен жеке сөйлесіп, сөйлеу дағдысындағы жетістік, кемшіліктерін анықтайды. Баланың тілін түзету мақсатында түрліше жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Балаға қиын дыбыстар жиі қатысатын жеке сөздер, суреттер, өлең, тақпақ, ойын түрлерін әзірлейді.
Баланың тіл мүкістігін түзету үшін өтілетін сабақтар бір мазмұнды бірнеше бөлімнен құралады. Сабақтың бірінші бөлімінде үйрету мақсаты қойылады. Тәрбиеші: «Бүгін Р дыбысын дұрыс айтып үйренеміз» – деп түсіндіреді. Сонан соң, жеке дыбыстарды айтқанда сөйлеу мүшелерінің қандай жағдайда болатынын көрсетеді. Сабақтың екінші бөлімінде сол дыбыс қатысатын сөздерді айтқызып жаттықтырады. Тәрбиеші өзі бірнеше суретті (р не л дыбысы қатысатын) көрсетеді, балалар ондағы затты айтады. Балаларға өз ойларынан бірнеше мысал айту ұсынылады. Олар жауап береді (шар, тор, кино, т.б.). Сабақ соңында сол дыбыстар жиі қатысатын өлең – тақпақ не жаңылтпаш оқылады.
Бұл жастағы балалардың көпшілігі барлық дыбысты дұрыс айтады. Дегенмен кейбір балалар р және басқа (с - ш, з - ж, щ - ч, қ - ғ, т.б.) дыбыстарды айта білмейді. Сөйлеу қарқынын, дауыс екпінін дұрыс қоя алмайды. Ұқсас дыбыстарды ажырата білмейді.
Сондықтан ересек балалар тобындағы барлық балаларды түрлі дыбыстарды айта білуге, әдеби тіл нормаларында сөйлеуге үйрету қажет. Бұл жұмыста басты материал сықақ, өлең, тақпақ, мақал – мәтел оқу, жанылтпаш айттырып, жұмбақ шештіру, санамақ ойынын ойнату, әңгімелетіп айтқызу. Суреттерге сипаттама жасату (сурет көрсетіп әңгімелету), ұқсас дыбыстарды ажырата білуге үйрету үшін суреттер даярлау: ш, ж, ч, щ, қ, ғ дыбыстарына – шұлық, шам, шаңғы, қайшы, жәшік, жіп, жастық, щётка; р, л, с, з, қ, ғ дыбыстарына – барабан, қуыршақ, ара, бор, қозы, қаз, қораз, балта, кілт, стол, мысық, Сара, сәбіз, сарымсақ,т.б.
Дұрыс дем алу (тез демалып, дем шығару) әрекетін қалыптастыру үшін де арнайы жаттығулар өтіледі.
«Ағаш шабушы» ( бұлшықет қысымын жою) жаттығуы.
Бастапқы қалып: аяқтарыңды иық тұсына қойып, қолды бос жіберіңдер. Екі қолдарыңмен «балтаны» ұстап, асыра жоғары көтеріп бірмезетте жеңіл және терең дем алып, алға қарай тез иіліп, қолды төмен түсіріңдер де (балтамен ұру), ауыз арқылы қысқа толық дем шығарыңдар. Қолымызды көтеріп (тыныс аламыз), түзу тұрамыз және қайтадан ағашты балтамен ұрамыз (шабамыз).
«Арашылар» жаттығуы. Біз қазір бөрене ағашты бір, екі, бір, екі (2 рет қайталанады) арамен кесеміз. Қыстық отын дайындаймыз. (Отындық ағашты арамен қалай кесетінімізді қол қимылымен көрсетеміз. Алға сәл енкейіп тұрамыз). Т.с.с.
«Ғарышкерлер» жаттығуы. Сендер өздеріңді ұшқыш, ғарышкерлеріміз деп есептеңдер. Зымыран кемесін ұшыруға аз қалды. 10-нан 1-ге дейін үлгеруге жетерлік тыныстап дем жинаймыз, әрі анық «Жібер» деген сөзді айтамыз да, шығарамыз.
Артикуляциялық жаттығулар. Біздің міндетімізге дикция акауларын түзету емес, дыбыстардың анық, дұрыс айтылуын қадағалау жатады. Бұл жаттығуларды орындалғанда әр бала өзінің сөйлеу мүшесінің жұмысын бақылай алуы үшін міндетті түрде айнаны қолданады. Гигиеналық талапарға сай, кезекті жаттығуларды орындаған соң қолданатын, балаларда қол орамал болуы тиіс. Ең алдымен тіл бұлшықеттеріне кейін ерінге арналған жаттығулар жүргізіледі. Артикуляциялық жаттығулардың басым бөлігі тіл бұлшықетін созуға есептелген, өйткені баланың дикциясын анықтығы тіл ұзындығымен байланысты.
Тіл бұлшықетіне арналған жаттығулар.
«Тәтті тосап» жаттығуы. Біз анамыз дайындаған тәтті тосапты жақсы көреміз. Тосап тіл үйіреді. Тосап ерінімізге жұғып қалыпты. Тілді еріне қойып, ерінге жұққан тосапты жалап алғандай айналдыра қимылдатады. Бұл жаттығу 2-3 рет орындалады.
«Көңілді тіл» жаттығуы. а) Біздің ауызымызда Көңілді Тіл өмір сүреді. Оның үйшігі – ауыз. Көңілді, тентек Тіл бір орында отыра алмайды. Сондықтан ол үйшігінен шығып жан – жағына қарайды. Оң жағына қарайды, сол жағына қарайды. ә) Көңілді Тіл күнде ертемен далаға шығып, жан – жағына амандасады. Тілді сыртқа шығарып, ырғақпен оңға – солға, солға – оңға бұрады. Жаттығу 5-6 рет қайталанады, т.с.с.
«Әдемі күлімде» жаттығуы. Әдемі баланың күлкісі де әдемі. Қатты дауыс шығарып күлмеген жөн. Сондықтан әдемі, жымиып қана күлейік. Ерінімізбен жымиып езу тартамыз, сосын бастапқы қалыпқа келеміз.
«Қақпа» жаттығуы. Ерінімізді кеңінен ашып, жұмылған тісті ( тісті – тіске тигізу) көрсетеміз. Содан соң бастапқы қалыпқа келеміз.
Дикциялық жаттығу барлық жоғарыда аталған міндеттерді кешенді шешеді. Балалар қандай да бір сөйлемді, жаттамақты, жаңылтпашты айтқанда, дұрыс тыныс, дем ала білуін, дәл артикуляциялы жасауы және жеке дыбысты, сондай - ақ буынды, сөзді анық айтуы қажет. Көбінесе жаңылтпаштарды қолдану тиімдірек болады.
Барлық жаттығу түрін бір мезетте өткізу міндетті емес және де қажет емес. Олардың біреуін не екеуін қолданса да жетіп жатыр. Жаттығуларды өткізу уақыты 3-5 минут. Барлық жаттығулар топпен, кейін таңдаулы түрде жеке орындалады. Бұл жаттығулар оқу – тәрбиелеу үрдісінде (тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында, серуен кезінде), логопед, психолог жұмысында, отбасында да қолдануға өте ыңғайлы.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2016-02-04) E
Просмотров: 2872 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 8:54 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru