Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын
ШҚО Семей қаласы
«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК тәрбиешісі
Шулембаева Кулаш Кайсахановна
Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын
Жүргізуші: Құрметті балалар, құрметті қонақтар, ата-аналар! Бүгін біз тәуелсіз Отанымыздың мерекесін атап өтуге жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі күн біздер үшін той күні
Жарқын тілек жан көркейтсін бұл күні.
Қазағымның бар қасиеті көрініп,
Күй төгіліп, болсын қызық жыр күні.

ГИМН орындау.

1-бала:
Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы.
Бесігім болып тербеткен
Отаным – Қазақстаным!

2-бала:
Толтырған гүлге даланы,
Жайнатқан ауыл қаланы.
Ардақты ата-мекенім,
Отаным – Қазақстаным!

3-бала:
Біз тілейміз бар бөбек,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын, күлгенін.

Жүргізуші:
Қош келіпсіз мерекеге баршаңыз,
Балалардан сәлем алып келдік біз.
Мерекеміз құтты болсын бүгінгі,
Бақытты өмір халқыма біз тілейміз.

Алтын табақтан тараған жарқын Күннің сұрақтарына екі топ кезекпен жауап береді.

Жүргізуші: Қазақстан елі қандай ел? (тәуелсіз, егемен ел)

4-бала:
Көп азабыңды шеккен Ел,
Тозағынан өткен Ел.
Батысында қар жатса,
Шығысында көктем Ел.
Ол шетімен, бұл шеті,
Көз жетпейтін байтақ
Қазақстан Елі.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Елбасы кім? (Н. Ә. Назарбаев)
5-бала:
Шыққан тарап ой-данадан,
Бұрылды бізге тарих беті.
Өзі қалап, сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.

Жүргізуші: Қай күні, қай жылы тәуелсіздік жарияланды? (16 желтоқсан 1991 жылы)
6-бала:
Жайдарлы жерім бар,
Өрісті елім бар.
Ерлікке баулитын,
Егемен елім бар.

«Жаса, Қазақстан!» әні.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіздер ме?
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек балаға дейін ең кіші.
Әнұран, Көгілдір Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

Жүргізуші: Әнұран – салтанатты ән. Оның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттік Әнұран – егеменді еліміздің Туы мен Елтаңбасының сазды баламасы.
Елдің елдігі, Ердің ерлігі - Әнұран.
Ән асылы, Ұранымыздың басымы - Әнұран

Қазақ елінің Елтаңбасында шаңырақ, қос пырақ ат бар, жоғары жағында елдің аты жазылған. Ат – адамның қанаты. Шаңырақ – үлкен ортақ үй дегенді білдіреді, барлық еншілес халыққа ортақ бақыт тілейді.

7-бала:
Елтаңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Халқымыздың бірлігі.

Жүргізуші: Қазақ мемлекетінің Туы көк түсті. Тудағы дала бүркіті еркіндіктің белгісі.

8-бала:
Туымызға көгілдір
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында,
Көгереміз, көктейміз.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
Қазақ тілім – саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім – ана тілім ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірде,
Жан сырларым, тілегім, бар арманым.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Астанасын білесіңдер ме?

9-бала:
Ей, Астана, жас қалам,
Болашаққа бас қадам.
Қайта туып жаңғырған,
Ей, бас қала, Астана.

Жүргізуші:
Гүлмен келсін келер күн,
Бала-бағы бар елдің,
Балалардың күлкісі,-
Көркі, сәні әлемнің!
Ар-нысан бір, үні бір,
Аға-ардақты, іні-гүл.
Бақыт туын көтерсін,
Тәуелсіздік күні бұл.

Тәуелсіз елдің жарқын болашақ жұлдыздары – Сіздерсіздер! Мерекелерің құтты болсын!

«Бақытты балалық» әнін орындау.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2016-02-05) E
Просмотров: 929 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-16, 8:08 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru