Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫН ОЙНАТУ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ
Гүлжауһар Мұқашқызы Бұлақбаева
«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК тәрбиешісі
Семей қаласы
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫН ОЙНАТУ
АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ
Ұлы ғалым философ Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келекшекте оның өміріне қауып әкеледі»-деген екен. Олай болса, бала бақша болашақта бүлдіршіндерді ата дәстүрін сақтайтын, инабатты да ибалы, үлкен- кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті - ойын, сондықтан оның мәні ерекше.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болама?»- деп айқындай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне, тілінің дамуына құрбылармен жақындасуына көмектеседі. Баланың қуанышы мен реніші ойын арқылы көрінеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Бөбектерді тәрбиелеуде ұлттық ойындардың берері мол. Мысалы: «Ойна да ойлан» атты тәрбие жұмысында балаларға сан, пішін, көлем, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйретуде қазақтың ұлттық ойындары «Теңге алу», «Бәйге», «Көңілді керуен» ойындарын ойнатуға болады. Көрнекті құралдарға ұлттық бұйымдар мен ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдаланып, мысалы: «Киіз басу, құрақ құрау» ойындарын ұйымдастыру. Балалар ұлттық ою-өрнектердің бейнелеу нақыштарының сырын ұғынып, ойындар арқылы ою тармақтарының нені бейнелейтіні жайлы түсінік алады.
Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытқан. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным түсінігіне де әсер етеді. Оның үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Қазақтың көне жыр дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алған. Мысалы: «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттердің ең алдымен ұлттық ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткендері айтылады. «Балалар ойыны», «Ақсүйек» «Асық ойнау», «Аударыспақ», «Жұмбақ айтыс» өте ерте заманда пайда болған. Мұның өзі біздің ата-бабаларымыздың ұлттық ойындарының ғасырлар бойы өмір сүргендігін айқын көрсетеді.
Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады.
Бүгінде ұлттық ойынды балабақшаларда адамгершілікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, табандылыққа, байсалдыққа тәрбиелеу басты мәселе болып отыр. Сол себепті қазіргі кезде балабақшаларда осыған байланысты кең түрде ұлттық ойындарды ойнату ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жиі қолданылуда.
Қазақтың ұлттық ойындары ата – бабамыздан бізге жеткен, өткені мен бүгінгісін байланыстырған баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады.
В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда, «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес». Өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін ойын өте қажет. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шындалады, ұстамдылығы, іскерлігі дамиды.
Ойын – балалар үшін күрделі әрекет. Дене тәрбиесінен оқу іс-әрекеті балаларға ойынның бағытын бере отырып, оның әділ және дұрыс өтуін қадағалаған жөн. Өйткені, мұның балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруда тәрбиелік маңызы зор. Жан-жақты дамыған денсаулығы мықты дара тұлғаларды тәрбиелеу ежелден –ақ халық дәстүрі.
Халқымыздың әдет-ғұрпын, ойын-сауықтарын, ұлттық ойындарын зерттеген қазақ ғалымы Ешмұхаммед Букинді – дене тәрбиесінің тұңғыш ұстазы деп айтуға толық негіз бар. Ол жергілікті мамандар арасында бірінші болып «гимнастика» деген терминге ғылыми тұрғыдан түсініктеме берді, демек адам баласы үшін жас ерекшеліктеріне қарамастан атқаратын рөлін баяндады. Халқымыздың ұлттық ойындарының көпшілігі «ойлауды қажет ететін ойындарға» жатады. Балабақшада өткізілетін қимылдық ойын түрлері баланы ептілікке, зейінділікке, ұқыптылыққа баулиды. Балаларға арналған ұлттық ойын түрлері, мысалы: «Айгөлек», «Қанталапай», «Арқаласпақ», «Тақия тастамақ», «Түйілген орамал», «Арқан тартыс», «Аударыспақ», «Асық ойын», «Хан», «Бес тас», «Тартыс» т.с.с. ойындар – балалардың дене бітімінің ғана емес, ақыл–ойынның жаттықтырушысы.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушы М.О.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», деп тегіннен тегін айтпаса керек.
Бүгінгі және болашақ ұрпақ ұлттық ойындардың өзі адам еңбегінің жемісі, халықтың қиялы, ой құбылысының көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны ретінде өмірге келгенін, оның бар өнердің бастамасы, халықтың әлеуметтік экономикалық өмірінің айнасы екенін білуі тиіс. Ұлттық ойындар сол халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамыған. Өйткені, қазақ халқының ұлттық ойындары өте ертеде туып, оның тұрмыс жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер етеді.
Ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген. Сондықтан халық оған тек ойынсауық, көңіл көтеретін орын деп қана қарамаған. Ең бастысы ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тең (досқа да, дұшпанға да) еркін бәсекеде көрсетуге тиіс болған. Сондай-ақ, талапты жас ойын өнеріне өзінен жасы үлкен, танымал ұстаздан үйреніп, жаттығатынын, аянбай тер төгетінін байқаймыз. Ұлттық ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп. Бірін – бірі толықтырып, байыта түседі. Өзінің өлең жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.
Заман өзгерген сайын адам баласының басынан өткендері баланың ойынында көрініс табатынынан ешкім де шек келтірмес. Ең бастысы ойын барысында баланы жан-жақты ойлануға, өзгелердің пікірімен санасуға, ортақ тіл табысып, тез арада шешім қабылдауға, ойынды шыншыл ойнауға, адал болуға, жалған сөйлемеуге, жанашарлыққа, кешірімді болуға баулу қажет. Тәрбиеші балалардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін есте ұстап, ұлттық қозғалыс ойындарын балабақша өмірінде жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастыра білгені жөн. Ойын жас ерекшеліктеріне сай келмесе, кері әсерін тигізуі мүмкін. Сонымен қатар ойындар баланың белсенділігін арттырып, тәртібіне де оң әсерін тигізеді, өзіне де баға бере алады. Әрбір ойын – балалардың адамгершілік жолындағы бір көтерілер баспалдағы секілді.
Ойын – өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін өте қажет. Ойында баланың дене күші артады. Қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады, ұстамдылығы, іскерлігі дамиды.
Жалпы, қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысының да қоғамдық және әлеуметтік мәні зор. Бұған қоса, ұлттық ойындар қазақ халқының о бас¬тан ерекше мәдениетті болға¬нын ай¬қындайды. Ата-бабаларымыз ұлт¬тық ойындар арқылы ұрпақтың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шын¬ды¬ғына келсек, адамның өмір сү¬руінде қазақтың ұлттық ойын¬дарының атқаратын маңызы ереꬬше. Басқаны былай қойғанда, әр ұлттық ойын оған қатысушыны өмір сүруге бейімдеп ғана қоймай, қиындықтан қорықпай, қарсы тұра білуге үйретеді. Мысалы, бір ойын шеберлік пен ептілікке, енді бір ойын талғампаздыққа, ал енді бір ойын қиын-қыстау кезеңде тез шешім қабылдап, оңтайлы жол таба білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық ойындардан спорт пен патриоттық тәрбие айқын аң¬ғарылады. Мұның өзі қазақтың ұлттық ойындарының тәрбие бе¬рудің таптырмас құралы екендігін дәлелдейді.
Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажірлі бала өсіру үшін ұлттық ойындарды үйретіп отырған дұрыс.
Өйткені жас бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. - Астана, 2008.
2. «Тәй-тәй» технологиясы (негізгі ережелер).
3. Молдагаринов А. «Казахские детские игры». - Алматы, 2005.
4. «Қазақстан мектебі» журналы. №9-10, 2005.
5. Төтенаев Б. «Қазақтың ұлттық ойындары». – Алматы, 2002.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2016-02-05) E
Просмотров: 1066 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 5:42 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru