Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ – РУХАНИ -АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ НЕГІЗІ
Гүлжауһар Мұқашқызы Бұлақбаева
«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК тәрбиешісі
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ – РУХАНИ -АДАМГЕРШІЛІК
ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ НЕГІЗІ
Әрқайсымыз Абай атамызды «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» нақыл сөзін ұстанып жүргендеріміз анық. Бала тәрбиесіне әрқайсыңыздың рөлдеріңіз бөлек. Ұстаздық – мамандықтың аса бір баға жетпес құндылығы.
Ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек қателеспейміз. Бұл пәннің негізгі мақсаты – адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі тану негізінде, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеріп, баланың өзіндік «Менін» қалыптастыру.
Бала - кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.
Балабақша – білім ошағы, тәрбие ортасы, тығылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы руханилық-адамгершілік тәрбие берудің ошағы «Өзін-өзі тану» пәні десек те орынды.
Пәннің әр атауы, әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.
«Өзін-өзі тану» сабақтарының өзіндік ерекшеліктерін байқататын «Шаттық шеңбері», «Армандайық», «Өзіммен-өзім», «Әңгімелесейік», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Ойын-Жаттығу», «Жүректен-жүрекке шеңбері» балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді.
«Өзін-өзі тану» сабақтарында ұсынылып отырған ойындардың басым көпшілігі балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа үйретуді көздейді, яғни сабақтардағы ойындардың өздері бала бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіруді көздейді.
«Жүректен жүрекке» кезеңінде сабақ үстіндегі алған білімдерін, жаңа ақпараттарын қорытындылай келе ой бөлісіп, жылы тілектер жүректен – жүрекке ұштасып жатады.
Осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін себуге болады. Болашақ ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзатттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді.
Міне, осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік сабағы - сол көздеген нысанаға жетелейтін шамшырақ іспетті пән.
Баланы жан-жақты дамытып, өзінің ішкі дүниесін тану арқылы өмірдің мәнін пайымдауға үйретуді мақсат ететін «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің қағидалары мен әдістеме-нұсқауларының қайнар бұлағы-ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардан негіз алады. Атап айтқанда, халқымыздың аңыз-әңгімесі, ертегісі, мақалы, нақыл сөздері, ұлылардан ұлағат алу, ақын-жазушыларымыздың шығармашылық еңбектерінен тәрбиенің түйінін табу, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйрену «Өзін-өзі тану» пәнінің өзегі болып табылады. Бұл пән адамды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағыт ұстайды. Әрбір жеке тұлға, жеке адамзат өмірдің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Осыған орай өтілген әрбір сабақ баланы өзінше ойлауға, шешім шығаруға, өз ісіне жауапты болуға баулиды. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткен халқымыздың мол мұрасы осы пән арқылы келесі ұрпаққа жетіп жатса біздің де мақсаттарымыз орындалғаны.
«Өзін-өзі тану» пәні сабақтарының мақсат, міндетін ашуға, сабақ берілетін құндылықтарды түсінуге, талдауға, ұғынуға, балалардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыруға, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, берілген тапсырманы орындау арқылы ойлануға, өз ойын түсінуге, рухани адамгершілік білімді меңгеріп, баланың жан-жақты қалыптасуына және баланың сабақ барысында өзіндік құрал ретінде қолдану үшін оқулық, тәрбиешіге арналған әдістемелік құрал т.б. оқу құралдары ұсынылған.
«Өзін-өзі тану» пәнінің басқа пәндерден ерекшелігі, әдіс-тәсілдері, шартты белгілері бар. Оқулықтардағы шартты белгілер балаларға түсінікті болуы үшін берілген. Сонымен бірге әдіс-тәсілдері шаттық шеңберден басталады. Берілген әрбір тапсырма баланың ішкі әлеуетін оятуға негізделген. Демек, бала пән арқылы өмірге шынайы қарауға тәрбиеленеді. Оның негізі адамгершілікке, махаббатқа, сүйіспеншілікке келіп тіреледі.
Мектепке дейінгі мекемелердің, атап айтқанда балабақшалардың ересек және мектепалды топтарына, бастауыш мектептерге (тәрбиеленушілердің альбомы, оқушылардың дәптері, әдістемелік құралдар, бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар, хрестоматиялар) мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалып, жаңартылып екі рет баспадан жарық көрді.
Ешбір сабақ қызықсыз және қажетсіз болып өтпейді. Егер ол сабақ жүрек жылуымен берілсе. Ұстаз өзінен мынадай заңдылықтарды талап етуі керек, егер ол сабақтың мазмұны өзіне қызықсыз болса, оны оқушыға сол көңіл күймен бермеуі тиіс. Әрбір сабақтың қызықты және жан дүниеге шабыт беретін кезеңдері болады. Ол ұстаздың қолында.
«Өзін-өзі тану» жобасы дегеніміз не? «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білімі балаларға, жеткіншектерге және жастарға жалпыадамзаттық және ұлттық рухани құндылықтарды меңгертіп, адамгершілік қасиеттерге үйретуге бағытталған мемлекеттік білім беру бағдарламасы.
Мұндай білім бағдарламасына мұқтаждық қалай туындады? Елімізде соңғы ширек ғасыр шамасында болған өзгерістер қоғамдық сананың барлық түрінің мазмұнына, мұраттарына, рухани-адамгершілік бағдарларына өзгерістер енгізді. Бүгінде рухани қатер төндіретін түрлі факторлар мен құбылыстар: қарқынды жаңашыл үрдістер және экономикалық саяси өзгерістердің ырықсыз ендірілуі, сырттан алып сын көтермейтін дүниелерді пайдалану, ұлттық рухани мұралардың көмескіленуі, дәстүрлі емес діни ағымдардың етек алып еркінсуі; қатыгездіктің табиғи көріністері; өзге елдің салт-дәстүрлеріне еліктеушілікке жол берілуі және т.б.
Жобаның авторлық идеясының негізі не? «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мәні адамның ешкімге еліктемей, өзіндік тұлғасын сақтап қалуға, өз мүмкіндіктерін, табиғи дарынын дамыта білуге; міндетті түрде «жақсы» мен «жаманды» ажырата білуге; өзінің ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға; өзімен, өз отбасымен және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүруге; адамдарға әрқашан қолынан келгенше көмектесуге; ар-ұжданымен өмір сүруге; қоғам игілігі үшін еңбек етуге, үнемі кемелденіп отыруға үйрету. Мұның барлығы – үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік ұстанымдарды, яғни «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасы болып табылады.
Жоба неліктен «Өзін-өзі тану» деп аталады? «Бұл жобаны біз «Өзін-өзі тану» деп атадық, - дейді Сара Алпысқызы. – Өйткені адам әуелі өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктерін, өзінің өмірдегі орнын танып білмесе, ол тағдыр қолындағы ойыншыққа айналады. Егер де «Біз кімбіз?», «Қайдан пайда болдық?», «Бұл өмірге не үшін келдік?» және «Қайда барамыз?» деген терең философиялық сауалдар төңірегінде мәселе қозғасақ – ол өзіміздің көзқарасымызды, өзіміздің ішкі «Менімізді» имандылық жағына қарай өзгертуге жасаған алғашқы қадамымыз болғаны...»
Өмірде еш нәрсе де кездейсоқтық емес, барлығының да бір-бірімен байланысы бар – ол белгілі бір заңдылық. «Өзін-өзі тану» жобасы да кездейсоқ туындаған жоқ. Біз сіздермен бірге отырып, адам жаны үшін маңызды мәселені шешеміз – адамның өзін-өзі танып білуіне, ар-ұжданымен өмір сүруге, адам деген атқа лайық болуға үйретеміз.
Рухани-адамгершілік білімін қандай тәсілдермен, қандай жолдар бойынша беруге болады? Адамзаттың әлеуметтік, мәдени тәжірибесін өскелең ұрпаққа жеткізудің тиімді тәсілдерінің бірі – білім беру жүйесі арқылы беру, өйткені әр бала, әр жеткіншек, әр адам осы білім жүйесі арқылы өмірге жолдама алады.
Сондықтан да білім бағдарламаларының уақыт аясы: мектепалды кезеңнен бастап, жоғары оқу орныдарындағы кезеңге дейін үздіксіз білім беру болып белгіленеді.
«Өзін-өзі тану»Рухани адамгершілік білімінің мақсат-міндеттері:
• балалар, жасөспірімдер және жеткіншектердің бойына жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дарыту;
• балалар мен жеткіншектерді біртіндеп (кезеңмен) адами қарым-қатынас нормаларымен, жалпыадамзаттық адамгершілік қағидаттарымен таныстыру;
• балалар бойында азаматтық мәдениет пен ізгілік қатынастарды қалыптастыру және дамыту.
Білім бағдарламасының міндеттері көп қырлы, алайда оның басты ұйғарымы – еліміздің балалары мен жастарына әлеуметтік ортамен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын іс-жүзінде меңгерту, адамтану саласындағы қажетті біліммен қаруландыру.
«Өзін-өзі тану» Рухани-адамгершілік білімінің қандай ерекшеліктері бар?
Бізге белгілі әлемдік тәжірибеде «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының теңдесі жоқ. Ол балалар мен жастарды рухани-адамгершілік құндылықтарға үйретуге, олардың бойында сындарлы қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға, тұлғалық әлеуеттерін ашуға, адами қарым-қатынастың көп қырлы әлемінде өзін-өзі танып, өз орнын таба білуге, өзінің жеке тағдырын дұрыс таңдауға, өзінің қызығушылықтары, бейімділігі және мүмкіндіктеріне сай өмірлік жолын анықтай білуіне бағытталған.
«Өзін-өзі тану» білім бағдарламасы бойынша жүргізілген эксперименттік кезеңнің нәтижесі қандай болды?
• Заманауи білім беру және тәрбиелеу жүйесіндегі жетіспей жатқан буындарды анықтауға мүмкіндік берді, мектепалды, мектеп және жоғарғы оқу орындарындағы дайындық құрылымында белгілі бір өзіндік ортаға ие болды. Ол басқа пәндерді алмастыра алмайды, керісінше олардың мазмұнын толықтырып, отандық білім назарынан қағыс қалған ізгі әлеуетті толықтырады.
• Жас ұрпақтың жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға және жастардың бойында жаңа азаматтықты қалыптастыруға арналған заманауи білімнің міндеттерін терең түсінуге көмектесті.
• Оқыту мен тәрбие беруге деген дәстүрлі және жаңа көзқарастардың мазмұынын саралауға, педагогикалық теорияның заманауи ұстанымдары жүйесін нақтылауға, дидактикалық материалдарға қойылатын жаңартылған критерийлер әзірлеуге ықпал етті.
• Балалар мен жеткіншектердің нағыз досына айналып, олардың өміріндегі, шығармашылығындағы, өзін және өзгені танудағы қиын да күрделі мәселелерді шешуге көмектесетін заманауи тәрбиешілер мен мұғалімдердің жаңа типін анықтап берді.
Ең бастысы өзіңе деген махаббатты сезіне білу керек. Өйткені, ол – адамның өз қабілетін сезінгенінің белгісі. Нағыз ұстаз бейнесін Әбунасыр әл-Фараби сөзімен түйіндесек: «Ұстаздық тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өз ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкіртті селсоқ қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ықпалдылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді. Осындай ұстазға тән мінез-құлық ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің төрінен орын алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер абзал азамат болары сөзсіз.»

Әдебиеттер:
1. Назарбаева С.А. «Педагогические проблемы укрепления и развития здоровья учащихся, их нравственного воспитания с использованием системы «Детка» Порфирия Корнеевича Иванова» - Алматы, 1999.
2. Ильясов Р., Жиляков В., Кириченко В. «Махаббатпен! С любовью!». -Алматы, 2001.
3. Ефанова З.А. «Жақсы деген не? Жаман деген не?» - Москва,2010.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2016-02-05) E
Просмотров: 3062 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 11:03 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru