Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

БАЛАБАҚШАДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Жотабаева Жулдуз Мусаевна
Семей қаласы «№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК тәрбиешісі
БАЛАБАҚШАДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Бүгінгі таңда жаппай экологиялық тәрбие мен білім беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Экологиялық тәрбие беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылдануда. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау тәсілдерін балабақшада экологиялық тәрбие беру нәтижесінде ғана іске асырылады.
Осыған орай, балабақшамыздағы экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты: бала бойында азаматтық көзқарас пен табиғатқа баулу болып табылады. Қоршаған ортамен қарым - қатынаста тәртіптілік, ұқыптылық ережелерін орындау, табиғатқа қамқорлық таныту қабілетін дамытуға негізделеді.
Экология –кешенді ғылым. Осыған байланысты мектепке дейінгі ұйымның балаларына түсінікті әрі қызықты түрде экологиялық білім беруде, экологиялық тәрбиенің мазмұнын іріктеуде мына жағдайларды ескерген жөн: балаларға экологиялық білім берудің мақсаты – жаңа экологиялық ойлау қабілеті бар жаңа типті адамның қалыптасуы. Ол қоршаған ортаға қарасты өзінің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарап, табиғатпен үйлесімдікте өмір сүре алады.
Жас кезден бастап алынған экологиялық білім келешекте экологиялық бағыттағы пәндерді менгеруге көмектеседі. Мектепке дейінгі балалардың табиғатқа деген танымдық қызығушылығы өте жақсы дамыған, яғни осы кезде олар әлемді тұтастай қабылдайды. Бұл танымдық қызығушылықты қолдау өте жақсы нәрсе. Жас ерекшеліктеріне қарай балаларға экологиялық тәрбие беру өте қажет.
Экологиялық тәрбие жалпы білім берудің бір бөлігі, баланың тұтастай тұлға болуына, яғни адамгершілік тәрбие алуына себеп болады. Бала өзін табиғаттың бір бөлігі екенін түсіну керек.
Балалардың көзқарасы мен қарым - қатынасы, жануарлар мен өсімдіктер түрлерімен танысуы, оларды күтуі үлкен рөл атқарады. Балалардың экологиялық сауатты болып қалыптасуы үшін оларға экологиялық білім қажет. Экологиялық тәрбие арқылы мектеп жасына дейінгі баларды табиғат әсемдігін танып білуге, сүюге, көркем әдебиет арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу, балаларға ата - бабасының, әке-анасының өмір сүрген ортаны, өзі туған Отанын, табиғатын танып білуге, құрметтеуге, сүюге баулу. Бүлдіршін балаларымызға табиғат құбылыстарының сұлулығын көркем әдебиет арқылы балаларды атамекенінің табиғатын, тарихын, мәдениеті мен салт - сана дәстүрлерін, өнеге болар ұлы адамдардың өмірін жақсы біліп өскен ұрпақ елін жанымен сүйіп өсетіндігі жайлы балабақшадағы көркем әдебиет, экология, қоршаған ортамен таныстыру арқылы біздің балабақшада жиі айтылып, бағдарлы кеңес беріп отырамыз.
Осындай мақсатты жүзеге асыру жолында балабақшамызда әр - түрлі тақырыптарда тәрбиелік мәні бар ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттері мен ертеңгіліктер өткізіледі. Атап айтқанда: «Табиғат және біз», «Гүлдей жайнап өсеміз» , « Гүлдер әлеміне саяхат», «Ауладағы ағаштар», «Көктемгі орман көрінісі», «Көлімізге құстар келді», «Қыс қызығы», «Хайуанаттар әлемі», т. б тақырыпта жүргізілді. Бұл тақырыптарда табиғаттың әсемдігін танып, табиғатты қорғауға, аялауға, қоршаған ортамен таныстыру мақсатында балалардың өлі және тірі табиғат туралы білімдерін қалыптастыруға, туған табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қамқорлық жасауға тәрбиелеумен қатар балалардың сөздік қорын байыту көзделеді.
Көркем өнер туындылары жайында әңгімелеп, көркем әдебиет арқылы балалардың тілін дамытып, көркемдік талғамын арттыру. Балаларды табиғаттың сұлулығына, оны қорғауға үйретіп, экология жайындағы ұғымдарын қалыптастыру мақсаты көзделген. Балаларды көркем шығармашылық мақсаты көзделген. Балаларды көркем шығармашылық арқылы табиғат бейнелеген суреттерді пайдаланып, тірі және өлі табиғатты түсіндіру.
Ұлы ақындарымыз Абай Құнанбаев, Ы. Алтынсарин бабаларымыз қазақ елінің табиғатын тереңдете көркемдеп суреттеген. Мысалы: Абай Құнанбаев жылдың төрт мезгіліндегі табиғатты ғажайып суреттеумен бірге, сол мезгілдің, сол табиғаттың ішінде жүргендей жаныңды тербететін өлең жолдарын мектеп жасына дейінгі балаларға үйретіп, табиғаттың әсемдігі мен сұлулығынан нәр алдырып, балаларды тәрбиелеу үшін үлкен бақыт пен мақсат деп ойлаймыз.
Жаз.
Жазды күні шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда.
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап.
Бұл өлең жолдарынан кейін көз алдында табиғатпен тілдескендейсің. Осындай өлең жолдарынан кейін табиғат пен адамның егіз екенін аңғару қиын емес. Табиғат мейірімді ана сияқты, өзіндегі барды адамға, жан - жануарларға береді. «Табиғат аясы – адамның алтын бесігі», «Адаммен табиғат әрқашанда егіз» т.б. нақыл сөздерді айта отырып табиғатты асыраушың, қорғаушың десең де болады. Ата–бабамыз: «Жер – қазына, су- алтын, мал – байлық » деп өсиет айтып келгені тегіннен тегін емес.
Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз, осылардың бәрі жомарт табиғаттың тартқан сыйы.
Балаларға білім беріп, өмірге көзқарастарын, ізгі мінез-құлық, биік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда халық ауыз әдебиетінің сарқылмас қазынасы – мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегілердің қосар үлесі мол. Экологиялық тәрбие беруде табиғатты қорғауға арналған ертегілерді пайдаланудың орны ерекше. Мысалы: «Орман дәрігері» ертегісін балаларға таныстыра отырып, оларды табиғатқа қызықтырып қана қоймай, өсімдіктерге, құстарға, қамқорлық жасау керектігін, оның табиғатқа тигізер пайдасын баланың санасына сіңіріп, мұндай пайдалы әрекеттер оларға қуаныш әкелетіндей етіп, жануарларға деген қамқорлық сезімді басынан кешетіндей жағдай туғызудың тиімділігі байқалады. Осындай ертегілер балаларды табиғатқа деген қамқорлық сезімін оятып, оның ғажайып сырларын ұғынуға мүмкімдік береді. Жүргізілетін жұмыс түрлері балалардың тілін дамытып, сөйлеу қабілетін қайталауға жетелейді. Бала өзі таңдаған шығарма мазмұны бойынша «Неліктен?», «Неге?», «Қалай?» - деген сұрақтарға жауап іздестіріп, өз алдына ой түйіндеп, қарапайым қорытынды жасап үйренеді. Баланың ойлау әрекеті үнемі дамып, мазұмыны жағынан өрістеуі олардың түрлі іс-әрекеттерінің нәтижесінде жүзеге асады. Мұндай ерекшеліктер баланы әрбір нәрсені алдын–ала көріп, оларды қайта жасауға мүмкімдік береді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тағы бір ерекшелігі – олар өздерін қызықтырған меселелердің мәнін түсінулері үшін өздерінше тәжірибелер жасауға қызығады. Сөйтіп құбылыстар мен заттарды бақылап көріп, оларға талдау жасайды, өздерінше қорытындылар жасауға ұмтылады. Мұндай әректтердің бәрі баланың ойлау тәсілдерін дамыта түсуіне серпін тудырып дүниетанымының өрістеуіне жол ашады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымы мен ойлау әрекеттерін дамытуда ересек адамдармен күнделікті өмірдегі іс-әрекеттеріне еліктеп отыруының ерекше маңызы бар. Ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің жетекшілігімен бала өзінің қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар жайында қарапайым мағлұматтар алып жинақтайды, олардың арасында түрлі әрекеттер жасаудың әдіс-тәсілдерін меңгереді. Мектеп жасына дейінгі балалардың мұндай білім жүйесін игеруі олардың қоршаған ортасы жайындағы бір қатар ұғымдар мен түсініктердің қалыптасуы өмір тәжірибиесінен жинақтаған білімі деп саналады
Бала күнделікті өмірде өзін қоршаған ортадағы бейтаныс заттармен де жиі-жиі кездесіп отырады. Сол заттар жөнінде баланың ұғынып түсінген мәліметтері түрліше болуы мүмкін. Кейбір нәрселердің сыры балаға мүлдем түсініксіз болып қалуы да ықтимал. Дегенмен бала күнделікті өмір жағдайында сол нәрселер жайлы өзіне түсініксіз болып қалған құпияларды қалай да танып білуге ұмтылуы, оның ойлау әрекеттерінің дамуына өзіндік пайдалы әсерін тигізеді. Осы бағытта баланың өзіндік қабылдауына қиын тиіп, ой-өрісі жете бермейтін құбылыстарды кездестіргенде ересектерге «Неге?», «Не үшін?» , «Неліктен?» «Ол қалай?»-деген сұрақтарды жиі қояды.
Ересектерге қойылатын мұндай сұрақтар баланың танымдық әрекеттерін дамытып, қоршаған орта жайлы білімдері мен мағлұматтарын өрістетіп отыруға жетелейді. Жоғарыда айтып өткендей мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат жайлы, оны қорғау, күту, баптау, сүю, түсіну, әсемдігі мен сұлулығын ертегілер, әңгімелер, өлең-тақпақтар, жұмбақтар арқылы түсіндіру әрбір тәрбиешіден шеберлік пен сауаттылықты, сол әңгімені, ертегіні түсіндіру барысында тіл байлықты да керек етеді.
Балабақшада экологиялық ұғымдарды саралап, талдай отырып, оларды жас ерекшеліктеріне қарай әрі қысқа, әрі түсінікті жеңіл ұғымдардан бастаймыз. Мысалы, экологиялық тыйым сөздердің өзін табиғат байлықтарына қарай және тақырыптарға жіктеп аламыз.
1. Суға арналған тыйым сөздер: «Суға түкірме», «Суды сабалама», «Суды лайлама», «Құдыққа түкірме», «Бұлақты былғама» және т.б.
2. Өсімдікке байланысты тыйым сөздер: «Көкті жұлма», «Көкті таптама», «Бұтақты сындырма», «Аршаны аралама», «Бәйтерекке балта шаппа», «Жалғыз ағашты кеспе», «Көшетті қопарма» т.б.
3. Жануарларға қатысты тыйым сөздер: «Құмырсқаның илеуін бұзба» «Құмырысқаның илеуін таптама», «Өрмекшіні өлтірме», «Жәндікті жәбірлеме», «Құстың ұясын бұзба», «Балалы үйрекке оқ атпа», «Аққуды атпа» және т.б.
Экологиялық мақал-мәтелдер, нақыл сөздер:
1. «Судың да сұрауы бар», «Шөлдегенге су ұстат, ел дегенге ту ұстат», «Бұлақтың көзін аша жүр, жақсы істен мұра шаша жүр», «Бастауды ыңғайласаң, суға зар боларсың».
2. «Бір ағаш кессең оң көшет отырғыз», «Бақ өсіргеннің бағы жанады», «Бабалар еккен шынарды балалар саялайды», «Сақта әр кез есте, жалғыз ағашты кеспе», «Ағашқа балта шапқанын, өміріңе залал тапқаның» т.б.
3. «Киіктің де киесі бар», «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар», «Дуадақ шөлін сүйеді, аққу-қаз көлін сүйеді», «Жылы жерге жылан үйір» «Құлан-қырда, құндыз-суда» т.б.
Сонымен, қоршаған ортаны қорғау, табиғат байлықтарын ұғымды пайдалану іс-әрекетіне балаларға экологиялық тәрбие беруге үйретудеміз. Мұндай жұмыстар қорытысында балалардың табиғатты қорғау көзқарасының дамуына игі әсер етеді, жемісін береді.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2016-02-05) E
Просмотров: 2805 | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 0:56 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru