Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Бағдаршам»
Жотабаева Жулдуз Мусаевна
Семей қаласы «№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК тәрбиешісі
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Бағдаршам»
Мақсаты: балалардың бағдаршам туралы түсінігін пысықтай отырып, жолда жүру ережесімен одан әрі таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік: көшелер туралы ұғымды кеңейту, көшедегі көліктердің қозғалысына көңіл аудару, үлкендердің еңбегімен таныстыру.
Дамытушылық : көргендерін өз сөздерімен әңгімелеп айта білу, есте сақтауын, көше қиылысы туралы ұғымын арттыру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: бағдаршам макеті, суреттер, қажеті ойыншықтар, цифрлар.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Үш көзі қаз-қатар,
Кезек-кезек ашады.
Үшеуінен байқасам,
Үш түсті нұр шашады. (Бағдаршам)
- Бағдаршам дегеніміз не? Оның қызметі қандай? (Балалардың жауабы).
- Дұрыс айтасыңдар, көліктерге кедергі жасамау үшін, жаяу жүргіншілер көшеде жүру тәртібін сақтау керек екен.
Мен сендерге «Қоян мен кірпінің» бастан кешкен оқиғасын айтып берейін.
«Қоян мен кірпі орманда өмір сүріпті. Екеуі дос болыпты. Бір күні қоян кірпіге қалаға баруды ұсынады. Сонымен екеуі қалаға келеді».
- Қалада олар биік-биік үйлерді, әдемі ғимараттарды, саябақтарды тамашалап және жолда зулап жүріп жатқан көліктерді көреді. Енді жолдың арғы бетіне өтейін десе, қалай өту керек екенін білмейді. Оларды байқап қалған бір бала жақындап келіп:
-Сәлеметсіңдер ме қоян, кірпі, сендер мұнда не істеп тұрсыңдар – деп, сұрайды.
- Біз жолдың арғы бетіне өте алмай тұрмыз – деп, қоян жауап береді.
- Олай болса мен сендерге көмектесейін – дейді, балақай.
Адамдар жолдан бағдаршамға қарап өтеді. Жол қиылысындағы бағдаршамның жанып, ауысып тұратын үш түсті көзі бар. Бірінші қызыл көзі жанғанда «тоқтап тұр» деген белгі береді. Сары түсі жанғанда «дайындал» деген белгі береді. Ал үшінші жасыл түсі жанғанда жолдан өтуге болады. Балақай бағдаршам макетін қолдана отырып, түсіндіреді.
- Сендер енді жол ережесін білетін болдыңдар.Жол ережесін мұқият сақтап жүрсеңдер ешқандай жол апаты болмайды – деп, түсіндірген балаға қоян мен кірпі алғыстарын білдіреді. Қоян мен кірпі балақаймен қоштасып, ормандағы үйлеріне қайтады.
- Балалар, бағдаршам жолдан өту тәртібін реттейді екен. Сендер қандай жұмбақтар, тақпақтар білесіңдер?
Бір көзім «кідір» - дейді,
Бір көзім «жүгір» - дейді.
Бір көзім «абайла» - дейді,
Қарап ал маңайға - дейді. (Бағдаршам)

Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін жасқанба.( Бағдаршам)
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- 1,2,3.
Ал енді кері санайық?
- 3,2,1.
-Жарайсыңдар.
Қып-қызыл үш бұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Мен берген белгіні сақтан, қолдан. (Ескерту белгісі)
Қызылмен боялған шеңбермін,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын,
Мен тұрған жерлерде,
Қақың жоқ жүруге. (Тыйым салу белгісі)
Сергіту сәті:
«Бағдаршам» ойыны:
Ойынның шарты: бағдаршамның қызыл көзі жанғанда балалар түп-түзу тұрады, сары көзі жанғанда қол шапалақтайды, жасыл көзі жанғанда билейді.
Санамақ жаттау:
Бір дегенім – білім,
Екі дегенім – елім.
Үш дегенім – үміт,
Жүрейік әрқашан күліп.
Жапсыру. Топтық жұмыс.
Балалар үш топқа бөлініп бағдаршамды жапсырады. Қай топ жылдам әрі әдемі жапсырса, сол топ жеңіске жетеді.
Қызыл, сары, жасылмыз,
Достармыз біз бәріміз.
- Жарайсыңдар!
- Бүгін бізде достық жеңіске жетті. Балалар, мен сендердің әрқашан тату дос болып жүрулеріңе тілектеспін.
Қорытындылау:
- Сонымен біз не білдік?
Жол жүрудің тәртібін,
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау-саламат жүреміз.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2016-02-05) E
Просмотров: 292 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2016-12-03, 6:38 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1473]
Школьный психолог [501]
История [694]
Опыт [471]
Научная кафедра [217]
Воспитание души [216]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [245]
Английский язык [767]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1134]
Химия [373]
Классному руководителю [622]
Биология [577]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1761]
Краеведение [92]
Начальная школа [3902]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [350]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1477]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1154]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [514]
Немецкий язык [51]
Технология [279]
Самопознание [377]
Профессиональное образование [100]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [6]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru