Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісінде «Тәй-тәй» технологиясын қолдану тиімділігі
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісінде
«Тәй-тәй» технологиясын қолдану тиімділігі
Жотабаева Жулдуз Мусаевна
тәрбиешілер
«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК Семей қаласы,Қазақстан
«Тәй-тәй» бағдарламасының ерекшелігі белсенділік орталықтардағы жұмыстарды ұйымдастыру, педагогтардың ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу тиімділігі туралы көрсетілген.

Особенности технологии «Тәй-тәй» организация работы по центрам активности, взаимоотношение между педагогами и родителями.

Features of technology «STEP by STEP» organization of work in the centers the relationship between teachers and parents.

Баланың ынтасын арттыру үшін
оқылатын нәрседен бір жаңалық болу керек.
Ж.Аймауытов.

«Тәй-тәй» » технологиясын 1998 жылдан бастап біздің №7 «Ақ бота» ясли-бақшамыз өте тиімді пайдалануда. Бағдарлама әрбір балаға қызмет таңдауда еркіндік беру арқылы, оның жеке тулғалық қабілеттерін дамытуды көздейді.
«Тәй-тәй» технологиясының ерекшелігі:
1. Таңертеңгі жиын өткізу.
2. Орталықтарға бөлініп, шағын топпен оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
3. Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер жүргізу.
4.Ата-аналармен тығыз жұмыс жүргізу, қарым-қатынас жасау.
Таңертеңгі жиын балаларды сезімталдыққа, ұйымшылдыққа, табиғат құбылысымен өмір құбылысын байланыстырып, сүреттей білуге, ойын толық жеткізуге, байқағыштыққа үйретеді. Орталықтарға бөлініп, шағын топпен жұмыс істеу балаларды бір-бірін сыйлауға, бір-бірінің сөзін бөлмей тыңдауға, бір сөзбен айтқанда мәдениеттілікке, бірлікке, ынтымақта жұмыс істеуге дағдыландырады.
«Тәй-тәй» бағдарламасының ерекшелігінің бірі - педагогтердің ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі. Ата-аналар әр салада жұмыс істеуіне байланысты, оларға педагогикалық көмек көрсету қажет.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты: ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
• баланың бүгінгі қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап көрсету;
• ата-анамен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу.
Тәрбиешілердің тәжірибесінде ата-аналармен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасқан (әңгімелесу, дөңгелек үстел, пікірталас, отбасы бөлмесінде жұмыс ұйымдастыру, психологиялық тренинг т.б.) және жемісті түрде қолдануда. Олар ата-аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізеді.
Ата-аналарды бағдарламамен таныстырып, орталықтарды көрсетіп, жұмыс істеуге шақырып отырамыз. Ата-аналарға да қызықты, бізге көмектері тиеді. Мысалы: ертеңгіліктері, ойын-сауықтар, балалар мен ата-аналардың қатысуымен сахналық қойлымдар, «Құстар - біздің досымыз» жоба аясында ата-аналармен құстарға ұя жасап орнату. «Гүлденген алаң» ата-аналармен гүлдер отырғызу, «Ата өнері - балаға мұра» тақырыбында өнерлі ата-аналар сайысы, «Қыс қызығы» тақырыбында ата-аналармен бірлесіп мұз қалашығын тұрғызу, «Күз сыйы» атты көрмесі, «Тату отбасы», «Жанұя кеші», «Әкем, шешем және мен – спорттық жанұя» т.б. ойын-сауықтар, отбасымен бірлесіп саябаққа барып дем алу осы ойдың дәлелі. Ата-аналарға өзінің отбасымен таныстыру үшін «Отбасы газеттер» шығаруды ұсыну. Мысалы: «Менің отбасым», «Менің әкем», «Менің сүйікті анам», «Мен саяхаттамын» т.б. Үй тапсырмасы ретінде отбасымен бірігіп, кішкентай кітапшалар шығарып отыру.
Әрбір бала жеке дара индивидум, сондықтан «Тәй-тәй» бағдарламасы жекелендіру мәселесіне аса көп көңіл бөлген. Әр баланың жетістіктерін, өсуін көру үшін порфолио жасап отырамыз. Балалардың жасаған іс-әрекетін бағалау барысында «Бақытты сәт» атты көрнекілік бұрыш жасап, оған балалардың фотосуреттерін іліп, әрбір балаға мақтау - мадақтау сөздерін жазу. Бұл ісіміз балалар үшін де, олардың ата-аналары үшін де үлкен жетістік. Осы бағдарламамен істегелі көп жылдар болды, ата-аналар жағынан тек алғыс естіп тұрамыз.
«Тәй-тәй» технологиясымен жұмыс істейтін топтардағы тәрбиешілер мәлімет беруші емес, бағыттап, танымдық процесті жеңілдетеді. Ол біліктілікті ынталандырып, оқуға деген жауапкершілікті бөліседі; ол топтағы ортаның қауіпсіздігін жоспарлайды. Тәрбиеші балаларды түрлі материалдармен қамтамасыз етеді және қоршаған ортамен шектеусіз қарым-қатынас жасауға қолайлы жағдай туғызады. Тәрбиеші балаларға зерттеу жұмыстары мен жаңа мәліметтерді игеруіне көмектеседі. Сұрақ-жауап ойлауды ғана емес, баланың тілін де дамытады. Тәрбиеші балалармен бірге ойнайды, әңгімелеседі. «Тәй-тәй» технологиясы арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаға өз қалауы бойынша әрекет жасауға жағдай туғызады. Балалар да өздерінің мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сай жұмыс түрін таңдау арқылы жекешелендіруді жүзеге асырады. Тапсырмаларды жоспарлап, тәрбиеші материалдар мен тапсырмаларды ауыстыруы, не жеке балаға бейімдеп өзгертуі мүмкін. Балалар өздерін ортада қауіпсіз, жайлы, қолайлы сезіне алатын болуы керек.
Дамыту орталары заттар мен ойыншықтарды балалардың еркін қолдана алуын, тілінің, танымдық, эстетикалық дамуын, баланың ізденімпаздық қабілетінің дамуын, технологиясымен жұмыс жасайтын топтардағы ахуалдың өзі балаға өз бетімен таңдау жасауға мүмкіндік беруін қамтамасыз етуі керек.
Технология бойынша ойын және де басқа іс-әрекеттерге арналған әр түрлі материалдар мазмұнында топтарда бірнеше белсенділік орталықтары құрылған:
• Сюжетті – рөлді ойын орталығы.
• Манипулятивтік (үстелде ойнайтын ойындар мен ойыншықтар) орталығы.
• Құрылыс орталығы.
• Ғылым орталығы.
• Әдебиет орталығы.
• Бейнелеу өнері орталығы.
Берілетін заттар бір жылдың ішінде балалардың даму деңгейі мен қызығушылықтарының өзгеруіне байланысты жаңарып отырады. Материалдар мен құрал-жабдықтар балаларды жақсы ойнау мен оқу әрекетіне қатыса алатындай, көз тартарлықтай бөлменің әр түрлі орындарына немесе жинақтау зонасына ыңғайлы орналасды. Белсенділік орталықтарын ұйымдастыру кезінде қойылатын талаптар:
Ғылым орталығында балаларды табиғаттағы заттармен, құбылыстармен таныстырып, байқаған құбылыстарына түсініктер іздестіруге үйретудеміз. Табиғатпен таныстыру үшін табиғат жөніндегі әр түрлі құбылыстарға баланың өзіндік тұжырымы болуы қажет.
Ғылым орталығындағы жұмыстың мақсаты – балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Міндеттері: өз тәжірибесі арқылы заттарды бір – бірінен ажыратуға үйрету; эстетикалық және адамгершілік тәрбиесін жан–жақты жетілдіру; табиғатты сүюге баулу.
Балалардың эксперименталды қызметін ұйымдасытруда жобалар құрылады, мақсат қойылады, психологтардың ғылыми зерттеулері мен халықтық тәжірибедегі адам жаратылысының табиғатпен байланыстылығы мен салыстырулар жасалынады.
Әдебиет орталығындағы жұмыстың мақсаты:
• Балдырған кітаптар оқу арқылы баланың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту.
• Кітапты сүюге баулу.
• Ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білуге үйрету.
• Тыңдау және мазмұндап беру қабілетін арттыру.
Кішкентай балалар - бұл әуесшіл, нақты ойлай алатын, үлкендер әлеміне жол ашуға ұмтылатын жандар. Осы әлемге жол ашатын кілттердің бірі - сауаттылық.
Сауаттылық мәдениетті әлеуметтік жолмен берілетін тілдік дағдыларға ие болуы ретінде белгіленеді. Қазіргі зерттеулерге сәйкес бұл дағдылар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Зерттеулер сондай-ақ сауаттылықты меңгерудің бөбек кезінен жүретінін көрсетеді.
Әдебиет орталығында тартымды түрде қоюға болатындай кітаптардың арнаулы орны болады. Бұл жерде жиналмалы кітаптар, ертегілер, әңгімелер, өлеңдер, анықтамалар, көңіл көтеретін басылымдар, саусақ театрлары, көленке театрлары, үстел-үсті театрлары болады. Сонымен қатар теледидар, магнитафон қолдануға болады.
Бейнелеу өнері орталығындағы жұмыстың мақсаты: эстетикалық тәрбиеге баулу.
Міндеттері:
• Ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.
• Айналадағы әсерлері жайында баяндауға үйрету.
• Шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
• Түр-түстерді дұрыс қабылдауға үйрету.
Бұл орталықты балалар өз беттерімен тырысып, өз дегенін жасай алатындай қағаз, қайшы, бояу, бояу қарындаш, фломастер, гуашь, түрлі-түсті құм, мата бөліктері, пластилин, балшықпен және табиғи заттармен қамтамасыз ету қажет.
Тәрбиеші өнер орталығында балалардың қабылдауын, көрнекі-бейнелі ойлауын, зейінін дамытуға, дербестігі мен жауапкершілігін қалыптастыру, ұсақ саусақ қозғалыстарын, ептіліктерін дамыту арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.»
Құрылыс орталығындағы жұмыстың мақсаты: әр түрлі көлемдерді, пішіндерді пайдалана отырып, өз бетімен қажетті үлкен және кіші блоктарды таңдап алуына ықпал жасау. Міндеттері:
• Блоктармен жұмыс істей отырып, мына келесі ұғымдарды меңгерту: көлем, салмақ, биіктік, кеңістік, бағыт, үлгі, жоспар.
• Әр түрлі көлемді, салмақты блоктармен әрекет жасауға, оларды теңдестіруге үйрету.
• Бір-бірімен сөйлесу арқылы баланың сөздік қорын молайту.
Құрылыс орталығында балалар әр түрлі көлемдегі және формадағы элементтерді пайдалана отырып, бірге, бөлек ойнай алады. Құрылыс орталығында үй немесе үлкен үйлер өз ойларынша сала алатындай блоктар, конструкторлардың түр-түрі бар.
Тәрбиешілерден ең алдымен талап етілетін - құрылыс бұрышын барлық қажетті материалдармен балаларды өзіне тартатындай етіп ұйымдастыру. Материалдардың саны балалардың жас ерекшелігіне байланысты, бірақ кез келген жағдайда жылдың басында материалдар бірден қойылмайды. Оларды балалардың қызығушылығының өсуіне сәйкес қосып, азайтып, ауыстырып отыру қажет.
Мектепке дейінгі кезеңде бала ойнау үшін ойыншықтарды пайдаланады. Бұл іс-әрекетін байытып, олардың бірлесуіне, бейнелей білуіне қозғау болады. Ойын үстінде баланың біріктіру, құрастыру, өзгерту әрекеттері сана-сезімі жетіледі. Өзгені тыңдай білуі, түсіне білуі, қолдай білуі балалардың сюжетті-рөлді ойын іс-әрекетінде жүзеге асады. Яғни: іс-әрекеттің жақсы жақтарын жақсартады, балалар жағымды ой ойлауды үйренеді; топтағы балаларды ұнатып, жақсы көре біледі, оларды қуантуға асығады, ренжітпеуге тырысады; бір-біріне жанашырлық сезімі оянады.
Сюжетті-рөлді ойынның мақсаты: әр түрлі рөлдерді бөлініп ойнау арқылы балалардың белсенділіктерін арттыру. Өздерінің күшті және әлсіз жақтарын сезінуге мүмкіндік беру. Дүниетанымын, қоршаған орта жөніндегі түсініктерді кеңейтеді, тілдік қарым-қатынасты дамытуға көмектеседі.
Педагог өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөлді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.»
Манипулятивтік үстел–үсті ойындар орталығы – бұл балаларға ойыншықтарды бірнеше бөлікке бөлуге, қайта құрастыруға, ұсақ детальдардан тұратын конструкторларды құрауға үйрететін орталық. Сондай-ақ, қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыруға (санауға, есептеуге, таңдауға, есеп ойлауға) өздерінің ойдан шығарған ойындарын көрсетуге көп көмегі тиеді. Манипулятивтік орталықта балалардың интеллектуалды дағдылары дамып, олардың ойын барысында келісуге, әртүрлі проблемаларды өз бетімен шешу барысында әлеуметтік дамуы қалыптасады.
Орталықтағы жұмыстың мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін, интеллектуалды дағдыларын дамыту, ұсақ қол моторикасын дамыту; қарапайым математикалық ұғымдар мен геометриялық пішіндерді ұғынуға, сандарды ауызша есептеп, есептер шығаруға және өз тарапынан есептер құрастыруға үйрету; заттардың кеңістікте орналасу бағытын, уақытты бағдарлауға, заттардың түр-түсіне, пішініне, көлеміне қарай салыстыруға, ажырата білуге үйрету.
Орталықтардағы жинақталған материалдар балалардың белсенділігін ынталандырады, олардың барлық бес сезімін ашып, қолдануға итермелейді. Тәжірибе жасап, зерттеп, жаңалықтар аша отырып, балалар өз «болжамдарының» дұрыстығын тексереді, білімді өзіндік жеке тәсілмен игереді. Дәл осындай әдіспен балалар мәселе қойып, оны шешуге, сын тұрғысынан ойлауға, таңдау жасауға және түсініктер қалыптастыруға үйренеді. Балаларды өздерін қызықтырмайтын тапсырмаларды орындатуға, тақырыптарды оқып үйренуге мәжбүрлеуге болмайды. Топтың ішкі көрінісі балаға орталықтар мен материалдарды таңдауға мол мүмкіндік беретіндей жағдайда ұйымдастырылуы тиіс.
«Тәй-тәй» технологиясы баланың кез келген оқу іс-әрекетіне қызығушылығын оятып, болжау қабілетін дамытуын, жаңалықты тез қабылдауын қалыптастырады. «Тәй-тәй» бағдарламасы біздер үшін, балалар үшін және ата-аналар үшін қолайлы да тиімді деп санаймын.
Бала тәрбиесі - төзімділік пен мейірбандылықты, ізденімпаздық пен парасаттылықты талап ететін зор жауапкершілік. Еліміздің ертеңі, тәуелсіздігіміздің тірегі бүгінгі жас ұрпақ, балабақша табалдырығында, ұстаз алдында шынығып, шыңдалатыны ақиқат. Осы орайда ұжым мен ата-ана бірлесіп тынымсыз ізденіске толы еңбегінің жемісі деуге әбден болады.
Болашағымыз жарқын болу үшін балаларымызға жан-жақты жағдай жасап, оларды дамыта білуіміз керектігін ескергеніміз жөн.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2016-02-05) E
Просмотров: 2690 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 10:44 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru