Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

ОТБАСЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС СТРАТЕГИЯЛАРЫ
ОТБАСЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС СТРАТЕГИЯЛАРЫ
«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК Семей қаласы
Жотабаева Жулдуз Мусаевна

Отбасындағы жарасты сыйластық пен жылылық бала тәрбиесіне көп әсерін тигізеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, ата-ананың көрген жақсы өнегенің игілікті өсіп жетілген балалардың өздері үй болғандағы тіршілігінен байқауға болады. Олар да ата-анасынан сыйластық, сөзге тоқтау, қамқорлық, төзімділік, жылылық сияқты қасиеттерді өз отбасында жалғастыра біледі. Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл мәселенің шешімін табу үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор.
1998 жылдан бастап «Ақ бота» ясли-бақшаның педагогикалық ұжымы «Тәй-тәй» технологиясы бойынша жұмыс істеуде. «Тәй-тәй» бағдарламасының ерекшелігі – ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, жұмыс жүргізу. Ата-аналар ясли-бақша жұмысына үздіксіз қатысушы болып табылады.
Баланың алғашқы тәрбиешісі ретінде отбасы басты рөл атқарады. Бала мектепке дейінгі мекемеге баратын кезде отбасы оған көптеген нәрселерді үйретеді: ыдыс-аяқты қалай пайдаланудан бастап допты лақтыру тәсілдеріне дейін және ертегіні қалай тыңдау керек екенін біліп алады. «Тәй-тәй» технологиясы отбасының бағдарламаға жан-жақта қатысуына мүмкіндік беру арқылы олардың жалғастық табуын қамтамасыз ете отырып, сәби мен отбасының осындай алғашқы қарым-қатынастарына сүйенеді.
Зерттеулердің көрсетуінше балаларды отбасынан бөліп қарауға болмайды. Баланың жас кезінде дамуы үшін отбасының маңызын айтып жеткізу қиын. Бала отбасында тәрбие алып ондағы оқиғалар оған зор әсер етеді. Демек, балалармен отбасыларына айналадағы ортаның да ықпал етуін естен шығармаған жөн.
Ясли-бақшада баланың өсіп-жетілуіне және өзгеруіне зор ықпал ететініне байланысты балаларға, олардың отбасымен айналасындағыларға не қажет екенін, олардың мұң-мұқтажын біліп отырамыз. Ата-аналарды ерікті көмекшілер, бақылаушылар ретінде топтың өміріне қатысуға және бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты басқа да қызмет түрлеріне тартамыз.
Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасының маңызды бөлігі ретіндегі отбасының қатысуы барлық қатысушы жақтар үшін аса пайдалы болып табылады.
Отбасы үшін пайда:
Ата-аналар топқа бара, оның қызметіне қатыса отырып:
• Бағдарламаға жеке қатыстылығын сезінеді.
• Олардың сәбиі басқалармен қалай қарым-қатынас жасайтынын көреді.
• Балалар дамуы туралы көбірек түсіне бастайды.
• Педагогтік ұжымды жақсырақ біледі және оны көбірек сыйлай бастайды.
• Балалармен үйде рақаттана айналысатын қызмет түрлерін үйренеді.
• Олар туралы үйде айтып берген өз балаларының достарымен танысады.
• Басқа ата-аналармен ұзақ мерзімдік достық байланыстар орнатады.
• Үйде сәбидің бағдарламаны игеріне көмектесу мүмкіндігін алады.
Педагогтік ұжым үшін пайда:
Ата-аналардың топ өміріне қатысуы кезінде тәрбиешілер:
• Жекелеген балалармен көбірек уақыт өткізе және шағын топтармен жұмыс істей алады.
• Ата-аналардың өз балаларына қандай себеп артатынын түсінеді.
• Өз балаларының есеп шығаруына ата-аналардың қалай көмектесетінін көре алады.
• Отбасының ересек мүшелері өз балаларымен бірге қандай сабақтар өткізетінін және немен айналысатынын (мысалы: тамақ әзірлеу, музыка аспаптарында ойнау) біле алады.
• Ата-аналар өз балаларының өзгелермен іс-әрекеті кезінде бақылауынан пайда көреді.
• Төменде ата-аналарды тарта алатын қызықты және пайдалы тәсілдердің үлгі-тізімін келтеріп отырмыз.
• Таза ауадағы оқу іс-әрекет.
• Велосипедпен серуендеу (табиғатқа шағын серуен жасау зор танымдық мәнге ие болуы мүмкін.)
• Жорық - ән салу, таза ауадағы ойындар ( дәстүрлі немесе қазіргі заманғы), оқиғаларды әңгімелеу барлығы үшін де тартымды.
• Коньки тебу немесе роликтермен сырғанау- тіпті бұл ешкімнің қолынан келмейтін жағдайда да ештеме етпейді.
• Балық аулау- балалар да балық аулауды ұнатады, ал суға шомылу -рахаттана істейтін әрекеттердің бірі.
• Ойын алаңын көркейту - бұған әркім көмектесе алады және бұл басқа істерге қатысуды аса қаламайтын әкелерді жұмысқа тартудың жақсы тәсілдері.
• Батпырауық фестивалі - ата аналар мен балалар бірлесіп батпырауық жасайтын болсын және оған басқа топтарды шақыратын болсын.
• Клубтар немесе кластар - әртүрлі үлгідегі қолдау топтары ата-аналра үшін аса маңызды. Іс тігу, көркемөнер, дене шынықтыру жаттығулары – жергілікті мамандардың біреуінен ата –аналар мен педагогтік ұжымға арналған осындай класты жүргізуді сұраймыз. Жөндеу клубы -машиналарды, құрал-жабдықты, киім-кешекті қайта жабдықтауды жөндеуде отбасылар бірігеді және бір-біріне көмектеседі.
• Құпия достар - әрбір ата-анаға басқа бір ата-ананы қоса тіркеп қойыңыз, олар жыл бойы өзінің құпия досына сыйлықтар (хаттар жолдайды, шағын сыйлық тарту етеді және т.б.) тарту етеді. Ал жыл аяғында бұл адамдардың «құпиясын ашуға» болады.
• Тағамдар фестивалі –жалпы танысудың жақсы тәсілі. Кей ата-аналардан балабақшаға даяр тағам немесе қажетті ингредиенттер әкелуін өтініңіз, ал басқа ата-аналардан оны ұйымдастыруға көмек сұраңыз. Би немесе ән салуды ұйымдастыруға болады, ал балалар әрқайсысына шамасына қарай соған қатыса алады.
• Сүйікті тағам кеші -ата-аналар қездерінің балаларына өзінің сүйікті тағамы туралы әңгімелеп беретін, оны балаларымен әзірлейтін және топтық ортақ кешіне әкелетін болсын.
Тату отбасының ересек ұл-қыздары өзінен кейінгілерді тәрбиелеуде жауапкершілігін сезінеді. Мұндай отбасының балалары еңбекшіл, әр түрлі жұмыстарды атқарады. Солардың ішінде көп тарағаны – балалардың өзіне-өзі қызмет көрсетуі мен шаруашылық тұрмыстық жұмыстар. Өз еркімен жүріп, еңбек етуге дағдыланған отбасының естияр, ересек балалары жасы кішілерін күтеді, оларға көмектеседі. Үлкендеріне еліктей отырып, мектепке дейінгілердің кіші жастағылары да кейбір жұмыстарды өз бетімен атқарады (өздері киінеді, тамақтанғаннан кейін босаған ыдыстарды жинайды т.с.с.). Отбасының жас балалары бір-біріне көмектесуге, жауапкершілікті сезінуге үйренеді.
Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезетін орын. Отбасында барлығы жақсы болған жағдайды – балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады. Отбасы мен педагогикалық серіктестік – баланың қанаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады, ол төмендегі жағдайларға негізделеді: өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйластық, әлемге деген түсіністік көзқарас және оның тиімділік ықпалын ұзақ сезіну, бір-біріне серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім беру нәтижесіне жетеді. Осы орайда, балабақшаның ата-аналармен жұмысының мазмұны төмендегідей:
• ата-аналардың педагогикалық, психологиялық білімдерін көтеру (дәрістер оқу, семинарлар ұйымдастыру, жеке және топтық кеңестер, тәжірибелік жұмыстар т.б.);
• ата-аналарды тәрбие-білім беру жұмыстарына қатыстыру (ата-аналар жиналысы, бірлескен шығармашылық жұмыстар, материалдық, материалдық база жасауға көмектесу);
• балабақшаның әкімшілігімен бірлескен жұмыстар (ата-аналар комитеті, ата-аналар кеңесі, аталар алқасы, әжелер клубы).
Ата-аналармен жұмыстың әдістері: бақылау, әңгіме, пікірлесу, тест жүргізу, сауалнама жүргізу.
Ата-аналармен қарым-қатынас стратегиялары (арнайы ұйымдастырылған жұмыстар):
• ай сайын өткізілетін ата-аналар жиналыстары;
• ата-аналар комитетінің ата-аналар жиналыстары;
• бағдарлама бойынша ата-аналарға арналған конференциялар;
• белгіленген үлгі бойынша есеп беру;
• ата-аналар портфолиосымен жұмыс (жылжымалы папка);
• жеке кеңестер, шағын топтық кеңес, үйге бару.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, балабақша мен отбасының өзара серіктестігіне және тәрбие жұмысының әлеуетін арттыруға бағытталған.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2016-02-05) E
Просмотров: 756 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 11:52 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru