Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Ашық сабақ "Үй жануарлары"
Білім саласы: Қатынас
Ұйымд. оқу іс-әрекеті: «Үй жануарлары»
Тақырыбы: Балаларды үй жануарларымен және огың төлдерімен таныстыру, сөздік
қорларын молайту, өлеңді жаттау арқылы тілдерін дамыту.
Білімділігі: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету, олардың бізге
тигізер пайдасын айту.
Дамытушылығы: Жаттау арқылы тілдерін дамытып, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелілігі: Үй жануарлардың бізге тигізер пайдасын айтып, қорғап қамқорлық
жасауға үйрету.
Ұйымд. тәсілі: Саяхат, мнемотехнология, алгоритм
Алдын ала істеу жұмысы: Көрнекіліктер дайындап, жайлау макетін әзірлеу.
Сөздік қор: Төлдер, мүйіз шүйірілген, тұяқтары,жайлау, тері, тағам, жүн, ет, ірімшік,
айран, құрт.
Көрнекіліктер: Суреттер, ғажайып қалта, жайлаудың макеті, алгоритм.
Ұйымд. Түрі: топпен

Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті

Ұйымд.
мотив.
қозғ. түрі

Рефлекс
коррекц.

Ұйымдастыру кезеңі «Шаттық шеңбері»
Армысың ба, ашық күн,
Армысың ба, көк аспан
Армысың ба, достарым
Сендерді көрсем қуанам.
Балалар біз сендермен үй жануарлары туралы бүгін өлең тындап, әңгімелесіп, жұмыс жасап, ойын ойнаймыз. Ол үшін өзіміздің қолданып жүрген ережемізді қайталап алайық.
Музыка әуенімен «Ата мен әже» кіреді.
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Тәрбиеші:
Ата, әже төрлетіңіздер, біз балалармен үй жануарлары жайында әңгімелесек еді. Балалар жүріңдер жайлауға саяхат жасап келейік.
-Кәне, балалар бізде де «қоржын» бар еді, оның ішінде тапсырмалар бар, кім тапқыр, кім ақылды, кім көп біледі екен-көрейік.
1-тапсырма
Үй жануарларына не жатады?

2 тапысрма
Үй жануарлары қайда тұрады?
3 тапсырма
Жұмбақ жасыру
1.Басында екі таяғы бар,
Бірнеше аяғы бар.
Адам деуге болмайды,
Сақалы тағы бар.
2.Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.

3.Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар.

4.Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар
Төрт аяғы бар,
Бір құйрығы бар.

Тәрбиеші:
Ата, әже сіздер шаршаған шығарсыздар, енді отырып дем алаңыздар. Ал біздің балалар біле ме екен үй жануарларының дауыстарын, оларды ажырата ала ма екен?
Мына ғажайып суретке қараңдар, үй жануарлары төлімен жайылып жүр екен. Осы жануарлардың төлдерін қалай айтамыз?
Түйе-
Жылқы-
Сиыр-
Қой-
Ешкі-
Балалар схема бойынша төлдерін тауып өз орнына іледі. Үй жануарларының пайдасы көп, олар шөп, жем жейді, су ішеді.
«Малды бақсаң, сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан» - дегендей осы үй жануарларының ішінде сиыр кеуделі ірі қара мал.
Оның еті мен сүті, терісі жақсы бағаланады, терісінен киімдер тігіп, сүйегінен сабын, желім жасайды.

Сергіту сәті:
Сабау алып қолыма,
Қойдың жүнін сабадым.
Сүтін ішіп сиырдың
Уықтарды қададын.

Балалар қандай сиыр туралы тақпақ білесіңдер?

Әукім-әукім, сиырым
Сүтіңді сауып алайын.
Кілегей тартып, май шайқап,
Дастарханға салайын.

Ырыс көзі сиырмын,
Байлығымын бір үйдің,
Етім дәмді, күшім бар
Сырымды менің ұғып ал.
Қажет болса сүт, қаймақ
Балауса шөп бер, сиыр бақ
Малды бақсаң сиыр бақ.

Әукім, әукім, сиырым!
Мүйізіннің сүйірі
Бір өзіңді таңдаған,
Бұзауыңды баптаған
Шөбінді атам шабады,
Бұзауынды мен бағам.

Балалардың тақпақты мәнерлеп оқиын,сендер тыңдаңдар.
Мүйізі айдай иілгек,
Мұрны көкке шүйірілген.
Тұяқтары ән салып,
Жемін жейді тамсанып
Етім дәмді сүтім бал.
Жылы тоным тағы бар.

Ал енді осы тақпақты жаттау үшін ереже бойынша қалай айтамыз?
1.Шынжырдың суреті.
2.Тасбақаның суреті.
3.Зымыран суреті

Балаларға сурет бойынша үзіп, баяу, жылдам айтқызылады.
Тақтадағы схема бойынша балалар сиырдың неліктен пайдалы екендігін атап көрсетеді.






Балалар сүтке байланысты тақпақтарын айтады.
1.Сары майы қандай,
Жесең қағасың таңдай.
2.Томпайтып ұртты
Сорамыз құртты.
3.Үйдің ұйытқан айраны,
Асқазанға пайдалы.
4.Пісіріп сүтті қайнатты,
Сүзіп жедік қаймақты.
5.Дастарханды жайнатқан,
Ірімшікті қайнатқан.

Міне балалар сиырдың бізге пайдасы көп екен.
Малды бақсаң, сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан.

Балалар айтады:
Бәрі сүттен тарайды,
Бізге өте ұнайды- деп балалар сүттен жасалған тағамдармен ұйымдастырылған көрмемен танысады. Онда сүт, айран, қатық, балмұздақ, құрт, ірімшік және т.б. болады.

Балаларға ата мен әжелер жайлауда дем алып қайтып, жақсы жауап берген балаларға сыйлықтар таратады.

Балалар шеңберге тұрып, амандасып қимылын көрсетеді.

-мұқият тыңдаймыз
-бөгет жасамаймыз
-тыныштық сақтаймыз
-бірігіп жұмыс жасаймыз

Сәлеметсіздерме!

Балалармен жайлау макеттері орналасқан көріністерді қызықтайды.

Түйе, сиыр, жылқы, қой, мысық, ит, шошқа

Қорада

Шешуі: ешкі

Жылқы

Түйе

Сиыр

Балалар үнтаспада естілген дауыстардың ненің дауысы екенін айт.

Бота
Құлын
Бұзау
Қозы
Лақ

Тапсырманы тақтада орындайды

Сүт, ет береді, терісін алады.

Қимыл- қозғалыс жасайды.

Елдос

Дина

Ильяс

Балалар мұқият тыңдайды

Үзіп оқимыз
Баяу оқимыз
Жылдам оқимыз

Балалар кезекпен шығып айтады.

Иманғали

Дамира

Медина

Латифа

Дания

Ірімшік, уыз, май, қатық, кілегей, айран, қаймақ, құрт

Балалар ұстап көреді.

Балалардың алған әсері

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Балалар үй жануарлары және сиыр жайлы түсінік алып, сүттен жасалған
тағамдарды ажырата алады.
Меңгеруі: Жаңа сөздерді меңгеріп, тілдері дамиды, сөздік қорлары молаяды.
Істей білуі: Өздіктерінен тапсырмаларды орындай алады, сұрақтарға толық
жауап беріп, ойларын жеткізеді.
Категория: Дошколенок | Добавил: zhaizhan-67 (2016-02-13) | Автор: Жусупбаева Айжан Базарбайқызы E
Просмотров: 1080 | Комментарии: 6 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 7:42 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru