Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

5 саны
[i][i]Айтмұхаметова Жарқын Нұрланқызы
"Айналайын" шағын орталығы
Семей қаласы
[/i][/i]


«Балдырған» естияр тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру салалары: Таным
Бөлімдері: ҚМҰҚ
Тақырыбы: 5 санымен танысайық
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға шамамен 5- ке дейін санауды, шамасы бес санды затты, санды ретімен санап қорытынды санын айта отырып, 5 санын тура және кері дұрыс санауға дағдыландыру.
Дамытушылық: 5 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту. «Қайсы?», «Нешінші?» деген сұрақтарға жауап беру дағдысын қалыптастыру.Ойын арқылы баланың түйсік, ой-қиялдарын дамыту. «Барлығы қанша?» деген сұраққа жауап беруді дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ойын кезінде достыққа тәрбиелеу. Оқушыларды жылдамдықта, тапқырлыққа, достыққа, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекілік: ноутбук , таратпалы заттар, сандар суреті, Қастерлі қалам, Фребель сыйлары.
Үштілділік: Бір-один-one, екі- два –two, үш –три –three , төрт –четыри –four , бес –пять –five.
Әрекеттің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеттері
Мотивацияландыру кезеңі Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу рәсімі
Көңіл-күйлерің қалай балалар?
Ендеше осы жақсы көңіл-күймен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастайық.
Сендерді Жылулық шеңберіне шақырамын.
Біз Балдырған тең басқан,
Дос құшағын кеңге ашқан,
Тілегеніміз амандық,
Ашық болсын кең аспан..

-Тамаша балалар орындарыңа отыра қалыңдар..

Кіріспе сұрақтар қою:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінінде қандай өзгерістер болады?
- Ал балалар бір аптада неше күн бар?
Апта күндерін атайықшы?
- Біз Балабақшаға неше күн келеміз?
-Неше күн демаламыз?

Ұйымдастыру – ізденгіш кезеңі Негізгі бөлім:
Балалар мен бүгін балабақшаға келе жатқанда мынадай қорап тауып алдым..Балалар бұл жай емес, Сиқырлы қорап..
Оны ашу үшін ең алдымен жұмбақ шешу керек, жұмбақты дұрыс шешсек сиқырлы қорап ашылады екен балалар..
Қане олай болса Жұмбақты шешіп көрейік
Жұмбақ
Ал, санайық, санайық,
Саусақтарға қарайық,
Қане, қане, саналық.
Санын біліп алайық,
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу,
Қолымдағы саусағым нешеу?
Жарайсыңдар балалар сендер жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар..Енді қорабымыз ашылады.
Бұл не балалар?
Қане қораптан неше асық шықты санап көрейікші?
Олай болса балалар біз бүгін сендермен 5 санымен танысатын боламыз..

*Мына бір суреттерге қарайықшы нені көріп тұрмыз?
-Қасық нешеу екен қане санап көрейікші?
*Ал мына бір суреттен нені көріп тұрмыз?
-Доптың нешеу екен қане санап көрейікші?
*Қане балалар сандарды ретімен атайық. ( Қағаздарды қолдану)
Үш тілділік :
* Енді кері санайық
- Балалар мен сендерге 5 санын ауада жазып көрсетейін.
Енді бәріміз бірге жазайық..

-Балалар барлығымыз Қастерлі қаламмен бірге Санамақ санайық..
Логикалық есеп
*Тауықтың алдында екі балапан артында 3 балапаны тұр.Тауық тың барлық балапаны қанша? (5)
*Кірпіде 4 саңырауқұлақ бар еді , ол жолдан 1 саңырауқұлақ тауып алды. Сонда Кірпіде барлығы қанша саңырауқұлақ болды ?
Суреттен 5 санын тап

-Балалар тыңдаңдаршы бір дыбыс естіледі. Бұл кім болды екен?
Бізге қонаққа 5 саны келіпті
Сәлеметсіңдерме балалар.
-Балалар менің моншағым үзіп, бір-бірімен араласып қалды. Сендер маған моншағымды дұрыстап бір жіптің бойына тізіп бересіңдер ме?
«Кім жылдам» ойыны
Мақсаты: Фребель сыйлары арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, геометриялық пішінді ретімен орналастыруға баулу, пішіндерді бір-бірінен дұрыс ажыратыға, түстерін айтуға баулу.
Ең алдымен ойынды бастамас бұрын бұл заттарды аузымызға салуға болмайды балалар, ол тамағымызға тұрып қалуы мүмкін. Сондықтан да қауіпсіздік ережесін сақтайық.
3 топтың балалары кезек-кезек шығады.
-Рахмет балалар сендер өте ақылды, зерек балалар екенсіңдер..
Менің қайтатын уақытым болды. Сау болыңдар.
-Қане балалар барлығымыз алақанымызға қарайықшы.
Саусақтарды даралап алайықшы.
Бас бармағым алғашқы
Балан үйрек жалғасы
Ортан терек кезекші
Шылдыр шүмек көмекші
Шынашағым балапан
Бәріне ортақ алақан.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Рефлексиялы-түзету кезеңі Қорытынды сұрақтар қою:
Сонымен балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінде біз немен таныстық?
Қане тағы бір рет 5 санын есімізге түсіріп қайталап жіберейікші..
-Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
Біз 5 санына қалай көмектестік?
Менің қолымдағы не нәрсе?
Жұлдыздың неше бұрышы бар екен қане санап жіберейікші...
Балалар жарайсыңдар..дұрыс айтасыңдар. Сендер Бүгінгі оқу іс-әрекетіне белсенді қатыстыңдар. Сондықтан да мен сендерге Жұлдыз сыйлаймын.. Ақылды, тәртіпті бала болып жұлдыздарың әрдайым биікте жарқырасын... Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Топ балаларына жалпылама, жекелеме жұмыстар жүргізу.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 5 санын танып, ретімен санай білуі керек. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін.
Игерді: Ойлау, әңгімелеу қабілеті болуы керек.5 саны мен цифры туралы түсінік болу керек.Нешінші? Қайсы? Барлығы қанша?деген сұрақты түсініп, жауап беру туралы түсінуді.
Меңгереді: Сұрақтарға толық жауап беріп, өздері әңгіме құрастыра алуды.
Категория: Дошколенок | Добавил: ulankyzyulzhan (2016-02-16)
Просмотров: 950 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 2:41 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru