Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Шығармашылық есеп
КМҚК «Айгөлек» балабақшасының , ересектер тобының тәрбиешісі Ташимова Алмагуль Тобыловнаның шығармашылық есебі
Тақырыбы:
«Ұсақ қол моторикасы арқылы мектепке дейінгі кезеңде балалардың сөйлеу тілін дамыту»

Тіл – адамның қатынас құралы болса, сөйлеу тілі негізінде ойлаудың өзіне тән ерекшелігі жасалып, адамдар арасындағы әлеуметтік байланыс орнайды. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Халқымыз «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Өнер алды-қызыл тіл», -деп тіл құдіретіне табынса, қолдың да маңызын «Он саусағынан өнер тамған», «Бес саусағынан бал тамған», «Көз-қорқақ, қол-батыр» деп бағалаған, бұның өзі адамның ішкі жан-дүниесін білдіреді.
Мен, Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып, «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» атты білім беру салаларына байланысты мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігіне сай оқу іс-әрекетін шығармашылық, ізденіс негізінде жүзеге асырудамын.
Қазіргі педагогиканың өзекті мәселесінің бірі мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту.
Мен балалардың тілін дамытуда ұсақ қол моторикасын қолдануды ұйғардым.
Балалардың дыбыс айтуын дамыту жұмыстарына кіріспес бұрын, оның жеке тұлғалық белгілерін міндетті түрде білу қажет. Сол себепті де балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отырамын. Ойын жаттығуларын беруде мына принциптерге сүйенемін:
— Ойын жаттығулары баларға қызықты, тартымды болуы , ересек пен бала арасындағы қарым-қатынас сенімділікке құрылуы қажет.
— Саусақ жаттығулары қарапайымнан күрделіге қарай ойысады.
Әдістемелік тақырыбыма байланысты қолдың саусақ қызметін анықтайтын жаттығуларды жинақтадым: қолға арналған гимнастика, саусақ гимнастикасы, саусақ ойындары мен жаттығулары, саусақ ойын тренингі.
Ұсақ қолдың маторикасын дамыту жаттығулары
«Жаңбыр дыбысы» ойыны:
Жаңбырдың дыбысы сияқты етіп аяқтан қолға қарай тарсылдатып, жаңбырдың дыбысын шығару.
Мысалы: сытыр-сытыр
Тың-тың
Дүрсіл-дүрсіл
Шықыр-шықыр
Қырт-қырт
Тысыр-тысыр т.б.
«Түрлі-түсті» моншақтармен жұмыс
Нұсқау: Балаларға құтыдағы түрлі-түсті моншақтарды түске бөлеміз, пішініне қарай топтастыру тапсырылады.
Түймелермен жұмыс
Нұсқау: Әр түрлі формадағы түймелерді пайдалана отырып отбасының суретін бейнелеу тапсырылады.
Қолдың ұсақ маторикасын дамытуға арналған жаттығулар:
Балаға келесі жаттығуларды орындау ұсынылады:
«Орындық» жаттығуы
-оң алақанымызды ашамыз, сол қолымыздың жұдырығын жұмамыз, енді екі қолымызды түйістіреміз.Осы жаттығуды сол қолымызбен қайталаймыз.
«Қайық» жаттығуы
-екі қолымыздың саусақтарының ұшын бір-бірімен түйістіреміз, алақанымыздың арасын ашамыз.
«Мысық» жаттығуы
-алақанымызды ашамыз, бас бармақ, шылдыр шүмек саусақтарын түйістіру арқылы жаттығуды орындаймыз.
«Тышқан» жаттығуы
-Алақанымызды ашамыз, бас бармақ, шылдыр-шүмек саусақтарын түйістіріп арқылы жаттығуды орындаймыз.
Саусақ гимнастикасын күн сайын 3-5 минуттан жеке және топпен өткіземін. Егер бала қимылдарды өз бетімен орындауда қиналса, онда ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып, пысықтаймын. Жаттығу нәтижесінде бала саусақ қимылдарын өз бетімен және жеңіл орындайды. Ойын қимылдары әрдайым қызықты да тартымды болуы шарт, баланы мезі қылмауы керек. Мысалы: Саусақ ойындары мен жаттығуларын орындату үшін де әр түрлі тәсілдер қолданылады. Саусақ қозғалыстары әр түрлі қысқа ырғақты тақпақтарымен айтылады.
Ол екіге бөлінеді:
1) Отырып ойнайтын саусақ ойындары.
2) Қолдың нәзік бұлшық еттерімен бірге дененің барлық мүшелері
қатысып секіру, бір орында жүгіру, қол, аяқ, бас қимылдары да бірге
орындалады.
«Салат» саусақ ойыны
Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)
Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)
Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)
Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).
Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).
«Кірпі» жаттығуы
Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)
Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).
Кіріп кетсе қолыңа,
Өкпелеме жарайма!
«Достық» жаттығуы
Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)
Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)
Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)
Қайтадан санауды бастаймыз.
Бір, екі, үш, төрт, бес
Енді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).
Сергіту:
Санайық жаңаша
Бір, екі, үш!
Желбіре жалауша,
Достықта біздің күш.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Сонымен қатар, ертеден-ақ дана халқымыз баланың қол, саусақ қозғалысына ерекше мән берген. Қыздарын ісмерлікке баулыса, ұлдарын ұсталық, зергерлікке баулиды, ертедегі санамақтарымыз, саусақ ойындарымыз да оған куә.
Қол маторикасын дамытуға арналған санамақ
1. Кел санайық, санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармагым алғашқы,
Балан үйрек жалғасы,
Ортан терек атасы,
Шылдыр шүмек анасы,
Шынашағым балапан,
Бәріне ортақ алақан.

2. Мен базарға бардым,
Ысқырық сатып алдым.
Қызыл, жасыл, көгілдір
Қайсысын алсаң өзің біл.

3. Жаңа санамақ
Бір - таңертең тұр.
Екі - шынығып, бекі.
Үш — тазала тіс.
Төрт - сабындап жу бет.
Бес - сүртін тез.
Алты — үйді жина жалпы.
Жеті - киін енді.
Сегіз — асыңды жеп, іш.
Тоғыз - ыдысты жу тегіс.
Он — сабақ оқы.
Осыдан соң
Бұл санамақ жаңа
Күнде өстіп сана.

Көріп тұрғанымыздай, қолдың қызметі мен тілдің дамуы қатар жүреді. Міндетті түрде, бұл балалармен жұмыста қолданылуы қажет. Ұсақ саусақ моторикасын шыңдау – тілді шыңдау. Ал тілді шыңдау ол ақыл-ойды да шыңдау деген сөз.
Ұсақ саусақ моторикасының балалардың жас кезеңдеріне байланысты дамуына келсек:
− Туғаннан екі жасқа дейін. Жармасу - бала заттарды ұстауға үйренеді, мақсатты түрде қимылдайды.
− Екіден төрт жасқа дейін. Дағдылар дами түседі, саусақтар белсенді қимылдайды. Қимылдарын басқара алады, жазықтықта бағдарлауы артады.
− Төрттен сегіз жасқа дейін. Меңгерген ұсақ саусақ моторикасының дағдыларын қолдануды үйренеді, қол, қолдың білезік бөлігі, саусақ қимылдары бағдарлы.
Өйткені, мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту − бастаулардың бастауы деп ойлаймын.
Ұсақ саусақ моторикасын дамытуды баланың нәрестелік шағында-ақ бастаған жөн..
«Бала қабілеті мен дарындылығы – саусақ ұштарынан бастау алады. Саусақтардан басталатын нәзік салалар − шығармашылық ойларды нәрлендіретін қайнар көз» В.А. Сухомлинский десе, «Қол – құралдардың құралы» Аристотель, ал «Қол адамның сыртқы миы іспеттес» И. Кант. Жоғарыдағы ғалымдардың айтқан сөздері осыған дәлел болмақ.
Ұсақ саусақ моторикасын дамытудың маңызды бөлігі − саусақ жаттығулары. Саусақ жаттығулары эмоционалды, балабақшада және үйде, кез-келген бос уақытта өткізуге болады. Олар қызықты, баланың тілінің, шығармашылық қабілетінің дамуына әсер етеді. Балалар саусақ жаттығуларын үлкендердің артынан қайталағанда, саусақ моторикасын дамытады. Сол арқылы қол шапшаңдығы дамиды, өз қимылдарын басқаруы, белгілі іс-әрекетке зейіні тұрақтанады.
Саусақ жаттығулары дегеніміз – қандайда бір ұйқасты оқиға, не ертегіні саусақтар арқылы ойнап шығару. Көптеген саусақ жаттығулары екі қолдың да қозғалысын талап етеді, ол өз кезегінде баланың «оң», «сол», «жоғары», «төмен» сияқты ұғымдарды түсінуіне көмегін тигізеді.
Бір жастан екі жасқа дейін балалар «саусақ жаттығуларын» бір қолмен орындағанда, жақсы қабылдайды.
Үш жастағы балалар екі қолмен ойналатын саусақ жаттығуларын меңгереді, мысалға, бір қол үй болса, екінші қол үйде жүгіріп жүрген мысық болады.
Төрт жастағы балалар бұл жаттығуларды, бірнеше оқиға желісінің ауысуымен ойнай алады. Ал мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға әр түрлі заттарды, шарлар, кубиктер не үйлер сияқты құралдарды беріп, түрлендіріп саусақ жаттығуларын өткізуге болады.
«Фигураларды құрастыр» жаттығуы.
Мақсаты : қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін дамыту.
Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға есептік таяқшаларды таратып береді. Балалар солардан геометриялық фигураларды жасап шығару керек.
Төмендегідей тапсырмалар беріледі:
1. Төрт таяқшадан шаршы құрастыру;
2. Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру;
3. Үй құрастыру;
4. Жалауша құрастыру;
5. Жұлдызша құрастыру;

«Санамақ» ойыны.

Мақсаты : кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Анаммен сурет саламын , ( алақанды жұмып ашады)
Міне басы, міне іші ( қолды шеңбер жасап айналдырады)
Аяқтары, қолдары, көздері ( қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу)
Аузы, сақинадан жасалған ( ауада сақинаны салу)
Әдемі шашы да бар ( қолдарын екі жаққа ашады)

Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)
Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)
Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)
Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)
Сол аяқпен секіремін (орында жүру)

Дамытушы ойын «Шаршылар»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорлары дамып,ойлау қабілеттері жетіледі, сонымен қатар назар аудара отырып ,саусақ моторикасы дамиды.Бұл ойын маңызды роль атқарады.Тілдері дамиды.
Ойын: «Өз жұбынды тап.» Бала қолымен ұстап сипап сезу арқылы жұбын табу керек.
«Шаршылар» Шаршылардың бір бөлігін үстелге жайып қою. Екінші бөлігін ойыншыларға тарату. Балалармен бірге тәрбиешіде ойнайды.Ойынды тәрбиеші бастайды.Қолындағы шаршыны ұстап ішінде не бар екенің айту керек.Мысалға бұл дөңгелек тас .Ойыншы қолындағы шаршы бойынша дәл сондай затты табуға тиіс.Егер тапса женімпаз болады,таппаса ойынды келесі бала жалғастырады.

Бала есін біліп, былдырлап сөйлей бастаған кездің өзінде-ақ баламен ойнай бастаймыз. Өйткені, ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті. В.А.Сухомлинский: «Ойынсыз баланың толыққанды ақыл-ой дамуы мүмкін емес. Ойын үлкен ошақты жағуға арналған ұшқын» десе, яғни ойынның басты мақсаты: баланы дамыту, кемшіліктерін түзету. Ойындар ұсақ саусақ моторикасын дамытудың маңызды бөлігі.
Ойын құралдарын дұрыс таңдау өте маңызды. Мұнда, «қарапайымнан күрделіге» дидактиканың басты принциптерінің бірі ретінде қолданған тиімді. Ойындар мен жаттығуларды таңдау, олардың қайталануы, сандық және сапалық құрамы балалардың жеке және жас ерекшеліктеріне қарай өзгереді.
Қол және қолдың білезік, саусақтардың үйлесімді, жан-жақты дамуына, қолды әр түрлі қысу, созу, босаңсыту қимылдарын жасау қажет. Сондықтан келесідей тәсілдерді қолданған жөн:
• Ойындар мен жаттығулардың жүйелілігі. Бірден нәтижені күтудің қажеті жоқ. Өйткені, дағдылардың автаматтануы көптеген қайталанулармен келеді. Соған байланысты, бір дағдыны меңгеру, бірнеше бөліктермен жүзеге асады;
• Қарапайымнан күрделіге ауысу принципі. Бірінші оң қолға, кейін сол қолға; табысты болса – оң және сол қолға бірден орындатуға болады. Қандай да болсын жаттығулардан «аттап кетуге» болмайды. Ол, балаға физиологиялық тұрғыдан орындай алмайтын тапсырма болып, жағымсыз әсер туғызуы мүмкін;
• Барлық ойындар мен жаттығулар баланы қалауымен орындалуы қажет, жағымды әсер етуі тиіс. Қандай жас болмасын, адамға нәтиже маңызды. Сондықтан баланың әр бір болмашы жетістіктерін бағалаған дұрыс;
• Егер бала ойынды жалғастыруды сұраса, көңілін басқа тапсырмалар мен ойындарға аударған жөн. Барлығында өзінің шегі болу керек. Баланы ойын барысында шаршату тіптен орынсыз, ол жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін.
Ұсақ саусақ моторикасын дамытатын ойындар мен жаттығулар өте көп. Олар шартты түрде топтарға бөлінеді. Қол, қодың білезік және саусақтарының қозғалысының дамуына оң әсер ететін заттық ойындар, яғни ойыншықтармен, кез-келген заттармен өткіземін. «Мозайкалар», «конструкторлар» − аталған материалдар саусақтардың белсенді қозғалысына әсер етеді. Мозайкада ұсақ бөліктерден толық сурет құрап шығару мақсаты тұрады. Ойын барысында бала бөлшектермен қозғалыс жасайды, байқағыштық, төзімділік, табандылық пайда болады.
Моншақтармен ойын: екі қолдың да бағдарлауын арттырады. Балаға тізуге арналған бау және әр түрлі теңдіктегі, әр түрлі диаметрлі моншақтар беріледі. «Көз-қол» бағдарлауын жетілдіреді. Бұл ойында тек қол ісмерлігі ғана емес, сенсорлық (түс, көлем, пішін) қабілеті дамиды.
Баулармен ойындар – сенсомоторлық бағдарлауды, ұсақ моториканы, жазықтықта бағдарлауды, «жоғары», «төмен», «оң», «сол» ұғымдарын игеруіне жәрдемдеседі, тілді дамытады, зейінін тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін арттырып, қолды босаңсытады.
Сонымен қатар, қысқыштармен ойналатын ойындарды да көп қолданамын, олар өте нәтижелі. Ол баланың ұсақ моторикасын дамытады, ақыл-ойының, тілінің дамуына зор ықпал етеді. Түрлі-түсті қатты қағаздардан дөңгелектер жасап, сондай түсті қысқыштарды қыстырса, гүлдер пайда болады.
Ермексаз баланы жалпы дамытатын әр түрлі қызықты ойындар өткізуге мүмкіндік береді. Балалар ермексазды қолмен жібітеді, саусақпен бөліп алады, домалатады, ширатады, ермексазды қалауынша қалыпқа келтіреді және кез-келген уақытта ермексазды бүлдіріп алам деп қорықпастан жұмысына өзгеріс енгізеді, ол өз ісіне деген сенімділік тудырады.
Қазіргі дамыған технологиялар арқасында, ермексаздың жетілдірілген түрі шықты. Ермексаздан айырмашылығы, қолға, үстелге жағылмайды, пішінді сақтамайды. Ұсақ саусақ моторикасын дамытады, агрессияны басады, шығармашылық қабілетін, тілін дамытады, қолдың бұлшықеттерін бекітеді. Өте пайдалы құрал.
Қағазбен жұмыс. Жай қағаз үлкен мүмкіндіктерге ие. Қағазды кішкентай бөлшектерге жыртып, бөлшектерден сурет салуға болады. Қағазды умаждап, допқа айналдыруға болады, қағазды қырқуға болады. Оригами өнерінің пайдасы ұшаң теңіз.


Қорыта айтқанда, мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту педагог-тәрбиеші үшін ең маңызды міндет.
Категория: Дошколенок | Добавил: talmagul (2016-02-20) | Автор: Ташимова Алмагуль Тобыловна E
Просмотров: 7183 | Теги: творческий отчет | Рейтинг: 3.0/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 6:39 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru