Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Сабақтың тақырыбы: Күз Сабақтың мақсаты: Жаңа сөздермен таныстыру.Күз мезгілін сипаттай білу. «Қандай?» сұрағына жауап беру. Сөз дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру. Үлкендердің жұмыстарын бағалап, көмектесуге баулу. Әдіс – тәсілдер: Бақылау, түсіндіру, сұрақ – жауап. Көрнекіліктер: Суреттер, көкөністер макеті. Сабақтың барысы: Мотивациялық – танымдық бөлім. Балалар бүгін біз сабақты «Кім жылдам?» деген ойынынан бастаймыз.Екі топқа бөлініп көкөністер мен жемістерді жинау жарысы ұйымдастырылады.Ойын аяқталған соң, осындай көкөністер мен жемістерімізді біз «Күз мезгілінде» жинаймыз, - деп түсіндіріледі. Бүгінгі өтетін сабағымыз күзге байланысты болмақ. Ұйымдастырушылық – ізденушілік бөлім. Балалардың көңілін «Күз» мезгілі салынған түрлі – түсті суретке аудару. Балалар сурет бойынша білген сөздерін атап шығады. Балаларға сұрақ қою арқылы жаңа сөздерді енгізіп, толықтыру. Мынау күз мезгілі.Күзде суық болады. Жапырақтар түседі.Жапырақтардың түстері қызыл, сары болады. Дыбыстық жаттығу жасау: Үз-үз-үз - келді күз Ұс-ұс-ұс - ұшты құс «Бұл қай кезде болады ?» дидактикалық ойынын ойнату. Жыл мезгілдеріне байланысты суреттерді көрсету (жаңбыр, қар, гүлдер, қардың еруі т.с.с.). Балалар суретте қандай жыл мезгілі екенін айтып береді. Рефлексивті-түзетушілік бөлім. «Ұшты – ұшты» ойынын ойнап, сабақты қорытындылау. Білімдеріне қарай балаларды мақтап, қоштасу. | |
Просмотров: 464 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|