Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Семинар"Ассоциация өдісі"
Сын тұрғысынан ойлауда ассоциация әдісін қолдану

Балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға бағытталған оқыту – ол өз бетінше шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырға бағытталған оқыту. Бұл тіл үйренушінің шығармашылық қабілетін дамытып, алған білімн шынайы өмірде қолдана алуға мүмкіндік туғызады.
Оқыту үрдісінде сыни тұрғыдан ойлау әрекетін енгізу балалардың өз бетінше білім алуына, балалармен бірге ой бөлісуге, алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде жаңа жағдайаттарда қолданып, әрекет етуге, өз ойын, пікірін ата алуға және басқалардың ойымен санасып бірігіп жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік секілді жағымды қасиеттерді дамытады.
Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс - тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан - жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті, мағынасына өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады.
Баланы кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, өзіндік пікір айтуға, саналы шешім қабылдауға үйретеді. Мектеп алды топ балаларының дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетеді.
Сын тұрғысынан ойлаудың даму жолдары:
- қызығушылығын ояту;
- мағынаны ашу;
- ой толғанысын кеңейту.
Осы тұрғыны тануда ассоциация әдісін қолдануға болады. Баланың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылығы дамиды.
Ассоциация латынның «біріктіру» деген сөзін білдіреді. Ол сезіну, түсіну, ойлау және елестету қабілеттері арқылы екі түрлі танымның өзара байланысы болып табылады. Алған білім мен тәжірибе арқылы балалар айнала қоршаған заттар мен құбылыстарды әртүрлі етіп тани алады. Білім жүйесінде, әсіресе мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік құзіреттілігін қалыптастыруда оқу-тәрбие жүйесіне инновациялық технологияларды немесе әдіс-тәсілдерді қолданады.
Ассоциация әдісі сөйлеуге үйретеді, тілдік әрекетін белсендетуде көркем әдебиетте қолданылады. Осы арқылы балалардың ойлау, сезіну, түсіну, дұрыс сөйлеу қабілеттері дамиды. Сөздік қорлары молайып, сөйлем құрап, өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтып, халық мәдениетін құрметтеуге, адамгершілікке баулиды. Ассоциация әдісінің қолданғанда бала ой-пікірлерін ашық, еркін айта алады.
Сонымен, ассоциация әдісі – зат немесе кейіпкер жайлы жалпы мәлімет жинау.
Бұл әдіс – балалардың берілген мәселе бойынша ой қорытып, тұжырымдап, оны көрініс түрінде көрсетуге мүмкіндік береді. Әрине, тәрбиешінің шығармашылық әрекеті – осы мәселелерді жинақтап, жұмыс барысында балалар тарапынан жасалған шығармашылық жұмысты тілдік қарым-қатынас деңгейіне жеткізу.
Ассоциация – жалпы мағынасында айнала қоршаған дүниенің үздігін таныту үшін қолданылатын, білім алудың көзі.
Мысалы: Күз мезгілін таныту үшін логикалық танымда ең алдымен санаға келетін түсініктер: салқын, жаңбыр, қурайды, сарғаяды, сары жапырақтар, сыртқы жылы киімдер, бұлтты күн, қырман, т.б. Бұлардың барлығы – адамның бас сезім мүшелері арқылы, яғни сенсорлы перспективті қабылдап тануы негізінде санада жинақталған білім көздері, яғни күз мезгіліне берілген ассоциациялар.
Барлық оқу іс - әрекетінде ертегілерді қолдану арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс - әрекет өткір сықақ - мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Сәбилер тобында оқығанды тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Мұндай мақсат – ертегіні ауызекі әңгімелеуге төселдіре отырып оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйретеді.
Ассоциация әдісі – сол тыңдаған ертегі жайлы мәлімет.
Мысалы: «Бауырсақ» ертегісіндегі кемпір, шал, қоян, үй, қасқыр, аю, түлкі кейіпкерлерін ассоциация әдісі арқылы талдасақ:
«Қоян» - қорқақ, ұзын құлақ, ерні жырық, артқы аяғы жақсы дамыған, көзі қызыл, қыста тонын ауыстырады, құйрығы кішкентай, секіреді.
«Қасқыр» - жабайы жануар, сұр, жағымсыз кейіпкер, жыртқыш, итке ұқсайды, ұлиды.
«Аю» - жабайы жануар, бал жейді, жидек жейді, қорбаңдап жүреді, аяғы талтақ, аю ақырады.
«Түлкі» - қу, айлакер, құйрығы ұзын, сылаңдап жүреді.
Категория: Дошколенок | Добавил: zhaizhan-67 (2016-02-21) | Автор: Жусупбаева Айжан Базарбайқызы E
Просмотров: 3943 | Рейтинг: 3.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 0:01 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru